«Зима 2025»

"Көрікті көктем"

утренник про наурыз для детей дошкольного возраста

Олимпиады: Дошкольникам "Мы уже большие и хотим всё знать"

Содержимое разработки

Күні: 03.05.2018

Тәрбиеші: Махатова Г.М.

Білім беру саласы: Қатынас, Таным, Шығармашылық

Бөлімі: Сөйлеуді дамыту, Математика, Аппликация.

Тақырыбы: Көрікті көктем (орманға саяхат)

Мақсаты: Көктем мезгілінің маусымдық өзгерістері жайлы білімдерін жетілдіру. Жабайы жануарлар мен құстар жайлы білімдерін бекіту. Тіл байлықтарын дамыту. Геометриялық пішіндерді ажырата білуге үйрету. Гүлдердің атын атауға баулу. Балалардың шығармашылық қасиеттерін арттыру. Балалардың ойлау, есте сақтау қабілеттерін дамыту, табиғатқа деген сезімдерін қалыптастыру.

Керекті құрал-жабдықтар: ақ парақ, желім, түрлі түсті қағаздар, дайын геометриялық пішіндер.

Көрнекіліктер: Көктем мезгілінің суреті, гүлдер, ағаштар, жабайы жануарлар суреттері.

Сөздік жұмыс: Көрікті, бүршік шашада, жабайы.

Әдіс-тәсіл: түсінік беру, сұрақ-жауап, ойын.

Билингвалдық компонент: көктем-весна, гүлдер-цветы, құсар-птицы, жабайы жануарлар-дикие животные, орман-лес.

Инклюзивті әлеумет: Тіл ........ бар балалармен жұмыс.

Қызмет кезеңдері

Тәрбиешінің қызметі

Балалардың қызметі

Мотивациялық қозғаушы

Шаттық шеңбері

Армысың асыл күн!

Армысың асыл жан!

Армысың көк аспан!

Армысың жан досым!

Жылуыма жылу қос!

Міне менің қолым!

Тәрбиеші оқу қызметін жұмбақ жасырудан бастайды.

-Қар, мұз, еріп,

Су көбейіп,

Сай салаға ағады.

Біршік шашып,

Жапырақ ашып,

Гүл, бәйшешек басады.

Бөбектерім айтыңдаршы

Бұл қай кезде болады?

Балалар шеңбер бойынша тұрып, бір-біріне жылулық сыйлайды.















-Көктемде

Іздену ұйымдастырушы

-Қазір жылдың қай мезгілі?

-Көктем мезгілінде неше ай бар?

-Балалар біз бүгін көктемгі орманға саяхаттап барамыз.

-Ол үшін сендер көктем мезгілінің ерекшеліктерін атауларың керек.

Ойын: «Сөзді салыстыр»

-Көктемде ......

-Көктемде .......

-Көктемде ......

-Көктемде ........

-Көктемде .......

Тәрбиеші: -Балалар орманға қандай көлікпен барамыз?

-Балалар мен сендерге билеттеріңді берейін, өз орындарыңды табыңдар.

-Мен паровоз, сендер вагон боласыңдар.

-Балалар орманда қалай жүру керек?



Ән: «Көңілді паровоз»

1.Аялдама:-Балалар біз гүлдер аялдамасына келдік.

-Балалар сендер көктемнің қандай гүлдерді білесіңдер?


-Орманда тағы не өседі?

-Өсімдіктер өсу үшін не керек?

Тыныс алу жаттығуы- (гүлдердің иісі)-(терең тыныс аламыз)-«аһ» деп.

2.Аялдама: Балалар біз, жануарлар аялдамасына келдік.

-Балалар сендер қандай жабайы жануарларды білесіңдер?

-Не үшін жабайы деп атаймыз?

-Жабайы жануарлар қайда мекендейді?

Ойын: «Ойлан, тап»

-Ең айлакер аң .....

-Ең қорқақ ......

-Балды жақсы көретін......

-Ең ұзын мойын............

-Ең ақылды .......

-Ең ұзақ өмір сүретін......

Тілді жаттықтыру.

-ян-ян-ян-секеңдеген ақ қоян

-ю-ю-ю- қорбаңдаған аю

-кі-кі-кі- бұл айлакер түлкі

-қыр-қыр-қыр-бөл көкжал қасқыр

Сергіту сәті:«Шымыршық»

«Ай, шымыршық, шымыршық аю қалай жүреді?»(Қоян, қасқыр, түлкі)

-Балалар поездға отырамыз.

3. Аялдама: Құстар аялдамасына келдік.

-Балалар сендер қандай құстарды білесіңдер?


-Айналамызға қараймыз, қандай құстарды көріп тұрсыңдар?

-Көктемде қандай құстар ұшып келеді?

Ойын: «Дауысқа қарай тап»

(құстардың сайраған дауысы үнтаспадан)

-Ал енді балалар біз балабақшамызға қайтайық.(паровозға отырып, әндетіп, б/б қайтады)

-Балалар сендер орманда не көрдіңдер?


-Олай болса, біз шығармашылық орталыққа жұмыс жасаймыз.

1. –Орталық: «Бақ-бақ» гүлін жапсырады.


2. Орталық: «Құстар ұясын» жапсырады. (гео, пішіндер)

Саусақ жаттығуы: «Гүл»

-

Балалар сендер көктем гүлдер туралы қандай тақпақ, мақал-мәтелдер білесіңдер?

-Көктем мезгілі

-наурыз, сәуір, мамыр




-Балалардың жауабы


-қар ериді

-шөп шығады

-күн жылиды

-құстар ұшып келеді

-гүлдер шығады.


-поездбен







-шуламай, гүлді жұлмау керек, бұтақтарды сындырмау.





Бәйшешек, бақ-бақ, қызғалдақ

-ағаштар, шыршалар

-су, ауа, жылу, жарық







Аю, қасқыр, түлкі

Балалардың жауабы


-орманда, тауда.


-түлкі

-қоян

-аю

-керік

-маймыл

-тасбақа














-қарлығаш, қарға, сауысқан, торғай т.б


Балалардың жауабы


-Қарлығаш, тырна, торғай








-гүлдерді, ағаштарды, жануарларды, құстарды



Балалар жұлмалау әдісімен бақ-бақ жапсырады

Дайын геометриялық пішіндерді орналастырып, сақ желімдейді




Ғ.Нұрасыл:

Көктем күні күркіреп

Жаңбыр жауды сіркіреп

Бәйшешектер дүркіреп

Шыға келді қыр түлеп

Жансұлу:

Көктемде, көктемде

Күн, нұрын төккенде

Қар еріп ақты су

Жоғары тартты бу

Кәусар:

Көктем болды алақай

Қуанар барлық балақай

Көктемде жаңбыр болады

Бақшаға гүлдер толады

Жалғас:

Жасыл көктем келеді

Самал беттен өбеді

Көкте бұлттар көбейсе

Мөлдір тамшы төгеді

Бақдәулет:

Бәйшешектен білеміз

Көктем кеіп қалғанын

Мәз боламыз, күлеміз

Көрсек бүршік жарғанын

А.Айару:

Үлбіреген бақ-бақ

Үлпілдеген аппақ

«Уор»-десем бақ-бақ

Ұшасың ғой қаптап.

Қ. Айару:

Жомарт мынау табиғат

Өсіргендей бізге орман

Қып-қызыл боп жалындап

Қырға өседі қызғалдақ

Қ.Қуаныш:
Көктемде күн күркіреп

Күн күркіресе, көк дүркірер

С.Айнара:

Сәуір болмай, жауын болмас

Жауын болмай, тәуір болмас

Нурислам:

Қысына қарай көктемі

Диқанына қарай өнімі.

Рефлексивті түзету

-Балалар бүгін біз қайда саяхатқа бардық?

-Немен бардық?

-Орманда не көрдіңдер?

-Қандай гүлдерді білесіңдер?


-Көктемде не болады екен?


-Сендер табиғаттың қандай құбылыстарын білесіңдер?

-Құстарға арнап не жапсырдық?

-Қандай геометриялық пішіннен тұрады екен?

Қорытынды:

Оқу қызметіне белсенді қатысқан балаларды бағалап, мадақтайды.


-орманға

-поездбен

-ағаштар, құстар, гүлдер

-бәйшешек, бақ-бақ, қызғалдақ

-Күн жылиды, қар ериді, жаңбыр жауады т.б.

-найзағай, жаңбыр, жел, кемпірқосақ.

-құстар ұясын

-үшбұрыш, төртбұрыш, дөңгелек


Күтілетін нәтижелер:

Не білді: Көктем мезгілінің маусымдық өзгерістері туралы білді.

Не алды: Жануарлардың, құстардың көктемдегі тіршілігі жайлы білім алды.

Не істей алды: Геометриялық пішіндерден құстың ұясын, жырту әдісімен жапсыра алды.

Получите свидетельство о публикации сразу после загрузки работы



Получите бесплатно свидетельство о публикации сразу после добавления разработки


Серия олимпиад «Зима 2025»



Комплекты учителю



Качественные видеоуроки, тесты и практикумы для вашей удобной работы

Подробнее

Вебинары для учителей



Бесплатное участие и возможность получить свидетельство об участии в вебинаре.


Подробнее