«Зима 2025»

"Жаңа жыл-Жаңа нұр"

"Жаңа Жыл-жаңа нұр тақырыбында" Жаңа жылдық мерекелік кешті жүргізу сценарийі

Олимпиады: Технология 1 - 4 классы

Содержимое разработки

Жаңа-жыл, жаңа-нұр!

1-жүргізуші: Құрметті оқушылар, ұстаздар, қонақтар сіздерді жаңа жыл мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз.

2-жүргізуші:2001-жылы туылған оқушылардың 2018-жыл Ит жылына арналған «Жаңа-жыл, жаңа-нұр» атты кешіне қош келдіңіздер!

1-жүргізуші:Бүгінгі кешті жүргізуші оқушыларды ортаға шақырамыз. Жаңа жыл әні.

Жаңа жыл-туындаған жаңа, армандар,

Жаңа жыл-шуылдаған жаңа ормандар

Ол мынау мәңгі-бақи жаңа дүние,

О,салем, жаңа жылда жаңарғандар.

2-жүргізуші:Жаңа жыл желтоқсанның ақ қарында,

Көктемнің балбұл қанат бастарында.

Әрқашан мен жаңа жыл аңсап қалам;

Достарым алыс кеткен шақтарында.

1-жүргізуші: Армысыздар, ұлағатты ұстаздар, құрметті ата-аналар, қадірменді қонақтар мен оқушылар.

2-жүргізуші: Бүгінгі біздің «Жаңа жыл, жаңа нұр » атты кешімізді ашық деп жариялаймыз.

1-жүргізуші:Жолым даңғыл, шығады даусымда айқын,

Айтарымды келемін таусып айтқым

Айналайын жаңа жыл тілек сенен

Бақыт әкел халқыма таусылмайтын

1-жүргізуші:Кел, төрле, жаңа жылым жаңа бағым!

Қуанышты жұмыр жердің сан адамын.

Сен келсең, үміт отын жандыра кел,

Ойда күдік қалмасын, санада мұң

2-жүргізуші: Құтты болсын жаңа жыл,

Жаңа жылға жаңа жыр.

Тілек айттық аз ғана,

Есіңізге ала жүр, дей келе «Танго» биін қабыл алыңыздар.

1-жүргізуші: Жаңа жыл сыйлар бізге көп ғажайып,

Тек ілгері басайық тоқтамайық!

Жасыл өңін бермейтін шыршалардай,

Мәңгілік шат-шадымнан боп қалайық!- келесі тамашалайтындарыңыз көрініс «Санчо мен Данчо»

2-жүргізуші:Жүзімізде күлкі ойнап

Қанаттанды жанымыз

Жаңа жылды біз тойлап Шаттанамыз бәріміз-дей отырып кезекті ойынға береміз. Ойынның аты «Кім жылдам».______________

1-жүргізуші: Тамаша, тамаша

Шыршамыз тұр жараса!

Басында әсем жұлдыз

Көз тоймайды қараса

Жасыл шырша жанында

Ән шырқайық жаңаша-дей келе Айзаданың орындауындағы «Мойынқұмда» әнін тамашалаңыздар!

Бізге қарай келеді,

Ит жылы жылыстап

Келді жылым бақытым

Кемелденді уақытым

Сәлем ұлу жылы,жаңа жыл

Жаңа бақыт,жаңа думан, жаңа жыр- дей келе келесі кезек ойынға берсек. Ойының аты «Мерген». Ойынның шарты мақтаны шелекке лақтырасыздар. Кімнің мақтасы дәл түсет сол жеңімпаз.

Жаңа жыл сөйлейді:?

2-жүргізуші:

Өтсін солай жаңа өмірдің күндері,

Шарпымасын жүректердің мұң лебі

Жарқылдасын жаңа жылдың оттары

Таусылмасын жаңа жылдың дүрмегі-дей келе Айзаданың орындауындағы «Күнім» әнін қабыл алыңыздар

1-жүргізуші: Аяз ата келе ме деп қарап тұрмын.

2-жүргізуші: Алақай Аяз ата мен Ақшақар келеді. Мен бірінші көрдім қарсы алайық.

Аяз ата(сөз)

Ақшақар(сөз)

Аяз ата(сөз)

1-жүргізуші:Аяз ата, Ақшақар жаңа жылға қош келдіңіздер.Сіздерді көрмегелі бір жылдың өтті сағынып қалыппыз өздеріңізді.сіздерге дайындаған Ұл қыздарыңыздың өнерлерін тамашалайық.

Аяз ата сөзі

1-жүргізуші:Аяз ата Ақшақар сіздерге көп көп рахмет.

2-жүргізуші:Сау саламат болыңыздар. Боран да, қарда да мойымаған ақ боз аттарыңыз аман болсын. Балаларды қуанта беріңіздер.

Барлығы: Қош бол Аяз ата Ақшақар кездескенше

Жалпы би

2-жүргізуші: Жаңа жылда биік ұста еңсеңді

Не тілесең жарылқайды деуші-еді

Жақсылықтың көк терегі жайқалсын

Жамандықтың шіріп темір тірегі

2-жүргізуші: Қане жастар, күлкімен орта толсын

Әрқашан мерекелік көңіл болсын

Кеудеміз күмбірлеген күйге толып Жаңа жыл мерекесі құтты болсын!- ендігі кезекті көрініске берсек «Страус».

1-жүргізуші: Ендігі кезекті лотореяға берсек. 60-80

2-жүргізуші: Қане қарап тұрмайық,

Костюмдерді қорғайық,

Ал бәріміз қол соғып,

Қошеметтеп тұрайық. Костюм қорғау.

1-жургізуші: Асып-тассын кеніміз.

Егіз тусын төліміз,

Дәнге толсын беліміз,

Ен байлыққа кенелсін,

Қазақстан-еліміз!- дей келе Айзаданың рындауында «Сарыарқа» әнін қабыл алыңыздар.

2- жүргізуші Жаңа жылда жаңа бақыт тыныштық,

Жаса, жаса, достық, бірлік, туыстық.

Құттықтаймыз жаңа жылды өнермен

Қуаныштың әр минуты тым ыстық- демекші жаңа жылды қарсы алған әрбір күндеріңіз естеріңізде мәңгі қалсын демекпіз. Жаңа жылдық кешке киініп келген оқушыларға көп-көп рахмет айта отырып, баршаңызға жаңа жылда жаңа табыс тілей отырып, «Жаңа жыл, жаңа нұр» атты кешімізді жабық деп жариялаймыз.













Получите свидетельство о публикации сразу после загрузки работы



Получите бесплатно свидетельство о публикации сразу после добавления разработки


Серия олимпиад «Зима 2025»



Комплекты учителю



Качественные видеоуроки, тесты и практикумы для вашей удобной работы

Подробнее

Вебинары для учителей



Бесплатное участие и возможность получить свидетельство об участии в вебинаре.


Подробнее