«Зима 2025»

Дөңгелек үстел "Топтық жұмысты ұйымдастыру жолдары"

Топтық жұмысты ұйымдастыру жолдарын үйрету, топтық жұмыс түрлерімен таныстыру

Олимпиады: Викторина "Родная речь моя, я так горжусь тобой" 1 - 11 классы

Содержимое разработки

БІРЛЕСКЕН ОҚУ ТУРАЛЫ РЕФЛЕКТИВТІК ЕСЕП

Мұғалім балаларға білім беруде барынша жоғары жетістіктерге қол жеткізу үшін қолайлы орта жасауға тырысады. Дарынды және талантты балаларға қатысты бұл едәуір мәселе ойлауды, талқылауды және мұқият жоспарлауды талап етеді. Әртүрлі теориялар мен стратегиялар балаларды оқытудың мазмұнын анықтау үшін тиісті бағдарлама шеңберінде қолданылады.

Дарынды оқушыларды анықтайтын нақты өлшемдерін Монтгомери /1996/ мен Фриман /1991/ көрсеткен, олар:

  • Есте сақтау және білім: олардың есте сақтау қабілеттері өте жоғары; олар ақпаратты біліп қана қоймай, оны пайдалана алады;

  • Өз білімін жетілдіру: олар білім беру үрдісінің қалай жүретінін басқалардан гөрі жақсы біліп, өздерінің оқуларын реттей алады;

  • Ойлау қабілеттерінің жылдамдығы: олар жоспарлауға көп уақыт жұмсауы мүмкін, бірақ жоспардың жүзеге асуына тез жетеді;

  • Мәселені шешу: олар ақпаратты толықтырып, олардың қайшылықтарын анықтап, мәніне тезірек жетеді;

  • Икемділік: басқаларға қарағанда олардың ойлау қабілеттері жақсы ұйымдастырылған, оқуда және проблемаларды шешуде балама шешімдерді көріп қабылдай алады;

  • Күрделілікке деген сүйіспеншілік: қызығушылығын арттыру үшін олар күрделі ойын мен тапсырмаларға ұмтылады;

  • Шоғырлану: ерте жасынан бастап ерекше қабілеттерін ұзақ уақытқа шоғырулау қабілеттері бар;

  • Ерте дамыған белсенділік: олар ерте жасынан сөйлей, оқи және жаза бастайды (Фриман, 1998). [Мұғалімдерге арналған нұсқаулық, 74-75бб.]

Балалар бір ғана пәннен емес бірнеше пәндерден күтпеген жоғары деңгей көрсетуі мүмкін. Сонымен қатар олар бір салада дарынды болса, басқа салаларда қиындыққа тап болуы мүмкін: олар дамудың бір кезеңінде өте қабілетті болса, келесі кезеңдерінде қабілеттерін танытпауы мүмкін

Бұл дарындылық пен қабілеттіліктерді мұғалімдер, ата-аналар, топтың басқа мүшелері немесе балалардың өздері айқындай алады.

Осындай балаларды сыныпта және сыныптан тыс оқытудың күрделендірілген бағдарламасымен оқыту ұсынылады, бұл бағдарламаны, тапсырманы тереңдетіп беру, кең көлемді жобалар мен зияткерлік тапсырмаларды кеңейту арқылы жүзеге асыруға болады.

Сол сияқты оқушылардың оқу бағдарламасына сай тез дамуына (акселерация) байланысты оқу бағдарламасын өзгертіп, күрделендіруге болады.

Дарынды және талантты оқушыларды оқыту барысында олардың жас ерекшеліктеріне байланысты мынандай жекелеген теорияларға көңіл аудару керек:

  • Оқудың бихевиористикалық тәсілі;

  • Когнитивтік тәсіл;

  • Оқытудағы гуманистік тәсіл;

  • Оқудағы әлеуметтік-жағдаяттық тәсіл.

Сондай-ақ, диалог барысында оқушылар, сонымен қатар олардың мұғалімдері де, қойылған мақсатқа жету үшін күш-жігерін жұмсайды және білімді бірлесіп алуда немесе пікір алмасу барысында тең құқылы серіктестер болып табылады (Мерсер, 2000). Пікір алмасу оқушылармен диалог құру арқылы іске асады, дегенмен оны оқушылар бірлескен зерттеу барысында анықтай алады.

Дарынды және талантты оқушылардың да жұмыстарын формативті және жиынтықты түрде бағалаймыз.

Мен іс жүзіндегі зерттеуімнің барысында

  • дарынды оқушылардың білім деңгейін белгілі бір дәрежеде көтеруге, қиял және шығармашылық, міндетті шешу, дедуктивті және логикалық ойлау, зияткерлік қабілеттерін дамыту үшін олардың мүмкіндіктерін және жас ерекшеліктерін ескере отырып, кеңейтілген тапсырмаларды құрастыруға;

  • әртүрлі деңгейдегі балалардың көңілдеріне қаяу түсірмейтіндей етіп, тапсырмаларды бағалаудың критериилерін құрастыруды үйрендім.

Топпен жұмыс жасау барысында дарынды оқушылар бірлесе жұмыс істеуден бас тартты (мысал-1). Топ құрамын өзгерту арқылы, мүмкіндіктеріне қарай басқаларға жұмыс барысында көмектесу мен пікірталас арқылы, күрделенген стандартты емес жұмыстың арқасында кездескен бұл қиындықтардың шешімін таптық (мысал-2).


Әртүрлі деңгейдегі 3 оқушыны бақылау, олардың топта жұмыс жасауы


Оля

Ксения

Артур

Қиындықтар

Топпен жұмыс істеуден бас тартты. Жұпта, топта ақылдасу кезінде қатыса алмады,басқа оқушылардың сұхбатына қызыға қарады.

Бұл оқушымен қиындық туындаған жоқ. Бірақ бұл оқушыға топта жұмыс істеу,бірін-бірі тексеру,бағалау өте ұнады.

Топпен жұмыс кезінде


Шешу жолдары

Топ құрамын өзгерту, жеке жұмыс кезінде күрделенген тапсырмаларды орындау арқылы шештім.



Оқушының өзгерісі

Топпен жұмысқа кірісіп, топ жетекшісінің рөлін атқарды, топтың жұмысын қадағалады, өзін еркін сезінді (видео)


Топпен жұмыс істеу кезінде біреудің көлеңкесінде қала алмайтынын түсініп,өз ойын,өз сөйлемін айту керек екенін түсініп,сабаққа ден қойды.





































7 модульмен сәйкестендіру


  1. ББ мен БА жаңа тәсілдер

Жанға жайлы жағдай туғызу, ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру, қызықты мәліметтер және практикамен, өмірмен байланысты және күрделендірілген тапсырмаларды құрастырып, дарынды оқушылардың химияға қызығушылықтарын арттырдым және топтық, жұптық жұмыс түрлерін ұйымдастырым;

Әр сабақ кезеңдерінде диалог негізінде оқыту және оқу әдісін қолдану мен сыни тұрғыдан ойлауға үйрету арқылы оқушыларды өздігінен білім алуға жағдай жасадым

2. СТО оқыту

Әр сабақ кезеңінде сыни тұрғыдан ойлау технологиясының стратегияларын қолдану арқылы оқушылардың аналитикалық ойлау, біліктіліктерін дамытуға жағдай жасадым («миға шабуыл», «мозаика», «Не ұнады? Нені білдім? Нені әлі үйрену керек?», ойды жалғастыру)

3. Оқ.үш.Б және Оқ.Б

Оқушыларға орындалған тапсырмаларын бағалау үшін оларға бағалау критерийлерін шығаруға, сол сияқты бағалаудың формативті және суммативті түрлері арқылы өзара және өзіндік бағалауға мүмкіндік бердім. Әр түрлі деңгейдегі балалардың көңілдеріне қаяу түсірмейтіндей етіп, тапсырмаларды бағалаудың критериилерін құрастырдым. Формативті бағалау кезінде оқушылар өз ойларын еркін айтуға үйрене бастады.

4. АҚТ пайдалану

интербелсенді тақтаның мүмкіндіктерін қолдана отырып /сәйкестендіру/ оқушылардың танымдық қызығушылықтарын арттырып, уақытты үнемдедім, лабораторияда мыс-аммиакты ерітінді болмағандықтан целлюлозаның осы ерітіндідегі еруінің видеосын интербелсенді тақта арқылы көрсеттім. Сәйкестендіру кезінде жылдам оқушылар басқа оқушылардың жұмыстарын қадағалады (мысал)

5. Талантты және дарынды балаларды оқыту

Деңгейлік тапсырмаларды орындау кезінде жылдам оқушылар баяу оқушыларға көмектесті және жылдам оқушылар жоғары деңгейлі тапсырмаларды таңдайды және пән кеңесшісі рөлін атқарды.

6. ББ басқару және көшбасшылық

 топта оқушылар рөлдерді өздігінен бөлді, топ көшбасшысы топ оқушыларының жауаптарын, топ жұмысын қадағалады

7. Оқушылардың жас ерекшеліктеріне сай ББ

Тапсырмалар сабақтың мақсаты мен оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес құрастырдым


Получите свидетельство о публикации сразу после загрузки работы



Получите бесплатно свидетельство о публикации сразу после добавления разработки


Серия олимпиад «Зима 2025»



Комплекты учителю



Качественные видеоуроки, тесты и практикумы для вашей удобной работы

Подробнее

Вебинары для учителей



Бесплатное участие и возможность получить свидетельство об участии в вебинаре.


Подробнее