«Зима 2025»

Қыз бақыты-анадан! психологиялық кеш

Қазақ халқының әдет-ғұрып, салт-дәстүрлерін қыз баланың бойына сіңіре отырып, қыз балаға келешекте ана алдында

қоғамның, елдің, ұлттың тыныс-тіршілігі барысындағы үлкен жауапкершіліктің тұрғандығын сезіндіре отырып, әдепті, сыпайы,

адамгершілігі мол, білімді, жан-жақты жетілген қыз бала тәрбиелеу.

Олимпиады: Викторина "Родная речь моя, я так горжусь тобой" 1 - 11 классы

Содержимое разработки

Тақырыбы: «Қыз бақыты – анадан!»

Мақсаты: Қазақ халқының әдет-ғұрып, салт-дәстүрлерін қыз баланың бойына сіңіре отырып, қыз балаға келешекте ана алдында

қоғамның, елдің, ұлттың тыныс-тіршілігі барысындағы үлкен жауапкершіліктің тұрғандығын сезіндіре отырып, әдепті, сыпайы,

адамгершілігі мол, білімді, жан-жақты жетілген қыз бала тәрбиелеу.

Түрі: сырласу

Күні: 18.02.2017 сағ:10:00

  1. М.Мақатаевтың «Жырлайды жүрек» байқауында бас жүлдеге иеленген «Сіңліге сыр» өлеңмен ашқымыз келіп отыр.

  2. «Теледидар» видеоролик аналардың ой-пікірі талқыланады.

  3. «Мәміле ток шоу» оқушылар ой-пікірі талқыланады.

  4. Анам айтқан 11 «Ә» сынып оқушысы С. К. Республикалық жылы сөздер» эссе слайд көрсетіледі.

5.Сынып жетекшілерге ситуациялық сұрақ

6.Ана туралы жыр (караоке) өлең


1 жүргізуші: Құрметті Аналар, ұстаздар, қадірменді сұлу да, әсем арулар « Қыз бақыты – анадан! » атты сырласу кешіне қош келдіңіздер!

2 жүргізуші: Иә, бүгінгі дүниеге келген кішкентай қыз-ертеңгі сүйкімді бойжеткен, болашақ ана. Ата-бабамыз қыз бала тәрбиесіне ерте замандардың өзінде-ақ көңіл бөлген. Қыз бала тәрбиесіне ерекше көңіл бөліп, құрметтеп, олардың дөрекі сөйлемей, ізетті, ұстамды болуды талап еткен. «Қыз өссе – елдің көркі» деп біздің қазақ халқы ежелден қыз баланы аялап, мәпелеп, ерекше құрметтеп, оның нәзік те, ақылды болып өсуіне мән берген. Сондықтан бүгін біз осыған орай сырласу кешін ұйымдастырып отырмыз.

Таныстыру: Ата-аналар

1 жүргізуші: Өз пікірлерімен, қыз бала тәрбиесіндегі өз тәжірибелерін бөлісуге бізге қонаққа 10 «А» сынып оқушысы Ш.А.дің анасы Н.Ж., 10 «А» сынып оқушысы Н. А. анасы Қ. Б., 9 «Б» сынып оқушысы Қ. М.анасы Қ.Ә ортаға шақырамыз.

Кештің беташарын «Сіңліге сыр» атты өлеңмен 11 «Ә» сынып оқушысы «Жырлайды жүрек » Мұқали Мақатаев атындағы республикалық байқау жүлдегері С.К. ашсам деймін.

Осал да болма, ойыңнан оңай адасқан,
Өжет те болма, орынсыз сөзге таласқан.
Алдымен қызға керегі пәктік, адалдық,
Одан соң, жаным, жаз мінез керек жарасқан.
Айтарым тағы, берік бол, сертке бір сөйле,
Сабырлы таудың мінезі керек күлсең де.
Қыз мінез деген - сұлулық сыры өмірдің,
Жұмбақтай қиын жатқандай болсын бір сенде.
Десек те біздер «жастықтың сырын аз ұқтық»,
Өмірдің жолы болмайды тегіс жазықтық.
Ісіңнен кейін есіңе сақта, жарқыным,
Жеңілмес мықты қаруың сенің - нәзіктік.
Қайғының жүгі жаныштап сені жатса да,
Досыңды «тағдыр талқысы сол» деп тастама.
Дұшпаның саған ойласа алуан қастандық,
Қалай да өзің жақсылық ойла басқаға.
Қадірлер сонда қалтқысыз танып асыл ер,
Өзгелер сені «адамның бірі - осы» дер.
Арыңа тиіп, жолыңды кескен тентектер
Алдыңа келіп өздері кейін бас иер.

1 жүргізуші: Қыз өссе - елдің көркі» - дегендей ежелден ата - бабаларымыз қыздарды әрқашанда гүлге теңеген. Табиғатта ең сұлу өсімдік гүл болса, әлемнің сұлуы - қыз. Қыздарымызға тән нәзіктік, сұлулық, ұяңдық, ибалылық, сыпайылық, әдемілік, іскерлік, шеберлік, рухани байлық, ақ ниет, сүйіспеншілік, намысы, қайрат жігері, бәрінен де ар тазалығы тән. Осындай қасиеттерімен де қазақ қыздары зор тағылым иесі!

2 жүргізуші: Қазір біз сіздермен шағын «Теледидар» видеороликті тамашаласақ. Осы аңыз төңірегінде аналарымызға сұрақтар қойсақ деп едім.

1.Қалай ойлайсыз бұл тәрбиеге өз ойыңыз?

2.Қыз бала тәрбиесіне жеткізікті деңгейде көңіл бөліп жатырсыздар ма?

3.Қыздарыңызбен бірге шұғылданатын істеріңіз немесе жұмыстарыңыз бар ма?

4.Қаншалықта қызыңыз сізге сырын айтады?


1 жүргізуші: «Қазақ қызы тәрбиесі»тақырыбында ролик көрсетіледі. Қыздардың пікірлері тыңдалады.

1.Қазіргі қазақ қызы қандай болу керек?

2.Қыз бала болашақ туралы ойлауы қажет деп ойлайсыз ба?

3.Қазақ қызының батыс мәдениетіне еліктеушілігінің әсеріне жоғалтып жатқан адами құндылықтары жөнінде не айтар едіңіз?


2 жүргізуші: Енді аналарымызға сергіту болсын деп, қыздарымыз өз аналары туралы шағын эссе жазған еді. Сол эсселердің ішінен өз қызым мен туралы жазды деп ойлаған эссені тапса дейміз.

Анамның айтқан жылы сөздер

Кеңесбаева Тұрсынай

10 «А»Б. Ш.

9 «Б»Ж. Г.

9 «Ә»Ш. А.

8 «Ә»Т. А.

1 жүргізуші: Қыз тәрбиесі туралы көп айтуға болады. «Қызға қырық үйден тыйым» - деген сөз қызды кемсіту үшін айтылмаған, керісінше қыз баланың тәрбиесіне зор жауапкершілікпен қарауды меңзейді. Бүгінгі қыз - ертеңгі ана. Сондықтан, халқымыз әйел - барша тіршіліктің бастауы, өмірдің сәні деп қасиет тұтып, ардақтап аялаған. Осы қыз баланың мектептегі екінші анасы- сынып жетекшілерімен ой бөлісіп, ол кісілердің де өз пікірлерін білгім келеді. Сынып жетекшілеріне ситуациялық сұрақ.

Сынып жетекшілерге ситуациялық сұрақтар

  1. Сіздің сыныбыңызда қыздармен ашық сырласу қашан болды?

  2. Сіздер қандай тақырыпта қыздар жиналысын өткізесіздер?

  3. Сіз үшін қыздармен жұмыс жасау оңай ма, қиын ба?

4. Қыз баласы тәрбиесіне ерекше мән беретін халықпыз, сіздер өз сыныптарыңызда қыздармен қаншалықты жиі сырласасыздар?

5. Қыз баламен жұмыс жүргізгенде қиындықтар қай бағытта көбірек ақсап жатады?


Қорытынды

2 жүргізуші: «Ана туралы жыр» өлеңімен караокемен бірге айту. Кешіміздің қорытынды сөзін мектебіміздің директоры Наметқұлов Мұхит Жанұзақұлына беремін.

1 жүргізуші: Ендеше бүгінгі «Қыз бақыты- анадан!» атты сырласу кешімізге келіп, келелі ой – пікірлеріңізді айтып, өз тәжірибелеріңізбен бөліскендеріңізге рахмет айтамыз.



Получите свидетельство о публикации сразу после загрузки работы



Получите бесплатно свидетельство о публикации сразу после добавления разработки


Серия олимпиад «Зима 2025»



Комплекты учителю



Качественные видеоуроки, тесты и практикумы для вашей удобной работы

Подробнее

Вебинары для учителей



Бесплатное участие и возможность получить свидетельство об участии в вебинаре.


Подробнее