«Зима 2025»

"Достық- мәңгілік жыр" танымдық ойыны

9-сынып оқушыларымен өткізілген танымдық ойынның жоспары

Олимпиады: ИЗО 1 - 7 классы

Содержимое разработки


«Достық- мәңгілік жыр» танымдық ойыны.

Безендірілуі:( Акт залында қабырғаға ойынның тақырыбы түрлі жазумен ілінеді ,4-парта қойылады шарлармен безендіріледі)

Құрметті ұстаздар, қонақтар, «Достық- мәңгілік жыр» танымдық ойынына қош келдіңіздер.

Міне, бүгін біз сіздермен танысып бір-бірімізбен жақын қарым-қатынаста болу мақсатында жүздесу кешін ұйымдастырып отырмыз.

Армысыздар, жас ұрпақ жаңа келген,

Армысыздар, ұстаздар білім берген.

Армысыздар, жүрегі кең пейілді,

Армысыздар , қонақтар бізге келген.

-деп сіздердің құрметтеріңізге ___-сынып оқушысы ____________________ «___________________» әнін қабыл алыңыздар.

Ал қонақтар сайысқа қалайсыздар,

Сіздер өтер әлі де талай сын бар.

Тапсырмам бар сіздерге арналған.

Сүрінбей орындасаң жарайсыңдар- деп

Ортаға 4 топтан құралған 2 ойыншы бір ұл, бір қызды ортаға шақырамын.

Мәңгі бақи есте қалар,

Ғажайып бір кеш болсын.

Білімдірек шәкірт озар,

Қиынырақ сұрақ болсын .

Қазір сіздер балалық шаққа саяхат жасай отырып 45 минуттық сабаққа кіріп, оқушы кездеріңізді еске түсіресіздер

Мына тұрған бірнеше тор көздерін таңдап сұраққа жауап бересіздер. Әрбір тордағы сұрақтарға жауап берсеңіздер сол ұпайды жинайсыздар.

Олай болса 1-ші кезең «Ғажайып алаң»

1. Математика

10. Екі адам тоғызқұмалақты екі сағат ойнайды. Әрқайсысы неше сағаттан ойнайды (2 сағаттан)

20.Төрт жұмыртқа төрт минутта піседі. Бір жұмыртқа неше минутта піседі?(4 минут)

30.Бір-бірімен жарысқан,

Төрт аю, екі арыстан.

Екі қоян, үш түлкі,

Бәрі нешеу кім білді?

40. 8-Наурызда екі шешей мен екі қызына ,әжей мен немересіне үш орамал сыйға тартылды.Бұл қалай? (Әжей, шешей қыз әрқайсысы 1-орамалдан алды)

2.Қазақ тілі

10.Сөйлемнің түрлерін ата?

20. Сөз таптарын ата?

30. Сөйлемнің мүшелерін ата?

40. Қанша дауысты дыбыс бар ата?

3.Ән-күй

10.20.30.40.

4.Табиғаттану

10. Дәрілік өсімдіктерді ата?

20. Жаңбыр неден пайда болады?

30. Күзде жапырақ неге сарғаяды?

40. Өсімдіктердің үш тобын ата


Мектеп деген білім кені, жыр кені,

Мектеп деген ғылымның ең үлкені.

Мектеп деген тәрбиеші адамға,

Мектеп деген даналардың мекені.


II-кезең «Ойлан тап» деп аталады

Берілген суреттер бойынша мақал- мәтел құрастыру керек. Құрастырылған мақалдардың саны бойынша жұптар ұпай жинайды.

1. ақша,теңге

2.кітаптардың

3.су, кеме ,балық

4. еңбек етіп жатқан адамдар

5. шебердің жасаған еңбектері , гүлдер

Арман қуып, мақсат қуып кетерміз,

Мақсатқа біздер жетерміз.

Ұшқан алтын ұяға,

Сағына біздер жетерміз деп

III-кезең «Достық көңіл» бұл кезеңде жұптар пайдалы кеңестер айтып жарнама жасау керек, өздері таңдаған сандықшаны ашу арқылы ұпай санын жинайды

IV-кезең «Көз алдымдағы бейне» (сынып жетекшісі немесе сабақ берген ұстаздарын сипаттау керек)

Мектебім –жарқыным көңілім,

Мектебім –шаттық толы өмірім.

Мектебім -әнім болып төгілдің,

Мектебім – ана болыпта көріндің

V- кезең «Сиқырлы сан»

Алдарыңыздағы тордың астында сурет жасырылған сандарды таңдау арқылы сұраққа жауап бересіздер ,егер жауап дұрыс болса тор көзі ашылады, жасырылған суретті тапсаңыздар ұпай саны сіздердің ұпай сандарыңызға қосылады.

1- тордың сұрақтары

1)Жылдарды қазақша атауымен атап шығыңыз

2)Жеті атаны атап беріңіз

3) «Жеті жарғының» негізін салған хан

2- тордың сұрақтары

1)Қазақша ай аттарын ата

2)Жеті қазынаны ата

3)Дүниеде адамның ақылы жетпейтін жолдар

3-тордың сұрақтары

1)Жеті күнді атаңыз

2)Адам денесінің тірегі не

3)Үш қуатты ата

4-тордың сұрақтары

1)Жер бетінің қағазға кішірейтіліп салынған бейнесі

2)Үш көз

3)Ақ алтын не

5-тордың сұрақтары

1)Қара алтында ата

2)Ұя салмайтын құс

3)Үш ғайыпты ата

Ал енді барлық жиған ұпай сандарыңыздың қорытындысы шыққанша

сіздердің құрметтеріңізге ______________________________________туралы әнін қабыл алыңыздар.

Көп білуге ұмтылған-

Көз жұмғанша оқиды.

Көз жұмғанша оқыған,

Көп нәрсені тоқиды. Көп нәрсені оқи тоқи жүрулеріңізге тілектеспіз . Қорытынды сөз кезегін мектеп директорының уақытша міндетін атқарушы Қожахметова Құралай Қожанбекқызына береміз.


Бүгінгі «Достық- мәңгілік жыр» ойынына жақсы ат салысып қатысқандарыңызға көптен –көп рахмет!
































































III-кезең «Достық көңіл» бұл кезеңде жұптар пайдалы кеңестер айтып жарнама жасау керек, өздері таңдаған сандықшаны ашу арқылы ұпай санын жинайды

IV-кезең «Көз алдымдағы бейне» (сынып жетекшісі немесе сабақ берген ұстаздарын сипаттау керек)

Мектебім –жарқыным көңілім,

Мектебім –шаттық толы өмірім.

Мектебім -әнім болып төгілдің,

Мектебім – ана болыпта көріндің


V- кезең «Сиқырлы сан»

Алдарыңыздағы тордың астында сурет жасырылған сандарды таңдау арқылы сұраққа жауап бересіздер ,егер жауап дұрыс болса тор көзі ашылады, жасырылған суретті тапсаңыздар ұпай саны сіздердің ұпай сандарыңызға қосылады.

1- тордың сұрақтары

1)Жылдарды қазақша атауымен атап шығыңыз

2)Жеті атаны атап беріңіз (Ата,әке,бала,немере,шөбере,шөпшек,немене)

3) «Жеті жарғының» негізін салған хан (Әз Тәуке хан)

2- тордың сұрақтары

1)Қазақша ай аттарын ата (қаңтар,ақпан, наурыз, сәуір, мамыр, маусым, шілде, тамыз, қыркүйек, қазан, қараша, желтоқсан)

2)Жеті қазынаны ата (Ер жігіт, сұлу әйел, ақыл, жүйрік ат, қыран бүркіт, берен мылтық, жүйрік тазы)

3)Дүниеде адамның ақылы жетпейтін жолдар (Қыранның жолы,тастағы жылынның ізі, судағы кеме жолы)

3-тордың сұрақтары

1)Жеті күнді атаңыз (бүгін, ертең, бүрсүгіні, арғы күні, соңғы күн, ауыр күн, азына)

2)Адам денесінің тірегі не (қаңқа)

3)Үш қуатты ата (ақыл,жүрек,тіл)

4-тордың сұрақтары

1)Жер бетінің қағазға кішірейтіліп салынған бейнесі (карта)

2)Үш көз (Су анасы-бұлақ, Сөз анасы-құлақ, Жол анасы-тұяқ)

3)Ақ алтын не (мақта)

5-тордың сұрақтары

1)Қара алтында ата (мұнай)

2)Ұя салмайтын құс (көкек)

3)Үш ғайыпты ата (ақыл, қонақ, несібе)



Получите свидетельство о публикации сразу после загрузки работы



Получите бесплатно свидетельство о публикации сразу после добавления разработки


Серия олимпиад «Зима 2025»



Комплекты учителю



Качественные видеоуроки, тесты и практикумы для вашей удобной работы

Подробнее

Вебинары для учителей



Бесплатное участие и возможность получить свидетельство об участии в вебинаре.


Подробнее