«Зима 2025»

«Мәңгілік ел» мақала

Мәңгілік ел идеясы – ұлтты ұйыстырып, ұлы мақсатқа жетелейтін идея.

Олимпиады: Физика 7 - 11 классы

Содержимое разработки

«Мәңгілік ел»

Мәңгілік ел идеясы – ұлтты ұйыстырып, ұлы мақсатқа жетелейтін идея.

Ел – халық сөзінің, мемлекет сөзі мен ұлт сөзінің де баламасы.

Адамзат тарихында өшпес із қалдырған, Еуразия құрлығындағы халықтардың тағдырына орасан әсер еткен ежелгі түркілер – басқа қонған бақыттың баяндылығын білдіретін философиялық категория – Мәңгілік Ел ұғымын ойлап тапқан. Соны тасқа қашап тұрып «Мингу Ел» деп жазып кеткен. Ежелгі түркілерден тараған барша халыққа бірдей түсінікті сөздер.

Мұсылман елі түгілі, діні басқа сахалар, тувалар, марийлер де Ел сөзінен екі елі ажырамай өз елдерін Саха Эл, Эл Тыва, Марий Эл деп атайды.

Ендеше, Ел ұғымы – ұлы ұғым.

Сондықтан оқушының ой-санасын жетелеу үшін патриотық сезім оятатын мәдени іс-шаралар өткізуміз керек.

Қазақстан атауын – Қазақ Елі деп өзгертуге жасалған ұсыныс өзінен-өзі туған жоқ.Сонау көне дәуірден бастау алып, бүгінге жеткен – халық мұратының айғағы болса керек.

Жаһандануға бет бұрған бүгінгі алмағайын кезеңде Батыс жұрты, алпауыт елдер өздерінің мәдени болмысын бүкіл әлемге түбігейлі енгізуге талпынуда.Қазір қай елдің мәдениеті үстем? Кімнің өмір сүру салты жаппай үлгі ретінде, адамзатқа таңылып жатыр деген сұраққа, әрине, батыстікі дейміз. Өзіндік ерекшелікті сақтап қалу үшін де мәңгілік ел идеясы керек деп ойлаймын. Сондықтан Мемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаев Тәуелсіздікке қол жеткізген күннен бастап әрдайым ұлттық мәдениетті жандандыруға мән беріп келеді. Осы мақсатқа орай 2004 жылдан бастап «Мәдени мұра» ұлттық жобасын қабылдады.

«Тәуелсіздікке қол жеткізгеннен гөрі, оны ұстап тұру әлдеқайда қиын. Бұл - әлем кеңістігінде ғұмыр кешкен талай халықтың басынан өткен тарихи шындық. Жер бетінен тіршілік тезіне төтеп бере алмай ұлт ретінде жойылып кеткен елдер қаншама.

Өзгенің қателігінен сабақ ала отырып, Мәңгілік Ел болу біздің өз қолымызда», - дейді Елбасы.

Жолдаудағы «еліміздің темірқазығы саналатын – Мәңгілік Ел» идеясын мен осылайша пайымдаймын.

Получите свидетельство о публикации сразу после загрузки работы



Получите бесплатно свидетельство о публикации сразу после добавления разработки


Серия олимпиад «Зима 2025»



Комплекты учителю



Качественные видеоуроки, тесты и практикумы для вашей удобной работы

Подробнее

Вебинары для учителей



Бесплатное участие и возможность получить свидетельство об участии в вебинаре.


Подробнее