«Осень 2024»

Білімділер додасы

математика пәнінен 5 сынып оқушыларына арналған сыныптан тыс жұмыс. оқушыларды тапқырлыққа, алғырлыққа баулиды. тез шешім қабылдай білуге, ұйымшылдыққа шақырады.

Олимпиады: Математика 1 - 11 классы

Содержимое разработки

5 И.В.Панфилов атындағы мектеп – лицей









Сыныптан тыс сабақ

«Білімділер додасы»





Сыныбы: 7 «А», 7 «Б»
Пән мұғалімі: Әбілдаева Гүлнұр

























Қызылорда қаласы


Күні:
18.11.2017 жыл
Сыныбы:
7 «А», 7 «Б»
Тақырыбы:
«Білімділер додасы»
Мақсаты:
оқушылардың ойлау қабілетін, тапқырлығын, жылдамдығын, таным белсенділігін арттыру. Белсенділігін дамыту, ой-өрісін кеңейтуге дағдыландыру, математикалық сұрақтарға мәдени түрде жауап беру, қарым-қатынасты дамыту. Тез ойлай білуге, шапшаңдыққа, топпен жұмыс жасауға, көпшілік алдында өз ойын еркін айта білуге тәрбиелеу.
Барысы:
Жүргізуші:
Құрметті аяулы көрермендер,
Білімменен сусындаған жас өреңдер,
Қош келдіңіз бүгінгі ойын-сайысымызға
Бұл күн қалсын мәңгіге есімізде.

Қайырлы күн қымбатты қонақтар,әділ қазылар алқасы және ойынға қатысушылар! Сіздерді бүгін осы залда көріп отырғанымызға өте қуаныштымыз. Біздің бүгінгі «Білімділер додасы» атты сайысымызға қош келдіңіздер! Біздің мақсатымыз математика пәнінің өте жауапты екендігін біле отыра,математиканың ғажайып әлеміне ойша саяхат жасап,оның байлығын көре білу және мүмкіндігінше оқушыларды қызықтыра білу. Бүгінгі ойынға қатысушы командалармен танысуға рұқсат етіңіздер. (әр топ өздерін таныстарады)
7 «А» сыныбының оқушыларынан құралған « » тобымен таныс болыңыздар.
7 «Б» сыныбының оқушыларынан құралған « » тобымен таныс болыңыздар.
Жүргізуші:
Қазылар орнықтырар әділдікті
Кімдердің жауаптары кәміл шықты?
Білім мен тапқырлықтың жарысында
Жеңіске жетер дейміз нағыз мықты!
Әділқазылар алқасының мүшелерімен таныс болыңыздар.
1.
2.
3.
Жүргізуші: Ал, командалар дайынсыңдар ма? Әділ қазылар алқасы, сіздер дайынсыздар ма? Олай болса Білімділер додасын бастайық!
Жоспары:
І тур: «ҚазЛото»
ІІ тур: «Танграм»
ІІІ тур: «Тіл өнері»
ІV тур: «Логикалық лабиринт»
V тур: «Қатені тап»
VІ тур: «Көңілді санау»
VІІ тур: «Аукцион»
VІІІ тур: «Жүйрік болсаң, озып көр»
Жүргізуші: Бүгінгі сайысымыздың жоспарымен таныс болдық. Олай болса, алғашқы сайысымыз «ҚазЛотоны» бастайық.
Шарты:Оқушылар дорбадан нөмір алып, сол нөмір бойынша сұраққа жауап береді. Барлығы 20 сұрақ. Әрбір оқушы бір сұраққа жауап береді. Әрбір дұрыс жауапқа 10 ұпай.
№1. Пропорция дегеніміз не? (Екі немесе бірнеше қатынастың тура теңдігі)
№2. Қандай өрнектер теңбе – тең өрнектер деп аталады? (Екі өрнектегі айнымалылардың қабылдайтын мәндерінің кез келгенінде сәйкес мәндері тең өрнектер)
№3. Бір – бірінен таңбасымен өзгешеленетін сандар (Қарама – қарсы сандар)
№4.Бүтін сандар, теріс және оң бөлшек сандар (Рационал сандар)
№5. Натурал сандар, оларға қарама – қарсы сандар және нөл саны (Бүтін сандар)
№6. m теріс сан да оң сан да емес екені белгілі. m қандай сан? (0)
№7. Екі қарама – қарсы рационал сандардың қосындысының мәні неге тең? (0)
№8. Оң рационал сан мен теріс рационал санның көбейтіндісінің мәні (Теріс сан)
№9. 2 санына бөлінетін бүтін сан (Жұп сан)
№10. Орнына сан қоюға болатын әріп (Айнымалы)
№11.ax=b түріндегі теңдеу (Бір айнымалысы бар сызықтық теңдеу)
№12. Пропорцияның негізгі қасиеті (Пропорцияның шеткі мүшелерінің көбейтіндісінің мәні пропорцияның ортаңғы мүшелерінің көбейтіндісінің мәніне тең.)
№13. Шамалардың тура пропорционалдығының қасиеті (Бір шаманы бірнеше есе арттырса, онда екінші шама сонша есе артады)
№14. Масштаб дегеніміз не? (Картада берілген арақашықтықтың нақты арақашықтыққа сәйкестігі)
№15. Дөңгелектің ауданының формуласы (S=R2)
№16. Шеңбер ұзындығының формуласы (L=2R)
№17. Өз – өзіне қарама – қарсы сан (0)
№18.Теріс санның оң санға көбейтіндісінің мәні (Теріс сан)
№19. 2 санына бөлінбейтін бүтін сан (Тақ сан)
№20. Екі теріс рационал санның бөліндісінің мәні (Оң сан)
Жүргізуші: Жарайсыңдар, оқушылар. (І тур бойынша жинаған ұпай саны айтылады)
Жүргізуші: Келесі сайысымыз «Танграм».
Шарты: Қатысушы екі топқа конверт ұсынылады. Әр топ бір конверт таңдайды. Сол конверттегі суретті 7 фигура арқылы құрастыру. Дұрыс құрастырылған суретке 20 ұпай.
№1 конверт. 4 саны


№2 конверт.
1 саны

Жүргізуші: Жарайсыңдар, оқушылар. Суретті дұрыс құрастырдыңдар. (ІІ тур бойынша жинаған ұпай саны айтылады)
Жүргізуші: Ал, оқушылар келесі тур «Тіл өнері» деп аталады. Сендердің білімдеріңді 3 тілде сынап көретін боламыз.
Шарты: Әр топқа 8 математикалық термин беріледі. Математикалық терминдерді орыс және ағылшын тілінде аудару керек. Әрбір дұрыс жауапқа 10 ұпай.
« » тобы Пропорция – пропорция - proportion
сан –число - number
масштаб –масштаб - scale
қосу –сложение - addition
бөлу –деление - division
үшбұрыш –треугольник - triangle
шеңбер –круг - a circle
формула –формула - formula
« » тобы Диаграмма –диаграмма - diagram
пайыз –процент - percent
өрнек –выражение - expression
азайту –вычитание -subtraction
көбейту –умножение - multiplication
төртбұрыш –четырехугольник - quadrangle
шаршы –квадрат - square
есеп –пример - example
Жүргізуші: Жарайсыңдар, оқушылар. (Жинаған ұпай саны айтылады).
Жүргізуші: Оқушылар ІV тур «Логикалық лабиринт» сайысымызға да жеттік.
Шарты: 2 топқа 3 логикалық тапсырма беріледі. Тапсырманы орындап, қалай шығарғандарын түсіндіреді. Әрбір дұрыс жауапқа 20 ұпай беріледі.

« » тобы

  1. Болат командасындағы тізім бойынша алдынан 25-ші және артынан 25-ші болса, тізімде қанша адам бар? Ж:(51)

  2. «?» белгісінің орнына тиісті санды тап.

14(625)11: 12(196)2; 10(?)5 Ж: (225)

  1. 8 санының оң жағына да сол жағына да өзінен басқа бір санды жаздық. Шыққан сан 6-ға бөлінеді. Біз қандай санды жаздық?

Ж: (2)
« » тобы
1. Қосындысы 16, ал айырымы 4 болатын екі санның көбейтіндісі нешеге тең? Ж:(10және 6 сандары көбейтіндісі-60)

2. «?» белгісінің орнына тиісті санды тап.

«25»=425, «32» =94, «91» =811, «78» =4964, «43» =? Ж:(169)

  1. Анарда 10 және 50 теңгеліктерден 25 дана бар. Барлығының қосындысы 530 теңгені құрайтын болса, осы тиындардың ішінде қанша дана 10 теңгеліктер бар? Ж: (18дана 10теңгеліктер)


Жүргізуші: Жарайсыңдар, оқушылар. Логикалық ойлау қабілеттеріңнің мықты екенін дәлелдедіңдер. (Жинаға ұпай саны айтылады)
Жүргізуші: Келесі сайысымыз «Қатені тап» деп аталады.
Шарты: 2 топқа 10 есеп беріледі. Оқушылар есептегі қатені тауып, дұрыс жауабын табу керек. Әрбір дұрыс жауапқа 5 ұпай.


































Жүргізуші: Келесі сайысымыз «Көңілді санау»
Шарты: Кестедегі сандарды тез санауға оқушыларды шығарады. Оқушының кестедегі сандарды ретімен көрсетіп, оларды тауып, атап шығу уақытын есептеп отырады. Ең аз уақыт ішінде сандарды атап шыққан оқушы 5 ұпайға ие болады.
Жүргізуші: Келесі сайысымыз «Аукцион»
Шарты: Оқушыларға 3 тақырып ұсынылады. 3 тақырыптың әр біреуінде 100, 200, 300, 400 теңгелік есептер бар. Оқушылардың бағаларды таңдап, есеп шығарады. Әрбір дұрыс жауап бағаларға сәйкес болады. 100 – 10 ұпай, 200 – 20 ұпай, 300 – 30 ұпай, 400 – 40 ұпай.
Математикалық калейдоскоп

100.Есімдері әртүрлі, жастары бірдей жеті ағайындылардың есімдерін атаңдар. (апта күндері)

200.Тәуліктің қалған бөлігі өткен бөлігінен екі есе артық болса, қазір сағат неше? (8)

300. Бес жыл бұрын ағасы мен қарындасының жастарының қосындысы сегізге тең болды.Бес жылдан кейін олардың жастарының қосындысы неге тең болады?(18 жас)

400. Үстел үстінде бірнеше кәмпит жатқан.Оны екі анасы, екі қызы және әжесі мен немересі 1 кәмпиттен бөліп алғанда үстелде кәмпит қалған жоқ.алғашқыда үстелде қанша кәмпит болған? (3)
Ойлан, тап

100. Ноль санын алғашқы ойлап тапқан адам ? (Парсы математигі аль-Хорезми )

200. Кімді математика королі атаған? (Карл Гаусс)

300. Үнділіктер оны «Сунья»,ал араб математиктері «Сифр» деп атаған. Біз оны қазір қалай атаймыз? (0)

400. Егіз сандар деп қандай сандарды айтамыз?( Айырмасы 2-ге тең жай сандар ,мысалы:5 пен7)
Жүргізуші: Жарайсыңдар, оқушылар. Міне соңғы сайысымыз «Жүйрік болсаң, озып көр».
Шарты: 2 топқа теңдеу беріледі. Оның шығару жолдары партада араласып жатады. Оқушылар дұрыс жауабын алып, тақтаға жабыстырады. Ең бірінші және дұрыс тапқан топқа 10 ұпай беріледі. Ал, бірінші болмай, дұрыс теңдеу тапқан жағдайда 5 ұпай беріледі.
« » тобы
3х-5=x+11
3x-x=11+5
2x=16
x=8
« » тобы
5x-8=x+4
5x-x=4+8
4x=12
x=3

Жүргізуші:
Білім деген биік шың,
Бақытқа сені жеткізер.
Білім деген ақылшың

Қиындықтан өткізер, - деп бүгінгі білім сайысын қорытындылаймыз. (Сайыс нәтижесін әділ-қазылар хабарлайды)




















  1. Болат командасындағы тізім бойынша алдынан 25-ші және артынан 25-ші болса, тізімде қанша адам бар?


  1. «?» белгісінің орнына тиісті санды тап.

14(625)11, 12(196)2, 10(?)5


  1. 8 санының оң жағына да сол жағына да өзінен басқа бір санды жаздық. Шыққан сан 6-ға бөлінеді. Біз қандай санды жаздық?

















1. Қосындысы 16, ал айырымы 4 болатын екі санның көбейтіндісі нешеге тең?



2. «?» белгісінің орнына тиісті санды тап.

«25»= 425, «32» = 94, «91» = 811, «78» = 4964, «43» = ?



  1. Анарда 10 және 50 теңгеліктерден 25 дана бар. Барлығының қосындысы 530 теңгені құрайтын болса, осы тиындардың ішінде қанша дана 10 теңгеліктер бар?























І «ҚазЛото»

ІІ «Танграм»

ІІІ

«Тіл өнері»

ІV «Логикалық лабиринт»

V «Қатені тап»

«Көңілді санау»

VІІ «Аукцион»

VІІІ «Жүйрік болсаң, озып көр»


7 «а»











7 «б»














І «ҚазЛото»

ІІ «Танграм»

ІІІ

«Тіл өнері»

ІV «Логикалық лабиринт»

V «Қатені тап»

«Көңілді санау»

VІІ «Аукцион»

VІІІ «Жүйрік болсаң, озып көр»


7 «а»











7 «б»














І «ҚазЛото»

ІІ «Танграм»

ІІІ

«Тіл өнері»

ІV «Логикалық лабиринт»

V «Қатені тап»

«Көңілді санау»

VІІ «Аукцион»

VІІІ «Жүйрік болсаң, озып көр»


7 «а»











7 «б»













І «ҚазЛото»

ІІ «Танграм»

ІІІ

«Тіл өнері»

ІV «Логикалық лабиринт»

V «Қатені тап»

«Көңілді санау»

VІІ «Аукцион»

VІІІ «Жүйрік болсаң, озып көр»


7 «а»











7 «б»















Получите свидетельство о публикации сразу после загрузки работы



Получите бесплатно свидетельство о публикации сразу после добавления разработки


Серия олимпиад «Осень 2024»



Комплекты учителю



Качественные видеоуроки, тесты и практикумы для вашей удобной работы

Подробнее

Вебинары для учителей



Бесплатное участие и возможность получить свидетельство об участии в вебинаре.


Подробнее