«Весна — лето 2024»

Қош келдің жаңа жылым төріме

"Қош келдің жаңа жылым төріме" атты 5-8 сыныптар аралығына арнал,ан жаңа жылдық, мерекелік көрініс жоспары.

Олимпиады: Физическая культура 1 - 11 классы

Содержимое разработки

Қош келдің жаңа жылым төріме.

Боран соғып тұрады, сахнаға Ақшақар қарларымен билеп шығады.

Әсел: Жаңа жылдың күні неткен арайлы

Ақбота: Ақ мамыққа бөлеп алдық маңайды.

Ұлпан: Жаңа жылдың қары болып бүгінде

Дилназ: Ақшақармен келіп қалдық төріңе.

Нұрай: Ендеше жаңа жыл мерекесін бастайық.

Әсел: Құтты болсын жаңа-жыл, барша халық,

Қуанышқа, шаттыққа тамсанайық.

Ақбота: Бір-бірімізге шынайы тілек тілеп,

Бар әлемге бақытпен жар салайық.

Ұлпан: Зеңгір көкте жұлдыз болып жанайық

Дилназ: Ай жүзіндей айшықтанып арайың

Нұрай: Жанға шуақ, бойға қуат әкелген

Хор: Жаңа жылың құтты болсын, ағайын.

Ән: Жаңа-жыл

Ән айтылып жатқан кезде өлмес Кащей мен Жалмауыз Ақшақарды ұрлап алып кетеді.

Ақбота: Ой, біздің Ақшақарымыз қайда?

Ұлпан: Енді жаңа жылды біз қалай қарсы аламыз?

Нұрай: Ендеше не тұрыс Ақшақарды іздейік.

Сахнадан бәрі шығып кетеді. Сахнаға қарақшылар шығып, қарақшылар биін билейді.

Қарақшылар:

Әсем: Жерде де, теңізде де бар ақшамыз

Ешкімнен қорықпайтын біз патшамыз.

Айнұр: Тонаймыз өткен кеме керуенді

Өйткені біз дегенің қарақшымыз.

Ақерке: Жол тартып айқасамыз алыптармен,

Кездестік сан алуан халықтармен.

Асылан: Теңіздің қожасымыз қашан болсын,

Кездестік кеме жұтар балықтармен.

Мирас: Қыс түсті енді ешкімге жоламаймыз,

Теңіз қатты пайдаға баламаймыз.

Бекжан: Жаңа жыл құтты болсын баршаңызға,

Жаңа жылды ешкімді тонамаймыз.

Әсем: Бізде жаңа жылға шашу шашайық,

Айнұр: Тойлап көңіл ашайық

Ақерке: Әнге біздер салайық.

Қарақшылардың жаңа жылға арналған әні.

Аққарлар сахнаға шығады.

Ақбота: Ой, қарақшылар.

Мирас: Қорықпаңдар, біз сендерге тимейміз. Мынау қалың орманда қайда бара жатырсыңдар.

Дилназ: Біз әпкеміз Ақшақарды іздеп жүрміз.

Бекжан: А-а-а, өлмес кащей мен жалмауыздың алып бара жатқанын біз көргенбіз.

Ұлпан: Мына орманның қай жерінен табамыз.

Әсем: Біз сендерге мына сиқырлы жіпті берейік, бұл жіп сендерді өлмес кащей мен жалмауызға алып барады.

Қарақшылар: Енді біз өз жөнімізбен кетейік. Сахнадан шығып кетеді.

Аққарлар: -Көп рахмет сіздерге қарақшылар

Ұлпан: "Ал, сиқырлы жібім бізді өлмес кащей мен жалмауызға алып бар"-деп жіпті домалатып сахнадан шығып кетеді.

Сахнаға төрт мезгіл шығады.

Жақыпбек. Көктем: Мен көктеммін, көктеммін

Мен келгенде барлық әлем көктейді.

Әлижан. Жаз: Мен жазбын, Келгенімде жаныңды жадыратам,

Әр күніңді шуағыммен жайнатам.

Бекнұр. Күз: Күзбін-мен, уа ағайын берекелі,

Астығыммен толтырамын мерекені.

Ау, қыс менің уақытым кетіп саған жетті, қыс қызығымен бөлісіп мына жұртпен.

Мирас.Қыс: Аппақ тоңға оранып,

Базарлықты мол алып.

Келдім жаңа жылыммен,

Көптен күткен мерекең.

Осы мерекеге арнап әнімізді айтайық.

Ән.

Аққарлар сахнаға жіптерін домалатып шығады.

-Сәлем бердік жыл мезгіл ағалары./ Ақбота/

-Сәлем бердік ақ ұлпа аққарлар./Мирас/

-Мына қалың орманда қайда бара жатырсыңдар./Әлижан/

-Біз әпкеміз Ақшақарды іздеп келе жатырмыз. Өлмес кащей мен жалмауыз ұрлап әкетті, сіздер көрмедіңіздер ме?/Ұлпан/

Көктем:- мен көрмедім.

Жаз: -мен де көрмедім.

Күз: -мен де көргенім жоқ.

Қыс: -ал мен көрдім, қалың орман ішінде адам аяғы баспайтын жердегі жалмауыздың үйшігінде. Бағыттарың дұрыс, осы жолмен жүре беріңдер.

-Ал, енді біз өзжөнімізбен кетейік./ сахнадан шығып кетеді, аққарлар ары қарай жіптерін домалатып жүріп кетеді.

Сахнаға ергежейлілер шығады.

Би: ергежейлілер.

Аққарлар кіреді.

-Қар әпкелер қайда бара жатырсыңдар? /Анель/

-Біз әпкеміз Ақшақарды іздеп келе жатырмыз. Жаңа жылды тойлағалы жатыр едік өлмес кащей мен жалмауыз алып кетіпті.

-Өлмес кащей мен жалмауызға сендердің күйлерің келмейді, одан да Аяз атаны шақырайық. Содан көмек сұрайық.

Хор: Аяз ата аууу.

Аяз ата: Сендерге көк жүзінен нұрдай болып,

Жауғанын қапалақтап көріп қардың,

Асыға ұшып келдім, құрдай жорып. Ой, неге көңілсізсіңдер?

Бәрі: Өлмес кащей мен жалмауыз әпкеміз Ақшақарды алып кетті.

Аяз ата: Осы кащей мен жалмауыздың жыл сайынғы зұлымдықтарынан әбден жалықтым. Кәне менің көмекшілерім, тауып алып келіңдер менің алдыма.

Аяз ата көмекшілері кащей мен жалмауызды алып келеді.

Кащей: Өлмес кащей дегенің мен боламын,

Өлмеймін жыл өткенде жаңарамын.

Жасарып өң кіреді жаңа жылда,

Жаңа жылды күтетін мен боламын.

Жалмауыз: Сыпыртқымен кеземін бар даланы,

Ұшып, шарлап жүремін айналаны.

Ағаш үйде жатамын сыйқырым бар,

Түн батқанда қорқытам балаларды.

Аяз ата: Жыл сайын, осымен қаншама жыл менің мазамды әбден кетірдіңдер, айғайлайсыңда, шулайсыңда, жаңа жылда бір нәрсе ұрлайсыңдар. Бірде сыйлықты алып кетесіңдер, бірде шамды өшіресіңдер, осымен бәрін тоқтатыңдар.

Жалмауыз: Біз жағымды кейіпкер емеспіз, жамандық жасау қанымызда бар.

Кащей: Бізде басқалар секілді сыйлық алғымыз келеді.

Аяз ата: Егер сендер жамандықтан аулақ болсаңдар мен сендерге сыйлықтар беремін.

Ақшақар: Құрметті Аяз ата мен менің достарым. Мені құтқарғандарыңа көп рахмет. Енді не тұрыс, жаңа жыл қоңырауын соғайық.

Ақшақар қоңыраулар мен бірге қоңырау биін билейді.

Нұрай: Аяз ата төрт көзіміз түгелденді, енді ескі жылды шығарып салатын уақыт болып қалыпты.

Ақбота: ендеше ескі жылды шығарып салып жаңа жылды қарсы алайық.

Тауық. Бекнар: Мен ескі жылмын, сіздерге молшылық, бақыт әкелдім. Мына келер жылға тілерім:

Жасампаз заман бұл заман,

Бүгіннен ертең ғаламат.

Аяқталмай қалған сотканы,

Құрғызу саған аманат.

Ауылдастарым, достарым.

Алғысымды көп айтармын

Жаңа жыл боп кеп қалған,

Қарсы алыңдар, ит жылын.

Ит: келді жылым бақытым,

Кемелденді уақытым.

Қандай жарқын жүздерің,

Қандай әсем жырларың.

Қарлар: /Ұлпан/ - Жаңа жыл туындаған жаңаң армандар,

Жаңажыл шуылдаған жаңа арманда.

Ақбота: Ал, мынау мәңгі бақи жаңа дүние,

О, сәлем жаңа жылда жаңарғанда.

Нұрай: Жаңа жыл қайсарлықпен жүректілік,

Баратын болашаққа білек түріп.

Дилназ: Біз келген жаңа жылға қол соғамыз,

Әлемге жақсылықтар тілеп тұрып.

Аяз ата: Ал, қарақтарым, мені күтіп отырған қаншама ел мен жер бар. Сонда барайын. Сендерге көп рахмет. Өнерлерің өрге жүзсін, Биік шыңдардан көрініңдер!

Жаңа жыл , жаңа бақыт әкелсін, далама құт,

Өнерлерің көп болсын, елде уайым жоқ болсын.

Тілектерің ақ болсын, бастарыңа бақ қонсын.

келер жылы келермін, өнер тағы көрермін.

Сфйлық әкеп сендерге, көптен-көптен берермін.

Жақсылыққа толыңдар, тек биікке қоныңдар, Келесі жылы көргенше, амандықта болыңдар.

Ақбота: Ал, құрметті достар! Бәріміз бірге Аяз атаны Ақшақарымен шығарып салайық. Хор: Аяз ата, Ақшақар сау болыңыздар!

Ұлпан: Жаңа жыл! Осы жыл барлық отбасыларға бақыт пен шаттық әкелсін.

Дилназ: Еңбектеріңіз жемісті болсын!

Нұрай: Жаңа жыл құтты болсын!

Ақбота: Келесі кездескенше сау болыңыздар.

Ән: жаңа жыл /хор/





Получите свидетельство о публикации сразу после загрузки работы



Получите бесплатно свидетельство о публикации сразу после добавления разработки


Серия олимпиад «Весна — лето 2024»



Комплекты учителю



Качественные видеоуроки, тесты и практикумы для вашей удобной работы

Подробнее

Вебинары для учителей



Бесплатное участие и возможность получить свидетельство об участии в вебинаре.


Подробнее