«Осень 2024»

Уақыттың бөлінуі және тәртіп сақтау. (11-сынып)

апоыкнонкнеунлеунлкелоооккеоооенвлннннннннннннннннннннннннннннннннннннннннннннннннннннннннннннннннннннннннннннннннннннннннннннннннннннннннннннннннннн

Олимпиады: Немецкий язык 2 - 11 классы

Содержимое разработки

«Бекітемін»

______________ ______________

Мектеп директоры



  1. Сабақтың тақырыбы: Уақыттың бөлінуі және тәртіп сақтау.



  1. Сабақтың мақсаты:Оқушыларды әскери бөлімнің күн тәртібімен таныстыру.



  1. Уақыты: 45 мин.

  2. Өткізілетін орны: 11 сынып, АӘД бөлмесі.



  1. Көрнекілік құралдар: АӘД оқулығы, әскери жарғы.



  1. Сабақтың барысы:

а) Ұйымдастыру кезеңі – 3 мин.

Взвод командирі оқушыларды сапқа тұрғызады, оқытушыға рапорт береді, амандасу, түгендеу, оқушылардың сырт көрінісін тексеру.

ә) Өтілген тақырыпты сұрау кезеңі – 9 мин.

  • Елді мекендерде әскери бөлімдерді орналастыру кезінде жүргізілетін іс-шаралар туралы айтыңдар.

  • Елді мекендерде әскери бөлімдерді орналастыру кезінде әскери қызметшілерге қандай талаптар қойылады?

  • Өрт пайда болған кезде әскери қызметші не істеуі керек?

  • Әскери қызметшінің қоршаған ортаны қорғау жөніндегі міндеттерін айтыңдар.

б) Негізгі бөлім – 23мин.

Жалпы әскери жарғының әскери бөлімдердегі уақыттың бөлінуіне қоятын талаптары. Әскери бөлімнің күн тәртібі. Әскери бөлімнің күн тәртібінде қарастырылатын іс-шаралары.

Уақыттың бөлінуі және тәртіп сақтау.

Әскери бөлімдегі уақыттың бөлінуі оның тұрақты жауынгерлік даярлығы қамтамасыз етілетіндей және жеке құрамның жауынгерлік оқуын ұйымдасқан түрде өткізу, тәртіп сақтау, әскери тәртіп пен әскери қызметшілердің тәрбиесін, олардың мәдени деңгейін арттыру , жан-жақты тұрмыстық қызмет көрсету, уақтылы демалу мен тамақ ішу үшін жағдайлар жасалатындай етіп жүзеге асырылады.

Әскери бөлімнің күн тәртібі уақыт бойынша күнделікті қызметтің, бөлімшелер жеке құрамының және әскери бөлім штабының оқуы мен тұрмысының негізгі іс-шараларын айқындайды.

Күн тәртібі мен қызмет уақытының регламенті ҚК-дің түрі және әскерлердің тегі, әскери бөлімнің алдына қойылған тапсырмалар, жылдың уақыты және жергілікті климаттық жағдайлар ескеріле отырып, әскери бөлім командирінің немесе жоғарыда тұрған штабтың бұйрығымен белгіленеді.

Әскери қызметшілердің күн тәртібінде жеке құрамды ұйқыдан тұрғызуды жүзеге асыруға, таңертеңгі дене шынықтыруын жүргізуге, таңертеңгі және кешкі туалетке, таңертеңгі қарауға, оқу дәрістері мен оларға дайындыққа, арнайы киімді ауыстыруға, тамақ ішер алдында аяқ киімді тазалауға және қолды жууға, тамақ ішуге, қару-жарақ пен әскери техниканы күтіп ұстауға, тәрбие, мәдени демалыс уақытына және спорт, бұқаралық жұмысқа, жеке құрамды ақпараттандыруға, радио тыңдауға, телебағдарламаларды көруге, діни ғұрыптарды жасауға, медициналық пункттерде ауруларды қабылдауға, әскери қызметшілердің жеке мұқтаждықтарына (2сағ), кешкі сейілдеуге, тексерулерге арналған уақыт және ұйқыға арналған 8 сағат уақыт көзделуі тиіс.

Тамақ ішудің арасындағы аралықтар 7 сағаттан аспауы тиіс.

Түскі тамақтан кейін 30минут бойы дәрістер мен жұмыстар жүргізілмеуі тиіс.

Әскери бөлімде әрбір аптада қару-жараққа және басқа да техника мен оқ-дәрілерге қарау, парктер мен оқу-материалдық базаның обьектілерін толықтыра жабдықтау және жайластыру, әскери қалашықтар мен басқа да жұмыстарды тәртіпке келтіру мақсатында парк-шаруашылық күні жүргізіледі. Бұл күні, әдетте, барлық үй-жайларды жинап-тазалау, сондай-ақ жеке құрамның моншада жуынуы жүргізіледі.

Демалыс және мерекелік күндері жауынгерлік кезекшілікті және тәуліктік нарядтағы қызметті атқарушыдан басқа, бүкіл жеке құрам үшін демалыс күндері болып табылады.

Ұйқыдан тұру, таңертеңгі қарау және кешкі тексеру.

Рота бойынша кезекші таңертең «Ұйқыдан тұрыңдар!» деген дабыл бойынша ротаны түгел ұйқыдан тұрғызады.

Ұйқыдан тұрған соң таңертеңгі дене шынықтыру жаттығуы, үй-жайларды және аумақты жинап-тазалау, төсекті жинау, таңертеңгі жуынып-шайыну және таңертеңгі қарау жүргізіледі.

Рота бойынша кезекшінің: «Рота, таңертеңгі қарауға-сапқа тұр!» деген пәрмені бойынша таңертеңгі қарау үшін взвод командирлерінің орынбасарлары (бөлімше командирлері) өздерінің бөлімшелерін тағайындалған жерге сапқа тұрғызады; рота кезекшісі ротаны сапқа тұрғызып, сержантқа ротаның қарауға дайын екендігі туралы баяндайды.

Таңертеңгі қарауларда адамдардың бар-жоқтығы, олардың сыртқы түрі және олардың жеке басының гигиенасын сақтауы тексеріледі. Медициналық көмекке мұқтаждарды рота бойынша кезекші бөлімнің медициналық пунктіне жіберу үшін сырқаттанғандарды тіркеу кітабына жазады.

Таңертеңгі қарау барысында бөлімше командирлері табылған кемшіліктерді жоюды бұйырады, олардың жоюы тексеріледі және қараудың нәтижесі бойынша взвод командирлерінің орынбасарларына, соңғылары рота сержантына баяндайды.

Кешкі тексерудің алдында рота сержантының немесе взвод командирінің басшылығымен кешкі сейіл жүргізіледі. Кешкі сейіл уақытында саптық әндер орындалады. Сейілден кейін рота бойынша кезекшінің: «Рота, кешкі тексеруге сапқа тұр!» –деген пәрмені бойынша взвод командирлерінің орынбасарлары (бөлімше командирлері) өздерінің бөлімшелерін тексеруге сапқа тұрғызады. Рота бойынша кезекші ротаны сапқа тұрғызып, рота сержантына немесе оның орнындағы адамға ротаның кешкі тесеруге тұрғандығы туралы баяндайды.

Ротаның сержанты немесе оның орнындағы адам: «Тіктел!» – деген пәрмен беріп, тексеруге кіріседі. Ротаның сержанты ротаның жеке құрамын атаулы тізім бойынша тексереді. Өзінің тегін естігенде әрқайсысы: «Мен!» – деп жауап береді, болмағандар үшін бөлімше командирлері жауап береді.

Тексеру аяқталған соң рота сержанты: «Еркін тұр!» – деген пәрмен береді, барлық әскери қызметшілерге тиіс бұйрықтар мен нұсқауларды, келесі күнге арналған нарядты жариялайды және жауынгерлік дайындық пен өрт жағдайындағы жауынгерлік есепке алуды жүргізеді, взвод командирлерінің орынбасарлары келесі күнге арналған жинап-тазалаушыларды тағайындайды. Белгіленген сағатта: «Тоқтатыңдар!» – деген белгі беріледі, кезекші жарық қосады және толық тыныштық орнайды.

Оқу сабақтары.

Оқу дәрістері мен оқу жаттығуларына бүкіл құрам қатысуы тиіс. Дәрістерден тәуліктік нарядтағы және бөлім бойынша бұйрықпен көзделген жұмыстағы нарядтағы адамдар, сондай-ақ мереке немесе демалыс күнінде қызмет атқарғаны үшін өтеу тәртібінде демалыс күні берілген әскери қызметшілер ғана босатылады. Даладағы дәрістерден босатылған әскери қызметшілер үшін рота командирінің бұйрығымен дәрістер сыныпта жүргізіледі.

Дәрістер күн тәртібінде белгіленген сағаттарда белгі бойынша басталады және аяқталады.

Әскери бөлімнің орналасқан жерінен сайілге шығу.

Әскери қызметшілердің гарнизонның шегінен тысқары сейілге шығуы әскери бөлім командирінің рұқсатымен аптасына бір рет жүзеге асырылады. Әскери қызметшілердің 30пайыздан астамы бір мезгілде сейілге жіберіле алмайды.

Әскери қызметшілер сейілдемеге әскери антты қабылдаған соң ғана жіберіледі.

Сейілдемеге 24 сағатқа дейін, демалыс және мереке күндері кешкі тексеруге дейін рұқсат етіледі.

Сейілге шығушы әскери қызметшілерде әскери билет пен сейілге шығу жазбасы болуы тиіс.

Сейілден соң әскери қызметші бөлім бойынша кезекшіге келеді және оған келгені туралы баяндайды. Бөлім бойынша кезекші сейілге шығу кітабына келген уақыты туралы белгі соғады. Сосын олар рота бойынша кезекшіге барады, оған сейіл жазбаларын өткізеді және өзінің тікелей бастығына баяндайды. Мысалы: «Сержант мырза! Қатардағы Асанов сейілдеуден келді. Сейілдеу уақытында ескертпелер алған жоқпын».

Әскери қызметшілерге келу.

Әскери қызметшілерге олардың отбасы мүшелері мен басқа адамдардың келуіне рота командирі дәріс уақытынан бос уақытта рұқсат етеді. Бұл үшін әскери бөлімде келушілерге арнайы бөлме бөлінген.

Әскери қызметшілерге келуге тілек білдірген адамдар келушілердің бөлмесіне әскери бөлім бойынша кезекшінің рұқсатымен жіберіледі.

Спиртті ішімдіктері, асірткілік заттары бар немесе масаң күйдегі келушілердің әскери қызметшілерге кездесуіне жол берілмейді. Казармаларда және басқа үй-жайларда бөгде адамның түнеуіне рұқсат етілмейді.

в) Қорытынды бөлім – 10 мин.

Сұрақтар мен тапсырмалар:

  • Әскери бөлімдердегі уақыт бөлінісіне қандай талаптар қойылады?

  • Әскери бөлімнің күн тәртібі дегеніміз не?

  • Күн тәртібінде не қарастырылады?

  • Ұйқыдан тұру, таңертеңгілік қарау мен кешкі тексеру қалай жүргізіледі?

  • Оқу сабақтарын өткізу туралы айтыңдар.

  • Әскери қызметшілерге әскери бөлім оналасқан жерден шығып сейілдеуіне қандай талаптар қойылады.

  • Әскери қызметшіге отбасы мүшелері мен басқа да адамдардың келуін ұйымдастыру мен өткізу туралы айтыңдар.



Бастапқы әскери даярлық пәнінің

ұйымдастырушы оқытушысы: _____________ ______________





Получите свидетельство о публикации сразу после загрузки работы



Получите бесплатно свидетельство о публикации сразу после добавления разработки


Серия олимпиад «Осень 2024»



Комплекты учителю



Качественные видеоуроки, тесты и практикумы для вашей удобной работы

Подробнее

Вебинары для учителей



Бесплатное участие и возможность получить свидетельство об участии в вебинаре.


Подробнее