«Зима 2025»

Жыныс жасушаларының бөлінуі-мейоз. Онтогенез

Сабақтың тақырыбы: Жыныс жасушаларының бөлінуі – мейоз. Онтогенез.

Сабақтың мақсаты:

  1. Білімділік: Жыныс жасушаларының бөлінуі – мейоз, оның жүру кезеңдері мен биологиялық маңызы туралы түсінік беру. Сонымен қатар организмнің жеке дамуы – онтогенез, оның кезеңдері мен ерекшеліктері туралы түсінік беру.
  2. Дамытушылық: Жыныс жасушаларының дамуы, организімнің дамуы туралы түсінік қалыптастыру. Берілген тапсырманы орындауда еркін сөйлеу қабілеттерін дамыту.
  3. Тәрбиелік: Деңгейлік тапсырмалар орындау арқылы алған білімдерін нақтылау, ойларын қорытындылауға, ұжымшылдыққа, шапшыңдыққа және уақытты тиімді пайдалана білуге тәрбиелеу.

Сабақтың әдісі: Ж.Қараевтың деңгейлеп - саралап оқыту технологиясы, серпілген сауал, түсіндіру, бейнеролик арқылы түсіндіру, ұяшықтарды толтыр, сәйкестендіру тестісі, шындық па? немесе жалған ба?, реттілігін тап.

Сабақтың түрі: Аралас сабақ

Көрнекілігі: Слайд, интерактивті тақта, бағалау парағы, «Адамның эмбриондық дамуы» бейнеролигі, таратпа материалдар.

Сабақтың жоспары:

  1. Ұйымдастыру бөлімі – 2 минут

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру – 6 минут

ІІІ. Жаңа сабақты түсіндіру – 13 минут

ІV. Сабақты бекіту –18 минут

V. Қорытындылау – 3 минут

VІ. Студенттер білімін бағалау – 2 минут

VІІ. Үй тапсырмасын беру– 1 минут

Олимпиады: Биология 5 - 11 классы

Содержимое разработки

«Бейнеу гуманитарлық-экономикалық колледжі» МКҚК

«Кәсіптік білім беру үрдісіндегі жаңа талапқа сай маман даярлау – бүгінгі күннің өзекті мәселесі» тақырыбындағы әдістемелік семинар














Тақырыбы: Жыныс жасушаларының бөлінуі-мейоз. Онтогенез.




Пәні: Биология

Дайындаған: Тыныштыкова Светлана

Тобы: МтБ – 91, 1 – курс















Бейнеу – 2016 жыл

Пән атауы: Биология Күні: 10.12.2016ж. Тобы: МтБ – 91

Сабақтың тақырыбы: Жыныс жасушаларының бөлінуі – мейоз. Онтогенез.

Сабақтың мақсаты:

  1. Білімділік: Жыныс жасушаларының бөлінуі – мейоз, оның жүру кезеңдері мен биологиялық маңызы туралы түсінік беру. Сонымен қатар организмнің жеке дамуы – онтогенез, оның кезеңдері мен ерекшеліктері туралы түсінік беру.

  2. Дамытушылық: Жыныс жасушаларының дамуы, организімнің дамуы туралы түсінік қалыптастыру. Берілген тапсырманы орындауда еркін сөйлеу қабілеттерін дамыту.

  3. Тәрбиелік: Деңгейлік тапсырмалар орындау арқылы алған білімдерін нақтылау, ойларын қорытындылауға, ұжымшылдыққа, шапшыңдыққа және уақытты тиімді пайдалана білуге тәрбиелеу.

Сабақтың әдісі: Ж.Қараевтың деңгейлеп - саралап оқыту технологиясы, серпілген сауал, түсіндіру, бейнеролик арқылы түсіндіру, ұяшықтарды толтыр, сәйкестендіру тестісі, шындық па? немесе жалған ба?, реттілігін тап.

Сабақтың түрі: Аралас сабақ

Көрнекілігі: Слайд, интерактивті тақта, бағалау парағы, «Адамның эмбриондық дамуы» бейнеролигі, таратпа материалдар.

Сабақтың жоспары:

  1. Ұйымдастыру бөлімі – 2 минут

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру – 6 минут

ІІІ. Жаңа сабақты түсіндіру – 13 минут

ІV. Сабақты бекіту –18 минут

V. Қорытындылау – 3 минут

VІ. Студенттер білімін бағалау – 2 минут

VІІ. Үй тапсырмасын беру1 минут


I. Ұйымдастыру бөлімі – 2 минут

1. Сәлемдесу.

2. Оқушыларды түгендеу.

3. Сабаққа дайындығын тексеру.

Топ студенттері көңіл күй смайликтері арқылы 4 топқа бөлінеді. Топ мүшелері өзара ақылдасу арқылы өз тобына топ басшысын және бақылаушы тағайындайды. Топ басшысы – топтық жұмыстарды ұйымдастырады, бақылаушы – топ мүшелерінің тапсырмалардың орындалуына, белсенділігіне бақылау жүргізеді, бағалау парақшасын толтырады. Сабақ соңында бағалау парақшасына қорытынды жасалып, студенттер бағаланады.


Бағалау парақшасы

Студенттің

аты-жөні

Үй тапсырмасы

Жаңа сабақты меңгеру

Жеке қасиеттер: сабақтағы белсенділігі, топта жұмыс жасау қабілеті т.б

Қорытынды ұпай

І деңгей тапсырмасы

ІІ деңгей тапсырмасы

ІІІ деңгей тапсырмасы

1








2








3








4








5








6








Бағалау критериі: Студенттерді сабаққа қатысу деңгейіне байланысты 0-ден-6 ұпай жүйесімен бағаланады.


II. Үй тапсырмасын тексеру – 6 минут

Серпілген сауал

(үй тапсырмасына берілген тақырып бойынша сұрақтар қойылады. Мұғалім бастайды, студенттер жалғастырып бір-біріне сұрақ қояды.)

  1. Табиғатта көбеюдің қандай түрлері бар?

III. Жаңа сабақ – 13 минут

Мейоз. Мейозды бөлінудің өзіндік ерекшелігі бар. Мейоз процесі үздіксіз жүретін жүйелі екі кезеңнен тұрады. Бірінші кезең мейоздың бірінші бөлінуі немесе редукциялы бөліну, екінші кезең эквационды бөліну деп аталады. Мейоздың бірінші бөлінуінде хромосомалардың саны екі есе азаяды. Сондықтан бұл редукциялы бөліну (редукция – екі есе азаю) деп аталады. Мейоздың екінші бөлінуі жыныс жасушаларының пайда болуымен аяқталады.

Редукциялы бөліну.  Редукциялы бөліну митоз сияқты төрт фазадан тұрады:

І профаза, І метафаза, І анафаза және І телофаза.

Редукциялы бөлінудің профазасы өте күрделі. Ол бірін-бірі толықтыра жүретін бірнеше сатыдан тұрады. Атап айтқанда, жіңішке жіпшелер сатысы, қосарлы жіпшелер сатысы және жіпшелердің бір-бірінен алыстау сатысы және т.б. деп аталады.

Жіңішке жіпшелер сатысы (лептотена).  Бұл сатыда хромосомалардың жіпшелері екі еселеніп шумақ түзіледі. Электрондық микроскоппен қарағанда әрбір хромосоманың екі жіпшеден тұратындығы байқалады. Бұл – хромосомалардың екі еселенуінің профазада жүретіндігінің дәлелі.

Қосарланған жіпшелер сатысы (зиготена). Бұл сатыда гомологті хромосомалар бір-біріне тартылып жақындасады. Хромосомалардың өзара жақындасуын  конъюгация  (жабысу) деп атайды. Хромосомалардың конъюгациялануы оның ұш жағынан басталып, ортасына қарай ауысса, ал екінші бір хромосомада конъюгация процесі олардың ортасынан ұштарына қарай ауысатандығы дәлелденді.

Жіпшелердің бір-бірінен алыстау сатысы (диплотена). Бұл сатыда конъюгация барысына қарама-қарсы процесс жүреді, яғни жақындасқан хромосомалар бір-бірінен ажырайды. Ұқсас (гомологті) хромосомалар бір-бірінен алшақтағанда, Х тәрізді фигуралар пайда болады, олар хиазмалар деп аталады. Хиазмалар кезінде ұқсас хромослмалар өздерінің үлескілерімен алмасады, мұны айқасу немесе кроссинговер деп атайды.

І Метафаза. Профазаның соңы, метафазаның басында ядро қабықшасы еріп, ядрошықтар жойылады. Осы ядро қабықшасының еруіне байланысты кариоплазма мен цитоплазма араласып кетеді. Хроматидалар (жас хромосомалар) экватор жазықтығына жинақталады, соңынан оларды ферменттердің жәрдемімен ахроматин жіпшелері іліп алады. Осыдан кейін анафаза басталады.

I Анафаза. Анафазада ұқсас хромосомалар екі полюске қарай тартылады. Әрбір хромосома екі жіпшеден тұрады. Сондықтан анафазада қарама-қарсы полюске бүтін хромосомалар тартылады. Осыған орай пайда болған жас ядродағы хромосома саны бастапқы аналық жасушадағы хромосома санына қарағанда екі есе азаяды. Хромосомалар санының осылай азаюын редукциялану деп атайды.

I Телофаза. Телофазада тең бөлінген ұқсас хромосомалар екі полюске жинақталады, ядро қабықшасы түзіліп, ядрошықтар синтезделеді. Жасушаның заттары бұрынғы қалпына келеді. Сонымен бірінші телофазадан соң гаплоидті хромосома жиынтығы бар екі жасуша түзіледі. Содан кейін іле-шала екінші телофаза жүріп, гаплоидті хромосомалары бар төрт гамета түзіледі. Ескеретін бір жағдай: бірінші телофаздан кейін ДНҚ екі еселенбейтіндіктен гаплоидті хромосома жиынтығы бар гаметалар пайда болады. Демек, мейоздық бөліну кезінде хромосомалардың саны екі есе азаятын болғандықтан, бірінші мейоздық бөліну редукциялық деп аталатындығын ескерген жөн.

Эквационды бөліну. Мейоздың эквационды бөліну барысы митоз процесіне ұқсас болғандықтан оны қарастырмаймыз. Жыныстық жолмен көбеюдің эволюциялық дамудағы маңызы өте зор. Оның жыныссыз жолмен көбеюден негізгі артықшылығы: екі организмнің тұқым қуалау ақпараты қосылып, организм жаңарады. Осыған байланысты жаңарған организмнің сыртқы ортаға төзімділігі арта түседі.

Мейоздың биологиялық маңызы.

1. Конъюгация және айқасу барысында гендердің комбинациялануы жүреді. Ата-аналардың қасиеттері алмасып, жыныс жасушаларында тұқым қуалайтын өзгергіштік (мутация) пайда болады;

2. Хромосомалардың комбинациялануының нәтижесінде тұқым қуалайтын өзгергіштік күшейіп, жаңа формалар қалыптасады;

3. Мейоздың биологиялық мәні – хромосомалар саны екі есе азайып, гаплоидті хромосомалары бар гаметалар түзіледі.


Ұрықтану. Ұрықтану дегеніміз – гаплоидті хромосома жиынтықтары бар аналық және аталық жыныс жасушалары ядроларының қосылуы. Ұрықтанған жасушаны зигота дейді.


Онтогенез – организмдердің жеке дамуы.

Жасуша ұрықтанған соң организмнің жеке дамуы – онтогенез басталады. Онтогенез екі кезеңге бөлінеді: эмбриондық (ұрықтық) даму және постэмбриондық (ұрықтан кейінгі) даму, яғни организмнің жұмыртқа қабығын жарып шыққаннан кейінгі кезең.

Эмбриология (грекше «embryon» - ұрық, «logos» - ғылым) – организм ұрығының дамуын зерттейтін ғылым.

Мысалы, адамның эмбриондық дамуын бейнеролик арқылы тамашалайық.

Бластула. Ұрықтанған жасуша, алдымен, екіге, одан соң төртке бөлінеді. Бұдан кейінгі бөліну көлденең бағытта жүріп, сегізге, одан кейін бойлай бөліну мен көлденең бөліну кезектесіп, нәтижесінде, 16,32,64,128,т.б бластомерлерге айналады. Бір қабатты іші қуыс бластулаға айналады.

Гаструла – іші қуыс екі қабат жасушалардан тұратын ұрық. Бұл екі қабат ұрық жапырақшалары деп те аталады. Гаструла сатысындағы сыртқы қабатты – энтодерма немесе сыртқы ұрық жапырақшасы деп атайды. Энтодерманың ішкі қуысы бірінші реттік ішектің, ал оның сыртқы ашылатын тесігі бірінші реттік ауыздың бастамасы болып есептеледі. Эктодерма және энтодерма қабаттарының арасынан үшінші қабат – мезодерма қалыптасады.

Нейрула сатысы кезінде дернәсілдің немесе ересек организмнің жеке мүшелері дами бастайды. Эктодерма қабатынан бірнеше жасушалар бөлініп төмен түседі де, одан жүйке тақташасы түзіліп, ол жүйке түтігіне айналады. Эктодерма қабатынан бокал тәрізді екі көз, тері жабын жүйесі, есту мүшесі және иіс сезу мүшелері пайда болады. Энтодерма қабатынан пайда болған түтіктен ішкі мүшелердің бастамасы, ас қорыту жүйесі, өкпе, бауыр, ұйқыбезі және т.б мүшелер дамиды. Мезодерма қабатынан бұлшық ет, шеміршек, қаңқа, бүйрек және болашақ организімнің қан тамырлары жүйесі пайа болады.

Постэмбриондық даму организімнің жұмыртқа қабықшасын жарып шыққаннан кейін, ал ұрығы құрсақта дамитын сүтқоректілерде туа салысымен басталады.


ІV. Сабақты бекіту – 18 минут

Жаңа сабақты бекіту тапсырмалары

І деңгей - репродуктивтік деңгей. Ұяшықтарды толтыр (топтық жұмыс)


Группа 98




















ІІ деңгей - алгоритмдік деңгей. Сәйкестендіру тесті (жеке жұмыс)



Бластула


5,8,12

1. Дернәсілдің немесе ересек организімнің жеке мүшелері дамиды.

2. Бластула қабаты ішке ойысады да, жасушаның ішкі қабаты пайда болады.

3. Эктодерма және энтодерма қабаттарының арасынан үшінші қабат – мезодерма қалыптасады.


Гаструла


2,3,6,10

  1. Эктодерма қабатынан сезім мүшелері пайда болады.

5. Ұрықтанған жасуша алдымен екіге, одан соң төртке бөлінеді

6. Қос қабаттың қалыптасып, даму сатысы.

7. Энтодерма қабатынан ішкі мүшелер дами бастайды.


Нейрула


1,4,7,9

8. Бір қабатты ұрық – бластула қалыптасады.

9. Мезодерма қабатынан бұлшық ет, қаңқа, қан тамыр жүйесі пайда болады

10. Іші қуыс екі қабат жасушалардан тұратын ұрық.

11. Бластомерлер бір-бірімен жабысып, іші қуыс шар түзіледі.


ІІІ деңгей - эвристикалық деңгей. Шындық па? немесе Жалған ба?(топтық жұмыс)

Студенттерге мәліметтер оқылады. Бұл мәлімет шындық па? әлде жалған ба? анықтайды, және себебін түсіндіреді.

  1. Мейоз процесі митоздан күрделі процес.

Шындық: Себебі, мейоздық бөліну үздіксіз жүретін жүйелі екі кезеңнен тұрады: мейоздың бірінші бөлінуі – редукциялық бөліну, мейоздың екінші бөлінуі – эквационды бөліну. Әр кезең митоз кезеңіне ұқсас төрт фазадан тұрады.

  1. Эмриология – жыныс жасушысының дамуын зерттейді.

Жалған: Себебі, эмбриология (грекше «embryon» - ұрық, «logos» - ғылым) – организм ұрығының дамуын зерттейтін ғылым.

  1. Бластула кезеңінде организім мүшелері дами бастайды.

Жалған: Себебі, нейрула сатысы кезінде дернәсілдің немесе ересек организмнің жеке мүшелері дами бастайды. Эктодерма қабатынан бірнеше жасушалар бөлініп төмен түседі де, одан жүйке тақташасы түзіліп, ол жүйке түтігіне айналады. Эктодерма қабатынан бокал тәрізді екі көз, тері жабын жүйесі, есту мүшесі және иіс сезу мүшелері пайда болады. Энтодерма қабатынан пайда болған түтіктен ішкі мүшелердің бастамасы, ас қорыту жүйесі, өкпе, бауыр, ұйқыбезі және т.б мүшелер дамиды. Мезодерма қабатынан бұлшық ет, шеміршек, қаңқа, бүйрек және болашақ организімнің қан тамырлары жүйесі пайа болады.

  1. Жыныс жасушалары дамығаннан соң организімнің ұрықтануы жүзеге асады.

Шындық: Себебі, гаплоидті хромосома жиынтықтары бар аналық және аталық жыныс жасушалары ядроларының қосылуы. Ұрықтанған жасушаны зигота дейді.


V. Қорытындылау – 3 минут

Жадыны дамытуға арналған ойын «Реттілігін тап»

(студенттер бүгінгі тақырып бойынша организімнің даму сатыларын реттілігімен орналастыру. Даму сатылары артында орналасқан басқатырғышты құрастырады)


VІ. Студенттер білімін бағалау – 2 минут

Студенттер білімі топ бақылаушылары бағалау парағына белгілеген ұпай сандары арқылы бағаланады.

VІІ. Үй тапсырмасын беру– 1 минут

  1. § 32 Жыныс жасушаларының бөлінуі. Мейоз. (Т.Қасымбаева, К.Мұхамбетжанов «Жалпы биология» жаратылыстану-математикалық бағыт, 137-139 бет)

  2. § 35 Онтогенез – организімдердің жеке дамуы (Т.Қасымбаева, К.Мұхамбетжанов «Жалпы биология» жаратылыстану-математикалық бағыт, 148-151 бет)

  3. ІV деңгей - шығармашылық деңгей тапсырмасы «Организімдердің көбеюінің маңызы» тақырыбында презентация дайындау.

Получите свидетельство о публикации сразу после загрузки работы



Получите бесплатно свидетельство о публикации сразу после добавления разработки


Серия олимпиад «Зима 2025»



Комплекты учителю



Качественные видеоуроки, тесты и практикумы для вашей удобной работы

Подробнее

Вебинары для учителей



Бесплатное участие и возможность получить свидетельство об участии в вебинаре.


Подробнее