«Зима 2025»

Қ.Мырзалиев «Кәрі қыран»

Қ.Мырзалиев «Кәрі қыран»

Оқушыларға Қ.Мырзалиевтің өмірі мен шығармашылығы туралы қысқаша мәлімет беру, өлеңді мәнерлеп оқу, талдау, дәлелдеу, қосымша деректер келтіру, өлеңнің идеясын ашып, қорытындылау.

Барлық оқушылар:

Өлеңнің негізгі идеясын түсінеді, білім, білік, дағдылары қалыптасады.

Оқушылардың басым бөлігі: өлеңге композициялық талдау жасай алады, көркемдік ерекшеліктерін таба алады, өз ойын еркін жеткізеді.

Кейбір оқушылар:

Берілген тапсырмаларды шығармашылықпен орындайды, ойын сын тұрғысынан білдіреді, алған білімді өмірде қалай қолдану керектігін түсінеді.

Олимпиады: Русская литература 5 - 11 классы

Содержимое разработки

Қысқа мерзімді жоспар


Пән: Әдебиет

Сынып: 7 «а»

Пән мұғалімі: Кетикова Жазира Табылдиновна

Мерзімі:

Сабақтың тақырыбы:

Қ.Мырзалиев «Кәрі қыран»

Сабақтың мақсаты:

Оқушыларға Қ.Мырзалиевтің өмірі мен шығармашылығы туралы қысқаша мәлімет беру, өлеңді мәнерлеп оқу, талдау, дәлелдеу, қосымша деректер келтіру, өлеңнің идеясын ашып, қорытындылау.

Күтілетін нәтиже:

Барлық оқушылар:

Өлеңнің негізгі идеясын түсінеді, білім, білік, дағдылары қалыптасады.

Оқушылардың басым бөлігі: өлеңге композициялық талдау жасай алады, көркемдік ерекшеліктерін таба алады, өз ойын еркін жеткізеді.

Кейбір оқушылар:

Берілген тапсырмаларды шығармашылықпен орындайды, ойын сын тұрғысынан білдіреді, алған білімді өмірде қалай қолдану керектігін түсінеді.

Сабақтың әдіс-тәсілдері:

«Есім – сын есім - Етістік», «Карусель», «Интервью», «Дөңгелек үстел», «Домино», «Бес саусақ», «Екі жұлдыз, бір тілек»

Көрнекілігі:

6 қалпақ, микрофон, құстың суреттері, үлестірмелі материалдар

Пәнаралық байланыс:

Қазақ тілі

Сабақтың барысы

Сабақ кезеңдері

Уақыты

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушылардың іс-әрекеті

Модуль

Ұйымдастыру кезеңі








2 мин


«Есім – Сын есім - Етістік» әдісі арқылы сыныпта ынтымақтастық атмосфера қалыптастыру.

Оқушылар «Мен кіммін?», «Мен қандаймын?», «Мен не істей аламын?» деген сұрақтарға өз есімі басталатын әріптен басталатын жауаптар ойлап табады.

КжБ


1 мин

Құстың суреттері арқылы оқушыларды топтастыру. Топ ережесін қайталау.


Оқушылар кез келген суретті таңдап, 2 топқа топтасады: үй құстары, жыртқыш құстар. Топтағы міндеттерді анықтап алады.

КжБ

Үй тапсырмасын тексеру


3 мин



«Карусель» әдісі арқылы үйге берілген тапсырманы тексеру.

Оқушылар үлкен және кіші шеңбер құрады. Ішкі шеңбер қозғалып отырады. Оқушылар бір-біріне Қ.Ысқақовтың өмірі мен шығармашылығына байланысты үйден қарастырып келген қосымша мәліметтерімен бөліседі.

АКТ, СТО

І. Білу




3 мин

«Визуалдандыру» әдісі:

интербелсенді тақтадан қыранның суреті көрсетіледі. Оқушыларға сұрақтар қойылады:

- Суреттен нені көріп тұрмыз?

- Ол жайлы не білеміз?

- Не себепті қазақ халқында қыран құс киелі болып саналады?

- Бүгінгі тақырыбымыз қандай болады деп ойлайсыңдар? Қандай мақсат қоямыз?

Оқушылар сұрақтарға жауап береді, жаңа тақырыпқа шығады, сабақтың мақсаттарын айқындайды.

АКТ

ІІ. Түсіну



5 мин


«Дөңгелек үстел» әдісі: топтарға өлеңге сатылай кешенді талдау жасау ұсынылады.

Оқушылар өлеңді оқып шығып, жұппен, топпен талқылап, өлеңге сатылай кешенді талдау жасайды.

ОжОЖТ

ІІІ. Қолдану




9 мин

«Интервью» әдісі арқылы жаңа тақырып бойынша алған білімдерін қолдануға бағыттау.

І топ оқушылары қолдарына микрофонды алып, ІІ топтағы өздері қалаған бір оқушыға тақырыпқа байланысты сұрақ қояды. Жауап берген оқушы келесі топтағы оқушыға сұрақ қояды.

СТО

1 мин

Сергіту сәті. «Тышқан мен мысық» ойыны.

Оқушылар зейінді дамытуға арналған ойынды ойнайды.


IV. Талдау

10 мин

«Домино» әдісі. Оқушыларға жаңа тақырыпқа қатысты ұғымдар жазылған домино «тастарын» тарату.

Оқушылар жаңа тақырыпқа байланысты ұғымдарды сәйкестендіреді.

ТжДБО,

ЖЕСО

V.Жинақтау



4 мин

«Ақылдың алты қалпағы» әдісі арқылы оқушылардың алған білімдерін жинақтау.

Оқушылар әр түрлі түсті қалпақтарды киіп, білімдерін жинақтайды, саралайды.

СТО

VI. Бағалау

2 мин

«Екі жұлдыз, бір тілек» әдісі арқылы топтардың бір-бірін шынайы бағалауын ұйымдастыру.

Топтар өзара бір-бірін бағалайды. 2 жағымды пікір және бір ұсыныс айтады.

ОБжОҮБ

Кері байланыс

3 мин

«Бес саусақ» әдісі арқылы оқушылармен кері байланыс орнату.

Оқушылар қағаздан жасалған қолдың 5 саусағына сабақтан алған әсерлерін жазып, тақтаға жабыстырады.

- Бүгін не үйрендім?

- Не ұнады?

- Қандай қиындықтар туындады?

- Бүгінгі көңіл күйім қандай болды?

- Басқаға көмегім тиді ме?

ОБжОҮБ

Үй тапсырмасын беру

1 мин

Интербелсенді тақтаға үй тапсырмасын жазу.

1. Қ.Мырзалиевтің өмірі мен шығармашылығы туралы қосымша мәліметтер қарастыру.

2. С.Мұратбековтің «Жусан иісі» шығармасын оқып келу.

ТжДБО, АКТ







Получите свидетельство о публикации сразу после загрузки работы



Получите бесплатно свидетельство о публикации сразу после добавления разработки


Серия олимпиад «Зима 2025»



Комплекты учителю



Качественные видеоуроки, тесты и практикумы для вашей удобной работы

Подробнее

Вебинары для учителей



Бесплатное участие и возможность получить свидетельство об участии в вебинаре.


Подробнее