«Зима 2025»

Математика пәнінен сабақ жоспары ( 1 сынып )

Апта — уақыттың өлшем бірлігі деген түсінік қалыптастыру; практикалық тапсырмалардың көмегімен аптаның ұзақтығын түсіндіру. Тез есептеу дағдыларын дамыту. Елжандылыққа тәрбиелеу ортасын құру.

Олимпиады: Литературное чтение 1 - 4 классы

Содержимое разработки

Математика

Мектеп:

Тақырыбы: Апта күндері

Күні:

Сынып жетекшісі:

Әдіскер: Сабденова К.Т.

Машықкер:

Сынып:

Қатысқандар:

Қатыспағандар:

Оқулық:

Апта күндері, 22-23 бет

Жұмыс дәптері:

17-18 жұмыс парағы, 19-20 бет

Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары:

1.1.3.2 Уақыт аралықтары туралы (минут, сағат, апта) түсінігі болу, уақыттың өлшем бірліктерін қолдану


Сабақтың мақсаты:



Апта — уақыттың өлшем бірлігі деген түсінік қалыптастыру; практикалық тапсырмалардың көмегімен аптаның ұзақтығын түсіндіру. Тез есептеу дағдыларын дамыту. Елжандылыққа тәрбиелеу ортасын құру.

Критерий

Барлық оқушылар білуге тиіс:

уақытты бағдарлай және уақыт терминдерін түсіне білуге

Оқушылардың көпшілігі білуге тиіс:

уақыт бірлігін ажырата, қалай не үшін қолданатынын талдай білуге

Кейбір оқушылар білуге тиіс:

уақытты анықтайтын жаңа терминдерді пайдаланып, ой-пікірін білдіре білуге.

Тілдік мақсат

Тірек сөздер: апта, күн



Талқылауға арналған сұрақтар:

1. ... қашан екенін айт

2. Қай күні сен …..

3. Апта күндерін рет-ретімен жаз.

Алдыңғы оқу:

Уақытты анықтау

Жоспар

Жоспарланған уақыт есебі

Жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Басы

Психологиялық дайындық

Жарық болсын күніміз,

Жарқын болсын үніміз.

Елін сүйіп ер жетер,

Біз болашақ гүліміз.

Түстерді таңдату арқылы топтарға бөлу





Түстерге байланысты карточкалар

Ортасы

Біз бүгін қазақ халқының салт-дәстүрі, ойындарымен танысатын боламыз.

І. Ауызша есептеу

«Шашу» дәстүрі

7-4

7+2

5-3

10-8

10+5

11+4

10+4

12+3

13+4

16-4

ІІ. Жаңа ұғымды меңгерту

«Ақыл қоржыны»

Қоржынның ішіндегі ою-өрнектермен таныстыру. Артында жазылған сөздерді оқыту.

Осы жеті күнді бір сөзбен апта деп атаймыз.

Апта — 7 күнге тең уақыт аралығы. Апта күндері бірінен кейін бірі ретімен келеді: дүйсенбі, сейсенбі, сәрсенбі, жұма, сенбі, жексенбі.

Апта” сөзі парсы тілінен аударғанда “жеті” деген мағына береді. Апта уақыттың негізгі өлшем бірлігіне жатпайды. Оны күнделікті өмірде қолданады.

ІІІ. «Асық ату» ойыны

«Ортадағы қаламсап» әдісі

1 асық: Әлия сәрсенбі күні 12 қазақ ертегісін, жұма күні 10 орыс ертегісін оқыды. Әлия барлығы қанша ертегі оқыды?

2 асық: Әлия жексенбі күні 22 ертегі оқыды. Бірнеше қазақ ертегісін және 10 орыс ертегісін оқыды. Ол неше қазақ ертегісін оқыды?

3 асық: Әлия жексенбі күні 22 ертегі оқыды. 12 қазақ ертегісін және бірнеше орыс ертегісін оқыды. Ол неше орыс ертегісін оқыды?


Сергіту сәті

Жеті күнім – бір апта,

Жету үшін мұратқа.

Апта бойы бір тынбай,

Алға қарай бір атта


2. Қазақтың ұлттық тағамы – Наурыз көже

Теміржол бекетінен наурыз көжеге қажетті тағамдарды тиеген пойыз жолға шыққалы тұр. Әрбір вагонға реттілігі бойынша апта күндерін орналастыр.

3. «Ақсүйек» ойыны

Сүйектердің артындағы сұраққа мүдірмей жауап бер.








Жауабы:

1. 7 күн.

2. Сабақ кестесіне байланысты.

3. Бейсенбі.

4. Жеті күн, яғни 1 апта.

5. Үш күн өткен соң.

Кәмпит макеттері















Қоржын, ою-өрнек суреттері












Асық














Сағат дыбысы







Теміржол бекеті суреті, пойыз суреті, тағам суреттері, апта күндері жазылған кеспеқағаз


Сүйек суреті

Соңы

-Балалар, сонымен қорытынды шығараратын уақыт келді.

- Сендерге өз жұмыс апталарың жайлы тапсырма құрастыру оңай болды ма?

- Сабақта өмірге пайдалы не үйрендіңдер?

Рефлексия

Егер, сендерге бүгінгі сабақ ұнаса шапалақтаймыз. Егер, ұнамаса аяғымызбен топырлатамыз.

Осымен сабақ аяқталды. Сау болыңдар.

Бағалау карточкалары


Саралау-оқушыға мейлінше қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілетті оқушыға тапсырманы қалай түрлендіресіз?

Бағалау-оқушы білімін тексеруді қалай жоспарлайсыз?

Пәнаралық байланыс – денсаулық және қауіпсіздік, АКТ-мен байланыс. Құндылықтармен байланыс (тәрбие элементі)

Қиналатын оқушыларға көмектесу үшін, оқушылардың қасына барып, жетекші сұрақтар қою немесе бағыт беру арқылы көмек көрсету.

Оқушылардың жұмыстарын бақылау арқылы, кері байланыс беру арқылы бағалау.

Әдебиеттік оқу, музыка, дүниетану

Рефлексия :

Сабақтың мақсаты мен оқу міндеттері орындалды ма?

Бүгін оқушылар не үйренді?

Сабақ қалай өтті, қандай деңгейде өтті?

Жоспарланған саралау жақсы іске асты ма?

Уақытты қалай пайдаландым?

Жоспарыма қандай өзгерістер енгіздім және неге?


Өз сабағыңызды талдау үшін осы бос орынды пайдаланыңыз. Сол жақта берілген сұрақтарға жауап беріңіз.


Қорытынды бағалау

Ең жақсы өткен екі нәрсені атап көрсетіңіз (оқыту мен оқуға қатысты)


1.


2.


Қандай екі нәрсе немесе тапсырма сабақтың одан да жақсы өтуіне ықпал тигізер еді (оқыту мен оқуға қатысты)?


1.


2.


Осы сабақтың барысында барлық сынып немесе жекелеген оқушылар жөнінде келесі сабағыма қажет болуы мүмкін қандай ақпарат білдім?


1.


2.








Получите свидетельство о публикации сразу после загрузки работы



Получите бесплатно свидетельство о публикации сразу после добавления разработки


Серия олимпиад «Зима 2025»



Комплекты учителю



Качественные видеоуроки, тесты и практикумы для вашей удобной работы

Подробнее

Вебинары для учителей



Бесплатное участие и возможность получить свидетельство об участии в вебинаре.


Подробнее