«Осень 2024»

Қазақ тілінен ашық сабақ. Тақырыбы: Етіс. Оның түрлері

Қазақ тілінен 6-сыныпқа арналған "Етіс. Оның түрлері" тақырыбына өткен ашық сабақ. Оқушылар сын тұрғысынан ойлау әдіс- тәсілдерін пайдалану арқылы тапсырмалар орындады.

Олимпиады: Физика 7 - 11 классы

Содержимое разработки

Қазақ тілі. 6 - сынып.
Сабақтың тақырыбы: Етіс,оның түрлері

Сабақтың мақсаты:
А) Білімділік: оқушыларға өздік, өзгелік етіс, ырықсыз етіс, ортақ етістің жасалу жолдары туралы түсінік беру, тапсырмалар орындау арқылы бекіту.
Ә) Дамытушылық: етіс түрлеріне тоқталу, жасалу жолдарын көрсете отырып, айырмашылықтарын айқындау;

Б) Тәрбиелік: көру қабілетін арттыру, жаңа технологияларды қолдану арқылы білімдерін көтеру, орынды сөйлеуге, ізденімпаздыққа тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: дәстүрлі
Типі: аралас
Әдісі: талдау, салыстыру, теріп алу
Көрнекілігі: кестелер, парақшалар
Пәнаралық байланыс: әдебиет, өзін - өзі тану

Сабақтың барысы:
І Ұйымдастыру. Психологиялық даярлық.
Геометриялық фигуралар бойынша топтардың мінезін анықтау:
Үшбұрыш - жігерлі, өзіне сенімді, тез шешім қабылдайды, қажырлы тұлға, лидер. Шыдымды, тәуекелшіл.
Төртбұрыш - батыл, барлық құбылыстарға қызығушылық білдіреді. Әуесқой. суық тиіп ауруға және жарақаттанушылыққа деген беталыстары басым.
Шеңбер:
- тұлғааралық қатынастарда үйлесімділікке талпынушы, байланысқа түсуші, мейірімді, жанашырлыққа қабілетті, жомарт;
Геометриялық фигураларға байланысты бір - бірімен амандасады:
Үшбұрыш: қол алысып;
Төртбұрыш: өзге тілде.
Дөңгелек: ым - ишара арқылы.

І топ «Сұңқар». Ұраны: Сұңқардай қалықтаймыз,
Ізденуден жалықпаймыз!
ІІ топ «Тұлпар». Ұраны : Тұлпардай жүйрік болу арманымыз,
Жетуге соған тырысамыз !
ІІІ топ «Тапқырлар». Ұраны : Тапқырмыз деп ұрандап,
Өмірде біз келеміз жарқылдап!


Топ басшысы топ мүшелерін бағалау парағы арқылы бағалайды.
Топпен жұмыс арқылы үй тапсырмасын тексеру.
Жоспар бойынша бірінші бағыт.

І. «Қына тасқа бітеді, білім басқа бітеді»

1-топ. Өздік, ортақ етіс

2-топ. Өзгелік етіс

3-топ. Ырықсыз етіс.
1.Өздік етіс. Іс істеуші айтылып, іс субъектінің яғни істеушінің өзіне жұмсалса, оны өздік етіс дейміз. Мысалы; Сәлім жуынды десек, жуушы да, жуынушы да – Сәлім. Мұнда іс-әрекет істеушінің өзіне жұмсалып тұр. Өздік етіс етістіктің түбіріне –н, -ын, -ін, -ыл, -іл жұрнағы қосылу арқылы жасалады.

2. Өзгелік етіс. Істелетін заттың біреу арқылы істелгенін не істелетінін көрсететін етістіктің түрін өзгелік етіс дейміз.

Сабадан қымыз құйдырып,

Алдарына қойдырып,

Жасы үлкендер бір бөлек,

Әзілдесіп сылқылдап...

(Абай)


Жұрнақтар


Мысалдар

-ғыз,-гіз,-қыз,-кіз



Отыр-ғыз,жүр-гіз,айт-қыз,жет-кіз,жаз-ғыз,көр-гіз

-дыр,-дір,-тыр,-тір,-ыр,-ір

Сал-дыр,сен-дір,ас-тыр,тік-тір,кет-ір,ас-ыр


Жаса-т,сөйле-т

3.Ырықсыз етіс


Жұрнақтар


Мысалдар

-ыл,-іл,-л

Сөз айт-ыл-ды,уәде бер-іл-ді,шарт жаса-л-ды,үй тазала-н-ды

-ын,-ін,-н

Қамал ал-ын-ды,үй сал-ын-ды



4.Ортақ етіс


Жұрнақтар


Мысалдар

-ыл,-іл,-с

Омар мен Оспан хат жазысты.Қыз бен жігіт сөйле-с-ті.Ол бізге үй сал-ыс-ты



ІІ. «Қайталау – білім айнасы»

2-тапсырма. Берілген сөйлемдерден етістікті тауып, астын сызыңдар және жасалу жолын түсіндіріңдер.

  1. Жанат жуынды, таранды, киінді. Мында қимыл іс-әрекет жасаушы кім? Қимыл жасаушы да, қимылдың нысаны да өзі. (Жанат)Орындаушы біреу. –ын,-ін жұрнақтары арқылы жасалып, өздік етіс болып тұр.

  2. Омар Әсияға кітап оқытты, мазмұнын айтқызды. Мұнда істі орындатушы да, орындаушы да бар. Іс ірекетке қатысты адам, яғни субьект екеу. Өзгелік етіс

  3. Студенттер егін жиысты, алма терісті. Өимылды орындаушы көп, бір адам емес, бірнеше адамортақтасып істеуде. Ортақ етіс.

  4. Мәдениет үйіне орындық қойылды, шам жағылды. Қимылды орындағандар айтылмайды. Іс әрекет өзінен өзі істелген сияқты. Ырықсыз етіс.

ІІІ.«Кітап – білім бұлағы»

247-жаттығу. Берілген етістіктерге жұрнақ жалғап, ортақ етіс жасаңдар, Түбір мен қосымшаны дефис арқылы бөліп жазыңдар. ( 5-сөзден)



IV. Ұшақ әдісі.

Оқушыларға ұшақтың макетін беремін. Бір қанатына оқушылар бірінші сұрақ жаздырамын, содан кейін ұшақтарын ұшыру арқылы өздеріне түскен ұшақтың екінші қанатына соның жауабын орындайды.

1-топ. Берілген сөздерден өздік етіс жаса. Көр-ін-ді.

Көр, сез, жасыр,қара, сыла, сүрт.

2-топ. Берілген етісті түріне қарай ажыратып, тұлғасына қарай талда.

Дуылдасып-түбірі дуыл,-да бүйрық рай тудыратын жұрнақ, -с ортақ етіс жұрнағы, -ып көсемше жұрнағы.

Берілді-түбірі бер,-іл ырықсыз етіс жұрнағы, -ді-ж.ж.ІІІ жағы.

3-топ. Берілен сөздерге етіс жұрнағын жалғап жаз. Оқыт, жинал, жүргіз, көрсеткіз, сүртін, шегелес, көтеріс

Оқы..., жина..., жүр..., көрсет..., сүрт...., шегеле..., көтер....

V. «Бірге ойлаймыз. Бірге талқылаймыз » әдісі.

Оқушылар мәтіндерді оқып, топ болып ақылдасып, етістер туралы мәліметті түсіндіріп айтады.

1-топ

Ай, қарт Қожақ! Сен бесікте жатқанда, бала болып жыламадың. Омырауы жұпарлы, он саусағы қыналы анаң сүйінді! Қызыл-жасыл киініп, беліңді қынап буынып, қызыл балықтай асыр салдың. Жиын-тойда-ақ балтырың түрініп, өзіңнен жарты мүшел үлкен жігітпен балуанға түстің.

2-топ

Біз келгенде ойын жаңа басталған екен. Шұғалар өлеңдерін тоқтатып, арқаннан түсті. Жай әзілмен көп уақыт оздырдық. Домбыра алдырып, Әбдірахман ән салды. Өлеңді түйдектетіп, үзбестен соқты. Әркімге бір оқыттырып, орысша-қазақша хат танытып келем.

3-топ.

Мектепте бірге оқыған, студент тұрмысының ащы-тұщысын бірге татысқан жолдастар шетінен ыстық көрінеді. Соларды бір көрсем, сырласып, шер тарқатсам деп аңсайсың. Аспанда мың сан жұлдыздар жымығдасып, гауһар таста жалт-жұлт етеді. Балқия қақпаның алдында сықылықтасып күлісіп, мәз болып тұр екен.

VI.  "Шығармашылық шыңы"

Оқушыларға шығармашылық тапсырмалар жазылған ресурстар таратамын.

І топ-  етіс, етістің түрлері жайлы мәлімет беру

ІІ топ- етіс, етістің түрлеріне өлең шығару

ІІІ топ-  етіс, етістің түрлеріне ребус жасау



VII. Рефлексия.

Тест сұрақтары беріледі.

Іс-қимыл мен оны орындаушы арасындағы қатынасты білдіретін етістіктің категориясын тап?

А)етіс категориясы

В) Шақ категорияы

С) Рай категориясы

Д) Жақ категориясы

2.Қай қосымша іс-әрекетті бірнеше адам бірігіп орындағанын білдіреді?

А) –ын

В) –тір

С) –ыс

Д)-ыл

3.Ырықсыз етісті тап.

А) оқыт

В) ілінді

С) теріс

Д) қойдырды

4. Қай етіс түрі іс-қимылдың үшінші біреу тарапынан орындлатынын білдіреді.

А) Ортақ етіс

В) Өздік етіс

С) Өзгелік етіс

Д) Ырықсыз етіс

5. Өзгелік етіс тіркесті тап.

А) олар келісті

В) ән айтты

С) хабарын айтар

Д) Оған айтқыз







1.а

2.с

3.в

4.с

5. д

Бүгінгі сабақта қай әдіс ұнады? деген сұраққа жауап жаздырамын

Бүгінгі сабақта қай әдіс ұнағанын стикерге жазады.

 VIII. Бағалау.  Топ басшысы топ мүшелерін бағалау парақшасына бағалап, нәтижесін шығарады.

IX. Үй тапсырмасы. 236-жаттығу. Етістердің ережесін жаттау, ереже дәптерге жазу. Етіс түріне 2 сөйлемнен жазып келу.

Получите свидетельство о публикации сразу после загрузки работы



Получите бесплатно свидетельство о публикации сразу после добавления разработки


Серия олимпиад «Осень 2024»



Комплекты учителю



Качественные видеоуроки, тесты и практикумы для вашей удобной работы

Подробнее

Вебинары для учителей



Бесплатное участие и возможность получить свидетельство об участии в вебинаре.


Подробнее