«Зима 2025»

«Дені сау ұрпақ- ел болашағы» отбасылық спорттық сайыс

«Рухани жаңғыру» бағдарламасын іске асыру шеңберінде

Тақырыбы: «Дені сау ұрпақ- ел болашағы» отбасылық спорттық сайыс

Мақсаты: «Денсаулық» ұғымының адамгершлік құндылығы ретінде мәнін ашу. Денсаулықты сақтау, нығайту қажеттілігі туралы түсініктерін кеңейту. Денсаулығын нығайтуға қызығушылықтарын арттыру. Денсаулығын күтуге, бағалауға тәрбиелеу. Ата-аналар мен балалары арасындағы қарым-қатынасты нығайту.

Түрі: эстафеталық ойын.

Олимпиады: Обществознание 5 - 11 классы

Содержимое разработки

Бекітемін:

Тәрбие ісінің меңгерушісі Сейтмуханова А.Ж.


Күні 20.10.2017ж. 11.30-да

Қатысушылар 1-сынып 18 ата-ана

«Рухани жаңғыру» бағдарламасын іске асыру шеңберінде

Тақырыбы:   «Дені сау ұрпақ- ел болашағы»   отбасылық спорттық сайыс 

Мақсаты: «Денсаулық» ұғымының адамгершлік  құндылығы ретінде мәнін ашу. Денсаулықты сақтау, нығайту қажеттілігі туралы түсініктерін кеңейту.   Денсаулығын нығайтуға қызығушылықтарын арттыру. Денсаулығын күтуге, бағалауға тәрбиелеу. Ата-аналар мен балалары арасындағы қарым-қатынасты нығайту. 

Түрі: эстафеталық ойын.

Өтілетін орны: спорт зал

Керекті  құралдар: доптар,  кеглилер, шығыршық, себеттер, қаптар.                            

Жүргізуші:                  

Шынықсаң  шымыр  боларсың,

Сауығып  айдай  толарсың.

Спортты  серік  ете  біл,

Жақсы  азамат  боларсың.

Жеңімпаз   болу оіай ма,

Арман  болған  талайға

Болмасаң да  ұқсап  бақ,

Жарысқа  түсіп  қалайда.

Құрметті  әріптестер, ата-аналар  және  балалар  бүгінгі отбасылық  спорттық сайысымызға  хош  келдіңіздер!  

Сайысқа 18 отбасы  қатысып отыр.

                                      Жарысқа  қатысушыларды  шақырамыз,

                                      Әр  таңды  бақытпенен  атырамыз.

                                       Өнерді  ой  көгінде  бақылаңыз,

                                       Сайысқа  қатысуға  енді  ортаға - 

 (Әр тобын  таныстырады )

Сайысымыздың  әділ  бағасын  беретін  әділқазылар  алқасымен таныс  болайық.

1.    Тәрбие ісінің меңгерушісі     Сейтмуханова А.Ж.

2.    Дене шынықтыру пәні мұғалімі Сабиров С.Ш.

3.    Мектеп медбикесі Кабиева А.Х.

Сайыс кезеңдерін смайликпен бағалайсыз .

Сайысымыз  4  кезеңнен  тұрады.

І «Желаяқтар»

ІІ «Шығыршықтан өту»

ІІІ «Кенгуру»

ІҮ «Пингвин»

«Таныстыру»
Шарты: Әр топ өздерін таныстырып, ұрандарын айтады. әр топтың эмблемасы
1 - топ "Жасұлан" тобын ортаға шақырамыз.
Топтың ұраны: "Біз балауса жас ұлан,
Үлгі аламыз жақсыдан"
2 - топ "Барыс" тобын ортаға шақырамыз.
Топтың ұраны: "Бәріміз біріміз үшін,
Біріміз бәріміз үшін"
3 – топ "Қыран" тобын ортаға шақырамыз.
Топтың ұраны: «Қыран құстай самғаймыз,
Жарыстан біз қалмаймыз!»

І    кезең:  «Желаяқтар»  

Ойын шарты:  Бірінші ойыншы бастапқы  орыннан кедергілер арасымен  межені жүгіріп айналып  келіп, екінші  ойыншыға қол беру.  Келесі ойын  осы  бағытта  жалғасын  табады.  Бірінші аяқтаған  топ  жеңіске  жетеді.

ІІ   кезең:  Шығыршықтан өту.

Ойын  шарты: Бастапқы орыннан бірінші  ойыншы  шығыршықты ұстайды  қалған  ойыншылар  шығыршыұтан  өтеді. Келесі ойыншы ұстайды, арғарай ойын жалғасын табады. Межені айналып, қай топ келсе сол топ жеңіске  жетеді.

 

ІІІ  кезең:                  «Кенгру»             

Ойын шарты: қаппен  секіру.

ІҮ кезең: «Пингвин»

Кедергілер арасымен допты аяққа қысып алып, жерге құлатпай пингвиндер жүрісімен жүріп, мәре сызығын айналып қайтар жолда жүгіріп келеді де келесі ойыншының алақанынан ұрып, эстафетаны келесі ойыншы жалғастырады.

Жүргізуші:

              Жарыс  заңы  ежелден-

Жеңімпазды  анықтау

Жеңімпаз  болу  шарты  сол-

Еңбектену,   жалықпау

Біреу  озса  сайыста,

Біреу  артта  қалады

Жеңілгендер  ренжімей

Тарасса  бізге  жарады.

Сайысымыздың  қортындысын  шығаруға  кезекті  әділқазы алқасына  сөз  

кезегін   береміз. (Әділқазыларды  тыңдау)

Марапаттау рәсімі.

Уа,  халайық  назар  аудар  денсаулыққа!

Өмірде  бақыттысың  денің  сауда.

Денсаулық  терең  бақыт  деген  сөзді

Құр  айтпаған  Ұлы  Абай  данамыз  да.

Құрметті  бүгінгі  сайысымыздың  қонақтары!  Сіздерге сайысымызға  келгендеріңізге  көп-көп  рахмет!


Получите свидетельство о публикации сразу после загрузки работы



Получите бесплатно свидетельство о публикации сразу после добавления разработки


Серия олимпиад «Зима 2025»



Комплекты учителю



Качественные видеоуроки, тесты и практикумы для вашей удобной работы

Подробнее

Вебинары для учителей



Бесплатное участие и возможность получить свидетельство об участии в вебинаре.


Подробнее