«Зима 2025»

Жаратылыстану "Аяғы бар қалпақтар"

Саңырауқұлақтардың 2-3 түрін ажырата білу және атай алу дағдысын қалыптастыру

Олимпиады: Дошкольникам "Мы уже большие и хотим всё знать"

Содержимое разработки

Ұйымдастырылған оку кызметінің технологиялық картасы.

Өткізу күні:

Тәрбиеші: Зулкарнаева Ж.Х.

Білім беру саласы «Таным»

Пән: Жаратылыстану

Өтпелітақырып: Менің көшем

Тақырыбы:Аяғы бар қалпақтар

Мақсаты:

1.Тәрбиелік:саңырауқұлақтардың 2-3 түрін ажырату жəне атай алу дағдысын қалыптастыру

2.Дамытушылық:Қарапайым жаратылыстану ғылымдық түсініктерін дамыту.

3. Оқыту: Өсімдіктер əлеміне қамқор жəне мейірімді қарым-қатынасын, зейін салуын, танымдық қызығушылығын тəрбиелеу.

Дидактикалық материал:тақырып бойынша иллюстрациялық материал, əліппе-дəптер, бояу қарындаштар, саңырауқұлақтардың муляждарі, «Саңырауқұлақ» тақырыбына суреттер, интерактивті жабдықтар.

Ресурстармен қамтамсыз ету:иллюстрацияларды, фотоларды қарастыру; таныстырылымдар көру; аудиожазбаны тыңдау; жұмбақ шешу, қарапайым тəірибе əрекеті, зерттеу серуендері, өлең жаттау.

Билингвалдық компоненті:саңырауқұлақ – гриб

1.Ұйымдастырушылық кезең:Сәлеметсіңдер ме балалар! Балалар мен сендерді шаттық шеңберіне шақырғым келіп тұр.Қане бәріміз шеңбер жасайық

Күз

Сары теңге жапырақ

Көмкереді көл бетін.

Тоңазиды топырақ,

Қырау басып жер бетін.

Бұлттар қаптап аспанды,

Салқын самал еседі.

Жатушы едік сан аунап,

Көк майса жоқ кешегі.

Даланың гүлі жайнаған,

Жапырағы солыпты.

Тұнжырайды айналам,

Аңсап жазғы көрікті.

Бүбіш Тікебаева

2.Негізгі бөлімі:

Суретші қандай өсімдіктерді бейнелеген? Олар ағаштар мен бұталарға ұқсай

ма? Шөптесін өсімдіктерге ше? Саңырауқұлақта не бар? Неліктен

кейбір саңырауқұлақтарды жеуге жарамды деп айтады? Ал кейбірін жеуге жарамсыз дейді? Саңырауқұлақтардың кейбірінжеуге болады: оларды тұздайды, қуырады, асады, қысқа жабады – ондай саңырауқұлақтар жеуге жарамды деп аталады. ал кейбірін жеуге болмайды – оларды жеуге жарамсыз, улы саңырауқұлақ деп атайды.Саңырауқұлақтар көбінесе ағаштың астында өсетінін айтады.Əңгімеге қатысып, ақпаратпен бөліседі, педагог пен құрдастарының айтқанын толықтырады. Саңырауқұлақтар өсімдіктер секілді өзін қажетті қоректік заттармен қамтамасыз ете алмайды. Сол үшін олардың көпшілігі ағаштармен дос болып, олардың тамырынан өздеріне жеткіліксіз заттарды алады.Саңырауқұлақ – бұл өте таңғажайып организмдер. Біз танысқан саңырауқұлақтардан өзге тағы басқа да түрлері бар. Мысалы, апаларың нан илегенде ашытқы салады ғой. Міне, осы ашытқы – саңырауқұлақтың бір түрі. Бұдан бөлек, дəрі жасайтын саңырауқұлақтар да болады – олардан біз ауырғанда емдейтін антибиотиктер жасайды. Ағашта өсетін ағашсаңырауқұлағы да болады.

Сергіту сәт жасау:

Саңырауқұлақ болайық,

Тізе бүгіп отырайық.

Жаңбыр жауса көтеріліп,

Өсіп-өсіп алайық.

Ойынның басқа нұсқасы ретінде: «Себет»ойынын өткізуге

болады. Шегенің достары көп. Оларды сендер жақсы біледі деп

ойлаймын . Кəне, шеге қандай заттармен дос болуы мүмкін, айтыңдаршы!

3. Қортынды :

Саңырауқұлақтың бірнеше түрін ажыратып, атайды, саңырауқұлақтарды неліктен жеуге жарамды жəне жарамсыз деп атайтынын;

дидактикалық ойын шеңберінде саңырауқұлақтарды ажырата алу дағдыларын.




Получите свидетельство о публикации сразу после загрузки работы



Получите бесплатно свидетельство о публикации сразу после добавления разработки


Серия олимпиад «Зима 2025»



Комплекты учителю



Качественные видеоуроки, тесты и практикумы для вашей удобной работы

Подробнее

Вебинары для учителей



Бесплатное участие и возможность получить свидетельство об участии в вебинаре.


Подробнее