«Весна — лето 2024»

Жасай бер - Қазақ елі!

Тәуелсіздік күніне арналған мектепке дейінгі ұйымдарда жүргізуге арналған мерекелік іс-шара

Олимпиады: Дошкольникам "Тайны волшебного леса"

Содержимое разработки

«Жасай бер – Қазақ елі» мерекелік ертеңгілігі

Мақсаты: Туған елінің болашағына үлес қосып, елі, жері үшін қызмет етуге тәрбиелеу. Ұлттық тілді жақсы меңгеруге, ұлтжандылық сезімді қалыптастыруға ойлау, танымдылық қабілеттерін арттыра отырып, өнерге баулу.

Залдың іші мерекеге лайық безендірілген.

Жүргізуші: Құрметті аса қадірменді қауым! Еліміз егемендік алып, тәуелсіз мемлекет болғанымызға мінекей 25 жыл болып қалыпты, яғни Тәуелсіздігіміздің күміс тойын тойлағалы отырмыз. Балалар сендер Тәуелсіз мемлекетте жарқын өмір сүріп жатқан бақытты бүлдіршінсіңдер. Өмірлерің мәнді де сәнді болсын, аспанымызды бұлт шалмасын деп тілек тілеп ертеңгілігімізді бастаймыз

Шайқалмасын ешкімнің шаңырағы, 
Бақыт көрсін Отанның сан ұланы. 
Енді ағайын, көгінде қалықтасын, 
Қазағымның қастерлі - Әнұраны!

ҚР мемлекеттік әнұраны орындалады.

Құттықтау сөзі балабақшамыздың меңгерушісі Алмажай Тажиданқызына беріледі.

Хор: «Рахмет саған Отаным!»

Жүргізуші:

Бір мың тоғыз жүз сексен алтыншы жыл желтоқсанда

Ел жиылды бейбіт күн алуға

Ойларында еш күдік жоқ елеусіз,

Жастар еді қолын созған арманға

Желтоқсанның күні еді ызғарлы

Жерде сол күн қатып жатқан мұз барды

Елең етпей ызғарын да суығын

Тұрды алаңда қазағымның ұлдары мени қыздары

Жаңа ғана тұрған дүние жаңғырып

Жаңа ғана тұрған бейбіт таң күліп

Қалды жастар мұзды судың астында

Көкіректен тепкіледі Әпер баққан әңгүдік

Ашынғаннан шырылдаған жан дауыс

Жер дүние болып жатыр арпалыс

Сонда не үшін жастар қаны төгілді

Әлі күнге көңілде жүр таңданыс

Желтоқсанның жігерлі жас ақыны

Қайрат ,Ербол, Лаззат сынды батыры

«Елім» деген «ұлтым» деген ұлдарым

Алып тынды өз елінде ақыры

Содан бері тәуелсіздік таңы атты

Шырайланып ұясына күн батты

Желбіреген көгілдір ту тұғыры

Сол жастардың жүрегіндей қымбатты

Біз болашақ ел қорғайтын батырмыз

Біз болашақ жер қорғайтын батылмыз

Мәңгілік жалғастырар ерлігін

Елімізді жырлап өтер ақынбыз

Желтоқсанның болса желі ызғарлы

Қарлы боран қатсадағы мұздарды

Мәңгі есте сақтап-шырқап өтеміз,

Желтоқсанның ұмытылмас бір әні

(слайд көрсетіледі)

Тақпақ:

Әділет Айару,Кәусар,Адия,Аяулым

Нұршуақ тобы: «Айгөлек» биі

Жүргізуші:

Сарқылмайтын қуатым,

Тірегімсің –Қазақстан!

Мәңгі соғып тұратын

Жүрегімсің – Қазақстан!

Жолшараева Ұлдана «Елбасы» тақпақ

Әлихан:Отаным менің өмірімнің айғағы

Бұзылмаған ел ғой әлі қаймағы

Балалық жас, лүпілдеген жүректі

Желбіретті Отан қанат жайғаны.

ӘН: Амина мен Айсұлтанның орындауындағы «Елбасы» әні

Жүргізуші:

Нағыз қазақ қазақ емес

Нағыз қазақ –Домбыра»

Еркетай тобы орындауында «Домбыра» биі

Бөбек :

«Балдырғандар»әні

Тақпақтар : Балапан Бәлдәурен

«Батырлар»биі


Жүргізуші :

Өнерлі ғой балалар,

Көңілдері пәк жайсаң

Биде билеп береді

Ән: «Сәлем Қазақстан»

«Шаттық» тобы : «Кішкентай жалау» биі










Жүргізші:

Елімнің жүрегі

Жарқырап жайнай берші

Сен- Астана!

«Астана» әні

Биле жастық биле биле биле сен

Көңіл-күйін көтер сен,

25 жылдық тойын тойлап баршамыз

Дүр сілкіндір сахнамыздың төрін сен

Жүргізуші:

Құт береке шаңырақ

Орын алды төрімнен

Қанатты қос арғымақ

Екі жақтан көмкерген

Флешмоб:

№31 «Күншуақ» МДҰ-ның «Тәуелсіздікке тартуы»

Қорытынды

«Көк тудың желбірегені»






Получите свидетельство о публикации сразу после загрузки работы



Получите бесплатно свидетельство о публикации сразу после добавления разработки


Серия олимпиад «Весна — лето 2024»



Комплекты учителю



Качественные видеоуроки, тесты и практикумы для вашей удобной работы

Подробнее

Вебинары для учителей



Бесплатное участие и возможность получить свидетельство об участии в вебинаре.


Подробнее