«Зима 2025»

Научный проект по технологии

хорошии проект для создание инструмент с спичками

Олимпиады: ИЗО 1 - 7 классы

Содержимое разработки

Ғылыми жоба Сіріңке талынан қылқобыз жасау. Жетекшісі: Бейбіт Маратұлы Муканалиев, технология пәнінің мұғалімі, Новенький орта жалпы білім беретін мектебі, Елюбаев Мадияр, Жылқыайдаров Рустам. 9 «а» сынып оқушысы. Батыс Қазақстан облысы, Зеленов ауданы, Новенький ауылы, Новенький орта жалпы білім беретін мектебі.

Оборонный көшесі, 21 үй. Байланыс тел: 87071642460.

































Аннотация


Бұл жобада қазақтың көне аспабы қылқобыздың сіріңке талынан қалай жасауға болатындығы зерттеуге арналған.

Қазақ халқының қолөнерін оның ішінде музыка аспаптарының шығу тарихымен қолданылуы қарастырылады.

Түрлі сіріңкеден жасалған бұйымдармен музыкалық аспаптарды зерттей отырып, технологиялық тілде сіріңкеден дыбыс беретін қобыз құрастырылды. Құрастырылған кезде сіріңке талынан басқа қосымша ешкі терісімен жылқының қылы пайдаланылып өз шешімін тапты. Бұл жобада ұстанған негізгі мақсат: Адамды биік шыңға жеткізетін еңбек. Біз баға жетпес білім қорын арттырып, Оны жаңаша түрлендіре білуіміз керек. Н.Ә.Назарбаев. Сол себепті Қорқыт атамыздың көне аспабын жаңаша технологиямен өскелең ұрпаққа көрсету болды.

Бақылау кезеңінде мынандай қорытынды жасалды: кез-келген бұйымды көз еліктіретіндей етіп, дайындау үшін сіріңке талын қолдануға болатындығына көз жеткізілді.

Кіріспе

*Зерттелетін зат. Сіріңке талынан қылқобыз жасау.

* Зерттеудің мақсат-міндеті.

Көне аспап түрін жаңаша үлгіде жас ұрпаққа насихаттау. Қобыз аспабының қоңыр дауысын тындаушы құлақтарға естірту. Жоғалып бара жатқан қолөнер түрінің жаңғыруына кішкене болсын үлесімізді қосу. Қоңыр дауыс аспабының жасалу жолын ұрпаққа үйрету.

*Зерттеу болжамы.

Егер оқушылар аспаптың тартылу заңдылығына сай зерттеу жасаса, онда жас ұрпақтың қолөнерге деген оты сөнбегендігі. *Зерттеудің нәтижелері.

Шеберлердің қолында, кәсіп болған бұл ағаш, дегендей Қашаған жырау.Қазақ халқы қашанда ағаш өнеріне жақын болған. Заман талабына сәйкес ұлттық құндылыққа негізделіп, сіріңке талынан жаңаша үлгіде қылқобыз аспабын дайындау. *Практиканың мән мағынасы.

Сіріңке талынан қылқобыз дайындау үлгілерін технология пәніне немесе үйірме жұмыстарының мазмұнына негіз ретінде алуға болады. «Өз тарихын білмеген адам, өзін сыйламағаны» деген болатын елбасымыз Н.Ә.Назарбаев. Сондықтан атадан әкеге, әкеден балаға мирас болып келе жатқан қол өнеріміздің отын сөндірмей, әрі қарай үрлеу әр қазақтың парызы деген ниетпен қолөнер туралы Д.Шоқпарұлының өлең шумақтарымен баяндауды жөн санадым. Халқымыздың дәстүрлі төл өнері, Кәсібім – атамұра қолөнері. Жинадым әдет-ғұрып, салт дәстүрін, Елімнің көзге ыстық көнелері - деп айтқандай қолөнерге жаны ашыйтын жас ұрпағы болса егер, төл өнеріміз мәңгілік жасайтынына кәміл сенемін. Қолөнер – атакәсіп. Қазіргі нарық заманнында бұйымдарды тауарға айналдырып, табыс көзін жасауға болады.

ІІ Негізгі бөлім. Зерттеу бөлімі.

* Қазақтың ұлттық қолданбалы өнері. 550 жылдық тарихы бар болсада, қасиетті қазақ халқының қолөнерінің тарихы тым тереңде. Ол кеңбайтақ жерімізді мекендеген сақ, ғұн, тәрізді көне түркі тайпаларының мәдениетінен арқау алады. Ғалымдардың деректері бойынша Қазақстан жерінде қолөнер кәсібі мұнан екі жарым мың жыл бұрын түрлі тайпалардың құрал-саймандары мен қолданыстағы бұйымдары арқылы байқап, атадан-балаға мәдени мұра болып қалып келеді. Соның бір куәсі Есік қаласынан табылған «Алтын адам»мен Түрікістандағы «Тайқазанды» тілге тиек етуге болады. Көшпенді халық үшін мал және егін шаруашылығы алғашқы орында тұрса, қолөнер тұрмыстық және сауда-саттық кәсібіне айналды. Кейіннен соғыс жылдарында жерін қорғау үшін, жауынан сақтану мақсатында қару-жарақ түрлері көптеп балқытылып кұйылды. Сол себепті ұстаханалар бой көтерді. Оған мысал Отырар, Сайрам қалаларынан табылған көрік орындары негіз бола алады.

Қазақтың ұлттық қолөнері – тұрмыста қажеттілігі бар көркемөнер. Халық шеберлері қолданылатын бұйымдарды көркем өңдеумен айналысады. Қол- өнерде материалдарды (металл, ағаш, тоқыма, былғары т.б.) өңдеуге, мысалы, балқытып құю және ұсталық соғу, ағаш ою мен шекімдеу сияқты түрлі әдістерді қолданған. Қолөнер көне заманда пайда болғаннан бері халық шығармашылығының маңызды саласына айналды.

Қазақ халқы ағаш оюды, темір құюды өнер деп санамаған, жайғана кәсіпдеп меңгерген. Сол кездерде ұлттық қолданбалы өнері ілгері дамып, қолөнер түрлері көбейе берген.


Қолөнердің бірсыпыра түрлері.



Қазақтың ұлттық қолданбалы қолөнері


Зергерлік бұйымдар

Ұлттық киім түрлері

Металдан жасалған бұйымдармен құралдар

Ағаштан жасалған бұйымдар

Жүннен жасалған мүліктер

Былғарымен жұмыс түрлері

Қазақтардың төл өнері дамыған сайын, тынысы кеңейіп, өнер түрлері Қазақ елінің барлық өңірлерінде түгелдей өрістеді. Әр өңірдегі өнер қалыптасып, өзінше бір қолтаңба қалдырып отырды. Ата-бабамыздың қолөнер мұраларын жаңғырту – қазіргі заман жастарының ісі, халықтың ертедегі істері жарасымды жалғасын тапса, өнер дамыған үстіне дами береді.

* Қобыз тарихы мен оның түрлері. Ежелгі көшпенділер ата-бабалардың әруағымен байланысып, адамдарды ауруынан айықтыратын бақсыларға аса зор құрметпен қараған. Мұндай бақсылардың ерекше белгісі-сазды керілген қылмен ойналатын ішекті аспап қобыз болған. Аңыз бойынша, алғашқы қобызды ақындардың жебеушісі Қорқыт ата жасап шығарған. Соның дәлелі ретінде өлең шумақтарынан үзінді келтірсек: Қарағайдың түбінен, Қайырып алған қобызым. Үйеңкенің түбінен, Үйіріп алған қобызым. Желмаяның терісін Шанақ қылған қобызым. Бесті айғырдың құйрығын Ішек қылған қобызым.... Адамдардың жанын күнәдан тазартып, ен даланы бейбітшілікке толтыру үшін, ол ағаштың бүтін бөлігінен алғашқы қобызды жасап шығарып, жер бетіндегі әрбір адам естіген сиқырлы әуен орындайды. Содан бері көптеген ғасыр өтті, қобыздың түріде өзгерді. Бірақта, ол әлі күнге дейін түрік мәдениетінің маңызды сазды аспабы болып қала береді. Қобыз түрлеріне тоқталар болсақ, қылқобыз - қазақтың шанағын тізеге сүйеп қойып, ысқымен тартылатын екі ішекті өте көне саз аспабы. Оның негізгі тұтас ағаштан шабылған. Қобыздың үлкенді-кішілі әр алуан түрлері болады. Нар қобыздардың көлемі үлкен болған, сонымен қатар шанақ ішіне, мойнына, басына қобыз үніне ерекше үн қосып тұру үшін металдан жасалған әртүрлі сылдырмақтар, жез қоңыраушалар ілініп безендірілген. Қара қобыздың шанағыдөңгелек не қос дөңгелек болып келеді, беті ашық етіп жасалады. Шанақтың төменгі жағынан ұзынша қорапша ойылып, оның бетіне серкенің не түйенің шикілей өңделген терілері тартылады. Ысқышы жіңішке имек ағаштан, екі ішегі аздап есіліп өңделген жылқының құйрық қылының бірнеше талшықтарынан жасалады. Дерек: Қара қобыздың тамаша үлгілерін Алматыдағы Ықылас атындағы саз аспаптар мұражайынан тамашалауға болады. ХІХ ғасырдың соңында Жетісу өңірінен табылған бұл қобыздың ерекшелігі – оның тым үлкендігі. Оның ұзындығы – 96 см, шанағының диаметрі – 40см. Бұл қобыздың аты – «нар қобыз». Көпшілік арасында кездесетін қобыздар бұдан екі есеге жуық кіші болған. Бұл күнде зерттеліп, өңделген қобыз түрлері тоғыздан асады. ХХ ғасырдың ғалымдары қобыздың жер бетіндегі ең ежелгі ішекті сазды аспап екенін дәлелдеді. Оның майысқан формасы, тіпті жүздеген жылдар өтсе де ежелгі аңшының садағының формасына ұқсайды. Оның скрипка немесе контрабас секілді қазіргі заманғы аспатардан да кездестіруге болады. Ал қобыздың сиқырлы, қайталанбас үнін бағалайтындар музыка жанкүйерлерінің арасынан көптеп кездесіп жатады.Қазіргі заманғы өңдеудегі ежелгі музыкалық аспаптардың әуені – бұл соңғы жылдары өте танымал бола бастаған жаңа леп. * Сұхбат. Зеленов АББ Дариян «Балалар саз мектебінің» қобыз пәнінің мұғалімі Рахимберлиева Раушан Жасұланқызы.


Раушан Жасұланқызы неліктен қобызшы мамандығын тандадыңыз? – Қобызшы мамандығын тандаған себебім, бұл менің балалық арманым. Кішкентай кезімнен қоңыр дауысты қобыз аспабына ғашық болдым.


Оқушыларға қобыз үйретудегі мақсат-міндетіңіз? – Мақсатым өскелең ұрпаққа ұлттық құндылығымызды насихаттау. Елінің тарихын құрметтейтін, өнерпаз азамат тәрбиелеу. Міндетім екі ішекті қобыз аспабының құдіретін түсіндіру. Шәкірттерімді үлкен сахнаға итермелеу.


Қобыздың шығу тарихы туралы не айта аласыз? – Егерде аңыз әңгімелерге сүйінсек, ақындардың жебушісі Қорқыт ата түсінде көріп, өңінде жасап шығарған десті. Қобыздың өте көне түрі Алматыдағы Ықылас бабамыздың атындағы мұражайда сақтаулы тұр. Қазіргі таңда қобыздың тоғыз түрі зерттеліп біткен.


Қобызшылардың ішінде кімді пір тұтасыз, кімді ұстазым деп айта аласыз? – Пірім деп қобыз аспабының атасы, авторы Қорқыт атаны айта аламын. Ұстазым деп балалық арманымды шындыққа айналдырған, қоңыр дауыс иесі қобызды меңгерткен оқу орын мұғалімдерімді айтамын.


Ендеше Раушан Жасұланқызы алтын уақытыңызды бөліп бізге сұхбат бергеніңізге мыңда бір рахмет. Ұстаздық өміріңізге шығармашылық табыс, деніңізге саулық тілеймін. – Мадияр сағанда шығармашылық жобада шабыт, қазақтың ұлттық көнелерін жаңғырта беруіңе тілектеспін. * Қылқобыздың сіріңкеден жасалу жолдары.

Қорқыт атадан осы кезге дейін жеткен қобыз үлгісі біртұтас ағаштан ойылып жасалса, біздің қылқобыз мыңнан астам сіріңке талынан құрастырылып жасалды. Жоғарыда айтқандай жаңаша түрлендіре білдік. Сіріңкеден жасалған қылқобыздың өлшемдері, кәсіби қылқобыздың нақтылы өлшемдерінен алынды. Қобыз негізгі он бөліктен тұрады: алақан, құлақтары, қылдары, мойыны, шанағы, көнтері, кіндік тиек, бастырма тиек, түп тиек, ілгек. Аталып өткен қылқобыз бөліктерінің өлшемдерін кесте түрінде көрсетейік.


Атауы

Өлшемі

Жалпы ұзындығы

670мм

Шанағының диаметрі

60мм

Шанақтың жалпақтығы

180мм

Алақынының ұзындығы

90мм

Алақынының ені

60-70мм

Мойнының ұзындығы

220мм

Шанақтың ұзындығы

160мм

Көнтері түбінің ұзындығы

200мм


Бұл өлшемдер күй ойнауға арналған қобызға лайық.


Көрсетілген өлшем бойынша А1 форматына қылқобыздың нобайы (эскиз) салынып, фанера тақтайшасына бекітіледі. Арнайы желім арқылы екі миллиметрлік сіріңке талын қылқобыздың төңкерулі үлгісінде желімденеді. Қылқобыздың қабырғасы көлденең үш қатар сіріңке талы болса, тігінен отыз бес қатар екі күмбезбен біртіндеп көмкеріліп жабылады. Қобыздың екі күмбезі жабылмас бұрын, төменгі көнтері бөлігі жиырма алты қатардан кейін екі жағы бір-бірімен беттеседі.

Қылқобыз толықтай сіріңке талынан желімделеді. Лекало арқылы қобыздың қаптал жағын сызады. Арнайы пышақ арқылы өңдеп қобыздың қалпын алады.

Әрі қарай бояу қалады. Бояр алдында аспаптың денесі зімпара қағазбен түгелдей тегістеледі. Тегістелгеннен кейін, бояуға анилинді қолданады. Ол қобызға қою қызыл түс беретін майлы сұйықтық. Анилиннің түсін өзгерту үшін Н2О белгілі өлшемде қосамыз. Кептіру уақыты 4-5 сағатқа ұласады. Кепкен қобызды матаның қалдығымен (драп, шұға) ысқылайды. Ысқылап болған соң, лактау жұмысын бастайды. Процесс нитролактың көмегімен жасалады. Бірнеше рет жағылған соң кепкенін күтеміз. Бұрынғы кезде қылқобыздың көнтерісіне ата-бабаларымыз түйенің терісін пайдаланған, бірақта қазіргі кезде ешкінің терісіде төзімді әрі сенімді материал. Жаңа сойылған ешкі терісінің ішіне қоймалжың әк (ізбес) жағып, теріні тұмшалап орап, жылы су құйылған ыдысқа екі-үш күнге қақпағын жауып қоямыз. Екі-үш күн суда тұрған теріні, жүн жағын қаратып әбден жүнін жұлып тазалаймыз. Тазартылған терінің ішкі жағын аударып, арнайы пышақпен сары етпен майдан арылтамыз. Тазаланған теріні кергішке (тері кергіш) үш-төрт рет кереміз. Әр процестің арасында уқалап, умаждап отырамыз. Керу кезінде тері көлемін өзгертпесе, кепкенін күтеміз. Арнайы үлгімен сызып, теріні дымқылдап кесіп аламыз. Дымқыл теріні құрғақ шүберекпен сүртеміз де, қобыздың көнтерісіне қайыс баумен байлап тастаймыз. Дыбыстың шығуы көнтеріге байланысты болып келеді.

Қылқобыздың ішектерін тарту үшін жылқының қылдары пайдаланылады. Қобыздың ішектерінің әр қайысысы тоқсан қылдан кем болмайды. Саналып болған қылдың басын ұстатқышқа желімдеп тастайды. Кебу уақыты өткен соң қобызға орната беруге болады. Қобыздың ішектері тартылып, бір-біріне жабысып тұру керек. Байланатын жеріне конифоль жағылып, дауыстың дұрыс шығуына кепіл болады. Бірнеше жасалу процесінен өткен соң, оның дыбысы тексерілді. Сіріңке талынан жасалған қылқобыз бірнеше жоба, сұхбатпен шыдамды еңбектен кейін толықтай жасалып бітті. Ұлттық құндылығымызды жаңаша әдіспен болашаққа жасап көрсете білдік. Жалпы айтқанда қобыздың ерекше иірімдерінің арқасында өмірде мүмкін емес нәрсе жоқ екендігін дәлелдедік.

Қорытынды.

Жылдар өткен сайын пәнге деген талаппен өзгерістер көптеп енуде. Сонымен оқушы тек ауызша білім алып қоймай, жобалай білуді, ғылыми жұмыс жасауды, одан қалса кіріктірілген экономика пәнінде талдай білуі керек. Менің дерегім: Бұл жоба 2014жылдың сәуір айынан қолға алына бастады. Музыкалық аспаптар мен сіріңкемен жұмыс туралы материалдарды кітапханамен ғаламторлардан жинастыра бастадық. Бір қызығы материал жинастыру кезінде қобыздың түрлері көп екендігіне көзіміз жетті. Қыркүйек айында жетекшімізбен Дариян ауылындағы БСМ-нің қобыз пәнінің мұғалімі Раушан Жасұланқызымен сұхбаттастық. Шынайы қобыз туралы әңгімені қобызшының ауызынан естігенде шабыт үстіне шабыт қосты. Қазан айында ақпарақ бетіне қылқобыздың нобайы жасалып, желімдеу жұмыстары басталып кетті. Алға мақсат қоя білгендіктің арқасында,8325 сіріңке талы қолданылып, үш ай көлемінде қобызымыз толықтай жасалып шықты. Өзіміздің экономикалық қаржылық сауаттылығымызды көрсету мақсатында, қобызға кеткен шығынның кестесінде жасадым.

Р/С

Материал атауы.

Дана. Грамм.

Бағасы. Тг.

Барлық. Дана. Грамм.

Барлық ақшасы.

Қорытынды

1

Сіріңке қорабы

10 д

40 тг

225 д

9000 тг


12800 тг

2

Желім

500 гр

600 тг

1500 гр

1800 тг

3

Бояу.

500 гр

1100 тг

500 гр

1100 тг

4

Нитро лак

500 гр

900 тг

500 гр

900 тг


Ғылыми жұмыс кезінде өзіме түйгенім:

­­– Ұлттық бұйым арқылы ұлттық құндылығымызды нассихаттадық. – Сұхбат, кездесудің арқасында адамгершілік құзіреттілігімізді арттырдық. – Материал жинақтау барысында ұлттық мәдениетімізбен тарихымызды кең ауқымды танып білдік. – Қобыз жасау барысында мақсат қою, шыдамдылық, төзімділікке үйрендік. – Ғылыми жобаның ерекшелігі іздемпаздыққа, талғампаздыққа сонымен бірге әрқилы пәндермен ұштасатындығына көзіміз жетті.











Пайдаланылған әдебиеттер: 1. Қазақтың қолданбалы өнері. – Алматыкітап, 2007ж. Д.Шоқпарұлы. Д. Дәркембайұлы.

2. Қазақ даласының ежелгі тарихы. – Алматы «Санат», 2001ж. Ә. Байбатша. 3. Түркі халықтарының тарихы. – «Білім», 2001ж. К. Аманжолов. 4. Қазақ халқының тұрмысы мен мәдениетті. - Алматыкітап, 2006ж. С. Кенжеахметұлы. 5. Қазақтың дәстүрлі қару – жарағының этнографиясы. - Алматы, 2006ж. Қ. Ахметжан. 6. W.W.W. Caspionet. Kz. Ғаламтор желісі. 7. Технология 9класс. – «Мектеп», 2009ж. 8. Мектептегі технология . Технология в школе. № 9-10. 2014ж.


















Получите свидетельство о публикации сразу после загрузки работы



Получите бесплатно свидетельство о публикации сразу после добавления разработки


Серия олимпиад «Зима 2025»



Комплекты учителю



Качественные видеоуроки, тесты и практикумы для вашей удобной работы

Подробнее

Вебинары для учителей



Бесплатное участие и возможность получить свидетельство об участии в вебинаре.


Подробнее