«Зима 2025»

"Мемлекеттік рәміздер-ұлттық мақтанышым!"

Бұл сыныптан тыс іс шара оқушылардың қазақстандық патриотизмге тәрбиелеу, мемлекеттік рәміздер тарихын біліп, құрметтеуге үйретеді

Олимпиады: Информатика 1 - 11 классы

Содержимое разработки

24 Жалғызқұдық орта мектебі



«МЕМЛЕКЕТТІК РӘМІЗДЕР – ҰЛТТЫҚ МАҚТАНЫШЫМ!»

Сыныптан тыс іс-шара

Өткізген: Ахметова А.Ж.





2016-2017 оқу жылы

















МЕМЛЕКЕТТІК РӘМІЗДЕР – ҰЛТТЫҚ МАҚТАНЫШЫМ

Мақсаты: білімділік – оқушылардың аса маңызды мемлекеттік белгілер рәміздер жөніндегі білімдерін жан-жақты сарапқа салу, оларға мемлекеттік белгілердің аса маңызды екенін ұғындыру, оны ерекше құрметтеп мақтан тұту керектігін ашып көрсету;

тәрбиелік – отаншылдыққа, ұлтжандылыққа, өз елін, тегін, тарихын сүюге тәрбиелеу; дамытушылық – ой-өрісін, танымдық қабілетін жеке тұлға ретінде дамыту.

Көрнекілігі: слайд-презентация, буклет, кітапшалар.

Барысы.

Мұғалім:

Әнұраным-жанұраным,

Айтар әнім, сөйлер сөзім.

Мәңгі бақи шырқалады

Республикам әнұраны.

(Әнұранды шырқалады)

Әрбір отбасының, әулеттің, рудың, ұлттың дәстүрлік, салт-саналық белгілері – әдепті сыйласым мен ар-намыстың, парыздық, борыштық іс-әрекеттің құжаттары іспеттес қастерлі, қасиетті нәрсе. Халқымыздың сол қасиетті белгілері: ентаңба, Елтаңба, Елұран, Ту, жалау және әскерлік, сарбаздық ұрандар мен айырым белгілер.

Шығу тарихына үңілсек, ертеден қалыптасқан белгі дәстүрлері – малға ен салу, таңба басу. Таңба белгісі көбінесе рулық белгіні көрсетеді. Ертеде әрбір рудың өз таңбасы болған. Елтаңба отбасының, әулеттің, рудың меншігіндегі мал-мүліктерді қадірлеп қорғай білуге жасалынған салттық көріністер еді.

Бүгінгі іс- шарамыз қасиетті рәміздеріміз жайында болмақшы.

Ой-қозғау сұрақтары

1. Рәміз дегенді қалай түсінесіздер? Оған нені жатқызар едіңіздер?

2. Қазақстан рәміздері қашан қабылданды?

3. Геральдика дегеніміз не?

4. Мемлекетт Тудың авторы кім?

5. Мемлекеттік Елтаңбаның авторы кімдер?

6. Мемлекеттік Әнұранның авторы кімдер?

1-жүргізуші: Қазақстан Ата заңының 9-бабында "Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері – Туы, Елтаңбасы және Гимні бар" делінген.

2-жүргізуші: Сондай-ақ осы заңның 34-бап, 2-тармағында "Әркім Республиканың мемлекеттік нышандарын құрметтеуге міндетті" делінген.

1-жүргізуші: Кез-келген мемлекет өз Елтаңбасыменн еңселі, әнұранымен айбатты, туымен тұғырлы болады дейміз. Олай болса осы үш негізгі рәміздер атындағы топтарға сөз берелік.

1-топ "Көк байрақ"

2-топ "Елтаңба"

3-топ "Әнұран"

(Әр топтан үй тапсырмасы сұралады)

"Тарихы терең төлтаңбам" деп аталатын кезеңінде оқушылар Ту, Елтаңба, Әнұран тарихынан сыр шертеді.

1-жүргізуші:

Бәрі болған қазақ сынды көне елде,

Ел белгі де, ерлік, өрлік, өнер де.

Жаһандағы ең жауынгер халықта

Кім сенеді "Ту болмады" дегенге?!

2-жүргізуші:

Бас білгізіп жер тарпыған тарпаңға,

Жасы тұрмақ шығады екен қарты аңға.

Қалай оның Елтаңбасы болмайды,

Түлігіне дейін салса елтаңба?!

1-жүргізуші:

Батырлыққа уызынан жарыған,

Ер түркіні байрағынан таныған.

Өзі ақын, өзі әнші халықта

Кім айта алар болмаған деп Әнұран?!

Оқушылар Ту, Елтаңба, Әнұран тарихын әңгімелейді.

Ту тарихы.

1-оқушы: Қазақ жеріндегі сонау көне замандағы жартастарда қашап ойып салынған ту ту бейнелерін сөз етпегеннің өзінде, біздің дәуірдегі Мөде, Бумын, Елтеріс, Жәнібек, Керей, Қасым, Есім, Тәуекел, Тәуке, Әбілқайыр, Абылай сынды қолбасшы баһадүрлеріміздің өз тулары болған.

2-оқушы: Түркі тектес халықтарда жалау, ту түстері негізінен көк, ақ, сары, сары ала болып келген. Мысалы, көк түс кең аспанды, ақ түс шындық, бақыт, қуанышты, сары түс ақылды, қара түс қаза мен қайғыны білдіреді.

3-оқушы: Туды бейбіт кезде үлкен қошеметпен сақтап, тек жаугершілікте ғана көтеріп шыққан. Жорықтарда бас туды сақтаушы ретінде беделді сұлтандар мен батырлардың біреуі сайланатын. Тудан айырылу өліммен бірдей. Ол туралы аңыздар да көп. "Тоқтамыс Самарқанды қоршап тұрғанда туы кездейсоқ өз-өзінен жығылып, рухы түсіп құты қашқан сарбаздар ойсырап жеңіліпті" деген сөз бар. Есауыл Рыбин Кенесарының бәйбішесі Күнімжанның ауылын шапқанда Кенесарының туындай ту желбіретіп, жұртты қапы қалдырып, сан соқтырыпты.

4-оқущы: Бұқар жырау өз жырында

"Бірінші тілек тілеңіз,

бір Аллаға жазбасқа...

Жетінші тілек тілеңіз,

Желкілдеген ту келіп,

Жер қайысқан қол келіп,

Сонан сасып тұрмасқа" деп толғанса,

Махамбет ақын

"Желп-желп еткен ала ту,

Жиырып алар күн қайда?

Жасаулы найза қолға алып,

Жау тоқтатар күн қайда?" деп толғанады.

5-оқушы: 1941-1945 жылдар аралығындағы ССРО-Германия соғысының соңғы күндері Берлиндегі Рейхстагқа ту тіккен қазақ ұлы еді. Бүгіндері біз Рахымжан Қошқарбаев атамыздың есімін мақтанышпен еске аламыз.

6-оқушы:

Матасы қандай, матасы көк түстерден таңдалған,

Қазақтың ою-өрнегі, қыраны және самғаған.

Күн күлімдеп әлемге төгіп тұрған арай нұр,

Туымды менің көргендер қызыға қарап таңданған.

Енді Ақ орданың төбесінде қан қызыл ту орнына көк ту қондырылып желбіреп тұр. Онда бөрінің басы жоқ. Бірақ бөріні де бүріп түсер қыран бар. Құс төресі шартабақ күн аясында тәуелсіз, еркімен самғауға бағыт алғанын әрбір қазақстандық қастерлеп, мақтан тұтып, даңқын көтере беруге үлес қосса, көк туымыздың абыройы үстем болып, дұшпандарымызды күйіндіріп, достарымызды қуанышқа бөлей берері анық.

7-оқушы: Тудың түсі көк болуы: бүкіл дүниеге көк жүзі, аспан әлемі ортақ. Жер шары сан тарапқа, ұлттарға, мемлекеттерге бөлінгенімен аспан ешқашан бөлінбек емес. Ал Күнге келер болсақ, ол да жаһанға ортақ нәрсе. Күн жылуы жер бетіндегі бүкіл тіршілік атаулыға ортақ. Қазақ халқы қашанда қыранды қасиетті, киелі құсқа балаған. "Егемендік алған қазақ елінің қыран тәріздес биіктегі ғұмыры ұзақ болсын" деген ойдан туған дүние бұл. Оған қоса туда қазақтың ұлттық ою-өрнегі бейнеленген. Ол қазақтың ұлттық нанымын, қасиетін көрсетеді.

Елтаңба тарихы

1-оқушы: Қазақстанның Елтаңбасында жарқын күн сәулесі, көк аспан, шаңырақ, жарық жұлдыз, қанатты тұлпар, бидай сабақтары бейнеленген. Көк аспан – кеңшілік, тыныштық, биіктік белгісі. Ашық аспанға тараған күн сәулелері өмір санатын көрсетіп тұрғандай, биіктегі жарық жұлдыз Отанымыздың жұлдызы биіктеп бақыт жұлдызынан нұр шашылып тұрғанын бейнелейді. Елтаңбасындағы алтын шаңырақ қазақ халқының қасиетті шаңырағы биіктеп, отбасына Күн жарығын шашып, бақыт жұлдызының нұрын төгіп тұр. Қазақта "қара шаңырақ" деген қасиетті сөз бар. Ұрпақтары өсіп өркендеген үлкен үйдің шаңырағын халық "қара шаңырақ" дейді. Сол қара шаңырақтың Елтаңбасындағы көрінісі шаңырақ астындағы халықтар бірлігін талап етіп тұр. Ондағы қанатты тұлпардың баламалық мәні халықтың аңыз-ертегісінен алнған. Аңыз бойынша, қанатты тұлпарға мінген алып батыр алты қат аспанға ұшып, жеті қат жер астына түсіп, халықты қасіреттен азат еткен. Сол азттық тұлпарының бейнесі – еліміздің азаттығының, ерлеріміздің жеңімпаздығының белгісі. Елтаңбадағы бидай сабақтары – молшылықтың нышаны. Аспаны ашық, жұлдызы жарқыраған, шаңырағы биік, жеңімпаз, молшылық елінің перзенті болу – бақыт.

2-оқушы: Қақаз қазақ атанбай тұрып сонау түркі халқының рулық, тайпалық дәуірінен бері қарай әрбір рудың таңба, белгілері болған. Мұндай белгі қажет еді. Ол кезде жайылым үшін, жер үшін, сауда жолдары үшін рулар арасында дау-жанжалдар жиі болып тұратын. Осындайда кімнің қай рудан екенін, кімнің дос, кімнің қас екенін білу үшін әр рудың өз таңбасы болғаны дұрыс еді.

3-оқушы: Мемлекеттер арасында сауда-саттықтың дамуына байланысты VI-VII ғасырларда Қазақстан жерінде Тараз, Отырар сияқты қалалардың ұстаханаларында жасалған темір, мыс, қола, күміс, алтын ақшаларда да таңба белгілер сызылған. Мысалы, Тараз қаласында жасалған теңгелердің бір бетінде садақ белгісі, ал екінші бетінде "Аспан тектес түркі қағанының теңгесі" деген жазу бар.

4-оқушы: Алтын әшекеймен бірге жауынгерлердің қызыл түсті киімі де адамның шыққан тегін айқындайтын белгі. Ғұн, скиф-сақ әлемінде алтын бұғы күннің, табиғаттың белгісі екен. Осындай рәміздер "Есік" қорғанынан табылған алтын адамның үстіндегі қару-жарақтарда кездеседі.

5-оқушы: Шыңғысты хан сайлағанда ол әр рудың қолбасшы бектерін бірін екіншісінен оңай ажырату үшін әрқайсына жеке-жеке әскери ат-ұран қойған, құс аты, ағаш аты және таңба белгілер берген.

6-оқушы: Енді өткен ғасырда 70 жыл өмір сүрген Қазақ Кеңес Социалістік Республикасының Елтаңба тарихын сөз етсек. 1925 жылы Қазақ АКСР-ның Орталық атқару комитеті суретші Александр Ивановтың жасаған елтаңба жобасын мемлекеттік елтаңба деп қабылдады. 1936 жылы суретшілер Черкас пен Нифонтованың жобаларын мемлекеттік елтаңба деп қабылдады. 1940 жылы 10-қаңтарда елтаңбадағы "Барлық елдердің пролетарлары, бірігіңдер!" деген жазу латын графикасынан орыс графикасына өзгертілді.

7-оқушы: 1992 жылдың 4-маусымы – тарихи күн. Сол кездегі Республика Жоғарғы Кеңесі Тәуелсіз Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туы мен Елтаңбасын бекітті. Елтаңбаның үздік жобасына 245 жұмыс, 67 хат ұсынылған еді. Халық қалаулылары мен Елбасы назары Жандарбек Мәлібекұлы мен Шотаман Уәлиханов жасаған бүгінгі елтаңбамызға ауды. Тәуелсіздігіміздің төл белгісі көп ұзамай қалың жұртшылықтың жүрегіне жол тартты. Елге ұнаған елтаңба дүниеге қалай келді? Елтаңба авторларының бірі Жандарбек Мәлібекұлы былай дейді.

8-оқушы: Елтаңба осы қалпында ойға келе қойған жоқ. Қазақта "Шаңырағын биік, кереген кең, босаған берік болсын" деген сөз бар. Осы үш ауыз сөз негізге алынды. Елтаңбадан елдің тарихы, дәстүрі, рухы толық танылып тұруы тиіс. Бастапқыда "Шаңырақ қазаққа тән емес" деген сыңаржақ пікірлер де болды. Сонда "Оу, Абай да, Абылайда сол шаңырақтың астында дүниеге келген жоқ па?" деген уәж айтуға тура келді. Әр халық өзі қасиетті санайтын жан-жануарды мемлекеттік нышан деген жайы бар. Аңыздардан арқау тартқан пырақ бейнесіне де қарсы келгендер болмай қалған жоқ. Біле білсек, жылқы да өз кезегінде өркениеттің дамуына ықпал еткен ғой. Ал қазақ-малсақ халық. Осы ретте жиынтық образ керек болды. Қанатты пыраққа тоқталуымның басты себебі – сол. Босағаны берік ету үшін 7 буыннан тұратын мүйіз таңдалды. 7 буын – бір жағынан қазақтың "Жеті атасын білмеген жетесіз" дегенің аңғарту. Пырақтың қанаты бір қарағанда бидайдың бауланған сәтін еске салады. Әу баста елтаңбаның қа ортасына жарты ай мен шағын 3 жұлдыз бар еді. Конкурсқа жіберілген нұсқасынан ілікпей қалғаны осы жарты ай мен шағын 3 жұлдыз ғана. Қалғанының бәрі талқыдан өтті.

Әнұран тарихы

1-оқушы: Қазақ елінің әрбір ру-тайпасының таңба-белгілері, жалауымен қатар әнұраны да болған. Қытайлар гимнді "го-ге", мемлекет өлеңі, мемлекет әні десе, арабтар Отан өлеңі, Отан әні деп біледі. Ал гректің "гимн" сөз»н қазақшаласақ "ұран", "ұран салу", "жар салу" деген ұ»ымды береді.

2-оқушы: Жауға қарсы шапқанда сарбаздарды жігерлендіріп, күш-қайрат беруде алты алаштың ұраны "Алаш" болған. Ал жеке ру-тайпаларының аруақты көсем не ержүрек батыр, беделді хан-билерінің атына байланысты өз ұрандары болған. Ол ұрандар сарбаздарға жоғары рух беріп, жауға қарсы ерлікпен күресе білуге жұмылдырған.

3-оқушы: Қазақ халқының бір әнұраны деп 1723 жылғы Жоңғар шапқыншылығынан болған "Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұлама" оқиғасына байланысты Қожаберген жыраудың шығарған "Елім-ай" өлеңін айтамыз.

4-оқушы: 1992 жылдың 11-желтоқсанында Мемлекеттік әнұранның мәтіні бекітілді. Оның сөзін жазғандар – Т.Молдағалиев, М.Әлімбаев, Қ.Мырзалиев, Ж.Дәрібаева. Әнің жазғандар Л.Хамиди, М.Төлебаев, Е.Брусиловский болатын. 2006 жылы желтоқсан айында жаңа әнұран қабылданды.

5-оқушы: Жобаны талқылау кезінде депутаттар ұсынысымен парламент әнұран мәтінінің авторлары Жұмекен Нәжімеденов пен Нұрсұлтан Назарбаев екенін айғақтайтын шешім қабылдады. "Менің Қазақстаным" әні жарты ғасыр бойы елмен бірге жасап, елмен бірге мұңайып, елмен бірге қуанып келеді. Әр шаңырақтың, ел шаттығының жалауына айналды. Ол 1992 жылы әнұран бәйгесіне де ұсынылған болатын. Бірақ бұл ұсыныс "Марш жанрында жазылған туындыны гимн бәйгесіне қосуға болмайды" деген дәлелмен қайтарылған болатын.

6-оқушы: Десе де халық жүрегінің қалауы айныған жоқ. "Менің Қазақстаным" әні бұрынғысынша мектептер мен балабақшаларда, спорт сайыстары мен салтанатты жиындардың төрінде, саяси науқандардың бел ортасында жарқырап көріне білді. Сол ілтипат пен ықылас енді оны ресми рәміз тұғырына апарып қондырып отыр. Лайым ғұмыры ұзақ болғай!

7-оқушы: Қазақстан Ата заңының 34-бап, 2-тармағында "Әркім республиканың мемлекеттік нышандарын құрметтеуге міндетті" делінген. Олай болса рәміздерді құрметтеу – әрбір қазақстандық азаматтың міндеті.

(Өлеңдер оқылады)

8-оқушы:

Өзіңдікі туын да,

От пен ауа, суың да.

Жаса, Қазақстаным,

Белді бекем буын да!

9-оқушы:

Елтаңбасы елімнің

Неткен көркем, әдемі!

Тұнығындай көңілдің

Ортада аспан әлемі.

10-оқушы:

Мақтансаң мақтан "Елім" деп,

Тани біл елдік таңбаңды.

Елтаңба, Туын, Әнұран

Шырқатты биік арманды.

Тәуелсіздікке тән белгі –

Қасиетті осы рәміздер.

Еліме рух, мән берді.

11-оқушы:

Көгілдір түс мөлдір, таза, пәктігім,

Ырымдады болса екен деп сәтті күн.

Бейбітшілік, тыныштықтың нышанын

Көк туымыз білдіріп тұр тап бүгін.

Өрнекпен тұр қолтаңбасы дәуірдің,

Қадам бастық, артта қалды ауыр күн.

Қазағымның ұлттық "қошқар мүйізі"

Әлі күнге көкейінде бауырдың.

Мұғалім: Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев "Қазақстандықтардың жаңа ұрпағы ең алдымен бәсекеге қабілетті болуға тиіс. Қазақстанға сендердің жасампаз еңбектерің, сендердің күш-жігерлерің және сендердің білгендеің қажет.

Отан сендерге зор үміт артады. Отаншылдық сезімі, өз еліңе деген мақтаныш оның рәміздеріне деген құрметтен басталады. Мемлекеттік рәміздер күні жалпыхалықтық сүйікті мрекелердің біріне айналсын. Әрбір қазақстандық отбасында атап өтілетініне сенімдімін" деді форум делегаттарына арналған сөзінде.

1-жүргізуші:

Қазақстан, туды алтын дәуірің,

Алғандайсың жұлдыздардың жарығын.

Алтын заңың құтты болсын, бауырым,

Туған күңің құтты болсын, Алыбым.

Байрағын биікте желбірей жайнасын,

Бұлбұлың орманда сескенбей сайрасын...

Уа, халқым, қуаныш құтты боп жасай бер,

Басыңнан мәңгілік бақытың таймасын!

2-жүргізуші: Туымыз, Елтаңбамыз, Әнұранымыз бүкіл халқымызды жұмылдырып, рухтандырып тұрады. Елімізде мәңгі тыныштық, бейбітшілік болсын!

Рәміздер қай кезде, қалай қолданылады?

(Заңнамадан үзінді, слайд)

Оқушылар Ант қабылдайды.

Ән: "Көк тудың желбірегені".




Получите свидетельство о публикации сразу после загрузки работы



Получите бесплатно свидетельство о публикации сразу после добавления разработки


Серия олимпиад «Зима 2025»



Комплекты учителю



Качественные видеоуроки, тесты и практикумы для вашей удобной работы

Подробнее

Вебинары для учителей



Бесплатное участие и возможность получить свидетельство об участии в вебинаре.


Подробнее