«Весна — лето 2024»

Натурал сандардың бөлгіштері мен еселіктері

Барлығы: Натурал санның бөлгіші мен еселіктерінің анықтамаларын пайдаланып, бөлгіштері мен еселіктерін табады

Көпшілігі: Натурал сандардың ортақ бөлгіштері мен еселіктерін мәселе есеп шығару арқылы табады

Кейбіреулері: : Натурал санның бөлгiштер жұбының қасиетiн пайдаланып, теңдеудiң натурал сан түбiрiн ауызша есептеу арқылы табады

Олимпиады: Математика 1 - 11 классы

Содержимое разработки

Қысқа мерзімді жоспар

Ұзақ мерзімді жоспардың тарауы:

5.1В Натурал сандардың бөлінгіштігі

Мектеп: М.Ержанов атындағы

ЖЖББОМ КММ

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні: Жарқын Байжұманова Туяққызы

Сынып: 5

Қатысқандар: 9

Қатыспағандар: 0

Сабақтың тақырыбы

Натурал сандардың бөлгіштері мен еселіктері

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

5.1.1.5 натурал санның бөлгіші мен еселігі анықтамаларын білу;

5.1.2.8 натурал сандардың бөлгіштерін табу;

5.1.2.9 натурал сандардың еселіктерін табу;

Сабақтың мақсаты

Барлығы: Натурал санның бөлгіші мен еселіктерінің анықтамаларын пайдаланып, бөлгіштері мен еселіктерін табады

Көпшілігі: Натурал сандардың ортақ бөлгіштері мен еселіктерін мәселе есеп шығару арқылы табады

Кейбіреулері: : Натурал санның бөлгiштер жұбының қасиетiн пайдаланып, теңдеудiң натурал сан түбiрiн ауызша есептеу арқылы табады

Бағалау критерийі

Натурал санның бөлгіші мен еселіктерін анықтайды

Натурал сандардың ортақ бөлгіштерін табады

Сандардың ортақ еселіктерін табады

Тілдік мақсаттар


Натурал санның бөлгіші мен еселігі анықтамаларын тұжырымдай алады.

Пәнге тән лексика мен терминология:

«натурал сан», « бөлгіштер», «еселіктер», «натурал сандар қатары»

Диолог пен жазу үшін пайдалы сөздер мен тіркестер:

«анықтамалар мен қасиеттерді дұрыс айта алады»,«есептерді талқылайды», «өз ойларын басқалармен бөлісе алады», «дәлелдейді» , «қорытынды жасай біледі».

Талқылауға арналған тармақтар: Қандай санды берілген а санының бөлгіші деп атаймыз? Натурал санның бөлгiштер жұбының қасиетiн пайдаланып, теңдеудiң натурал сан түбiрiн «ойлап» табуды қалай түсінесің?

Құндылық-

тарға баулу

Қазақстанның Тәуелсіздігі және Астана

(Қазақстандық патриотизмге және азаматтық жауапкершілікке баулу)

Оқушылар Қазақстанның Тәуелсіздігіне неше жыл толғанын біледі. Бәйтерек ғимаратының суретін пайдаланады.

Пәнаралық

байланыс

Бейнелеу, тарих

Алдыңғы білім

Натурал сандар қатарын жаза алады. Бөлу,көбейту амалын біледі, мәтінмен жұмыс жасай алады.

Сабақ барысы


Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы мұғалімнің

іс-әрекеті


Сабақтағы оқушының

іс-әрекеті


Бағалау

Ресурс-тар

Ұйымдастыру кезеңі

2-мин


Оқушылардан бүгінгі сабаққа деген көңіл-күйлерін сұрау



Смайликтер салынған, сөздер жазылған парақшалар

Ой қозғау

3-мин

Өз туған күндеріңнің саны қандай сандарға бөлінетінін сұрау

Әркім өз туған күндерінің саны қандай сандарға бөлінетінін жазады

Мадақтау


Жаңа сабақ

8-мин

«Көршіңізге айтыңыз»

  • Мұғалім ойлануға уақыт береді, содан кейін оқушылардан өз ойларын көршісі мен бөлісуін сұрайды

  • -  Оқушыға жаңа тақырыпты атайды, және оларға аталған тақырып бойынша ненің мәлім екені туралы бәрін көршісіне айтуын сұрайды

  • Оқулықты пайдаланып анықтаманы тұжырымдату:

  • Қандай санды берілген а санының бөлгіші деп атаймыз? Натурал санның бөлгiштер жұбының қасиетiн пайдаланып, теңдеудiң натурал сан түбiрiн «ойлап» табуды қалай түсінесің?

Тақырыптағы тапсырманы орындайды.

1-тапсырма:

Жаттықтырушы 15 теннис шаригін бірнеше спортшыға өзара тең бөліп беру керек. Жаттықтырушы теннис шариктерін неше спортшыға тең бөліп бере алады? Дұрыс жауаптарын таңдап алады:

А. 2 спортшыға; В. 3 спортшыға;

С. 4 спортшыға; D. 5 спортшыға

2-тапсырма:

Вафли әрбір қорапшаға 14 кг-нан бөлініп салынған. Егер массасы 50 кг-нан кем вафли керек болса, толық, ашылмаған қорапшалар-мен неше килограмм вафли алуға болады? Дұрыс жауаптарын таңдап алады:

А. 20 кг; В. 28 кг; С. 36 кг; D. 42 кг. (Ж)

«Конверттегі сұрақ».


Т.А. Алдамұратова, Қ. С. Байшоланова Е.С. Байшоланов «Математика»

Екі бөлімді оқулық

  1. бөлім

5-сынып

Тапсырмалар№1

2-мин

Қазақстанның тәуелсіздік алғанына неше жыл?

«Қазақстан» суреттерді тақтадан көрсету

Тапқан сандарының бөлгіштерін табады.


Мадақтау

Интерактивті тақтадағы суреттер

Тапсырмалар№2

3-мин

Тұжырымдардың ақиқаттығын анықтаңыз. Кестеде жалған тұжырымды «Ж», ақиқат тұжырымды «А» әріптерімен белгілеңіз








8 саны – 77 санының бөлгіші


60 саны – 5 санының еселігі


15 саны – 90 санының бөлгіші


63 саны – 7 санының еселігі


20 саны – 3 санының бөлгіші



Дескриптор:

-білім алушы санның бөлгіштері мен еселіктері анықтамаларын пайдаланып ақиқат тұжырымдарды көрсетеді

Дескриптор арқылы бағалау

Натурал сандардың бөлгіші мен еселігін табуға арналған кестенің үлестірме материалы

Тапсырмалар№3

8-мин


3, 7, 10, 15, 18, 30, 84 сандарының ішінен:

a) 21 санының бөлгіштерін;

b) 60 санының бөлгіштерін;

c) 3-тің еселіктерін;

d) 5-тің еселіктерін анықтаңыз

Оқулықтан есептер шығарады:

168.

1) а) 9; ә) 14; б) 45; в) 75 сандарының бөлгіштерін жазады.

2) а) 8; ә) 11; б) 15; в) 27 сандарының алғашқы төрт еселігін жазады.

169.

1) 5, 9, 15, 21, 24, 50 және 60 сандарынан 120-ның бөлгiштерiн терiп жазады.

2) 45, 50, 70, 75, 90, 100 және 125 сандарынан 25-тiң еселiктерiн терiп жазады.

Дескриптор:

-берілген сандардың бөлгіштерін таңдайды; -берілген сандардың еселіктерін таңдайды

Дескриптор арқылы бағалау

Т.А. Алдамұратова, Қ. С. Байшоланова Е.С. Байшоланов «Математика»

Екі бөлімді оқулық

  1. бөлім

5-сынып

Тапсырмалар№4

8-мин


Оқушылардың алдына 30 қызыл шар, 18 көк шар және 12 сары шар кескіні салынған суреттер таратам. Топ болып «Бәйтерек» салынған плакатқа шарлар тізбесін іледі


  1. тапсырма:

Бала себеттi толтырып, қояндарға сәбiз әкелдi. Ол себеттегi сәбiздердi 4 қоянға, 6 қоянға немесе 8 қоянға тең бөлiп бере алады. Бала қояндарға кем дегенде неше сәбiз әкелдi?

179. Шарлар тiзбесiн дайындау үшiн 30 қызыл шар, 18 көк шар және 12 сары шар сатып алынды. Шарлар тiзбелерiндегi әр түстi шарлар санын бiрдей етiп, неше тiзбе дайындауға болады? Әрбiр тiзбеде неше қызыл шар, неше көк шар, неше сары шар бар? Ортақ бөлгішін табады.


  1. тапсырма:

Себетке себетке сәбіздерді салу арқылы сандардың ортақ еселіктерін табады. (Т)



Өзара бағалау








Шарлардың кескіні.

Қояндар мен сәбіздердің суреті

Тапсырмалар№5

8-мин

Натурал санның бөлгіштер жұбының қасиетін пайдаланып , теңдеудің түбірін ойлап табыңдар

571

  1. х(х-5)=24

1;2;3;4;6;8;12;24- бұл жерде 3 пен 8- санының жұбы, сонда х=8 болады

  1. х(х+7)=78 х=6

  2. х(х+8)=105 х=7

(Т)


«Шаршы» әдісі арқылы бағалау

«Шаршы»

бағалау парақ-шасы


Рефлексия

3-мин

«Архиватор 3, 2, 1»

  • Сізге ұнаған 3 моментті атаңыз.

  • Өзіңіздің әрекетіңізде қолданатын 2 моментті атаңыз.

  • Сізге қозғау салған (сұрақ қою) 1 моментті атаңыз.(ықылас тудыратын)


Тақтадағы

«Архиватор 3, 2, 1»

Рефлексияға назар сала отырып, парақшаға өз пікірлерін жазады.



«Архиватор

3, 2, 1»

Рефлексиясы жазылған парақша

Шартты белгілеулер:

Ұ = ұжымдық (сыныппен) жұмыс Т= топтық жұмыс Ж= жұптық жұмыс

Саралау – Сіз қандай тәсілмен көбірек қолдау көрсетпексіз? Сіз басқаларға қарағанда қабілетті оқушыларға қандай тапсырмалар бересіз?

Бағалау – Сіз оқушылардың материалды игеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлап отырсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасын сақтау


Кестедегі сандардың мағынасын ашуға бөлгіш пен еселіктің анықтамасын ауызша айтқыза отырып, әр оқушыға жекелей талдауға қолдау көрсеттім. Яғни әр санның бөлгішін табуға оқушылар өздері талдау арқылы жетеді.

Қабілетті оқушылар натурал санның бөлгіштер жұбының қасиетін пайдаланып , теңдеу-дің түбірін ойлап табуға бірне-ше есептер шығарады және оны топ оқушыларына түсіндіру арқылы, сөздік қоры дамиды, өз білімін нығайтады.

«Шаршы» әдісімен оқушылардың материалды игеру деңгейін тексере алам.

«Архиватор

3, 2, 1»

рефлексиясы жазылған парақшаны өзім оқып отырып, оқушылардың ой- пікірлерінен тақырыпты қандай дәрежеде меңгергендерін көре алам.

Оқу мақсатына жету үшін дескрипторды пайдаландым. «Конверттегі сұрақ». Әрбір оқушыға арнап конверт дайындаймын және оқу мақсатына сәйкес 2-3 сұрақ жазып, конвертке саламын. Конвертті оқушыларға таратып 2 минут уақыт берем: оқушы стикерде өз атын, сұрақтардың жауабын жазып конвертке салады және конвертті келесі оқушыға жібереді. Барлық оқушылар жауап бергенше конверттермен алмасады. Соңында стикерлерді жинап, бірнеше жауапты дауыстап оқимын (аттарын атамастан); сынып жауаптардың қаншалықты дұрыс болғанын талқылайды


Смайликтер салынған, сөздер жазылған парақ-шаларды оқушыларға тарату және «Шаршы»

бағалау парақшасын топ басшысына тарату

Сабақ бойынша рефлексия


Сабақ мақсаттары немесе оқу мақсаттары шынайы, қолжетімді болды ма?

Барлық оқушылар оқу мақсатына қол жеткізді ме? Егер оқушылар оқу мақсатына жетпеген болса, неліктен деп ойлайсыз? Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақ кезеңдерінде уақытты тиімді пайдаландыңыз ба? Сабақ жоспарынан ауытқулар болды ма және неліктен?

Бұл тарауды сабақ туралы рефлексия жасау үшін пайдаланыңыз. Сол бағандағы өзіңіз маңызды деп санайтын сұрақтарға жауап беріңіз.


Жалпы бағалау



Сабақта ең жақсы өткен екі нәрсе (оқыту мен оқуға қатысты)?

1:


2:


Сабақтың бұдан да жақсы өтуіне не оң ықпал етер еді (оқыту мен оқуға қатысты)?

1:


2:


Осы сабақтың барысында мен сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістіктері/ қиыншылықтары туралы нені анықтадым, келесі сабақтарда не нәрсеге назар аудару қажет?



1



Получите свидетельство о публикации сразу после загрузки работы



Получите бесплатно свидетельство о публикации сразу после добавления разработки


Серия олимпиад «Весна — лето 2024»



Комплекты учителю



Качественные видеоуроки, тесты и практикумы для вашей удобной работы

Подробнее

Вебинары для учителей



Бесплатное участие и возможность получить свидетельство об участии в вебинаре.


Подробнее