«Зима 2025»

"Тіл - асыл қазынам" мақала

"Тіл - асыл қазынам" мақаласы. Мектепте тіл күндеріне орай өткізілген іс-шаралар туралы жазылған.

Олимпиады: Викторина "Родная речь моя, я так горжусь тобой" 1 - 11 классы

Содержимое разработки

«Тіл – асыл қазынам»


Өткен аптада, Қараоба орта мектебінде «Тіл күндері» шеңберінде жоспарланған іс-шаралар өткізіліп, қорытындысы шығарылды. Жоспарға сәйкес, 1-11 сынып оқушылары арасында «Мемлекеттік тіл – ел ертеңі» атты сынып сағаттары өткізілді. Аталмыш тақырыптағы сынып сағаты барлық сыныптарда жүргізілді. «Мемлекеттік тіл – ел ертеңі» сынып сағатының мақсаты – оқушыларды туған халқының тілін қастерлейтін саналы да парасатты азамат етіп тәрбиелеу болды.

Шағын орталық пен балабақша тәрбиеленушілері арасында аңыз-ертегі, батырлық жырлар бойынша қазақ тілінде мультфильмдер көрсетілді. Оның мақсаты жас тәрбиеленушілерді ерлікке, отансүйгіштікке тәрбиелеу болды. Шағын орталық пен балабақша тәрбиеленушілері қазақ халқының аңыз-ертегілері мен батырлар жырлары жайлы кеңірек мәлімет алды. Олар «Ер Төстік», «Алдар Көсе» секілді аңыз-ертегілерді бар қызығушылықпен сүйсініп тамашалады.

Оқушыларды өз ана тілінің қадір-қасиетін біліп, өз ана тілінің көркемдігін сезініп, сөз құдіретін түсініп, оның адам өміріндегі маңызын ұғуға үйрету, сондай-ақ, ана тіліне деген сүйіспеншілігін қалыптастырып, мемлекеттік тіл мәртебесін көтеруге атсалысуға шақыру мақсатында 5-9 сынып оқушылары арасында «Тіл – біздің тұтастығымыз» атты дөңгелек үстел өткізілді.

5-10 сынып оқушылары арасында мектепішілік Ыдырысов оқулары ұйымдастырылды. Сайыстың мақсаты: оқушыларды жергілікті ақын Қабдыкәрім Ыдырысовтың рухани мұрасына деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу, жас ұрпаққа тереңірек таныстыру және оқушыларды ақын шығармалары арқылы адамгершілікке баулу, отансүйгіш, ұлтжанды жеке тұлға қалыптастыру, ұлттық құндылықтарды бағалауға тәрбиелеу. Сайыс 4 бағыт бойынша өткізілді:

1. «Жүрегім сенде, туған жер» - Қабдыкәрім шығармашылығы бойынша мәнерлеп оқу сайысы.

2. «Келеді менің ән салғым» - Қабдыкәрімнің сөзіне жазылған әндерін орындаушылар сайысы.

3. «Жазылмаған жырларым...» жас дарындар сайысы.

4. «Жақсы адам өлмес болсайшы...» Қабдыкәрім Ыдырысов шығармашылығы бойынша эссе жазу.

Сайыстың қорытындысы бойынша, «Жүрегім сенде, туған жер» бағыты бойынша I орынға 4-сынып оқушысы Зекен Мөлдір ие болса, «Жазылмаған жырларым...» бағыты бойынша I орынға 8-сынып оқушысы Қабиден Ділнәз ие болды. «Жақсы адам өлмес болсайшы...» бағыты бойынша I орынға 8-сынып оқушысы Тоқтарова Жанель қол жеткізді. «Қиял көзі қияда» бағытында I орынды Кусаинова Аяулым мен Серікпай Әлия жеңіп алды.

«Тілдер күні» шеңберінде жоспарланған барлық іс-шаралар жоспарға сәйкес жүргізіліп, көзделген мақсат-міндеттер орындалды.

Халқымыздың бай тілін меңгеру, көркейту, қыр-сырын танып білу – әр азаматтың қолынан келетін дүние. Тіл – асыл қазынамыз. Сондықтан, тілді қорғап, қастерлеу, әрқайсымыздың міндетіміз, парызымыз екенін ұмытпайық, достар!




Калыкова Э.Т.

Қараоба орта мектебіні қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі





Получите свидетельство о публикации сразу после загрузки работы



Получите бесплатно свидетельство о публикации сразу после добавления разработки


Серия олимпиад «Зима 2025»



Комплекты учителю



Качественные видеоуроки, тесты и практикумы для вашей удобной работы

Подробнее

Вебинары для учителей



Бесплатное участие и возможность получить свидетельство об участии в вебинаре.


Подробнее