«Зима 2025»

Ашық сабақ "Еңбек ер атандырады"

Барлығы ұқсас мәтіндердегі оқиғалар желісіне бақылау жасайды, мазмұнынын дамуын салыстырады және талдайды;

Көбі етістіктің бұйрық рай қызыметін біледі;

Кейбірі кейіпкерлердің іс-әрекетіне баға береді.

Олимпиады: Русская литература 5 - 11 классы

Содержимое разработки

Тақырыбы: Еңбек ер атандырады

Модуль тақырыбы: Еңбек нарығы және сұраныс

Күні:

Курс:1

Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары

Идеялық жағынан ұқсас мәтіндердегі оқиғалар желісіне бақылау жасай отырып, мазмұнның дамуын салыстыру және талдау

Прозалық және поэзиялық шығармалардың композициялық құрылымын анықтау, кейіпкердің іс-әрекетіне немесе лирикалық кейіпкердің образына баға беру

Сабақтың мақсаттары

Барлығы ұқсас мәтіндердегі оқиғалар желісіне бақылау жасайды, мазмұнынын дамуын салыстырады және талдайды;

Көбі етістіктің бұйрық рай қызыметін біледі;

Кейбірі кейіпкерлердің іс-әрекетіне баға береді.

Бағалау критерийлері

Мәтіннен нақты ақпараттарды табады,

еңбектің маңызы жайлы айтады


Тілдік мақсаттар

Пәнге тән лексика мен терминология:от жағушы, шабарман, аз-маз қаржы, кейіпкерлер, күнкөріс, тиын-тебен, құптамаған, сазайын тартқызған.

Диалог және жазылым үшін қажетті сөз тіркестер: жина, кел

Осыған дейін меңгерілген білім

Еңбек ету туралы өз ойын айтады. Мұғалім жетекші сұрақтар қою арқылы оқушылардың бастапқы білімін анықтай алады.

Сабақтың барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет


Ресурстар


Сабақтың басы


























































Мәтінсоңы жұмыс.









Психологиялық ахуал қалыптастыру.

Оқушылармен сәлемдесу, түгендеу.«Алма, апельсин,банан»тренингі. Оқушылар ортаға шығады, шеңберге тұрып қолдарын бір-бірінің иығына қояды. Мұғалім алма деген кезде алға қарай секіреді.апельсинндесе артқа секіреді, банан секіріп бұрылады.

Үй тапсырмасын тексеру. 10-тапсырма 102 бет.


Тақырыпты болжап көріңіз.

Қызығушылық ояту.«Галерея» тәсілін қолданып, интербелсенді тақтаға еңбек тақырыбына байланысты суреттерді көрсетемін, ой шақыру сұрақтарын қоямын. Бұл суреттерде кім бейнеленген? Не бейнеленген? Бұл екі суреттің қандай ұқсастығы бар?


Дәптерлеріңді ашып, бүгінгі күнді, сабақтың тақырыбын жазыңыздар.

Оқу мақсаттарымен, бағалау критерийлерімен танысады.


Мәтіналды жұмыс. Интербелсенді тақтадан тақырыпқа қатысты жаңа сөздермен таныстыру, аудармасын айту, оқу, оқушыларға оқыту, сөз тіркесін құрастыру, сөйлем құрастыру.


Мәтінмен жұмыс.Ол үшін қазір топқа бөлінеміз.Мақалдың жалғасын тап. 1. Кәсіп, кәсіп түбі – нәсіп.

2. Еңбегіне қарай – өнбегі.



1-топ. Гарланд Сандерс

2-топ. Уолт Дисней


1-мәтін

Гарланд Сандерс

Қазіргі кезде түрлі фаст-фуд жүйелері өте көп. Соның бірі – KFС-дің негізін қалаушы Гарланд Сандерс жас кезінде от жағушы, кондуктор, шабарман болып істеген. Гарланд 6 жасқа толғанда әкесі қайтыс болады. Осы кезден бастап, үй шаруасы кішкентай баланың мойнына артылады. Тіпті анасы жоқ кезде тамақ жасап қоятын. Қырыққа жақын­дап қалған шағында аз-маз қаржы жинап, клиенттерге арналған асханасы бар авто­жөндеу шеберханасын ашады. Уақыт өте келе асхананың атағы шығып, Сандерс тамағының дәмін татқысы келетіндердің қатары күннен-күнге көбейе берді. «Kentucky Fried Chicken», яғни «Кентуккидің қуырылған балапаны» деп аталған жедел ас жүйесінің негізін қалаушы 65 жасында өз ресторанының франшизасын сата бастады.


2-мәтін

Уолт Дисней

Әлемнің барлық балалары сүйіп көретін Микки Маус пен Дональд Дак, одан басқа 200-ден аса кейіпкерлердің әкесі, мультипликатор Уолт Дисней кедей отбасында дүниеге келген. Күнкөріс қамымен көшіп-қонып жүрген отбасына көмектесу үшін Уолт еңбекке жастайынан араласады. Күнделікті газет таратып, әкесіне көмектеседі, түнде әке-шешесінен жасырып, түрлі сурет пен комикстер салып, тиын-тебенге көршілеріне сатқан. Бұл оның ең сүйікті ісі еді. Алайда баласының қызығу­шылығын құптамаған әкесі оның қайдағы бір суреттерді салумен уақытын босқа өткізгені үшін сазайын тартқызған кездері аз болмаған.



Мәтінмен жұмыс істеу негіздерін қалыптастыру үшін мәтіннің мазмұнын, тілдік ерекшеліктерін талдауға арналған тапсырмаларды

орындайды.

Дескриптор:

-мәтіннен қажет ақпаратты алады;

-қорғау кезінде жаңа сөздерді қолданады;

-қойылған сұрақтарға жауап береді.

Қалыптастырушы бағалау.«Бір сөзбен» әдісі. Оқушылар тапсырманы қалай орындағандарын бір сөзбен айтады.


-Балалар, бұл әйгілі адамдар Гарланд Сандерс, Уолт Дисней

шетелдіктер. Қазақстанда да әйгілі және «Қазақстанның Еңбек Ері» атағын алған тұлғалар да бар. Ендеше келесі тапсырма . Диаграмманы толтыр,

  1. топ. Ұялы телефон керек, ғаламтор желісіне қосылған. «Қазақстанның Еңбек Ері».

  2. 2-топ. Өз өлкемізде еңбегімен елге танылған тұлғалар туралы.

Дескриптор:

- Еңбек Ерлері туралы баяндайды;

- қазақ тілінің тән дыбыстарына көңіл бөледі.


-



Оқулық, суреттер,ғаламтор ресурстары, интербелсенді тақта.























https://baq.kz/news/alem/zhokshilik-korgen-millionerler








А4 қағазы, маркерлер

Сабақтың соңы










Кері байланыс.

Сұрақтар салоны Текше-әр бұрышы нөмірленген.

  1. Бұйрық райдың жіктелу үлгісі бойынша «бар» етістігін жікте.

  2. «кочегар», «курьер» сөзінің қазақша аудармасы

  3. Гарланд Сандерс жас кезінде кім болып жұмыс істеген?

  4. Уолт Дисней қандай отбасында дүниеге келген?

  5. Аққулы ауданының еңбегімен елге танылған тұлғаларды ата.

  6. «Қазақстанның Еңбек Ері» атағына ие болған тұлғаларды ата.

«Білездік» арқылы өз-өзін бағалау

Үйге тапсырма.7-тапсырма 107 бет










Получите свидетельство о публикации сразу после загрузки работы



Получите бесплатно свидетельство о публикации сразу после добавления разработки


Серия олимпиад «Зима 2025»



Комплекты учителю



Качественные видеоуроки, тесты и практикумы для вашей удобной работы

Подробнее

Вебинары для учителей



Бесплатное участие и возможность получить свидетельство об участии в вебинаре.


Подробнее