«Зима 2025»

Оттегі. Оксидтер. Жану тақырыбы бойынша қорытындылау сабағы.

Оқушылар оттек, оксидтер, жану реакцияларын біледі, оларды ажырата алу дағдыларын ары қарай дамытады, есептер шығару арқылы оқушылар өз бетінше, топпен жұмыс істеу дағдыларын, сыни тұрғыдан ойлау қабілеттерін нығайта алады.

Олимпиады: Химия 7 - 11 классы

Содержимое разработки

Алматы қаласы

Алатау ауданы

152 мектеп – гимназияның

химия пәні мұғалімі

Мухамадиева Мираш Демеубековна

Күні


8 «А» сыныбы

Сабақ тақырыбы

Оттегі. Оксидтер. Жану тақырыбы бойынша қорытындылау сабағы.

Сілтеме

Химия оқыту әдістемесі 2013жыл, химия оқулығ ы 2016ж, химия жұмыс дәптері 8-сынып

Жалпы мақсаты

Оқушылар оттек, оксидтер, жану реакцияларын біледі, оларды ажырата алу дағдыларын ары қарай дамытады, есептер шығару арқылы оқушылар өз бетінше, топпен жұмыс істеу дағдыларын , сыни тұрғыдан ойлау қабілеттерін нығайта алады.

Күтілетін оқу нәтижелері

Оқушылардың ой ұшқырлығын дамытуға, сыни тұрғыдан шапшаң, терең ойлауға мүмкіндік беретін жану, тотығу реакцияларына есептер шығарады. Олар білімдерін толықтыруға мүмкіндік туғызады. Реакция теңдеулерін жазу арқылы білімдерін тереңдетеді. Тапсырманы орындау барысында оқушылар берілген тапсырмалардың шығарылу жолдарын өздігінен табуға мүмкіндік алады.

Түйінді идеялар

Оқушыға түрткі болатын «миға шабуыл» әдіс бойынша тапсырма жауабына тәуелсіз ойлануға, өзіндік ойын жазып, түсініктеме беру қабілетіне ықпалын тигізеді. Берілген тапсырмаларды орындау сыни көзқарасты талап етеді.

Дерек көздері

8-сынып химия оқулығы

Пән аралық байланыс

Тарих, орыс тілі, ағылшын, математика, география

Тапсырмалар

Химия оқулығы бойынша берілген тапсырмалар

Жеке, жұптық, топтық жұмыс

Ұйымдастыру \1 мин\

Мұғалімнің іс – әрекеті

Оқушының іс – әрекеті

Үй тапсырмасын тексеру «Постер» бойынша \8 мин\

1-топқа: Оттегі туралы деректер 2-топқа: Оттектің, оксидтердің тарихы туралы 3-топқа: Венн диограммасы (оттек пен озонды) 4-топқа: Оксидтердің қолданылуы

Әр топ берілген тапсырманы тақтаға қорғайды. Оқушылардың танымдық, сыныи ойлауы жүзеге асырылады

Оқушылар әр топты формативті бағалайды

Топқа бөлу \1мин\

І топ – негіздік оксидтер (І валенттілік көрсететін қосылыстар) ІІ топ негіздік оксидтер (ІІ, ІІІ валенттілік көрсететін қосылыстар) ІІІ-топ – қышқылдық оксидтер ІV топ – екідайлы оксидтер

Топқа бөлініп, рөлдерді өзара бөліп алады және қолындағы алған оксидін атайды.

Жұмбақ тізбек (өзгеріс орындау) \4 мин\

Оксид құралған элементтің генетикалық қатарын құрастырып, реакция теңдеуін жазып, қорғау

Өздері бөлінген оксидтердің біреуін топ болып талқылап, тізбек құрастырып реакция теңдеуін жазады, қорғайды.

Доп лақтыру әдісі \5 мин\

Топтар бір – біріне доптың көмегімен үш тілде сұрақтар қояды

Оқушылар сұрақтарға жауап бере отырып, өз бетінше ізденуге, еңбектенуге мүмкіндік алады. Ережелерге сүйене отырып, есептерді шығарғанда тиімді қолдануға талпынады.

«Сиқырлы сандықша» оқыта үйрету ойыны \4 мин\

Оқушылар қоржыннан элементтерді алу арқылы үш тілде айтады (қазақша, орысша, ағылшынша)

Әр элементті үш тілде айта отырып танымдық ойлауы жүзеге асырылады

Сергіту кезеңі.(химиялық қосылыстар)

\3 мин\


Оқушыларға элементтер жазылған парақшалар таратылады, қосылыс түзе бірігіп, атайды.

Әр топтан екі оқушы шығып қосылыс түзе бірігіп, түзілген қосылысты атайды.

«Жеке жұмыс» Деңгейлік тапсырма «Алгаритм» оқыта үйрету ойыны \10 мин\

Әр топқа деңгейлік тапсырмалар таратылып, жұмыс ретін түсіндіріліп өтіледі.

І турда әр бір оқушы өз дәптерлеріне аты – жөндерін азып, бірінші тапсырманы (ІІІ деңгей) орындайды. Тапсырманы орындап болған соң дәптерлерін сағат тілімен бір қадам алмастырады. ІІ турда алдына ауыстырылып келген дәптерге тағы да атын – жөнін жазып екінші стандарт деңгейіндегі тапсырманы (ІІ деңгей) орындайды. ІІІ турда алдына ауыстырылып келген дәптерге тағы да атын – жөнін жазып екінші стандарт деңгейіндегі тапсырманы (І деңгей) орындайды. ІV турда оқушылар мұғалімнің берген жауап эталоны бойынша алдарындағы орындалған 3 тапсырманы жеке – жеке тексеріп, әрқайсын 5 балдық жүйе бойынша бағалайды. V турда тапсырманы тексеріп болған соң, дәптерлерін бірінші турдағыдай сағат тілімен ауыстырады. Осы турда өз дәптерлері алдына келеді. Олар дәптерлерінде тапсырмалардың қалай орындалғандығын қарап шығады. Егер қойылған бағаға келіспесе, онда берілген жауап эталонына сүйене отырып және мұғаліммен келісе отырып бағаны түзетуге мүмкіндік болады.

Миға шабуыл \интерактивті тақтадан тапсырмалар беріледі \5мин\

Интерактивті тақтадан тест тапсырмаларын және дұрыс жауапты ұсынады.

Оқушылардың жеке жұмысы. Оқушылар өз бетімен есептерді шығаруға талпынады. Тест тапсырмасын дұрыс табу арқылы есептер шығаруға дағдыланады, білімдерін толықтырады, дамытады.

Кері байланыс \1 мин\

Рефлексия
Сөйлемдерді аяқтаңдар:
Бүгін сабақта мен.... білдім.
Енді мен....... білемін.
Енді........
қателеспеймін.

Өз ойларын қағазға түсіріп, ортаға салады.

Оқуға арналған қос.тапсырмалар

«Атмосфералық ауаның ластаушы көзі?» тақырыбына эссе жазу II тарау бойынша   қайталау, Бақылау жұмысына дайындалып келу.


Үйге тапсырманы күнделіктеріне жазып алып, әр оқушы өз бетінше орындап келеді

Бағалау \3 мин\

Бақылаушының бағалауы, мұғалімнің бағалауы.

Рефлексия Парақшаға жазып күту ағашына іледі.



Получите свидетельство о публикации сразу после загрузки работы



Получите бесплатно свидетельство о публикации сразу после добавления разработки


Серия олимпиад «Зима 2025»



Комплекты учителю



Качественные видеоуроки, тесты и практикумы для вашей удобной работы

Подробнее

Вебинары для учителей



Бесплатное участие и возможность получить свидетельство об участии в вебинаре.


Подробнее