«Зима 2025»

"Өзімді-өзім дамытып, жеңіске мен жетемін" ойыны

Оқушылар арсында өткізілген топтық сайыстың жүргізілу жоспары

Олимпиады: Русская литература 5 - 11 классы

Содержимое разработки

Жүргізуші Армысыздар, қадірменді білім нәрімен сусындатқан ұстаздар қауымы, жақсы ниетпен келген ұлағатты қонақтар, білімді, ақылды оқушылар!
Сан ғасырлар тарихынан кешегі,
Туған жердің шежіресі өседі,
Менің елім Қазақстан – Отаным,
Болашағы бізбен бірге өседі дей келе,

бүгінгі Өзімді-өзім дамытып,

жеңіске мен жетемін " атты тақырыпта өтіп жатқан

сайысқа келген топтармен танысайық.

Сіздердің қолдарыңыздағы машинаның артында топтың аты бар сол бойынша орналассаңыздар


1 топ – топтың аты Талапкер ұраны.....
2 топ – топтың аты Алғырлар, ұраны.....
3 топ – топтың аты Тапқырлар

“Таныстырылым” Әр топ өз топ мүшелерін таныстырады ұрандарын айтып қорғайды

Құрметті ойыншылар мен көрермендер келесі кезекте ойын кезеңдеріне тоқталайық.


1 кезең – “Білімділер” Әр топтың топ басшыларына 10 сұрақтан сұрақ қойылады
2 кезең – “Ойлан тап” математикалық логикалық сұрақ
3 кезең – “ Айшықты сөздер.” Тұрақты тіркестердің жауабын ойланып мағынасын айту керек тобына тақтаға сурет салу арқылы

4 кезең –«Cурет арқылы танып білу» ағаштардың суреті беріледі атын тауып үш тілде жазу керек

5 кезең –«Адасқан сөздер» Қиылған сөздерден сөйлем құрау қазақша орысшаға аудару

6 кезең –«Ой жүйріктері» Берілген сөзді тура өзін айтпайды жанамалап мимикамен жеткізу

7 кезең –«Түйінді ой сыйы» Берілген сөздерден өлең шумағын құрастыру оқу

1 кезең – “Білімділер” Әр топтың топ басшыларына 10 сұрақтан сұрақ қойылады
1 –топ басшысына
1. Көшпелілердің жазда мал жаю орындары ЖАЙЛАУ
2. "Тат" сөзінің мағынасы ҚҰЛ
3. Қарахан мемлекетінің астанасы БАЛАСАҒҰН
4. Бізге жазба деректерден белгілі сақ патшасы ТОМИРИС
5. Әл - Фараби (870 - 950 жж.) дүниеге келген қала ОТЫРАР
6. Отырар апаты болған жыл 1218
7. Ахмет Иассауи кесенесі кімнің бұйрығымен салынды? ӘМІР ТЕМІР
8. Қожа Ахмет Иассауи кесенесі орналасқан қала? ТҮРКІСТАН
9. Х ғ. ислам дінін алғаш рет мемлекеттік дін деп жариялаған мемлекет ҚАРАХАН
10. Қазақ хандығының негізін қалаған хандар КЕРЕЙ МЕН ЖӘНІБЕК


2 – топқа
1. Көшпелілердің жылы қоралары бар тұрақтары ҚЫСТАУ
2. Үйсін тайпаларының мекендеген жері ЖЕТІСУ
3. Әл - Фараби шығармаларын қай тілде жазған АРАБ
4. Атақты қобызшы Қорқыт ата күмбезі орналасқан ҚЫЗЫЛОРДА
5. Қазақ хандығының құрылған уақыты 1465 - 1466
6. "Жеті жарғы" заңдар жинағын жасауға қатысқан билер ТӨЛЕ, ҚАЗЫБЕК. ӘЙТЕКЕ
7. Қазақстанның Ресейге қосылуының басталған жыл 1731
8. 1837 - 1847 жж. болған ұлт - азаттық көтерілістің басшысы КЕНЕСАРЫ ҚАСЫМҰЛЫ
9. Тәуке ханның заңдар жинағы ЖЕТІ ЖАРҒЫ
10. Абылай ханның бала кезіндегі лақап аты САБАЛАҚ

3 топқа
1. Біздің заманымызға жеткен ежелгі мерекенің бірі? НАУРЫЗ МЕЙРАМЫ
2. Сақтардың негізгі шаруашылығы? МАЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ
3. Х - ХІІ ғғ. Таразға жақын жерде салынған кесене АЙША БИБІ
4. Шыңғысхан қашан қайтыс болды 1227 ЖЫЛЫ
5.
Қазақ хандығында жүзді кім басқарды? ХАН
6. Монғол империясының негізін қалаған ШЫҢҒЫСХАН
7. XVII ғ. І жартысында қазақтардың Ресейге қосылуын ұйымдастырушы ӘБІЛҚАЙЫР
8. Ш. Уалихановтың туған жері ҚОСТАНАЙ ОБЛ, ҚҰСМҰРЫН
9. Белгілі ғалым, "Әлемнің екінші ұстазы" ӘЛ - ФАРАБИ
10. С. Датұлы көтерілісінің негізгі қозғаушы күші ШАРУАЛАР


2.кезең Ойлан, тап
1. Киноға билет алу үшін Нұрлан, Мақсат, Қанат, Омар және Асан кезекте тұр. Нұрланның билетті Мақсаттан бұрын, бірақ Асаннан кейін алатыны белгілі: Қанат пен Асан қатар тұрған жоқ, ал Омар Асанмен, Нұрланмен, Қанатпен қатар тұрған жоқ. кім кімнен кейін тұр?
Жауап: Асан, Нұрлан, Қанат, Мақсат, Омар

2. Түйе, бота маң басқан,
Төрт аяғын тең басқан,
Шұнақ құлақ бес ешкі,
Қос лақты қос ешкі.
Екі қозылы екі қой
Бәрін бірге санап қой. (Барлығы 15)





2-топқа

1. “ Екі қарға ”. Екі қарғаның біреуі оңтүстікке, біреуі солтүстікке қарап отыр. Олар біріне – бірі:
- Достым, мен сені көріп отырмын, – дейді. Олар бірін – бірі қалай көреді?
(Қарғалар бір - біріне бетпе - бет отырғандықтан, олар бірін – бірі көреді.)


2. Қара ағаш басында 5 алма өсіп тұр. 1 жерге түсіп қалды, нешеуі тал басында қалды? (Қара ағашта алма өспейді)

3-топқа

«. Үстелде 5 стақан сүт тұрған еді. Дастан 1 стақандағы сүтті ішіп, стақанды үстелге қойды. Үстелдің үстінде неше стақан қалды? (5 стақан)
2. Үш тұйеқұс ұшып келе жатты. Аңшы олардың бірін атып алды. Олардың қаншасы қалды? (Түйеқұстар ұшпайды)


3 кезең«Айшықты сөздер»
Бұл айналымда бірнеше тұрақты сөз тіркестері беріледі. Әр топқа 3 сөз тіркесі беріледі. Ойланып, мағынасын тақтаға сурет салу арқылы тобына жеткізу керек.

1.Төбесі көкке жетті (қуанды)
2. Ине шаншар жер жоқ (бос жер жоқ)
3. Қой аузынан шөп алмас (жуас)

1. Қабағынан қар жауды (ашуланды)
2. Бетінен оты шықты (ұялу)
3. Ит өлген жер (алыс)

1. Төбе шашы тік тұрды (қорықты)
2. Көзді ашып-жұмғанша (тез, лезде)
3. Таяқ сілтем жер (жақын)

4 кезең –«Cурет арқылы танып білу» ағаштардың суреті беріледі атын тауып үш тілде жазу керек



5 кезең –«Адасқан сөздер» Қиылған сөздерден сөйлем құрау қазақша орысшаға аудару



6 кезең –«Ой жүйріктері» Берілген сөзді тура өзін айтпайды жанамалап мимикамен жеткізу



Топ ойыншылары қима қағаздағы сөздерді алып қимылмен немесе жуық сөздермен түсіндіреді.)

Ат
Дулыға
Сандық



Жол
Сәби
Ту


Жұлдыз
Телефон
Кітап


7 кезең –«Түйінді ой сыйы»


Ойынымыздың соңғы айналымы Әр топқа өлең жолдары беріледі. Көп нүктенің орнына сөздер қойып, өлең құрастыруларың керек.

Ал енді барлық жиған ұпай сандарыңыздың қорытындысы шығарып көрелік


Көп білуге ұмтылған-

Көз жұмғанша оқиды.

Көз жұмғанша оқыған,

Көп нәрсені тоқиды.

Көп нәрсені оқи, тоқи жүрулеріңізге тілектеспіз . Қорытынды сөз кезегін

________________________________

Бүгінгі «Өзімді-өзім дамытып, жеңіске мен жетемін "

ойынына жақсы ат салысып қатысқандарыңызға көптен –көп рахмет!

Келесі кездескенше хош сау болыңыздар.



































Получите свидетельство о публикации сразу после загрузки работы



Получите бесплатно свидетельство о публикации сразу после добавления разработки


Серия олимпиад «Зима 2025»



Комплекты учителю



Качественные видеоуроки, тесты и практикумы для вашей удобной работы

Подробнее

Вебинары для учителей



Бесплатное участие и возможность получить свидетельство об участии в вебинаре.


Подробнее