«Осень 2024»

Сілтеу есімдігі. Қазақ тілі. 6 сынып.

Білімділік - Сілтеу есімдігін түсіндіре отырып, есімдіктің мағыналық түрлеріжөніндегі білімдерін тиянақтау;

Дамытушылық - Оқушының сыни тұрғыда ойлау қабілетін, тіл байлығын жетілдіру,танымдық қызығушылығын дамыту, шығармашылықбелсенділігін арттыру;

Тәрбиелік - Әр түрлі жаттығу жұмыстарын жүргізу арқылы ұқыптылыққа, топ болып, жұп болып, жекелей жұмыс істеуге, сауатты жазуға, ауызша, жазбаша сөйлеуде қолдана білуарқылы көркем, бейнелі сөз ретінде пайдалануға,ұшқырлыққа, адамгершілікке тәрбиелеу;

Сабақ түрі: Жаңа сабақты меңгерту

Олимпиады: Английский язык 2 - 11 классы

Содержимое разработки

Қазақ тілі,

6»а» сынып

Уақыты:

Кабинет:

9


Сабақтың атауы

Сілтеу есімдігі.

Сілтеме

Қазақ тілі оқулығының әдістемесі

Сабақтың жабдығы

Тақта, оқулық, салыстыру, постер салу, дәптермен жұмыс,рефлексия жасау

Жалпымақсаттар

Білімділік - Сілтеу есімдігін түсіндіре отырып, есімдіктің мағыналық түрлеріжөніндегі білімдерін тиянақтау;

Дамытушылық - Оқушының сыни тұрғыда ойлау қабілетін, тіл байлығын жетілдіру,танымдық қызығушылығын дамыту, шығармашылықбелсенділігін арттыру;

Тәрбиелік - Әр түрлі жаттығу жұмыстарын жүргізу арқылы ұқыптылыққа, топ болып, жұп болып, жекелей жұмыс істеуге, сауатты жазуға, ауызша, жазбаша сөйлеуде қолдана білуарқылы көркем, бейнелі сөз ретінде пайдалануға,ұшқырлыққа, адамгершілікке тәрбиелеу;

Сабақ түрі: Жаңа сабақты меңгерту

Сабақтың әдісі: Топтастыру, сұрақ – жауап, жаттығу жұмыстары, әр түрлі жаңа стратегиялармен жұмыс жасату.

Сабақтың көрнекілігі: Компьютер, мультимедиа, кеспелер, суреттер, кесте, слайдтар.

Оқыту  нәтижесі

Топқа бөлу

1 мин

Сыныпты «Сиқырлы таяқшалар» арқылы топқа бөлемін. Таяқшаларда кім? не? деген сұраққа жауап берген сөздері бар 1 топ, ал қандай? қай? деген сұраққа жауап беретін сөздері бар 2 топқа бөлінеді.

Дәрігер, әнші, бақыт. Үлкен, бақытты, қызықты, сары.

Оқушыларға психологиялық ахуал туғызу

3 мин

Бір–біріне «жұмбақ сыйлық» сыйлау арқылы сыныпта психологиялық ахуалды қалыптастыру


Ортаға шығып бір-біріне «жұмбақ сыйлық» сыйлау арқылы көңіл күйлерін көтеру.

Үй тапсырмасын сұрау

Қызығушылықты ояту

Топпен жұмыс

5 мин

  1. Есіңе түсір. Жаңа сабаққа қатысы болғандықтан, есім сөздерді «Қар кесегі» ойыны бойынша қайталату.
    1. Зат есім қандай сөз табы? - (Есімдер тобы).
    2. Зат есім мағынасына қарай нешеге бөлінеді? – (жалпы, жалқы, деректі, дерексіз).
    3. Жалпы, жалқы зат есімдер. – (біркелкі заттарды, құбылыстарды жаппай атайтын сөздер; арнайы берілген есімдер мен атауларды - жалқы есім дейміз.
    4. Сын есім қандай сөз табы? – (Есімдер тобы).
    5. Мағынасына қарай нешеге бөлінеді? – (сапалық және қатыстық сын есім).
    6. Туынды сын есімдер қалай жасалады? – (жұрнақ арқылы есім сөзден де, етістіктен де жасалады).
    7. Құрамына қарай сын есім нешеге бөлінеді? – (дара және күрделі сын есім).
    8. Сан есім қандай сөз табы? - (Есімдер тобы).
    9. Сан есім мағынасына қарай нешеге бөлінеді? – ( есептік, реттік, болжалдық, топтау, жинақтық, бөлшектік сан есім болып 6 - ға бөлінеді).
    10. Сан есім құрамына қарай неше түрге бөлінеді? - (дара және күрделі).
    Жауап берген оқушыларға жұлдызша беріп отырамын.

  2. «Топтастыру» стратегиясы арқылы оқушылар білгендерін айтады, жапсырады.

3. Алдыңғы сабақта есімдіктің қандай түрін өттік? Иә, жіктеу есімдігі. Ол қалай түрленеді.


Мағынаны тану. 5 мин. Дәптерге ереже жаздырту.

Жаңа сабақты кесте арқылы түсіндіру.


Есімдік түрлері

Сілтеу

Ережесі

Мегзеу, нұсқау, көрсету мағыналарын білдіреді. Сын есімнің орнына жұмсалып қай? деген сұраққа жауап береді.


Жасалу жолдары

Бұл, сол, ол, әне, міне, мынау, мына, осы, осынау, ана, анау, сонау т.б


Мысалдар

Осы маңайда мал жайылымы бар.

Бұл жарыста біз жеңеміз.

Мына көк қақпа – Құрмаш үйінің қақпасы.


Жаңа сабақты бекіту мақсатында оқушылармен жұмыстар жүргізу.


  1. Оқулықтағы мәтінмен жұмыс. 3 мин.

145- жаттығу.


Мәтін бойынша тапсырмалар:

1. Мәтінді оқыту. Шығарманың жанрын ажырату. Қандай дәстүр екенін сұрау.

2. «Кім жылдам» берілген мәтіннен сілтеу есімдіктерді тапқызу. Нешеу екенін санату.


  1. Жекелей жұмыс. Жұмбақтаркезеңі. Жұмбақтардан сілтеу есімдігін табу, түрлерін ажырату. «СМС» әдісі . 3 мин.

1. Жеп көріп ем өзін мен

Жас шығарды көзімнен. (пияз)

2. Мен әдемі моншақпын,

Ірі емеспін, ұсақпын

Мойнына ешкім таға алмас,

Мендей мөлдір таба алмас.(шық)

3. Ол күнді күзетеді,

Күн оны күзетеді.(күнбағыс)

4. Ол келсе, орман шулайды,

Толқып теңіз тулайды.

Қуса өзін қуады,

Ешкім оны қумайды. (Жел)

5. Өзін көзің көрмейді,

Барлық тілде сөйлейді.

Сен мен десең, мен дейді,

Сен кел десең, келмейді (Жаңғырық)

6. Жарық қылып қос тоғайдың етегін

Айтшы, ол не екенін. (көз)

7. Бұл не деген шебер еді,

Ормандағы ағаштарды

Тұмсығымен шегеледі (тоқылдақ)

8.Биікте ұшып жүреді,

Елік, қоянға бүреді.

Қия таста ұясы,

Бұл құсты кім біледі? (Бүркіт)


  1. Сергіту сәті. 2 мин

  2. Жылан-балық ертегісін көрсету. «Хикая картасын» құрғызу.

  1. мин.

  1. «Толық ай» әдісі. Бір топқа жіктеу, келесіге сілтеу есімдігін беріп, оларға сипаттама бергізу. Айды толтыру. 4 мин.

  2. Есімдіктерді септе. 3 мин.


І топ. ІІ топ.

Осы - Бұл –





Сабақты қорытындылау.

3 мин.



Есімдіктердің түрлеріне қарай ажыратыңыз.

Мысалдар

Жіктеу есімдігі

Сілтеу есімдігі


1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

Олар

Мыналар

Біздің

Бұлардың

Әне

Сені

Осынау

Оны

Сіздер

Маған

Міне

Сонау




Логикалық ойындар жүргізу

Бұл қай есімдіктер?


1. Етікші аспабының бірімен ұқсас есімдіктің қай түрі?

(Біз – жіктеу есімдігі)

2. Жақтас жалғауға жіктеле қояды, жақтас емесіне жоламай қояды.

(Мен, сен)

3. Басқаның бәрін өзі сұрайды, өзінен ешкім сұрамайды.

(Сұрау есімдігі)

4. Біреулерді көрсетіп, нұсқап тұрады.

(Сілтеу)

Үй тапсырмасы .

1 мин.

Оқулықта берілген тапсырмаларды орындау. 133 бет. 1-тапсырма. «Синектика»

Үй тапсырмасын білу, түртіп алу

 Бағалау. 1 мин.

Бағалау парақшаларын үлестіру

«Бес саусақ» әдісі

Өзін өзі бағалау

Бес саусаққа сабақтан алған әсерлерін жазады.

Кері байланыс.

2 мин.

 











Получите свидетельство о публикации сразу после загрузки работы



Получите бесплатно свидетельство о публикации сразу после добавления разработки


Серия олимпиад «Осень 2024»



Комплекты учителю



Качественные видеоуроки, тесты и практикумы для вашей удобной работы

Подробнее

Вебинары для учителей



Бесплатное участие и возможность получить свидетельство об участии в вебинаре.


Подробнее