«Зима 2025»

" Жыл мұғалімі – 2018" байқауы

Бүгінгі жаңа дәуірдің, жаңарған елдің мұғаліміне қойылатын талаптың жүгі ауыр. Олар білімдар да білікті, өз ісінің майталман шебері болуымен қатар, жеке басының мәдениеті, парасаттылығы, адамгершілік тұлғасы тұрғысында шәкіртке үлгі боларлық биіктен көрінуі шарт. Бүгінгі жас ұстаздар мен білікті ұстаздар тобы арасындағы педагогикалық шеберліктерін сынау сайысына түскелі отыр. Бұл сәт - біздің жастарымыз үшін тәжірибе алмасу сәті деп айтуға болады. Сондықтан бүгінгі сайыста ұстаздар маңызды жағдаяттарды, әдістемелік тиімді істерді, шығармашылық ізденістер нәтижелерін ұсынады.

Олимпиады: Информатика 1 - 11 классы

Содержимое разработки

"Ұстаз деген - ұлы есім"



(Ұстаз туралы ән орындалады. Ән аяқталады да екі жүргізуші сахнаға шығады ) 1 - Жүргізуші:

Армысыздар құрметті ұстаздар, қонақтар! Бүгінгі С.Сейфуллин атындағы №7мектеп-гимназиясында өткелі отырған «Жыл мұғалімі – 2018» байқауына хош келіпсіздер.

 Ашылу салтанатын мектеп басшысы................сөз береміз

Қайырлы күн! Қош келіпсіздер, қымбатты ұстаздар және оқушылар! Ұстаз мәртебесінің артуы ең алдымен, "Ұстаз деген - ұлы есімге" қаншалықты лайық болуына байланысты. Бүгінгі жаңа дәуірдің, жаңарған елдің мұғаліміне қойылатын талаптың жүгі ауыр. Олар білімдар да білікті, өз ісінің майталман шебері болуымен қатар, жеке басының мәдениеті, парасаттылығы, адамгершілік тұлғасы тұрғысында шәкіртке үлгі боларлық биіктен көрінуі шарт. Бүгінгі жас ұстаздар мен білікті ұстаздар тобы арасындағы педагогикалық шеберліктерін сынау сайысына түскелі отыр. Бұл сәт - біздің жастарымыз үшін тәжірибе алмасу сәті деп айтуға болады. Сондықтан бүгінгі сайыста ұстаздар маңызды жағдаяттарды, әдістемелік тиімді істерді, шығармашылық ізденістер нәтижелерін ұсынады.Бәріңізге сәттілік тілей отырып бүгінгі «Жыл мұғалімі – 2018» байқауын бастауымызға рұқсат етіңіздер.

1 - Жүргізуші:

Ой түзейді жас ұлан маған қарап,
Бой түзейді жас ұлан маған жанап.
Шәкірт пікір ұштайды мен арқылы,
Сондықтан да ерекше маған талап.

2-Жүргізуші:

Ұстаз жолы қиынырақ басқадан,
Сырлары мол әлі сыртқа шашпаған
Шаршаса да осы жолдың бойында,
Қандай жақсы шын бақытын тапса адам, -

дей келе бүгінгі байқауымызды бастауға рұқсат етіңіздер.

2-жүргізуші:

Бұл кеште бала бойына тәлім-тәрбиенің асыл қазынасын құйып, тәрбие мен білімнің алтын діңгегі, әулие мамандық иесі болып қана қоймай, қоғамның ұлттық айнасына да айналып үлгерген үздік ұстаз деген атқа лайық ұстаздарымыз сайысқа түскелі отыр.



1-жүргізуші:

Бар өмірін балаларға арнаған,

Ғұмырларын ғибратқа жалғаған.

Ұлағатқа тасып-толған кемері,

Ұстаздарымыз сахнаға келеді,–

деп, ендеше бүгінгі осы ерекше де, қасиетті тұлға иелерін, яғни байқауға қатысушы ұстаздарымызды ортаға, сахна төріне шақырайық.



Әділ қазы мүшелері, армысыздар!

Қош келіпсіз, есен сау бармысыздар?

Сіздерге үміт артқан оқытушылар,

Әділдікпен төрелік айтыңыздар.

Әділдікпен баға берер ұстазға,

Әділдікпен қара қылды жаруға,

Әділқазы алқаларын сайлайық.

Үздіктерді таңдап бүгін алуға - деп әділқазы мүшелерімен таныстыруға рұқсат етіңіздер!



Мектеп директоры......

Мектеп директор орынбасары

Тәрбие жұмысының орынбасары........

Қандай да болсын игі іс

Онсыз сірә бітпейді

Гүл жайнаған ........

Жауқазын гүлге теңейміз

............... шақырамыз.





Жанып түсер шәкірт десе жанары,
Айман апай бастауышта сабағы,
Алып жүрген қоғамдық сан жұмысты,
Қамтиды ол қосымша көп сабақты – деп Айман апай.

Математик нағыз маман өзіңсің
Өзгелерге ісің үлгі, сөзің шын.
Қала көлемінде шектелмей,
Обылыстан бас жүлдемен көрінсін – дей келе ........ апай.

Басқарып бірлестікпен бірге келер,
Ал тарихи түсінік және берер.
Жаңа әдіске үйретіп шәкірттерін,
Шәкіртіне қосымша білім берер – ............. апай.

Ақырын жүріп келесің аяңменен,
Жұмысыңыз үнемі баламенен.
Компьютермен жұмысы әрқашанда.
Информатика ұстазы бола білген – ........... апай.

Білімді ұстаз, бейімді шетел тіліне.
Еңбегімен ортасына үлгі – өнеге.
Жұмысының жемісін көрсетеді,
Әрдайым мектебіне келгенінде. – .............апай.

Елгезек, тіл алғыш қып тәрбиелеп,
Шәкірттерді шығарды бірнеше рет.
Ине, жіп, биссерменен гүл тоқытып,
Еңбегіне қыздарын икемдеген – .............апай.

Бала – шаға отбасымен бақытты,
Күнделікті шәкірттерге асықты.
Бастауыштың мұғалімі ............ апай,
Іскерлікпен ісін алға тасытты – ...........апай.

Еңбегіңіз бар елеулі ауданда да
Әр сөзіңді қалт жібермес барша бала,
Тәртіпті қатаң ұстап үлгі болған.
Сыйлайды шәкірттерде, ұстаздарда – ..........апай.



2 – Жүргізуші Ұстаз... Ұстаздық – киелі әpi өте қарапайым мамандық. Жер жаһанда адамзат баласы пайда болғаннан бepi әрбір пендені ойландырып, толғандырып келе жатқан қоғам құрылып жатса да, қажеттігін жоймайтын бip мәселе ол – баланы өмip сүруге дайындау. Бұл – қиынның қиыны!



Ертеңгі мемлекеттің болмысы – бүгінгі ұстаздың тәлімінде.

1-жүргізуші:  

Сондықтан да шәкірттерге берері мен үйретері көп ұстаздарға еңбекқорлық пен табандылық тілей отырып, болашақтарыңыз – берік, келешектеріңіз кемел болсын дегіміз келеді.

Қош сау болыңыздар! Жеңіс құтты болсын! Қалалық сайысқа жолдама алған _________________________шын жүректен құттықтаймыз. Мектеп намысын қорғайды деген сенім білдіреміз.



Получите свидетельство о публикации сразу после загрузки работы



Получите бесплатно свидетельство о публикации сразу после добавления разработки


Серия олимпиад «Зима 2025»



Комплекты учителю



Качественные видеоуроки, тесты и практикумы для вашей удобной работы

Подробнее

Вебинары для учителей



Бесплатное участие и возможность получить свидетельство об участии в вебинаре.


Подробнее