«Зима 2025»

Ә.Тәжібаев «Сырдария»

- Ә.Тәжібаевтың өмірі және шығармашылығымен танысу;

- «Сырдария» өлеңінің тақырыбы мен идеясын анықтау;

- ақынның өзінің туған жеріне деген сүйіспеншілігін дәріптеу;

- өлеңнің көркемдік ерекшелігін талдау.

Барлық оқушылар:Ә.Тәжібаевтың өмірі мен шығармашылығы туралы негізгі мәліметтерді біледі. Өлеңнің мазмұнын меңгереді, негізгі идеясын анықтай алады.

Оқушылардың басым бөлігі: өлеңге композициялық талдау жасай алады, көркемдік ерекшеліктерін таба алады,өз ойын еркін жеткізеді.

Кейбір оқушылар: өлеңдегі негізгі ойларды өмірмен байланыстыра алады, шығармашылықпен жұмыс жасайды.

«Мен саған сыйлағым келеді», «Құрақ құрау», «Сөзімді аяқта», «Аудиотаспа», «Сұрақтар иерархиясы», «Спираль», «Майшам ойға шақырады», «Мадақтау сэндвичі», «Аралдар»

Олимпиады: Русская литература 5 - 11 классы

Содержимое разработки



Қысқа мерзімді жоспар


Пән: Әдебиет

Сынып: 7 «а»

Пән мұғалімі: Кетикова Жазира Табылдиновна

Мерзімі:

Сабақтың тақырыбы:

Ә.Тәжібаев «Сырдария»

Сабақтың мақсаты:

- Ә.Тәжібаевтың өмірі және шығармашылығымен танысу;

- «Сырдария» өлеңінің тақырыбы мен идеясын анықтау;

- ақынның өзінің туған жеріне деген сүйіспеншілігін дәріптеу;

- өлеңнің көркемдік ерекшелігін талдау.

Күтілетін нәтиже:

Барлық оқушылар: Ә.Тәжібаевтың өмірі мен шығармашылығы туралы негізгі мәліметтерді біледі. Өлеңнің мазмұнын меңгереді, негізгі идеясын анықтай алады.

Оқушылардың басым бөлігі: өлеңге композициялық талдау жасай алады, көркемдік ерекшеліктерін таба алады, өз ойын еркін жеткізеді.

Кейбір оқушылар: өлеңдегі негізгі ойларды өмірмен байланыстыра алады, шығармашылықпен жұмыс жасайды.

Сабақтың әдіс-тәсілдері:

«Мен саған сыйлағым келеді», «Құрақ құрау», «Сөзімді аяқта», «Аудиотаспа», «Сұрақтар иерархиясы», «Спираль», «Майшам ойға шақырады», «Мадақтау сэндвичі», «Аралдар»

Көрнекілігі:

Сурет қиындылары, аудиотаспа, интербелсенді тақта, түсіндірмелі сөздік, майшамдар, аралдардың суреті

Пәнаралық байланыс:

қазақ тілі, география

Сілтеме:

Оқулық:

Сабақтың барысы

Сабақ кезеңдері

Уақыты

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушылардың іс-әрекеті

Модуль

Ұйымдастыру кезеңі














2 мин


«Мен саған ... сыйлағым келеді» әдісі арқылы ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру.


Оқушылар шеңберге тұрып, дене қимылдарын қолданып, бір-біріне «көзге көрінбейтін, қолға ұстауға келмейтін» сыйлықтар сыйлайды. Сыйлық алушы оның не екенін тауып алуы қажет.

КжБ


2 мин

«Құрақ құрау» әдісімен оқушыларды топтастыру. Үстел үстіне Сыдария өзенінің 2 түрлі суретінің қиындыларын орналастыру. Топ ережесін еске түсіру.

Оқушылар сурет қиындылары арқылы 2 топқа топтасады.

Топ басшысын, топ мүшелерін (спикер, тайм-кипер, хатшы, сыншы, бақылаушы) сайлайды.

КжБ

Үй тапсырмасын тексеру


3 мин



«Сөзімді аяқта» әдісі: интербелсенді тақтадан алдыңғы тақырыпқа байланысты аяқталмаған сөйлемдерді көрсету.

Оқушылар сөйлемдерді ауызша аяқтайды, қосымша сұрақтарға жауап береді.

АКТ, СТО

І. Білу




3 мин

«Жұмбақ әуен» әдісі: Р. Әлқожаның орындауындағы  «Сырдария» әнін тыңдату.

- Балалар, сендерге ән ұнады ма? Ән не туралы?

- Ол өзен еліміздің қай  өлкесінде?

- Туған жерге арналған тағы қандай әндер, өлеңдер білесіңдер?

- Бүгінгі тақырыбымыз қандай болады деп ойлайсыңдар?

- Сабаққа қандай мақсат қоямыз?

Оқушылар әнді тыңдайды, мұғалімнің сұрақтарына жауап береді. Жаңа тақырыпқа шығады, мақсаттарды айқындайды.

АКТ

ІІ. Түсіну




5 мин





«Спираль» әдісі: оқушыларға «Сырдария» өлеңін оқып шығып, негізгі идеяларды топта талқылау ұсынылады.

Оқушылар өлеңді оқып шығып, жаңа тақырыптың идеясын ашады, оны топ ішінде бір-біріне түсіндіреді.

ОжОЖТ

ІІІ. Қолдану






9 мин

«Сұрақтар иерархиясы» әдісі: топтарға парақшалар таратылады.

Оқушылар оқулықтағы мәліметтерді пайдалана отырып, Ә.Тәжібаевтың өмірі мен шығармашылығына байланысты сұрақтар құрастырады, оны басқа топқа жібереді. Басқа топ жауап жазады.

СТО

1 мин

Сергіту сәті «Ақбұлақ»

Оқушылар сергіту сәтін жасайды


IV. Талдау

10 мин

Деңгейлік тапсырмалар

С: «Сөз сыры» әдісі: мәтіннен түсініксіз сөздерді тауып, сөздіктің көмегімен мағынасын ашу.

В: «Талдау» әдісі: «Сырдария» өлеңіне сатылай кешенді талдау жасау.

А: «Сырлы қалам» әдісі:

«Сырдария» өлеңінің желісімен «Ертіс» тақырыбына өлең шығару.



- Оқушылар сөздікпен жұмыс жасайды.

- Оқушылар өлеңге сатылай кешенді талдау жасайды.

- Өз ойынан шағын өлең құрастырады.

ТжДБО,

ЖЕСО

V. Жинақтау



4 мин

«Майшам ойға шақырады» әдісі: әр топтың алдына майшамды қойып, жағу. Оқушыларға қауіпсіздік ережелерін ескерту.

Оқушылар майшам жанып тұрған уақытта «Туған жер – алтын бесік» тақырыбына ойтолғау жазады. Әр топтан 1-2 оқушы оқып береді.

СТО

VI. Бағалау

2 мин

«Мадақтау сэндвичі» әдісі

Оқушылар бірін бірі бағалайды: мадақтау – ұсыныс – мадақтау.

ОБжОҮБ

Кері байланыс

3 мин

«Аралдар» әдісі: тақтаға аралдардың суреті ілінеді.

Оқушылар стикерлерге өз аттарын жазып, таңдаған аралға жабыстырады. Себебін түсіндіреді.

ОБжОҮБ

Үй тапсырмасын беру

1 мин

Интербелсенді тақтаға үй тапсырмасы жазылады

Үй тапсырмасын жазып алады:

  1. Ә.Тәжібаевтың өмірі мен шығармашылығы жайлы қосымша мәліметтер қарастыру.

  2. «Сырдария» өлеңін жаттау.

  3. Қ.Ысқақовтың «Қоңыр күз еді» шығармасына шолу жасау.

ТжДБО, АКТ








Получите свидетельство о публикации сразу после загрузки работы



Получите бесплатно свидетельство о публикации сразу после добавления разработки


Серия олимпиад «Зима 2025»



Комплекты учителю



Качественные видеоуроки, тесты и практикумы для вашей удобной работы

Подробнее

Вебинары для учителей



Бесплатное участие и возможность получить свидетельство об участии в вебинаре.


Подробнее