«Зима 2025»

Жасыруға болмайтын жағымсыз ақиқат

Мақсаты: Бүгінгі күннің әлемдік проблемасы болған суицидке қарсы алдын алу жұмысын жүзеге асыру

Құрметті оқушылар, бүгінгі «Жасыруға болмайтын жағымсыз ақиқат» тақырыбында өткізгелі отырған әңгімелесу,пікірлесу сағатымыздың төркіні барлығыңызға белгілі. Ең бірінші осы тақырып бойынша әңгімемізді бастамас бұрын төмендегідей сұрақ арқылы сіздердің пікірлеріңізді білуді көздеп отырмын. Біздің бүгін әгімелегелі отырғанымыз суидцидтің санасыз түрі, яғни ақыл-ой иелерінің өзі-өзіне қасақана қол жұмсап,өз басын ажалға қиюы. Адам қаншалықты қатігез болса да өз өзінің жанын алуға қалай қадам жасайды екен?

Сұрақ:

Қоғам дертіне айналған суицид мәселесі туралы дабыл қағып, алдын алу жұмыстары жүргізілуі керек пе, жоқ әлде оны шағын дәрісханада шешу қажет пе? Сіздер қалай ойлайсыздар? (Оқушылар өз пікірлерін ортаға салады)

Олимпиады: Обществознание 5 - 11 классы

Содержимое разработки

Тақырыбы: Жасыруға болмайтын жағымсыз ақиқат Мақсаты: Бүгінгі күннің әлемдік проблемасы болған суицидке қарсы алдын алу жұмысын жүзеге асыру

Құрметті оқушылар, бүгінгі «Жасыруға болмайтын жағымсыз ақиқат» тақырыбында өткізгелі отырған әңгімелесу,пікірлесу сағатымыздың төркіні барлығыңызға белгілі. Ең бірінші осы тақырып бойынша әңгімемізді бастамас бұрын төмендегідей сұрақ арқылы сіздердің пікірлеріңізді білуді көздеп отырмын. Біздің бүгін әгімелегелі отырғанымыз суидцидтің санасыз түрі , яғни ақыл-ой иелерінің өзі-өзіне қасақана қол жұмсап,өз басын ажалға қиюы. Адам қаншалықты қатігез болса да өз өзінің жанын алуға қалай қадам жасайды екен?

Сұрақ:

Қоғам дертіне айналған суицид мәселесі туралы дабыл қағып, алдын алу жұмыстары жүргізілуі керек пе, жоқ әлде оны шағын дәрісханада шешу қажет пе? Сіздер қалай ойлайсыздар? (Оқушылар өз пікірлерін ортаға салады)

Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасының 2008 жылы «Балалар суициді» тақырыбында жүргізген арнайы зерттеуінде балаларды осы жолға итермелейтін негізгі себептер ретінде баланың күрделі әлеуметтік-психологиялық жағдайы, одан кейін ұлтаралық қатынас, отбасылық тұрмыстың қолайсыздығы мен қолдаудың болмауы сияқты факторлар аталған. Жасөспірімдердің өздеріне-өздерінің қол салуына көбінесе, айтылған сынды дұрыс қабылдамауы, қиындықтарға төзбеуі себеп болады. Сондай-ақ, қоғамдағы жат қылықтарға әуес, нашақорлар мен маскүнемдер суицидке бейім келеді. Дүниенің ақпараттануы, адамның табиғаттан алшақтауы, неше түрлі компьютерлік ойындар, көбінесе жастардың арасында суицидтің көбеюіне ықпал етіп отыр Өзіне өзі қол жұмсайтын жастардың көбеюі — еліміздегі жастар саясатының деңгейінің төмендігін көрсетеді.

Оқушы пікірі

Дәрігерлер суицид аурудың бір түрі десе, психологтар бұл жан күйзелісінің көрінісі дейді . Сіздер осының қайсысының пікірін қолдайсыздар? Оқушыға сұрақты талдап, дәлелмен пікірін жеткізу ұсынылады.

Біреулер бәрін жоқшылыққа жапса, енді біреулер оған кереғар ой тастайды. Кімдікі дұрыс, кімдікі бұрыс? Бірінші ойға бас шұлғиын десең, халқымыздың басынан небір қиын зауалдар өткен, қазақ аштықты да, жалаңаштықты да көрген. Бірақ сол үшін ешкім асылып өлген жоқ. Әлде, жастарды адастырып, шатастырып жатқан Абай атамыз айтқан, тамағы тоқтық, көйлегі көктік пе? Былай қарағанда, бәрі қисынды, айтылған сөздер нысанаға дөп тиіп жатқан сияқты. Сонда қалай, бұл — себеп-салдары түсінікті, қалыпты жағдай деп өзімізді өзіміз жұбатып, сырттай бақылаушы болып отыра береміз бе? Жағдай түзелудің орнына ушыға түссе, мұндай сәуегейліктен бізге не пайда

Осы орайда қаламгердің киелі жырында жырлағандай ақылға салып жүгінудің пайдасын айта кетер едім.

Ақыл-деген алтын тау шың құзы бар сан түрлі

Ақыл-панаң сақтаушың ұлы қорған секілді

Ауыздықта сезімді өз нәпсіңді тия біл

Өзіңді-өзің билеуің нағыз дәулет сірә бұл

Қандай жағдайда да ақылға салып, сабыр сақтап,өзін -өзі қолға алса мұндай жағдайға кездеспес еді дей келе пікірлесу сағатымызды түйіндейміз!






2017-2018 оқу жылы 5 қазанда 8-11 сынып аралығында өткен «Жасыруға болмайтын жағымсыз ақиқат» тақырыбындағы суицидке байланысты әңгімелесу , пікірлесу сағатының қорытындысы.


Жоспарлы түрде 8-11 сынып аралығында өткізілген «Жасыруға болмайтын жағымсыз ақиқат» тақырыбындағы іс-шарамыз әңгімелесу,пікірлесу сағаты ретінде іске асырылды.Бұл тақырыпты қозғаудағы мақсатымыз бүгінгі күннің әлемдік проблемасы болған суицидке қарсы алдын алу жұмысын жүзеге асыру.Осы тақырып бойынша әңгімемізді бастамас бұрын оқушылардың пікірлерін білу мақсатында төмендегідей сұрақ берілді:

Қоғам дертіне айналған суицид мәселесі туралы дабыл қағып, алдын алу жұмыстары жүргізілуі керек пе, жоқ әлде оны шағын дәрісханада шешу қажет пе? Сіздер қалай ойлайсыздар?. Сұрақ төңірегінде оқушылар өз ойлары мен пікірлерін ортаға салды. Соның ішінде 10б сынып оқушысы Көшербай Әліби өз сөзінде « Бұл мәселе төңірегінде кеңінен алдын алу жұмыстарын жүргізуін қалар едңм. Себебі бұл мәселенің жағымсыз әсерінің көпшілікке тигізетін зияны туралы, бұндай әрекетті көздегендер өмірде әлсіз, қорқақ болып есептелетіні туралы ұғындыру қажет» - деп пікір айтты. Ал 11 б сынып оқушысы Кәрібаева Гүлнұр хадистерден керемет мысалдар келтіріп ,өз ойын дәлелдеп берді.

Біздің бүгін әгімелегелі отырғанымыз суидцидтің санасыз түрі , яғни ақыл-ой иелерінің өзі-өзіне қасақана қол жұмсап,өз басын ажалға қиюы. Адам қаншалықты қатігез болса да өз өзінің жанын алуға қалай қадам жасайды екен?

Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасының 2008 жылы «Балалар суициді» тақырыбында жүргізген арнайы зерттеуінде балаларды осы жолға итермелейтін негізгі себептер ретінде баланың күрделі әлеуметтік-психологиялық жағдайы, одан кейін ұлтаралық қатынас, отбасылық тұрмыстың қолайсыздығы мен қолдаудың болмауы сияқты факторлар аталған. Жасөспірімдердің өздеріне-өздерінің қол салуына көбінесе, айтылған сынды дұрыс қабылдамауы, қиындықтарға төзбеуі себеп болады. Сондай-ақ, қоғамдағы жат қылықтарға әуес, нашақорлар мен маскүнемдер суицидке бейім келеді. Дүниенің ақпараттануы, адамның табиғаттан алшақтауы, неше түрлі компьютерлік ойындар, көбінесе жастардың арасында суицидтің көбеюіне ықпал етіп отыр Өзіне өзі қол жұмсайтын жастардың көбеюі — еліміздегі жастар саясатының деңгейінің төмендігін көрсетеді

Оқушы пікірі

Дәрігерлер суицид аурудың бір түрі десе, психологтар бұл жан күйзелісінің көрінісі дейді . Сіздер осының қайсысының пікірін қолдайсыздар? Оқушыға сұрақты талдап, дәлелмен пікірін жеткізу ұсынылады

Пікірлесу бөлімінде берілген сұраққа оқушылардың 55% жан күйзелісінің көрінісі десе, 45% ы ауырудың бір түрі деп өз дәлелдерін мысал келтіре отырып тұжырымдады.

Қорытынды: Ақыл-деген алтын тау шың құзы бар сан түрлі

Ақыл-панаң сақтаушың ұлы қорған секілді

Ауыздықта сезімді өз нәпсіңді тия біл

Өзіңді-өзің билеуің нағыз дәулет сірә бұл –деген өлең жолдарымен пікірлесу сағаты қорытындыланды. Қандай жағдайда да ақылға салып, сабыр сақтап,өзін -өзі қолға алса мұндай жағдайға кездеспес еді деп пікірлесу сағатымызды түйіндейміз.



Получите свидетельство о публикации сразу после загрузки работы



Получите бесплатно свидетельство о публикации сразу после добавления разработки


Серия олимпиад «Зима 2025»



Комплекты учителю



Качественные видеоуроки, тесты и практикумы для вашей удобной работы

Подробнее

Вебинары для учителей



Бесплатное участие и возможность получить свидетельство об участии в вебинаре.


Подробнее