«Весна — лето 2024»

"Жұмекен поэзиясындағы қоңыр ұғымы"

Даналық жалпы барлық халыққа тән құбылыс. Қазақ даналығы өзіндік қасиетімен ерекшеленеді. Ол естіген, көрген, түйген нәрсені есте сақтап қалу қасиеті. Даладай кең, еркін ойлаушылық сөз өнерін қазақи философиялық ойдың дамуымен мұра еткен. Айтар ойын жұмбақтап, тұспалдап, мақалдап жеткізген. Аз сөзге көп мағына беріп, әрбір сөздің мағынасының аясын кеңейте білген.

Олимпиады: Русская литература 5 - 11 классы

Содержимое разработки

ЖҰМЕКЕН ПОЭЗИЯСЫНДАҒЫ ҚОҢЫР ҰҒЫМЫ

Омарғазы Айгүл Мәшенқызы

Даналық жалпы барлық халыққа тән құбылыс. Қазақ даналығы өзіндік қасиетімен ерекшеленеді. Ол естіген , көрген , түйген нәрсені есте сақтап қалу қасиеті. Даладай кең , еркін ойлаушылық сөз өнерін қазақи философиялық ойдың дамуымен мұра еткен . Айтар ойын жұмбақтап , тұспалдап , мақалдап жеткізген . Аз сөзге көп мағына беріп , әрбір сөздің мағынасының аясын кеңейте білген .

Қазаққа тән даналық – табиғатпен үйлесімділік қасиеті. Табиғат – Ана , Көк Тәңір болмысын өнер туындылары арқылы нанымды етіп айшықтаған . Табиғат үйлесімділігі адамзаттың рухани үйлесімділігіне тікелей байланысты. Белгілі суретші Ә.Қастеев : «Мен сурет салуды Таудың бұлағынан, қойдың құлағынан , анамның киізінен , ешкінің мүйзінен үйрендім» . Біз дархандықты даладан , кеңдікті кеңістіктен,тектілікті таудан, адалдықты анадан үйренеміз –деуі ақиқат.[1] Жерінің табиғаты елдің тіршілік әрекетімен байланыстылығы халық санасына , сезім дүниесіне мол әсер етіп , тіл өнерінің шыңға жетуіне жетекші болған .

Ойшыл , ұстаз Конфуций : «Даналықтың шыңына шыққан адам кемеңгерліктің құлағына бүкіл дүние сыймайтынын біледі. Сондықтан , сабырлы болуға тырысады. Шешендіктің шегіне жеткен адам шешен сөзбен әр нәрсенің шындығын ашып , мәнісін түсіндіре алмайтынын біледі. Сондықтан , олар сылдыр да сұйы сөзге үйір болмауға тырысады. Ерліктің шыңына жеткен адам батырлық пен адамды жеңе алмайтынын біледі. Сондықтан , ол өте қарапайым болады»,-деген.[2]

Адамның адамшылдығын , азаматтығын , болмысын оның рухани шығармашылығынан , іс-әрекетінен , мәдениетінен көреміз . Поэзия әлемі – жеке даралықты қажет етеді. Даралық тамыры – еңбек. Поэзия – әсем , әділ әлем десек , өзін-өзі зерттеп жазатын философ , Жұмекен ақын бір бөлек , бүтін әлем . Ақын жырының тереңін , тұңғиығын , тұнығын тамырының түпсіз тереңіне бойлай , ізденіс жолында даралықты түсіну , жаңа бастау табу.

Бәрін , бәрін өзімнен бастайыншы ,

Бата берші , Адалдық ас қайыршы .

Арам болса жүректі тасқа ұрайын ,

Жарылсын ол бір тамшы жастай ыршып ,

Сүйтіп бәрін өзімнен бастайыншы !

Ақын үшін , адам үшін – Ақ сөйлеу , ар ісі. Биік тұғыр , биік шың иесіне тән – Ақтық . Ақ нәрсені қорғайтын , мықты ақын адалдық алқасын өлең сөзбен тақты. Мәңгілікке ! Әрбір ұлт , мемлекет бақытты өмір сүргісі келеді. Ақын еңбегі – өлеңі, ақиқаты . Онда қанша сыр , ой , философия жатыр . Ол өз күнделігіне : «... Жұрт ғұмыр бойы маған тиісіп келеді . Ал , мен әлі жауап бергем жоқ. Еңбек. Жауаптың да , сұрақтың да көкесі – сол еңбек. Біздің қолдан басқа не келеді» ,- деп жазған екен. [3] Ақын бәріне еңбекпен жауап берді. Ақылға салды. Тиіскенге жауап берген жоқ . Үнсіз қалу да философия !

Жамандық та ауру шығар ,

Мен емін таба алмадым .

Мен ешкіммен күреспедім , күрессе

Менің үшін күреседі Өлеңім !

Ақын – адал еңбек адамы. Қарындар мен жұтқыншақтарды толтырар еңбекті аңсаушы емес. Өмірін өнерге қиып еңбек еткен адам ғана , мәңгілік табалдырығын аттайтын ақиқатқа сенсе керек. Ақиық ақын М.Мақатаев айтқандай : «Жұмекендей жұмбақ ақынның жан – дүниесін , жыр-сырын талғам таразысымен салмақтау оңай емес. Ақын өнерінің тамыры тым тереңде , оның өлеңінің күре тамыры - халықта» . Өз күнделігінде : «Мені жұрт қиын ақын санайды. 60-70 жылдар арасында жазылған жырларда ... есть некоторые неточности . Но в основном я литератор народный. Тым қарапайым жазам» , - деген екен . [4]

Қазақтың қарапайым қара өлеңінде – қайырымдылық , адамгершілік , ішкі пайымдылықты зерделеу мол . Ақын өз ұлтының жан дүниесін , болмысын , бүкіл жөн-жоба , бүкіл әлем әділдігін өз жолымен , өз исімен керуен көшкендей суреттеген :

«Кейбіріңнен құмның иісі аңқиды ,

Кей сөзімнен мұңның иісі аңқиды ,

Кей жолымнан шық иісі аңқиды .

Кей ойымнан жөргек иісі аңқиды ,

Мен – далама сіңіп кеткім келеді » , -

деген Жұмекен ақын жырынан қазақтың өзіндік сүю философиясы , мәдениеті , махаббатының «иісі» аңқып тұр. Екпіні қатты ақын , есті сөзге жүрек /сүю/ отын қосу поэзиясының негізгі тірегі – қазақтығында , яғни , қоңырлығында .

Қоңыр ұғымы Жұмекен ақынның поэзиясының негізгі арқауы . Қоңыр – халықтың ұлттық мінезіне , бар бітім болмысына , рухына , жан-жүрегіне жақын ұғым .

Адам – табиғаттың перзенті. Табиғатта бояу түсінің бар-жоғы жеті түрі бар. Мұны жаңбыр жауғаннан кейін пайда болған кемпірқосақтан көруімізге болады. Қоңыр табиғатқа ең жақын үн. Ақынның : Ақ түс , Қара түс , Көк түс , Қызыл түс , Сары түс , Сұр түс , Қоңыр түс атты өлеңдері осы мақсатта жазылса керек .

Қоңыр сөзінің философиялық мағынасы терең , сан қырлы , әр қырының өрісі ұшаң – теңіз . Оның рухани мәні бар . Ақын О.Біләлов : «Ұлттық ділдің өзіндік иммундік жүйесі бар . Ол иммундік жүйе халықтың , ұлттың рухани – энергетикалық – эгрорлық немесе рухани энергетикалық өріс халықтың ел болып , тарих аренасына шығуынан біраз бұрын , халықтың аспандағы Иесі / Түркі елдеріне қатысты айтсақ , Көк Тәңірі / » және басқа да иелерінің тарапынан жасалынатын манифестациядан пайда болады ...

Халықтың ділі жоғары күш иелері , Киелері мен өте тығыз байланыс – бірлікте түзіледі . Елдің ұлт болып ұюына , адамдардың бір-біріне пейілінің түзі болуына шапағатын тигізіп тұратын Киелі өріс /аура/ әрбір ұлтта бар . Түркі тілдес елдерде , оның ішінде қазақ халқында ол киенің атауы – Қоңыр . [5] Ғарышқа қарай самғауға ұмтылу жеке адамды ғана емес , бүкіл елді « пассионарийлерге» айналдырған , - деген Л.Гумилев ойын толықтырса керек.

Ақын тұғыры : Ата дәстүрді ұстану , оның шартын сақтау , дамыту , өз дініңнің жөн – жоралғысын , рәсімін күнделікті тіршілікте қолдану , «тайға таңба басқандай» бейнеленген :

Қоңыр шешем қоңыр кешті жамылып ,

Көзін сулап , қалып еді қамығып ,

Қоңыр жолға түсіп едім мен өстіп –

Қоңырқай ой маза берер емес түк .

Қоңырайып жатыр алда жол әлі

Өргізіпті – ай қоңыр-қоңыр баланы .

Қоңыр күпі , қоңыр дала , қоңыр үн ...

Қоңыр күймен өтіп жатыр өмірім.

Қоңыр күзде қоңыр шаруы – күйбеңмен .

Қоңсы қонған қоңыр қызға үйленгем .

Қоңыр-қоңыр күй тыңдап ем жасымда –

Шешем қалды қоңыр төбе басында .

Қоянжонға қоңыр ымырт түскенде

Қоңырайып отырамын үстелге...

Киелі қоңыр сөзі : Үн , Тіл , Діл , Рух , Тәңір-Ие , Қоңыр-Кие.



Пайдаланылған әдебиеттер :

  1. Жұмекен Нәжімеденов. 1 том , 1996

  2. Жұмекен Нәжімеденов. 2 том , 1996

  3. Жұмекен Нәжімеденов. 3 том , 1997

  4. О.Біләлов. Жерұйық. Алматы . 2005

  5. М.Азбанбаев. Менің Қазақстаным – Жұмекен. Қарағанды , 2005

  6. Ж.Нәжімеденов. Қоңыр және Домбыра. Алматы, 2005

  7. Ж.Нәжімеденов. Ана тілі туралы сөз. Ана тілі газеті , №48 , 2004



Получите свидетельство о публикации сразу после загрузки работы



Получите бесплатно свидетельство о публикации сразу после добавления разработки


Серия олимпиад «Весна — лето 2024»



Комплекты учителю



Качественные видеоуроки, тесты и практикумы для вашей удобной работы

Подробнее

Вебинары для учителей



Бесплатное участие и возможность получить свидетельство об участии в вебинаре.


Подробнее