«Зима 2025»

Поурочный план на тему "Астық тұқымдастар"

поурочное планирование по биологии 6 класс. Цель урока дать понятие учащимся об основе строения и разнообразии семейства злаковых.

Олимпиады: Биология 5 - 11 классы

Содержимое разработки

Сабақтың жоспары «Бекітемін»

Пәні биология

Мерзімі 07.03.

Сабақтың тақырыбы

Астық тұқымдастар

Сыныбы 6 ә,б

Қатысқандар саны

қатыспағандар саны

Сабақ негізделген оқу мақсаты

Астық тұкымдастарға жататын өсімдіктермен танысу,биологиялық ерекшеліктері табиғаттағы,шаруашылықтағы маңызы туралы білім беру.

Оқу нәтижелері

Барлық окушылар біледі: Мәтін бойынша жұмыс жасауға дағдалынады


Барлық оқушы істей алады:

Оқушылар топпен ақыладасып жеке жеке сұраққа жауап береді


Алдыңғы оқу


Жоспарланған уақыт

Жоспарланған жаттығулар

Ресурстар



Басталуы




І. Ұйымдастыру бөлімі.

Амандасу, қызығушылықтарын ояту, сабақ мақсатымен танысу

ІІ. Үйге берілген тапсырманы тексеру

Үйге берілген тапсырманы сұрақ-жауап арқылы диалогқа түсіру

Слайдта берілген сұрақтарға жауап беру, топпен тапсырманы орындау
1. Лалагүл тұқымдастар – даражарнақты, шөптекті, көпжылдық өсімдіктер.

2. Тамыры – тамырсабақ, түйнекті пиязшығы немесе пиязшық.

3. Қандауыр немесе таспа пішінді жапырақтары болады.

4. Гүлі – қосжынысты, шашақ гүлшоғырына жиналады, ірі гүлдері жеке орналасады.

5. Жемісі – қауашақ немесе жидек

6. Өсімдік бунақденелілер арқылы тозаңданады.

7. Лалагүлділердің шаруашылық, медициналық маңызы зор. 

ІІ топ. Биологиялық диктант.

Берілген сөздерді тиісті орындарға орналастырыңыз.

гүлшоғырына, тамыры, қандауыр, лалагүл тұқымдастар,  шаруашылық, медициналық, таспа пішінді, қосжынысты, жемісі, бунақденелілер

1.............................– даражарнақты, шөптекті, көпжылдық өсімдіктер.

2.......................... – тамырсабақ, түйнекті пиязшығы немесе пиязшық.

3. ....................... немесе ....................... жапырақтары болады.

4. Гүлі – ................, шашақ .................. жиналады, ірі гүлдері жеке орналасады.

5.................. – қауашақ немесе жидек

6. Өсімдік ....................... арқылы тозаңданады.

7. Лалагүлділердің ............................. , .......................... маңызы зор.

 





Биология оқулық



Ортасы




ІІІ. Жаңа тақырыпты түсіндіру

Электронды оқулық


Оқулықпен жұмыс

Астық тұқымдасы , қоңырбастылар (лат. Poaceae) – дара жарнақты бір және көп жылдық шөптесін өсімдіктер.
Жер шарында кең тараған. 650-дей туысы, 10 мыңнан аса түрі белгілі. Қазақстанның барлық облыстарына тараған 83 туысы, 418 түрі бар. Астық тұқымдасының тамырлары шашақты келеді, ал сабағы жұмыр, іші қуыс, бунақтармен бөлінген. Кейбіреуінің буын аралықтары жұмсақ ұлпалы (мыс., қант қамысы, жүгері, т.б.). Сабақтарының ұзындығы 1 – 2 см-ден 30 – 40 м-ге дейін, ал жуандығы 0,5 мм-ден 20 – 30 см-ге дейін жетеді. Сабаққа екі қатар кезектесіп орналасқан жапырақтары – жіңішке таспа, қандауыр, жұмыртқа тәрізді. Астық тұқымдасының гүлі көбінесе қос жынысты, кейбіреулері ғана дара жынысты (жүгері) болады. Олардың гүл құрылысы басқа өсімдіктерден өзгеше келеді. Көбіне гүлінің сыртын гүл қабыршағы қоршап тұрады. Бір немесе бірнеше гүлдерден топталған масақшадан – шашақбас, айдар, масақ, собық, сыпыртқы бас, яғни күрделі гүлшоғыры құралады. Астық тұқымдасының көбі жел арқылы тозаңданады. Жемісі – бір тұқымды дәнек, кейде жаңғақша. Жеміс қабығы (қауызы) тұқымға жабысып тұтасып біткен. Астық тұқымдасы түптену түрлеріне байланысты тамыр сабақты, селдір түпті және тығыз түпті болып үш топқа бөлінеді. Тамыр сабақты Астық тұқымдасының түп өскіндері түптену буынына тік (перпендикуляр) бағытта шығып, өсімдік сабағына қатарласа өседі (мыс., бидайық, айрауық, қамыс, т.б.). Селдір түпті Астық тұқымдасының түптену буыны топырақ бетіне жақын орналасады. Тығыз түпті Астық тұқымдасының түптену буыны топырақ бетінде өседі (мыс., бетеге, қау, селдірек). Астық тұқымдасы шабындық пен жайылымдықтарда өсімдіктердің 1/3 бөлігін, орманды және далалы аймақтарда мал азығының 1/2 бөлігін құрайды. Астық тұқымдасының дәнді (мыс.: бидай, күріш, сұлы, арпа, тары, т.б.), мал азықтық түрлері де (мыс., шалғындық қоңырбас, жүгері, селеу, т.б.), арамшөптері де (мыс., қарасұлы, жасыл қонақ, түлкіқұйрық, т.б.) кездеседі. Астық тұқымдасытары сабандарын қағаз, тоқыма, химия өндірістері мен құрылыста қолданады. Сондай-ақ оларды мәдени орындарды көгалдандыру және құм тоқтату үшін де өсіреді.








Биология оқулық



Аяқталуы

Менен сұрақ, сенен жауап

 Тест жұмысы.
Астық тұқымдас өсімдіктерге жатады:
А) Күріш Ә) Күнбағыс Б) Қарбыз

2. Астық тұқымдастардың сабағы:
А) Шырмалғыш Ә) Жатаған Б) Сабансабақ

3. Бидайдың жемісі:
А) Дәнек Ә) Тұқымша Б) Бұршаққап

4. Азықтық астық тұқымдастарға жатады:
А) Күріш Ә) Қарасұлы Б) Итқонақ

5. Бамбуктың биіктігі:
А) 20 метр Ә) 10 метр Б) 30 метр

6. Күріштің гүлшоғыры:
А) Себет Ә) Сыпыртқыгүл Б) Бұршаққын

7. Күріштен алынатын өнім:
А) Крахмал Ә) Май Б) Талшық
Дұрыс жауаптар: 1. А), 2 Б), 3 А), 4 А), 5 Б), 6 Ә), 7 А).


Биология оқулық


Саралау

Бағалау


Рефлексия





Қорытынды бағалау



Үй тапсырмасы

§ 49




Получите свидетельство о публикации сразу после загрузки работы



Получите бесплатно свидетельство о публикации сразу после добавления разработки


Серия олимпиад «Зима 2025»



Комплекты учителю



Качественные видеоуроки, тесты и практикумы для вашей удобной работы

Подробнее

Вебинары для учителей



Бесплатное участие и возможность получить свидетельство об участии в вебинаре.


Подробнее