«Зима 2025»

5 сынып педагогикалық консилиум

Қаратерек жалпы орта білім беретін мектебінің

5 сынып оқушыларының орта буынға бейімделуіне арналған

педагогикалық консилиумның хаттамасы

18 қазан 2017 жыл

Қатысқан - 5 сынып ата-аналары, сынып жетекші, пән мұғалімдері, мектеп психологы, мектеп әкімшілігі

Күн тәртібінде:

1. Тренинг.

2. Сауалнама қорытындыларымен таныстыру.

3.Сынып жетекшінің оқушылар жайлы мағлұмат.

4. 5 сыныпқа сабақ беретін пән мұғалімдерінің қорытынды сөзі.

Олимпиады: Физика 7 - 11 классы

Содержимое разработки

Қаратерек жалпы орта білім беретін мектебінің

5 сынып оқушыларының орта буынға бейімделуіне арналған

педагогикалық консилиумның хаттамасы



18 қазан 2017 жыл


Қатысқан - 5 сынып ата-аналары, сынып жетекші, пән мұғалімдері, мектеп психологы, мектеп әкімшілігі


Күн тәртібінде:

1. Тренинг.

2. Сауалнама қорытындыларымен таныстыру.

3.Сынып жетекшінің оқушылар жайлы мағлұмат.

4. 5 сыныпқа сабақ беретін пән мұғалімдерінің қорытынды сөзі.


Тыңдалды:

1 сұрақ бойынша мектеп психологы Тұрсын М.Қ.сөйледі, ата-аналармен «Мен өз баламды қаншалықты білемін?» атты тренинг өткізді. Ата-аналарға сұрақтар таратылып, өз балалары туралы жауаптар тыңдалды.

2 сұрақ бойынша мектеп психологы Тұрсын М.Қ. ата-аналардан, оқушылардан, пән мұғалімдерінен алынған сауалнама қорытындыларымен таныстырды, слайд-презентация арқылы нәтижелерін көрсетті. Жалпы 5 сыныптың мектепке деген көзқарасы дұрыс қалыптасқан, оқушылар мен сынып жетекшінің қарым-қатынасы жақсы деңгейде, сынып ұжымының психологиялық ахуалы жақсы.

3 сұрақ бойынша сынып жетекшісі Сембаева С.К. сөйледі. Презентация арқылы 5 сыныптың психологиялық-педагогикалық мінездемесімен таныстырды. 5А сыныбында 11 оқушы бар. Оның ішінде 6 ұл бала, 5 қыз бала бар. Биыл келген оқушылар Рахимжан Жансұлу, Тезекпаев Арлан.

5-сыныптың барлық оқушылары оқу құралдарымен қамтамасыз етілген. Әлеуметтік құрамы орташа. Материалдық жағынан жеткілікті қамтылған. Әлеуметтік құрамы орташа. Материалдық жағынан жеткілікті қамтылған. “Д” есепте тіркелген оқушы жоқ. Сынып оқушылары сабаққа белсенділікпен қатысады. Сынып жаратылыстану – математикалық бағытта пәндерді тереңдетіп оқиды. Нажипов Рустем, Путинцева София жекелей жұмыстар жүргізуді талап етеді. Сынып оқушылары ұйымшыл, бір-бірімен жақсы араласады. Сыныптың жалпы танымдық бағыты жақсы. Жақсы оқитын балалар саны – 4, орташа оқитын балалар саны –4, қалғандары қанағаттанарлықтай. Сынып оқушылары өнерлі, білімге құштар, жан – жақты. Сынып оқушылары үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсете біледі. Мектептен тыс үйірмелерге қатысады. Сынып оқушылары сыныптан тыс жұмыстарға белсене қатысады. Жыл басында «Тілдер мерекесіне», «Алтын күз», «Мен білемін», «Денсаулық фестивалі» атты іс-шараларға қатысты.

4 сұрақ бойынша пән мұғалімдері тыңдалды. Математика пәні мұғалімі Сейтенова А.Г. оқушылардың танымдық қабілеттері жақсы. Сабақта Путинцева София қиындық тудырады, себебі бастауыш сыныптың бағдарламасы меңгерілмеген, оқушымен жеке-дара жұмыс түрі қолданады. Ата-аналарға үйде көбейту кестесін сұрап отыру, жаттату керектігін айтты. Үй тапсырмасын орындауын қадағалау, сызу құралдарын түгел болуын қадағалап отыру, сабаққа қатысу ұсынылды.

Қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі Мырзагожина О.Д. оқушылардың білімге құштар екендігін атап шықты, бірақ жұмыс темпі баяу, кейде үлгермейді, оқу бағдарламасы күрделенді. Айтылым, оқылым, жазылым, тыңдалым қатар жүреді. Каллиграфиясын жақсарту керек, үйде көп оқыту керек. Қиындық тудыратын оқушылар Путинцева София.

Қазақстан тарихы пәні мұғалімі Самрах Бақытхан ауызша жауап берулері жақсы, бірінші тарауды біледі, суретке қарап әңгіме жазу тапсырмалары көп екенін айтты. Тақырыптар күрделенді, үй жағдайында көп дайындық керек, ата-аналар соны қадағалап, тексеріп бірге оқып өтінді.

Жаратылыстану пәні мұғалімі Камзин К.С. өз сөзінде қиындық тудыратын зерттеушілік пен лабораториялық жұмыстар деп айтты. Бұрын бастауыш буынында ондай тапсырмалар болған емес, сондықтан біраз қиналады. Сабақ темпіне үлгермейді, кейбір оқушылардың қимылдары баяу. Жаңа атлас керектігін айтты. Ауызша пән болғасын көп сөйлету керек.

Орыс тілі мен әдебиет пәні мұғалімі Сембаева С.К. пәннің күрделігіне тоқталды, 4 жұмыс түрі сабақта қатар жүреді, баяу темппен орындайтын оқушылар мазмұнды толығымен түсінбейді. Путинцева София мен Нажипов Рустем жеке-дара жұмысты талап етеді, каллиграфиясы нашар, жұмысты аяқтамайды, зейіні шашыраңқы. Қалған оқушылар жақсы , орташа деңгейде орындайды, Сагатова Инкар, Тайтулен Болат, Мустафин Дамир шапшаң орындайды, тиянақты, жауапты. Ата-аналарға ұсыныс: көп оқыту, үй жұмысына көмектесу.

Көркем еңбек пәні мұғалімі Жанысов Б.Т. сыныптың жағдайын жақсы деп айтты, салыстырады, логикалық ойлау деңгейі жақсы, шығармашыл балалар бар.

Қорытынды сөз мектеп директорының оқу-тәрбие жөніндегі орынбасары Кайсина Л.К. берілді. Ата-аналарға сабаққа қатысу, оқуын қадағадау, кітаптарды тыстау тапсырмалар мен ұсыныстар айтылды. Ата-аналар өздерінің сұрақтарын қойып, өз балалары туралы, қандай мәселелері бар екенін бөлісті.


Қабылданған шешім.

1.Пән мұғалімдері 5 сынып оқушыларымен әрі қарай дамыту мен бейімдеу жұмыстарын жүргізу.

2. Ата-аналарға сабаққа қатысу, үнемі балаларының оқуын қадағалау.

3.Оқу үлгерімі төмен оқушылармен жеке-дара жұмыстар жүргізу.


Хатшы: Сембаева С.К.

 





Получите свидетельство о публикации сразу после загрузки работы



Получите бесплатно свидетельство о публикации сразу после добавления разработки


Серия олимпиад «Зима 2025»



Комплекты учителю



Качественные видеоуроки, тесты и практикумы для вашей удобной работы

Подробнее

Вебинары для учителей



Бесплатное участие и возможность получить свидетельство об участии в вебинаре.


Подробнее