Қоршаған орта
Тақырыбы: Барлық мамандықтар қажет
ҰоҚ-ның оқытылу мақсаты | 0.1.3.1. Еңбектің маңызын және адам өміріндегі барлық мамандықтардың қажеттігін түсіндіру. |
|
Күтілетін нәтиже | Барлық тәрбиеленушілер: Адам өміріне байланысты көлік маңыздылығының кейбір ерекшеліктерін түсіндіру. |
|
тілдік мақсат | Көпшілік тәрбиеленушілер: Барлық мамандық туралы қызметтері мен байланыстарын ажырату. |
|
Кейбір тәрбиеленушілер: Мамандық таңдауға деген алғашқы қызығушылықтарын қалыптастыру. | ||
тәрбиеленушілер: Өз ата-анасының мамандығы туралы айтып береді, сұрақтарға жауап береді. Көптілділік: Шаштараз – парикмахер – hairdresser; жүргізуші – водитель – driver негізгі терминдер мен сөз тіркестері. Мамандықтар: шаштараз, жүргізуші, аспаз, дәрігер, сатушы, құрылысшы.
Пікір алмасу сұрақтары. | ||
Өткен ҰоҚ-дан алған білімі | Ал сендердің ата-аналарың қайда жұмыс істейді? Адам өміріндегі барлық еңбектің мамандық маңызы неде? Өз туыстарыңның мамандықтары туралы не білесің? |
|
Әртүрлі мамандықтар туралы білімдері | ||
Жоспарланған уақыт | Жоспарланған іс-әрекет | ресурстары |
і. Дұрыс әсерлі көңіл күй орнату.
0–2 мин | (Ұ) шаттық шеңбері Сәлем саған, Жер-ана! Сәлем саған, Нұрлы күн! Аман-есен болайық, Бейбітшілікті қалайық. | Музыкалық әуен. |
іі. Өмірлік тәжірибені маңыздандыру. Мақсатты болжам. 3–5 мин
ҰоҚ-ның ортасы ііі. тақырып бойынша жұмыс 6–28 мин | (пт) Балалардың әртүрлі мамандықтар туралы білімдерін толықтыру. Педагог белгілі бір мамандық иесі бейнеленген суретті көрсетеді. Балалар сол мамандық туралы білетіндерін айтады. Мысалы: дәрігердің суреті көрсетіледі. Дәрігер ауырған адамдарды емдейді. Аспаз дәмді ас пісірумен айналысады. Құрылысшы зәулім үйлер салады. Шаштараз – түрлі шаш сәндейтін адам. (пт) сөздік жұмысын жүргізу
Көптілділік: Шаштараз – парикмахер – hairdresser; жүргізуші – водитель – driver педагог сөздерді айтады, балалар қайталайды. Қазақстан халқының көбі ауылды жерлерде тұрады. Егін егу, мал бағу, жеміс-жидек өсіру – осының бәрінде де ауыл адамдары істейді. Ауылда мектеп, мәдениет үйі, бала тәрбиесі мекемелері, дәрігерлік мекемелері бар. Мал өсіру саласында еңбек ететіндер: мал дәрігері, қойшы, сауыншы, бақташы, күзетші. Егін егу саласында еңбек ететіндер: тракторшы, шөпші, маяшылар, комбайыншы. Еңбек түрлері бір-бірімен тығыз байланысты. Біреулері еңбекшілердің киім-кешегін тігеді, екіншілері оларға мәдени, медициналық, қызмет көрсетеді. Егін егуге байланысты қандай еңбек түрлері бар? Еңбек түрлерінің бір-бірімен байланысы қандай? Қызығушылықты ояту Сөзжұмбақ шешеміз. Бұл сөзжұмбақта нан біздің дастарқанға жету үшін көп еңбек ететін адамдардың мамандықтары жасырылған. Ол нан жабады? (Наубайшы) Кім жерді жыртады? (Тракторшы) Ол машина жүргізеді? (Жүргізуші) Ол егістіктен астық жинайды. (Комбайыншы) Ол астықтан ұн жасайды. (Диірменші) Біз одан нан сатып аламыз. (Сатушы) Ол егістікті баптаушы. (Диқаншы) Ол бидайды сақтайды. (Қоймашы) | Әртүрлі мамандық иелерінің суреттері. |
| Ертеден-ерте тұрады Қолына рульді алады. Олай-былай айналдырар, Жолға қарап отырар. (Жүргізуші) Ал сендердің ата-аналарың қайда жұмыс істейді? Балалар, мен тағы бір мамандық иесін атағым келіп тұр. Ол мұғалім де болады, пойызды жүргізеді, ұшқыш та бола алады, кішкентай баланы да ойната алады, бірақ үнемі сахнада, экранда жүреді. Оның кім екенін білесіңдер ме? (Актер) Енді өзімізді актермін деп сезінейік. Мамандық иелерін қимылмен, ыммен көрсетеміз. Мысалы: (жүргізуші, құрылысшы). (пт) педагог барлық мамандықтардың маңызды екенін түсіндіреді. Дәрігер адамдарды емдейді, мұғалім балаларды оқытады, жүргізуші көлік жүргізеді, өрт сөндіруші өрт сөндіреді. Міне, балалар, әрбір мамандық қажет екен. Тағы бір мамандық түрімен таныстырғым келеді. Ол – ғарышкер мамандығы. Ғарышкер – аспан әлемін, яғни ғарышты зерттейтін мамандық. Юрий Гагарин – ғарышқа ұшқан тұңғыш адам. Содан бері талай ғарышкер ұшты. Ал біздің Қазақстаннан Тоқтар Әубәкіров, Талғат Мұсабаев және Айдын Айымбетов ұшты. Педагог мамандық иесі болу үшін білім алу керектігін, әр мамандыққа дайындайтын арнайы оқу болатындығын айтады. Ол үшін адам жастайынан еңбекқор, білімпаз болу керектігі де айтылады. (Ұ) 2-тапсырма: Мақалдардың мағынасын түсіндіреді. Басқа да сұрақтар қоя отырып, мамандық иелері туралы ақпаратты толықтыра отырып, кез келген мамандық иесіне құрметпен қарау керектігін түсіндіру. (Ұ) сергіту сәті: Таңғажайып сәттер бар, Күн шығады, таң атады. Кіп-кішкентай балалар Алыптарға айналар. (Ұ) "сиқырлы қорапша" Педагог ойын ережесімен таныстырады. Қорапшадан әртүрлі заттарды ала отырып, балалар ол заттар қай мамандыққа қажет екенін, адам өмірінде алатын орны туралы айтады. Болашақта қандай мамандық иесі болатындығыңды және елге қандай пайда келтіретіндігіңді Айсұлу мен Қуанышқа әңгімелеп бер. Балалар, сендер болашақта қандай мамандық иесі боласыңдар? Оның елге қандай пайдасы бар? Балалардан сұрақ қоя отырып жауап алады. 3-тапсырма: нан қалай дастарқанға келеді? Нанның дастарқанға дайын болып келу ретін цифрмен көрсету. |
Мамандық иелерінің суреттері.
Ғарышкерлердің суреті. «Ғарышқа саяхат» тұсаукесері. Detskiysad.prezentaciya
Әліппе-дәптер. | |
іV. ҰоҚ | (Ө) Рефлексиялық бағалау: өз жұмысыңды бағалап | Әліппе-дәптер, | |
қорытындысы. | қорыту. | түрлі түсті | |
рефлексиялық түзету. 28–30 мин | Балалардан микрофонды кез келген түсті қарындашпен бояуын сұраңыз: | қарындаштар. | |
| ештеңе түсінбедім – қызыл қарындашпен; |
| |
| түсіндім, бірақ түсіндіре алмаймын – сары |
| |
| қарындашпен; |
| |
| бәрін түсіндім, басқаға түсіндіріп бере аламын – |
| |
| жасыл қарындашпен. | |