«Весна — лето 2024»

"Жаса Тәуелсіз Қазақстан"

открытый урок на тему"Жаса Тәуелсіз Қазақстан" для детей

Олимпиады: Дошкольникам "Тайны волшебного леса"

Содержимое разработки

Тақырыбы: «Жаса Тәуелсіз Қазақстан!»

Мақсаты : Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні туралы мәлімет беру.Балаларға патриоттық тәрбие беру, Отанды сүюге және ерлікке баулу. Желтоқсан оқиғасында ел қамын жеген ерлерді үлгі тұту, өнеге алуға және халқының тарихын білуге үйрету, достыққа,ынтымаққа, ұйымшылдыққа тәрбиелеу.

Тәрбиеші: Армысыздар құрметті қонақтар. «Балдәурен» ортаңғы тобының «Жаса Тәуелсіз Қазақстан» атты ертеңгілігіне қош келдіңіздер!

Бүгін біз Қазақстанымыздың Тәуелсіздік алғанына 25 жылдығын тойлағалы отырмыз.Мереке құтты болсын!!! 

«Балдәурен» ортаңғы тобының балаларын қарсы алыңыздар. Композиция.
Шайқалмасын ешкімнің шаңырағы,

Бақыт көрсін Отанның сан ұланы.

Енді ағайын, көгінде қалықтасын,

Қазағымның қастерлі-Әнұраны.

Хор:Әнұран 
Тәуелсіздік – ең басты құндылығымыз. Балалар, тәуелсіз қазақ елінің жас ұрпактарысыңдар.25 жыл ішінде тәуелсіз Қазақ елін қалыптастырып, ең мықты  мемлекеттер танитындай, сыйлайтындай деңгейге жеткізген тұңғыш президентіміз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың көрегендігінің ерен еңбегінің арқасы.

Тәуелсіздік күні еліміздің барлық азаматтары үшін орны ерекше мереке деп білеміз, себебі, осынау жүрекжарды қуанышқа толы күнді ата-бабаларымыз ғасырлар бойы армандап, күтумен өтті.

Қазақ халқы еркіндікке жету үшін қаншама қиын – қыстау кезеңдерді бастан кешірді.

Мыңдаған жылдық тарихы бар. Ал,1986 жылғы оқиға халықтың есінде мәңгі сақталады. 
16 – желтоқсанда қазақ жастары Орталық алаңға шығып, Қазақстан тәуелсіздігін талап етті.

Әлі де бостандық деп атар таңдар,

Ұшқыннан бар әлемге апарғандар.

Қайрат, Ләззат, Ербол мен Сәбиралар

Осылар—желтоқсанда Қаһармандар.

Халықтың қабырғасы сөгілмесін,

Аналар ұлын жоқтап егілмесін.

Алладан ақ ниетпен тілейік біз,

Жазықсыз жанның қаны төгілмесін.1991 жылы тауелсіздігімізге қол жеткіздік.
Бұл күн - Қазақстан тарихында тәуелсіз Қазақстан Республикасының туған күні деп алтын әріппен жазылды. Енді балаларымыздың тәуелсіздікке жаттаған тақпақтарын тыңдайық.

Заңғар: Көк аспанда тулардың 
Желбіреген күні - бұл, 
Елім деген ұлдардың 
Елжіреген күні - бұл.

Іңкәр Ту тігілді халқымның бүгін бағына
Жас өрендер желбіретіп нық ұста
Ғасырларға жалғастырып елдікті
Дақ түсірме ата баба рухына Нұрасыл Үлгі бізге аталардың ерлігі
Ұлағаты өнегесі еңбегі
Тәуелсіздік туын ұстап жоғары
Бүгінгі ұрпақ болар елдің ертеңі .

Балалар, қане, кім «Отан»туралы мақал-мәтел біледі?

Заңғар: Отан қадіріне жетпеген өз қадіріне жетпейді.

Айшат: Отан оттанда ыстық.

Іңкәр: Ел боламын десең бесігіңді түзе. Мирас:Отан үшін отқа түс күймейсің.

Би: «Домбыра»

Амира Қазақ елім! Туды жастық дәуірің.
Алғандайсың жұлдызыңның жарығын.
Тәуелсіздік құтты болсын, қазағым
Тәуелсіздік құтты болсын, алыбым. Жанерке Азат өлкем күндей күлген шығыстан,
Асыл елім жан - жүректі ұғысқан.
Ата бабам аңсап өткен бақытым,
Айналайын, Қазақстан - Гүлстан!

Аяулым Кең байтақ, көз жетпейтін жерім менің
Таулы орман, жасыл жайлау көлім менің
Бүгінде бар әлемге даңқың жетті
Тәуелсіз Қазақстан – елім менің

Ән: «16-шы Желтоқсан»

Мәнерлеп оқу.М.Мақатаевтың «Үш бақытым» атты жыр жолдарын Гадилова Айдананың орындауында тыңдайық.

Біздің өзіміздің туымыз, елтаңбамыз, әнұранымыз бар. Егеменді Қазақстан мемлекетіміз бар.
Сендер Отанымыздың ұрпақтарысыңдар.Үлгілі, тәртіпті болыңдар. Өз еліңмен жеріңді көркейтіп, Қазақстанның намысын қорғайтын келешек ұрпақтың ақылшысы, тірегі сендер боласыңдар.Қазақстанымыз гүлдене берсін!Тәуелсіздік мәңгілік сақталсын, 
Алдымызда барлық үміт ақталсын 
Тату – тәтті бірлік болып қашанда 
Бейбіт өмір бар халықпен жақталсын.
Би: «Құстар»

Енді Қазақстанның биік шаңырағын құрайық.

Қ—Қазағымыз аман болсын!

А—Азамат болып мен ертең, Отанға қызмет етемін!

З—Заманымыз тыныш болсын!

А—Аман болайық!

Қ—Қыран құстай биік болайық!

С—Сарыарқа даласында бейбітшілік болсын!

Т—Табиғатты аялайық!

А—Елбасымыз аман болсын!

Н—Нанымыз көп болсын!

Кең байтақ,көз жетпейтін жерім менің, Таулы орман,жасыл жайлау көлім менің. Бүгінде бар әлемге даңқың жетті, Тәуелсіз Қазақстан-елім менің,-деп бүгінгі ертеңгілігімізді аяқтаймыз.

Получите свидетельство о публикации сразу после загрузки работы



Получите бесплатно свидетельство о публикации сразу после добавления разработки


Серия олимпиад «Весна — лето 2024»



Комплекты учителю



Качественные видеоуроки, тесты и практикумы для вашей удобной работы

Подробнее

Вебинары для учителей



Бесплатное участие и возможность получить свидетельство об участии в вебинаре.


Подробнее