ДЕНЕ ШЫНЫҚТЫРУ САБАҒЫНДА ҚОЛДАНЫЛАТЫН - ҚОЗҒАЛМАЛЫ ОЙЫНДАР
Медеуов Дәулет Болысбекұлы
Қызылорда облысының білім басқармасының Қызылорда қаласы бойынша білім бөлімінің С.Сейфуллин атындағы №4 ақпараттық технология мектеп-лицейі (IT мектеп-лицей) коммуналдық мемлекеттік мекемесінің дене шынықтыру пәні мұғалімі
Аннотация
Қазақстан Респбуликасы Оқу-ағарту министрінің 2024 жылғы 2 сәуірдегі №72 бұйрықтың 15-қосымшасы, Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2024 жылғы 2 сәуірде №34217 болып тіркелген құжатын басшылыққа ала отырып, авторлық бағдарлама жасалынды. Бұл бағдарлама мектеп оқушыларына дене шынықтыру пәніне қосымша оқу курсы ретінде ұсынылады. Бағдарламаның ерекшелігі өтілетін тақырыптар жалпы оқу бағдарламасында қамтылмаған және оқушылардың жалпыеңбектік білім алып, кәсіби өзін-өзі анықтауы мен қазіргі заманғы әлеуметтік-экономикалық жағдайларға бейімделуіне мүмкіндік жасайды.
«Дене шынықтыру сабағында қолданылатын – қозғалмалы ойындар» авторлық бағдарламасын оқу барысында оқушылар өздерінің спортқа деген қызығушылықтарының қалыптасуына жағдай жасай отырып, денсаулық сақтаудың мәні мен мазмұнын оқып – үйренеді. Аталған курсты оқу арқылы жас ұрпақтың бойында денсаулығын нығайтуға деген дұрыс көзқарастың қалыптасуына мүмкіндік береді. Шығармашылық еңбек, жобалай және жоспарлай білу, жаңа технологияны игеру, жауапты шешімдерді қабылдау және тәуекелге бару заман ағысы, уақыт талабы.
Курсты оқу барысында экономикалық білімге көп көңіл бөлінеді. Президенттің егеменді және жан-жақты дамыған мемлекетті қалыптастырудағы рөлін оқып – үйренуге ерекше маңыз берілген.
Бағдарламаның өзектілігі:
ХХІ ғасырда әлемдік өркениет жаңа даму сатысына көтерілді. Қазақстан Республикасының қазіргі білім жүйесінің стратегиялық мақсаты жоғары білімді бәсекелестік қабілеті мол шығармашыл және денсаулығы мықты тұлға қалыптастыру үшін қолайлы жағдайлар жасау болып табылады. Мектептерде балалар белгілі білім мен білік алып қана қоймай, алған үлгі-өнегені өмір бойы пайдалана білуі тиіс.
Ойын ерте заманнан бері адам өмірінің ажырамас бөлігі болып келеді, оны өсіп келе жатқан ұрпақты тәрбиелеу және дене тұлғасын дамыту мақсатында қолданды.Ойын – балалар мен ересектердің қатысты өзіндік іс-әрекеті. Ол адамдардың демалыстағы, көңіл көтерудегі, танымындағы, рухани және дене күштерін дамытудағы қажеттіліктерін қанағаттандырады.
Қозғалмалы ойындар қозғалыс орны айқын сезілетін ойындық іс-әрекеттердің көрінуіне қатысты. Қозғалмалы ойындар үшін өзіндік сюжетпен мотивацияланған (түрткі болған) белсенді шығармашылық қозғалыс әрекеттері сипатты. Бұл әрекеттер қойылған мақсатқа қол жеткізу жолында әртүрлі қиындықтарды жоюға бағытталған ережелермен (жалпы қолданылған, жетекші немесе ойнаушылар орнатқан) бөлшекті шектелуі мүмкін.
Педагогикалық практикада ұжымдық және индивидуалды қозғалмалы ойындар, сонымен бірге спорттық әрекеттерге жетекші ойындар қолданылады.
«Дене шынықтыру сабағында қолданылатын – қозғалмалы ойындар» тақырыбындағы авторлық бағдарламаның мақсаты:
Oқушылардың физикалық белсенділігін арттыру, дене шынықтыруды қызықты әрі тиімді түрде ұйымдастыру арқылы олардың денсаулығын нығайту. Сонымен қатар, қозғалмалы ойындар арқылы балалардың үйлесімді дамуын, командалық жұмыс дағдыларын, шыдамдылықты, координация мен жылдамдықты дамыту көзделеді. Бағдарлама оқушылардың денсаулықтарын жақсартып қана қоймай, оларды дұрыс өмір салтына тәрбиелеуге бағытталған.
«Дене шынықтыру сабағында қолданылатын – қозғалмалы ойындар» авторлық бағдарламаның міндеттері:
- Физикалық дағдыларды дамыту: Оқушылардың дене шынықтыру жаттығулары мен қозғалмалы ойындар арқылы күш, жылдамдық, төзімділік, үйлесімділік секілді физикалық дағдыларын дамыту.
- Командалық жұмыс дағдыларын қалыптастыру: Балалардың топтық ойындарда бірлесіп жұмыс істеу дағдыларын дамыту, өзара қарым-қатынас, командалық рух және жауапкершілік сезімін тәрбиелеу.
- Денсаулықты нығайту: Қозғалмалы ойындар арқылы оқушылардың денсаулығын жақсарту, салауатты өмір салтына баулу.
- Ойынның мәнін түсіндіру: Қозғалмалы ойындардың тек физикалық емес, сондай-ақ психологиялық және әлеуметтік даму үшін де маңызды екенін түсіндіру.
- Қозғалыс және қимыл-қозғалыс дағдыларын жетілдіру: Оқушылардың дене әрекеттерін тиімді орындауға және дұрыс техниканы меңгеруге көмектесу.
- Қызығушылықты арттыру: Оқушылардың дене шынықтыру сабақтарына қызығушылығын арттыру үшін әртүрлі қозғалмалы ойындар мен жаттығуларды пайдалану.
- Шығармашылық пен белсенділікті дамыту: Оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамытуға мүмкіндік беру, жаңа ойындар мен әдістерді игеру арқылы олардың белсенділігін ынталандыру.
Бұл әдістемелік нұсқау «Дене шынықтыру сабағында қолданылатын – қозғалмалы ойындар» таңдау курсының бағдарламасына сай мұғалімдерге көмекші құрал ретінде ұсынылып отыр.
Ұсынылып отырған авторлық бағдарламада жан-жақты сабақ жоспарлары, дәстүрден тыс сабақ үлгілері берілді. Сарамандық жұмыстарды орындау барысында мұғалім де, оқушы да өздерінің шығармашылық идеяларын жүзеге асыра алады.
Тәжірибелі және шығармашылықты жұмыс істейтін мұғалімдер әдістемелік нұсқаудан сабақ барысында жаңа идеялар табатыны сөзсіз.
Бағдарламаға сай берілген материалдарды әрбір мұғалім өз мүмкіншіліктеріне қарай өзгерте алады.
ҚҰЗІРЕТТІЛІКТЕР
«Дене шынықтыру сабағында қолданылатын – қозғалмалы ойындар» тақырыбындағы бағдарламаны оқыту барысында оқушы бойында қалыптасуға тиісті мына құзырлылықтарға аса көңіл аударылуы қажет.
Технологиялық құзырлылық:
-
еңбек қауіпсіздігі принциптерін меңгеру;
-
қолданылатын материалдардың қасиеттері мен өңдеудің дәстүрлі және жаңа технологиялық әдісін меңгеру.
Коммуникативтік құзырлылық:
-
еңбек мәдениеті мен технологиялық тәртіпті меңгеру;
-
экономикалық мақсаткерлікті бағалау.
«Дене шынықтыру сабағында қолданылатын – қозғалмалы ойындар» бағдарламасын оқушының түсініп, білуі тиіс сұрақтар:
-
қолданылатын материалдардың қасиеттерін ажырата білу;
-
материалдарды өңдеудің дәстүрлі және жаңа әдістерін білу;
-
міндеттерді бөлісе және келісе отырып, бірлесе жұмыс жасай білу;
-
өзінің қабілеттері мен мүмкіндіктерін, мамандық таңдау кезінде тұлғаға қойылатын талаптарды білу.
«Дене шынықтыру сабағында қолданылатын – қозғалмалы ойындар» курсын бітіруші оқушының түсініп, білуін, орындай алуы тиіс әрекеттері:
-
жұмыс істеу барысында жұмыс орнын тиімді ұйымдастыру;
-
құрал саймандармен жұмыс істей алу;
-
қажетті технологиялық карталарды пайдалана алу;
-
бұйымды сызбасы, эскизі немесе техникалық суреті бойынша жасай алу;
-
өзінің іс- әрекетіне қажетті ақпараттарды таба алу және оларды пайдалана алу;
-
бұйымды дайындау және бұйымның сапасына баға бере білу.
КҮТІЛЕТІН НӘТИЖЕ
-
Білім алушылар ұлттық ойын түрі ретінде асық ату ойынын меңгереді;
-
Үйірме мүшелері асық ату ойынына машықтанады, мол тәжірибе жинайды;
-
Ойын барысында дарынды оқушылар іріктеледі;
-
Ойыншылар тәжірибе жинақтайды;
-
Дарынды оқушылар іріктеледі;
-
Осы ойын әдістерін үйрету арқылы ұрпақтар сабақтастығы жалғасады.
ПӘНАРАЛЫҚ БАЙЛАНЫС
Мұғалімдер оқу барысын ұйымдастыруда төмендегі пәнаралық байланыс міндеттеріне арнайы көңіл бөлулері тиіс.
«Қазақ тілі»:
-
оқытуды ұйымдастыру барысында оқушының жалпы және арнайы сөздік қорын байыту, ой- өрісін кеңейту және өз ойын нақты, толық жеткізе алу қабілетін дамыту;
-
ұлттық мәдениетке құрмет сезімін қалыптастыру.
«Математика»:
-
асық ату ойынын ойнау барысында логикалық ойлауды дамыту.
«Тарих»:
-
ұлттық ойындардың тарихын зерттеу және тарихи қажеттілігін негіздеу біліктілігін қалыптастыру.
«Бейнелеу өнері»:
-
асық ату ойынын ойнау барысында графикалық суреттерді салу техникасын қалыптастыру, дамыту.
«Дене шынықтыру»:
-
Ойын ойнау барысында қысқа мерзімдік және ұзақ мерзімдік шыдамдылыққа тәрбиелеу.
НОРМАТИВТІК БӨЛІМ
«Дене шынықтыру сабағында қолданылатын - қозғалмалы
ойындар» тақырыбындағы авторлық бағдарламаның оқыту жоспары
(аптасына 1 сағ, барлығы 346 сағ)
Сабақ реті | Сабақтың мазмұны. | Сағат саны | Өтілу мерзімі |
1 | Кіріспе. Қозғалмалы ойындар туралы жалпы түсінік | 1 |
|
2 | «Доп капитанға» ойыны | 1 |
|
3 | «Кедергілер арқылы жарыс» ойыны | 1 |
|
4 | «Төрт баған» ойыны | 1 |
|
5 | «Таяқша» ойыны | 1 |
|
6 | «Баскетболға дайындық» ойыны | 1 |
|
7 | «Допты шығыршыққа түсір» ойыны | 1 |
|
8 | «Соққыштар мен қаққыштар» ойыны | 1 |
|
9 | «Қалашықтар арасындағы доптар» ойыны | 1 |
|
10 | «Сызықтан секіру» ойыны | 1 |
|
11 | «Қуғыншыдан құтқару» ойыны | 1 |
|
12 | «Алтын балық» ойыны | 1 |
|
13 | «Ақ сандық – көк сандық» ойыны | 1 |
|
14 | «Қуып жет» ойыны | 1 |
|
15 | «Эстафета түрлері» ойыны | 1 |
|
16 | «Тас қала» ойыны | 1 |
|
17 | «Өрмек» ойыны | 1 |
|
18 | «Көліктер» ойыны | 1 |
|
19 | «Өткел» ойыны | 1 |
|
20 | «Бағдаршам» ойыны | 1 |
|
21 | «Төрт апат» ойыны | 1 |
|
22 | «Кім бірінші болады?» ойыны | 1 |
|
23 | «Кім күшті?» ойыны | 1 |
|
24 | «Айнал да жүгіріп кет» ойыны | 1 |
|
25 | «Бақшада» ойыны | 1 |
|
26 | «Жеті қалбыр» ойыны | 1 |
|
27 | «Түйілген орамал» ойыны | 1 |
|
28 | «Бұрыш» ойыны | 1 |
|
29 | «Итеріспек» ойыны | 1 |
|
30 | Хан «алшы» ойыны | 1 |
|
31 | «Ақсерек-көксерек» ойыны | 1 |
|
32 | «Қай команда допты ұзақ ұстайды» ойыны | 1 |
|
33 | «Жалауша» ойыны | 1 |
|
34 | Қорытынды сабақ | 1 |
|
| Барлығы | 34 сағ |
|
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ:
-
«Қазақтың ұлттық ойындары» \ энциклопедия \ Авт. Өмірбекова М. Ш. Алматы: «Алматы кітап» Ж. Ш. С. 2005-284 бет, суретті.
-
«Қазақтың ұлттық ойындары.» \ авт. Арғынбаев Х. «Қайнар» баспасы. 2005 жыл.\
-
«Асық ату»\энциклопедия\Бас редакторы:Арын Е.М. «Білік» редакциялық-баспа орталығы. Алматы. 2002 жыл.\440, 610, 447 бет.\
-
«Қазақтың ұлттық энциклопедия» 1 том. «Қазақтың ұлттық энциклопедиясының бас редакциясы.» Алматы. 1998 жыл. Бас редакторы: Әбдімәлік Нысанбаев.
-
«Ұлттық ойындардың тарихы мен тағдыры» Н.Зұрманғалиева. «Тех. В. школе» 2005 . №1. 16 бет.
-
Мектептегі технология. \№5 .2010 жыл. №3-4. 2011 жыл. №1-2. 2012жыл.
-
«Өнер» \авт. Болатбаев Қ. «Мектеп» баспасы. 2007 жыл
-
Ә.Ақшораев «Асық ату». Тараз 2000.
-
С.Тілеубаев «Асық ату ойыны» 1999 ж.
-
Д.Қамысбаева, Н.Байзақова «Асық ату ойынын оқып үйрену әдістері» 1998