«Зима 2025»

Энг катта умумий булувчи (ЭКУБ)

Энг катта умумий булувчи (ЭКУБ) Энг катта умумий булувчи (ЭКУБ) Энг катта умумий булувчи (ЭКУБ) Энг катта умумий булувчи (ЭКУБ) Энг катта умумий булувчи (ЭКУБ) Энг катта умумий булувчи (ЭКУБ) Энг катта умумий булувчи (ЭКУБ)

Олимпиады: Математика 1 - 11 классы

Содержимое разработки

Сандардың ең үлкен ортақ бөлгішін табу тақырыбына есептер шығару

5 сынып
Жаратылыстану - математика бағыты

Сабақтың тақырыбы: Сандардың ең үлкен ортақ бөлгішін табу тақырыбына есептер шығару
Пән аралық байланыс: жаратылыстану.
Сабақ түрі: қорытындылау және білімді жүйелеу.
Сабақтың жүру түрі: Ойын сабақ ( «Сандар тауының» шыңына жету).
Сабақ ұраны: «Эдельвейстер аяқ астында өспейді, эдельвейске жету үшін еңбек ету керек!»
Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта, презентация, гүлдің жапырақтары тәрізді кеспелер, әрбір оқушыға бағдарды парақтар

Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Оқушылардың есеп шығару әрекеттерін ұйымдастыру:
- Сандардың бөлгіші және еселігі, жай және құрама сандарды, сандардың ЕҮОБ қайталау.
- Сандардың бөлгішін және еселігін, ЕҮОБ, сандардың дәрежесін табу икемділіктерін.
- Жай және құрама сандарды ажырата білуді.
- Сандардың бөлінгіштік белгілерін қайталауды және пайдалануды
- Тақырыптар бойынша оқушыларды бақылау жұмыстарына дайындау.
- Есептерді шығаруда алған білімдерін пайдалануды.
Дамытушылық: Есептер шығару дағдыларын дамыту.
Тәрбиелік:
- Табиғатты сүюге.
- Білім алудағы еңбекке, ырықтылық пен батылдыққа.
- Өз бетімен еңбектенуге және белсенділікке, қиындықты жеңуге.

Сабақ жүрісі Сабақ жүрісінің бөлімдері
1. Ұйымдастыру 3 мин Мұғалімнің кіріспе сөзі
2. Білім мен дағдының көкейкестілігі 8 мин 1. Ауызша тапсырма (жүкті жинау) –
Бақылау жұмыс
2. Тест жұмысы – өзіндік жұмыс
3. Жалпылау кезеңі 25 мин 1 аялдама - кедергі (тау биіктігі) –
есептер шығару
2 аялдама - кедергі (есептер шығару) –
топпен жұмыс
Дем алу (математикалық дене шынықтыру уақыты )
3 аялдама - кедергі –
Есептер шығару
4. Қорытындылау 6 мин
5. Бағалау 2 мин
6. Үйге тапсырма 1 мин

Сабақтың жүрісі:
1. Ұйымдастыру.
Мұғалімнің кіріспе сөзі.
Сәлеметсіздер ме, оқушылар! Сіздерді және сабаққа дайындықтарыңызды көргеніме қуаныштымын, бүгін сіздермен бірге уақытты қызықты және пайдалы өткіземіз деп үміттенемін. Мен сіздердің іскерлік қабілеттеріңізге сенемін!
Айта кететін жай, біз сіздермен бірге үлкен тарауды «Натурал сандардың бөлінгіштігі» тақырыбын аяқтап жатырмыз және келесі сабақта бақылау жұмысын жазу арқылы өз білімдеріңді байқауларыңызға болады. Ертеңгі жұмысты жақсы орындау үшін бүгін не істеуіміз керек? (Оқушылар сабақтың мақсатын құрады, мұғалім тақтадағы білімділік мақсатын көрсетіп, көмектеседі)
Бүгін тек бақылау жұмысына дайындалып қана қоймай, үлкен «Сандар тауы» деп аталатын тауды бағындыруға жолға шығамыз және тау туралы жаңа және қызықты мәліметтермен танысатын боламыз.
Ал тауды бағындыру дегеніміз не? Қалай ойлайсыздар? (нұсқаларын келтіреді. Яғни, таудың шыңына шығу.) Ал тау дегеніміз не?
(Сөздік бұл туралы не дейді екен? «Таулар – жер бетінен жоғары да көтеріңкі өркештене тізбектеліп, сызылып жатқан заңғар, құзды, құзартты биіктік».
Ал кім біледі, таудың шыңынан не табуға болады?( Оқушылар ойланып, мүмкін нұсқаларын ұсынады. Бұл Эдельвейс деп аталатын таудың шыңында өсетін гүл.)
Бүгін біз тек Сандар тауының шыңына жетіп қана қоймай, эдельвейс гүлін табуға тырысамыз.
Сондықтан сабақ ұраны: «Эдельвейстер аяқ астында өспейді, эдельвейске жету үшін еңбек ету керек!» ( Қанекей, сабақта ой еңбектеріңізге көңіл бөлеміз. Әрқайсыңызға берілген бағдарлы парақшаларға жетістіктеріңізді белгілеп отырасыздар. Егер бәрін дұрыс жасасаңыздар – оң таңбасын қоясыз, қателіктерді назарға алыңыздар, сабақтың соңында дұрыс орындалған тапсырмаларға эдельвейстің жапырақтарын аласыздар. Кім 5 жапырақ алса «5», 4 жапырақ алса «4», төрттіктен төмен баға қойылмайды.

2. Үй жұмысын тексеру 8 мин
Жолға шығар алдында саяхатшылар өз саймандарын түгендеп, жүкті буып – түйетінін бәріміз білеміз.
Олай болса, жүкті буып – түюге кірісейік.
Тақтада 4 тапсырма берілген, әр тапсырмада 4 жауап бар (дұрыс деп тапқан жауаптың біреуін белгілеңіз, жауаптарды көршіңе тексерту арқылы парақшаға белгілейсіз).
1. Жай санды тап: 45, 47, 143, 999
2. Өзара жай сандар жұбын тап: 2, 122 24, 4 45, 8 27, 81
3. Құрама санды тап: 2, 11, 22, 17
4. ЕҮОБ(24, 48): 12, 24, 48, 2

Сонымен, біздің жол жүгіміз – ол осы күнге дейін тақырып бойынша жасалған жұмыста нені үйренгенімізде. Енді жол саймандарымыздың қаншалықты сенімді екенін тексерейік.
Теориялық білімді тексеру үшін тақтадағы тестті орындайық:
Көп нүктенің орнын толтыру
1. Кез – келген натурал санның бөлгіші болатын сан: а) 2, ә) 1, б) 3.
2. 1 - ге және өзіне ғана бөлінетін натурал санды …. сандар деп аталады.
3. Екіден көп бөлгіштері бар натурал сандар … сандар деп аталады.
4. ЕҮОБ табуда бірінші... жіктеу керек.
5. Жай сан да және құрама санда болмайтын сан а) 117, ә) 2, б) 1.
6. Егер екі санның ЕҮОБ 1 - ге тең болса, ол сандар... деп аталады.

3. Есептер шығару (25 мин)
Біз бәріміз білеміз, альпинистер мен шыңға өрмелеушілер бағындырғысы келетін таулар өзінің биіктігімен ерекшелене алады.
Кім біледі, әлемдегі ең биік тау қалай аталады? Гималай - әлемдегі ең биік тау, ал ондағы ең биік шың - Джомолунгма шыңы. Гималай (Эверест) тауының ұзындығы - 2400км, ал ені - 350 км, Қытай – Непал территориясында орналасқан.
Қазақстандағы ең биік тау - Хан Тәңірі — Алматы облысында таудың солтүстік - батыс бөлігі қарайды. Биіктігі 6995 м.

Дәптермен және тақтамен жұмыс
№1(кедергі) Аялдама
№287
1) 48 бен 84
2) 70 пен 98
3) 16 мен 45
4) 52 мен 78
5) 44 пен 65
6) 72 мен 96
(тақтада Гималай және Хан Тәңірі тауларының суреті көрсетіледі)
Әрі қарай тауды бағындыру үшін топпен жұмыс жасау маңызды, енді өмірде үнемі кездесетін 2 тапсырма бермекшімін.

№2(кедергі) Аялдама
Балалар бақшасындағы топтарға тарату үшін 28 ойыншық машина, 35 қуыршақ және 77 доп сатып алынды. Балалар бақшасындағы әрбір топқа ойыншық машиналар тең бөлініп, қуыршақтар тең бөлініп, доптар тең бөлініп берілді. Ойыншықтар балалар бақшасындағы неше топқа бөлініп берілді? Әрқайсысы қаншадан таратылды?
(35: 1, 5, 7, 35
28: 1, 2, 4, 7, 14, 28
77: 1, 7, 11, 77
ЕҮОБ(35, 28, 77)=7. Ойыншық машиналар: 4, қуыршақ: 5, доп: 11дана таратылды.
№3
12 қыз және 16 ұл болатын топты, топтағы қыздар мен ұлдардың саны бірдей болатындай және топ саны ең көп дегенде қанша топтарға бөлу керек. Осындай топтың нешеуін құрауға болады? Әр топта қанша адам болады?
(ЕҮОБ (12, 16) = 4 (топ). По 12: 4=3 қыздар және 16: 4=4 ұлдар. Барлығы 7 адам.
Дем алу (математикалық дене шынықтыру уақыты ) 2 - мин
Дем алатын уақыт келді:
Мен сан айтамын Егер 2 - ге бөлінсе екі қолыңызды көтересіз
Мен сан айтамын. Егер 5 - ке бөлінсе шапалақтайсыз.
Мен сан айтамын. Егер 3 және 9 - ға бөлінсе тізені бүкпей алға қарай еңкейесіз.
14, 55, 27, 145, 4, 81, 115, 44

3 –(кедергі) аялдама
№4
Суретте қандай сандар жазылған және қандай сандар жетіспейді? Бос орындарға тиісті сандарды осу ретімен орналастыр Жауап: 60 санының бөлгіштері 5, 6, 4, 2 (Егер дұрыс болса, Хан Тәңірі тауының суреті көрсетіледі)

Ендігі тапсырманы орындасақ, эдельвейс гүліне жете аламыз ба? Ол үшін келесі соңғы тапсырманы орындауымыз керек.
4. Қорытындылау (4 – аялдама)
1 - нұсқа
а) ЕҮОБ(12, 18)=6
ЕКОЕ(12, 18)=36
б) ЕҮОБ(13, 39)=13
ЕКОЕ(13, 39)=39
в) ЕҮОБ(11, 15)=1
ЕКОЕ(11, 15)=165
2 - нұсқа
а) ЕҮОБ(10, 15)=5
ЕКОЕ(10, 15)=30
б) ЕҮОБ(19, 57)=19
ЕКОЕ(19, 57)=57
в) ЕҮОБ(7, 12)=1
ЕКОЕ(7, 12)=84
5. Бағалау
Жарайсыңдар! Эдельвейс гүліне жеттіңіздер. Сандар тауының шыңына жеттік. Көптеген кедергілерден өтіп, қиындықты жеңдік. Енді ертеңгі бақылау жұмысын жақсы жаза аласыздар ма, оны білу үшін бағдарлы парақшаларды қарайық. Кімде қанша оң таңба бар екен?

6. Үйге тапсырма.
Сіздерге бүгінгі сабақтан естелік ретінде эдельвейс гүлін сыйға тартпақшымын. Осы гүлге сабақта жинаған жапырақтарын желімдеп алыңыздар. Бұл жай гүл емес Сандар тауында өскен гүл. Ал жапырақтарда сандар жазылған, осы сандардың үш жұбынан ЕҮОБ және ЕКОЕ табыңдар және №287 (7, 8, 9)









Математика 5 сынып

Сабақтың тақырыбы:Ең үлкен ортақ бөлгіш (ЕҮОБ)

Сабақтың мақсаты:

Білімділік. Берілген натурал сандардың ең үлкен ортақ бөлгішін таба білу, есеп шығаруда қолдану.

Дамытушылық: Оқушылардың танымдық қаблеттерін, ойлауын, өз бетінше іздену қабілетін, іскерлігін дамыту.

Тәрбиелік: Өз ойларын ашық айтуға,ұқыптылыққа, сауатты жаза білуге, еңбектенуге тәрбиелеу.

Сабақ түрі: Жаңа сабақты менгеру .

Көрнекілігі:слайдтар.

Сабақтың барысы:

 

1.      Ұйымдастыру

Оқушыларды сабаққа бағыттау, дәптерлерін алмастыру

Сәлемдесу тренингі- атом ойыны

 

2.      Үй тапсырмасын тексеру

·         №270,  №271 есептер.

·         Жай сандар

·         Құрама сандар

·         Ойын «Кім жылдам?» (берілген сандар ішінен жай сандар мен құрама сандарды теріп алу)

 

3.      Мағынаны тану.

Жаңа сабақты меңгеру. Натурал а санының бөлгіші деп….

( ережені оқушы жалғастырады)  (5 слайд)

18 санының бөлгіштері:1;2;3;6;9;18.

30 санының бөлгіштері: 1;2;3;6;10;15;30.

Ортақ бөлгіштері: 1;2;3;6. Сандары. Олардың ең үлені 6 саны. Демек, 18 және30 сандарының ең үлкен ортақ бөлгіші 6 саны. Жазылуы: ЕҮОБ(18;30)=6

Берілген натурал сандардың ең үлкен ортақ бөлгіші деп сол сандардың әрқайсысы бөлінетін ең үлкен натурал санды айтады.

 

ü  Оқушы ізденісі.

Берілген натурал сандардың ең үлкен ортақ бөлгішін сол сандарды жай көбейткіштерге жіктеу арқылы табуға болады. (оқушы ізденісі)18;24;36 сандарының ең үлкен ортақ бөлгіші табылады.

 

Ең үлкен ортақ бөлгіші 1-ге тең натурал сандар өзара жай сандар деп аталады.

 

ü  Ой қорыту.

Оқулықпен жұмыс.

№287 

ЕҮОБ(48,84)=2*3=6

48=2*2*2*2*3

84=2*2*3*7

 

EҮОБ(70,98)=2*7=14

70=2*5*7

98=2*7*7

 

ЕҮОБ(16,45)=2*2*2*2*3*3*5=720

16=2*2*2*2

45=3*3*5

 

ЕҮОБ(52,78)=2*13=26

52=2*2*13

78=2*3*13

  

ЕҮОБ(44,65)=2*2*11*5*13=2860

44=2*2*11

65=5*13

  

№ 288.

3;5;6және25 сандарынан өзара жай сандардың төрт жұбын құрастырыңдар:

(3;5),(5;6),(3;25),(6;25)

 

№289

а=2*2*3*5, в=2*3*3, ЕҮОБ(60,18)=6

a=2*3*3*11, b=2*2*5*11,  ЕҮОБ(198,220)=22

a=2*2*5*7, b=2*7*11, ЕҮОБ(140, 154)=14

a=2*2*2*3*3, b=5*7*11, ЕҮОБ(72,385)=27720

300

    ЕҮОБ (12,16)= 4                          ЕҮОБ (36,90)= 18                    ЕҮОБ (27,54,81)=27

    ЕҮОБ(21,98) =7                           ЕҮОБ (140,56)= 28                  ЕҮОБ(18,120,138)=6

     ЕҮОБ(42,56)=14                          ЕҮОБ(110,154)=22                

 

ü  «Жалауға  кім  бұрын  жетеді

Ойын  шарты  баспалдақтағы  санардың  ЕҮОБін  табу  керек, ол  сандар баспалдақтың  ең  төменгі сатысында  тұр.

 



 

        48  және  64

 

 

26 және 65

 

36 және 72

 

 

32 және 40

 

34 және63

 

 

12 және 36

 

15 және 45

 

6және16

 

9 және 15

           12,        9,        16,       3,      7,       5,        13,       17,        15,       1,       36,       2,       8,       6.


















 

4.      Қорытынды.

 

1.Берілген натурал сандардың ең үлен ортақ бөлгіші деп қандай санды айтады?

2. Өзара жай сандар деп қандай сандарды айтады? Мысал келтіру.

3. Берілген сандарды жай көбейткіштерге жіктегенде ең үлен ортақ бөлгіш неге тең?

 

5.      Бекіту (Бүгінгі күнімізге қандай тілек тілер едіңіздер?)

 

6.      Үйге тапсырма.  №286, 295

 

7.      Бағалау











21.11.2014 математика 
5 «а» сыныбы 

Сабақ тақырыбы: Ең үлкен ортақ бөлгіш ЕҮОБ 
Жалпы мақсат: Натурал сандардың ең үлкен ортақ бөлгішін табу дағдыларын қалыптастыру, ЕҮОБ туралы түсінік беру 
Сілтеме: Математика-5 Алдамұратова Т, «Атамұра» баспасы 
Әдістемелік нұсқау, Абылкасымова А «Мектеп» баспасы 
Оқушылар үшін оқу нәтижелері: ЕҮОБ табу алгоритмін үйрену 
Негізгі идеялар: ЕҮОБ табу 
Сабақта қолданылатын құрал жабдықтар: Проектор, үлестірмелер, фишкалар 
Оқыту әдістері: Диалогтық оқыту; 
Топпен жұмыс; 
Оқыту үшін және оқу үшін бағалау; АКТ қолдану; 
Дарындылықты анықтау; 
Көшбасшылықты анықтау; 
Сыни тұрғыдан ойлау. 
Дерек көздері: Математика-5 Алдамұратова Т, «Атамұра» баспасы 
Әдістемелік нұсқау, Абылкасымова А «Мектеп» баспасы 
Тапсырмалар: Есептер, ойындар 
Сабақ бойынша мұғалім мен оқушының іс-әрекеті: 
І. Сыныпты топқа бөлу (2 мин) «Ой қозғау» стратегиясын пайдалана отырып, білімдерін тексеру және топқа бөлу 
Мұғалім іс-әрекеті: 
Оқушылар өздеріне таратылған фишкалардағы сандарды зерттей отырып, өз тобына орналасуы керек. Оқушының іс-әрекеті: Жай сандар, санның квадраты, 3ке бөлінетін сандар, 5ке бөлінетін сандар, 2ге бөлінетін сандар топтарына бөлінеді.Топ басшысын сайлау. 
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау (5 мин) Слайдтағы шығарылу жолы арқылы үй жұмысын топ басшылар тексереді. 
ІІІ. Топпен жұмыс (13 мин) 
1) Слайдағы тапсырмаларды орындай отырып, бүгінгі сабақтың тақырыбын табу. 

2) Жаңа тақырып айтылған соң , сабаққа критерий құрылады: 
I. Натурал сандарды жай көбейткішке жіктей алу; 
II. ЕҮОБ(ең үлкен ортақ бөлгішті) таба білу; 
III. Жылдам есептеу дағдысы. 
3) Тақтада мысал келтіріліп, ЕҮОБ табу түсіндіріледі. 

4) ЕҮОБ табу алгоритмін құру тапсырылады. Әр топ ақылдаса отырып, алгоритмді құрады.Мұғалім қорытындылайды.Топ басшылары өздеріне берілген тапсырманы тобына түсіндіре отырып орындайды, әрі тобына қалай орындау керек екенін түсіндіруі керек. 
5) Оқулықтағы №286 есепті оқушылар өз тобымен орындайды. Топтардың ынтасына, жылдамдығына қарай фишкалар беріледі. 1) Натурал сан дегеніміз не? 
2) Жай сан дегеніміз не? 
3) Құрама сан дегеніміз не? 
4) 24 санының бөлгіштерін ата. 
5) Натурал санның бөлгіші дегеніміз не? 
6) Жай сандар кестесін кім жасаған және қалай жасаған? 

ЕҮОБ(24,40)=? 
24 2 40 2 
12 2 20 2 
6 2 10 2 
3 3 5 5 
1 1 
ЕҮОБ(24,40)=2•2•2=8 

ЕҮОБ(42,60) =? 

ЕҮОБ(45,81) =? 

ЕҮОБ(33,12) =? 

ЕҮОБ(25,20) =? 

ЕҮОБ(26,65) =? 

Сергіту сәті: «Ұшты, ұшты» ойынының элементтерін қолдана отырып, жай сандар мен құрама сандарды ажырата білуге тәрбиелеу 
IV. Шығармашылық тапсырма: (15мин) 
«Математикалық казино» ойыны ойналады. №291, №292, №290 тапсырмаларын аукционға салу арқылы орындайды, 
V. Қорытындылау(1мин) Сұрақ жауап арқылы қорытындылау. 
VI.Келесі оқылым: (2 мин) Оқушының іс-әрекеті:Үйге тапсырма №287, 290(2) 
VII.Бағалау: (2 мин) 
Мұғалім іс-әрекеті: 
Формативті бағалау 
Оқушының іс-әректі: 
Топ басшылары топ мүшелерін жиналған фишкаларды бөліп беру арқылы бағалайды 
VIII.Рефлексия:(5мин) 
Келесі сабақтан не күтесің? 
Параметрлер 5 4 3 
Натурал сандарды көбейткішке жіктей алуым 
ЕҮОБ-ті таба білуім 
Жылдам есептеу дағдым 
Барлық ұпай 













































Сабақтың тақырыбы: EYOБ табу есептері.

Сабақтың мақсаттары:

Білімділік: EYOБ табу есептерін шеше білуі және тиімді тәсілдерді таба білуі; өзара жай сандар, мәселе есептер шығаруда қолдана білу.

Дамытушылық: Ауызша есептеу, жалпылау дағдыларын дамыту; логикалық ойлау қабілеттерін жетілдіру; ойын жеткізе білуін және ой - өрісін дамыту.
Тәрбиелік: Ұйымшылдыққа, ұқыптылыққа, дәлдікке тәрбиелеу; ұжымда, топта жұмыс істеуге тәрбиелеу; өздігінше жұмыс істеуге дағдыландыру, оқушыларды өзін – өзі басқаруға, өз мүмкіндігіне сенуге, үлкен жетістікке ұмтылуға тәрбиелеу.


Сабақтың түрі: аралас сабақ, ойын сабақ
Сабақтың көрнекілігі: Мультимедия, үлестірме материалдар, тест тапсырмалары
Сабақтың әдісі: Топтық жұмыс, СТО

Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру бөлімі
2. Ой қозғау – үй тапсырманы тексеру. № 336, 337.
Мұнда оқушылар үйге берілген тапсырманы сұрақтар арқылы және есептерді тексеру арқылы орындайды. (слайд 5,6)

ІІ. Қызығушылығын ояту (кубизм әдісі)
Қайталау сұрақтары. (слайд 7)

1. Жай сандар деп қандай сандарды айтады?

2. Құрама сандар деп қандай сандарды айтады?

3. Сандардың 2;5;10 – ға бөлінгіштік белгілері ?

4. Сандардың 3;9 – ға бөлінгіштік белгілері?

5. Санды жай көбейткіштерге жіктеу дегеніміз не?

6. Ереже: ЕҮОБ қалай табамыз?

ІІІ. «Теория және практика» (слайд 8,9,10)

Оқулықпен жұмыс № 338 ,339,343

Ереже: ЕҮОБ табу алгоритмі :
1) Берілген санды жай көбейткіштерге жіктеу;
2) Жіктеудегі ортақ жай көбейткіштерді теріп жазу;
3) Нәтижесін табу.
ІV.Ой қозғау «логикалық есептер» (слайд 11,12,13,14)

1. Тіркемесі бар машинамен бірнеше рет қатынап, бірінші күні 35 т, екінші күні 21 т, үшінші күні 14 т кірпіштер әкелінді. Тіркемесі бар машинаға әрбір ретте тиелген кірпіштердің массалары бірдей. Машина бір рет қатынағанда неше тонна кірпіш әкеледі?


2. Үсеннің 39 көк, Асанның 52 сары асығы бар, ал Серікте Үсеннің асықтарынан 26 асық көп және боялмаған. Олар асықтарын өздері мен достарына тең бөлді. Неше бала әр түстен неше асықтан алды?


3. 24 қызыл шар, 42 көк шар және 30 сары шардан бірнеше тізбе дайындалды. Тізбелердегі қызыл шарлар саны бірдей, көк шарлар саны бірдей, сары шарлар бірдей. Ең көп дегенде неше тізбе дайындалды?


V.Шығармашылық тапсырма.«Кім алғыр» (слайд 15,16,17,18)

1) Криптограмма.

Мұнда криптограмма берілген. Осы әріптерден математикалық ұғымдар табу керек.

Мысалы: нүкте...

Н

Ш

Е

Е

Ң

Д

Ү

К

Ң

Т

Ө

Е

Р

Т

Б

Е

Р

У

А

Е

Ұ

Ш

Т

Б

Д

И

Р

Ы

М

Е

С

У

А

Л

О

С

А

Н

Т

У

Д

А

Жауабы: нүкте, шеңбер, радиус, төрт, тең, бұрыш, алым, алу, мода, сан, теңдеу, бес.


2. Дұрыс жауап сәйкес келетін торкөздегі әріптерді теріп жазсаңдар, «жай сан» ұғымын біздің заманымыздан бұрынғы IV ғасырда енгізген ежелгі грек ғалымының атын оқитын боласыңдар.
1 2 3 4 5 6 7
22,12, 29, 1,5, 20, 23.


3. Бос торкөзге төмендегі сандарға бөлінетіндей цифр қою керек.

Берілгені: 4758967


  • 2 ге, 4758967




  • 5 – ке, 4758967




  • 3 – ке, 4758967





  • 9 – ға, 4758967



  • 4 – ке, 4758967


25 – ке, 4758967



VI. Үй тапсырмасы. № 345, 347. (слайд 19)


VII.
(слайд 20)

Тест жұмысы:

1. Қай сан құрама сан болды?
1) 22
2) 23
3) 1
2. 144 санының бөлгішін тап?
1) 11
2) 12
3) 14
3. Қай сан жай сан болады?
1) 10
2) 29
3) 54
4. Өзара жай сандардың ең үлкен ортақ бөлгіші
1) 2
2) 7
3) 1
5 ЕҮОБ (10;15)=?
1) 5
2) 6
3) 7
6 ЕҮОБ (160;180)=?
1) 16
2) 24
3) 20
7. Қай сан құрама сан болмайды?
1) 21
2) 23
3) 1


VIII. Бағалау.

IX.Қорытындылау. (слайд 22)

- Бүгін біз қандай мақсат қойдық? (Есептерді ЕҮОБ табу арқылы шешуді үйрену)

- Қандай сандарды өзара жай сандар деп атаймыз?

- ЕҮОБ қалай табамыз?




Получите свидетельство о публикации сразу после загрузки работы



Получите бесплатно свидетельство о публикации сразу после добавления разработки


Серия олимпиад «Зима 2025»



Комплекты учителю



Качественные видеоуроки, тесты и практикумы для вашей удобной работы

Подробнее

Вебинары для учителей



Бесплатное участие и возможность получить свидетельство об участии в вебинаре.


Подробнее