«Зима 2025»

Қазақ тілі сабағында ойын технологиясын қолдану арқылы тілдік құзіреттілікті дамыту

Ойын балалар үшін шындық. Ал шындық қоршаған ортадан да қызық, бала үшін қызықты болу түсінікті, өйткені онда өзіндік іс-әрекеті көрінеді. Бала ойын әлемінде өмір сүреді, оның ізі шындық өмірге қарағанда терең қалады. Ойын баланың мінез-құлқының қалыптасуына, психикалық процесс кезіндегі гармониялық жетілуіне әсер етеді. Қазіргі нарықтық жағдайымызда болашақ ұрпағымызды білімді, мәдениетті, саналы етіп тәрбиелеуде егеменді елімізде қазақ тілін оқыту өмірлік зор маңызға ие болып отыр.

Қазақ тілін үйрету барысында оқушыларды қазақ елінің салт-дәстүрімен, әдет-ғұрпымен, мәдениетімен таныстыру, оларды жан-жақты дамуына, тілге деген көзқарастарын қалыптастыруға көп көмегін тигізеді. Қазақ тілі де басқа ұлт өкілдеріне шет тіл болып саналғандықтан, қазақ тілін оқыту арқылы оқушыларды интернационализм рухына, ұлттық патриотизмге тәрбиелеуге жол ашады.Олар өз ұлтын сүюге, өзге ұлттарды сыйлауға, құрметтеуге үйретеді.

Олимпиады: Дошкольникам "Мы уже большие и хотим всё знать"

Содержимое разработки


ҚАЗАҚ ТІЛІ САБАҒЫНДА ОЙЫН ТЕХНОЛОГИЯСЫН

ҚОЛДАНУ АРҚЫЛЫ

ТІЛДІК ҚҰЗІРЕТТІЛІКТІ ДАМЫТУ.



Ойын балалар үшін шындық. Ал шындық қоршаған ортадан да қызық, бала үшін қызықты болу түсінікті, өйткені онда өзіндік іс-әрекеті көрінеді. Бала ойын әлемінде өмір сүреді, оның ізі шындық өмірге қарағанда терең қалады. Ойын баланың мінез-құлқының қалыптасуына, психикалық процесс кезіндегі гармониялық жетілуіне әсер етеді. Қазіргі нарықтық жағдайымызда болашақ ұрпағымызды білімді, мәдениетті, саналы етіп тәрбиелеуде егеменді елімізде қазақ тілін оқыту өмірлік зор маңызға ие болып отыр.

Қазақ тілін үйрету барысында оқушыларды қазақ елінің салт-дәстүрімен, әдет-ғұрпымен, мәдениетімен таныстыру, оларды жан-жақты дамуына, тілге деген көзқарастарын қалыптастыруға көп көмегін тигізеді. Қазақ тілі де басқа ұлт өкілдеріне шет тіл болып саналғандықтан, қазақ тілін оқыту арқылы оқушыларды интернационализм рухына, ұлттық патриотизмге тәрбиелеуге жол ашады.Олар өз ұлтын сүюге, өзге ұлттарды сыйлауға, құрметтеуге үйретеді.

Қазақ тілін үйрету процесінде ана тілі басты рөл атқарады. Егер оқушы өз тілінде грамматикалық құбылыстарды, олардың ерекшеліктері мен айырмашылығын, дыбысталу жүйесін білмесе немесе түсінбесе ол қазақ тілін оқығанда түсінбейді. Ана тілі мен салыстырып оқуды күнделікті практикадан көріп жүрміз. Оқушылар қазақ тілін оқи отырып өз ана тілінің негізінде өзге тілді саралап үйренеді.

Тілді үйрену негізінде ана тіліндегі ойды жеткізу тәсілдерін тереңірек ұғынады. Қазақ тілі оқыту процесінде тілді дұрыс үйрету, ауызша сөйлеу, сауатты жазу, мәнерлеп оқу өте маңызды. Оған мұғалімнен көп кәсіби шеберлікті талап етеді. Ең алдымен оқушы өз ана тілін жетік білуі керек. Егер өз тілін жетік білмесе, оған қазақ тілін үйрету, яғни, меңгеру өте қиынға соғады. Себебі, екі тілді салыстыра отырып қана оқушы тіл құбылыстары мен айырмашылықтарын саналы түрде меңгере алады. Салыстыра отырып, ол қазақ тілін тез меңгереді.

Әдістеме ғылымы әрқашан білікті мамандардың өзіндік сабақ беру шеберлігімен дамып, жаңарып отырады. Яғни, әдістеме көп жылдар бойы ұстаздық қызметтегі тәжірибемен күнделікті сабақ беру процесімен тығыз байланысты.

Өз мамандығын шын сүйетін, өзі оқытатын пәнін жақсы көретін мұғалім әрбір сабағын ерекше дайындықпен және үнемі ізденіс үстінде жүргізеді. Оқушылардың ынтасын арттыру, пәнге қызығушылығын дамыту, білімді берік те саналы жеткізу жолында жаңаша әдіс-тәсілдерді ізденіп қолданады.

Қазіргі кездегі қоғамдағы өзгерістер білім беру жүйесіне де ықпал ететіні сөзсіз. Мұғалімге білімді біржақты формада емес, оқушылардың оқуын басқару, бағыт-бағдар көрсетіп, жол сілтеп, кеңес беріп отыру қызметін жүктейді. Қазақ тілі пәні бойынша оқушы ереже немесе ұғымдар анықтамасын тек жаттап алғаннан гөрі, оларды іс-жүзінде саналы түрде қолдана алуы қажет. Түрлі тапсырмалар мен жаттығулар арқылы теориялық түрлі мәселелер, қағидалар меңгертілуі тиімді болып табылады.

Қазақ тілін оқыту – қиын да қызықты жұмыс. Қазіргі кезде қазақ тілін оқытатын мамандарға қойылатын талап жаңа технологиялық әдістерді қолдана отырып, сапалы және терең білім беру, олардың ойлау, көру қабілеттерін жетілдіру. Уақытты дұрыс пайдалану, әртүрлі әдістерді қолдану, сабақты мазмұнды да қызықты өткізу мұғалімнің жеке басынын интелектісін, оқу іс әрекетін, өтілетін тақырып мазмұнын аша білу. Сонымен жеке тұлғаны дарынды, білімді де білікті етіп шығару мұғалімнің педагогикалық шеберлігі. Оқушынын ойлау қабілетін байытуға игі ықпал ететін, жаңаша оқытудың бір түрі – модульдік технология. Бұл білім мазмұны мен оған меңгеру технологиясын біріктірген тұтастай жүйе.

Технология – гректік өнер, шеберлік ғылым деген сөзінен шыққан, яғни, шеберлік туралы ғылым деген мағынаны білдіреді. Ал технологиялық оқыту түсінігі педагогика саласында 1995 жылдан бастап пайдалана басталды.

Қазақстанда осындай технология үлгісін М.М. Жанпейісова ұсынады.

Модульдің ерекшелігі мен басты мақсаты әр баланың жеке тұлға ретінде қабілетін ашу және дамыту, сол үшін жағдай жасау. Ол үшін тіл үйрену, оқушыны қызықтыру, белсенді сөздік қорын жасау және тіл ортасын ұйымдастыру.

М.М. Жанпейісованың модульдік технологиясында ерекше орын алатыны – ойын. Оқытуды ойын түрінде ұйымдастыру және әртүрлі белсенді жұмыс түрлерін (топтық, жеке және жұппен, ұжыммен жүргізілетін жұмыстар, пікірталастар, диспуттар) қолдану оқытудын міндетті шарты болып табылады. Сондықтан сабақтарымда ойын түрлерін жиі қолданамын. Өз іс-тәжірибемде бастауыш сыныптарда өтетін сабақтар көрнекіліксіз, ойынсыз өткен емес. Қай сабақ, қай тақырыпқа болмасын, тиімді көрнекілікті, ойынды ойластырып, алдын-ала дайындауға тырысамын. Оған бейімделген оқушы сабақтын қызықты түрде өткенінің нәтижесінде тақырыпты жеңіл игеріп, оңай еске сақтайды, оқуға деген қызығушылығы арта түсіп, оқуға ынтасы артады.

Сабақта диалогтік бөлімінің оқу модуліндегі қазір кеңінен қолданыла бастаған ойын түрлері: «Қарлы кесек», «Брейн-ринг», «Даналық ағашы», «Бақытты сәт», т.б. ойындар оқушылардын қызығушылығын арттырады. Мысалы «Табиғат», «Еңбек» тақырыптарында, «Даналық ағашы» ойынын жиі қолдансам, «Тазалық», «Денсаулық» тақырыптарына «Аквариум техникасы» деген ойынды өткізу тиімді деп білемін. Себебі, үш топқа бөлінген оқушылар өз көз қарасын ортаға салып, қорғауға тырысады, мұғалімнің берген проблемалық тапсырмаларын орындау үстінде оқушы «Өзім» «Мен»деген сезімін, қабілетін қалыптастырады. Мәтінмен жұмыс, грамматикалық тапсырмалар орындауда «Қатесін тап» ойынын қолданамын. Ойын шарты: берілген тапсырманың қатесін табу. Қателер тақырыпқа байланысты әртүрлі болады. Бұл жағдайда оқушы тақырыппен толық танысып, зерттеу жұмысын жүргізеді, өз ой-пікірін ортаға салып, өз көзқарасын қорғайды.

Мәтінмен жұмыс «Ұшқырлар», «Сиқырлы сандық», «Қызықты шеңбер», «Сурет арқылы мәтін құрастыр», «Сөз тіркестерінен ситуация құра», «Мені дұрыс түсін», «Даналық ағашы» ойындары арқылы өтеді. Бұл ойындардын барлығы сайыс түрінде өтеді, ұпай сандары арқылы бағаланады. Ойын қызық және тартымды болуы үшін ойынға керекті материалдарды көрнекі, түрлі-түсті түрде дайындаған дұрыс. Бағалау парақтары, топтардың нөмірлері, жетондар, фишкалар т.б. ойынға керекті заттар түрлі-түсті қағаздардан дайындалады. Әрине, оқыту технологияларының қайсысын болмасын қолдану, оқушыны осындай ойындарға бейімдеу, қызықтыру оңай іс емес. Ал оқытушыдан білімділікті, еңбекқорлықты, үлкен шығармашылық пен жаңашылдықты, мол дайындықты қажет етеді. Оқушылардың қызығушылықпен ойнайтын ойындарының бірі – рөлдік ойындар. Рөлдік ойындар кез келген оқу процесінде оқушыларды жаттықтыруда, игеру қабілетін арттыруды ұтымды қызмет атқарады. Тілдік қарым-қатынастағы жаттығуларды одан әрі қалыптастыруда рөлдік ойындардың қосар үлесі қомақты. Рөлдік ойындар белгілі бір мақсатта, тілді меңгеруге деген ынтызарлықты оята отырып, орындаушылық қабілетке де жетелейді. Әсіресе бастауыш сыныптарда қолданылатын рольдік ойындар: «Телефон арқылы сөйлесу», «Дәрігердің қабылдауында», «Танысу», «Кітапханада», «Қонақта», тағы да оқушылардың сүйіп ойнайтын ойыны- мұғалімнің рөлі.

Сонымен оқу процесінде ойын ойнау аса маңызды. Рольдерде ойнау оқушы үшін пайдалы, себебі ол өзінің үйренген білімін өзі өскен ортада,нақты ситуацияларда, өз өмірінде қолдана алады. Оқушы тез және ұтымды сөйлеуге үйренеді. Ойлау бірте-бірте қазақшаға ауыса бастайды.Ойын ойнау кезінде бұрынғы сөздер,грамматикалық материалдар қайталанады.

Сондай ақ бастауыш сыныптарда қазақ халқының балаларға арналған ұлттық ойындарын тіл дамыту сабақтарында,ойын шарттарын өзгертіп қолданамын. Мысалы: «Айгөлек», «Түйілген орамал», «Оқтау тартыс», «Жүзік салмақ», «Ақ сандық, Көк сандық». Бұл ойындар баланың тілге деген қызығушылығын арттырады.

Ойын баланың көңілін өсіріп, ойын сергітіп қана қоймай, сонымен қатар оның таным түсінігін арттырады. Оқушылар ойын арқылы бір бірімен тез тіл табысып, жақсы ұғысады, бір бірінен ептілікті, тапқырлықты үйренеді.

Оқытып тәрбиелеудегі негізгі мақсат –оларды мектептегі оқуға, ұйымшылдыққа, еңбек етуге даярлау, олардың бойына адамгершілік қасиеттерін қалыптастыру, ойлау, сөйлеу қабілетін дамыту. Сабақ үстінде жүргізілетін жұмыс түрлері, тақырыпқа сай алынған тәрбиелік мәні бар ойын түрлері оқушының ойлау белсенділігін қажет етеді.

Әр сабақтарда ойын түрлері орнымен қолданып оны қызықты ету арқылы жас бүлдіршіндердің білімге ынта ықыласын, пәнге сүйіспеншілігін қалыптастыруын көздейді. Ойында балалардың сабақ үстінде шаршамауы үшін, әр берілген негізгі ұғым түсініктерін беріп меңгерту мақсатында жүргіземін. Ойын арқылы оқушы өз бетімен жұмыс істеуге, өздігінен қорытынды жасауға үйренеді.







ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР:

1.Педагогика жаршысы №4 2007 ж.

2.Қазақ тілі мен әдебиеті №5,6 1994 ж

3.Қазақ тілі мен әдебиеті орыс мектебінде №2,4 2004 ж.

4. Қазақ тілі мен әдебиеті орыс мектебінде №1, 2005 ж.

5.Бастауыш мектеп №8, 2004 ж.

6. Бастауыш мектеп №3, 2007 ж.


Получите свидетельство о публикации сразу после загрузки работы



Получите бесплатно свидетельство о публикации сразу после добавления разработки


Серия олимпиад «Зима 2025»



Комплекты учителю



Качественные видеоуроки, тесты и практикумы для вашей удобной работы

Подробнее

Вебинары для учителей



Бесплатное участие и возможность получить свидетельство об участии в вебинаре.


Подробнее