«Зима 2025»

Уроки самопознания

Өзін-өзі тану пәнінен 3 сыныпқа арналған сабақ жоспары

Олимпиады: Окружающий мир 1 - 4 классы

Содержимое разработки

Өзін-өзі тану пәнінің сабақ жоспары

Мектеп: Ақпан батыр атындағы №10 жалпы орта мектеп

Мерзімі:

Мұғалім: Кожантаева Салтанат Жузумхановна

Сынып _3_, Оқушылар саны: _______

Сабақтың тақырыбы: Жылы жүрек-жақсы тілек. _17_ сабақ

Құндылық: Қиянат жасамау. Қасиеттер: әрқашан көмектесу, ешқашан зиян келтірмеу, ешкімді ренжітпеу, топпен жұмыс істеу, бірлік т.б


Сабақтың мақсаты: Қиянат жасамаудың құндылық ретіндегі мәнін ашу

Сабақтың міндеттері:

Білімділік: оқушыларды бірлікте, топпен жұмыс істеуге үйрету.

Дамытушылық: оқушылар бойында ешкімді ренжітпеу қасиетін дамыту.

Тәрбиелік: оқушыларды әрқашан көмектесуге, ешқашан зиян келтірмеуге тәрбиелеу.

Ресурстар:

(құралдар, мәлiметтер)

оқулық, жұмыс

дәптер, бейнежазба

Сабақтың барысы:

Ұйымдастыру кезеңі. Сәлемдесу. Оқу құралдарына назар аудару. 5Т ережесін еске түсіру.

Тыныштық сәті. Нұрға бөлену

Ыңғайланып отырыңыздар, денелеріңізді түзу ұстаңыздар. Аяқ-қолыңызды айқастырмаңыз. Қолыңызды тізеңізге немесе үстелге қоюға болады. Көздеріңізді жұмуларыңызды өтінемін.

Елестетіп көріңіз: Күн нұры сіздің төбеңізден өтіп, кеудеңізге қарай бойлап барады. Кеудеңіздің орта тұсында гүл түйнегі орналасқан. Гүлдің түйнегі нұрдан баяу ашылып келеді. Балғын және таза әсем гүл сіздің әр ойыңызды, әр сезіміңізді, эмоцияңсыз бен тілек-қалауыңызды шайып, жүрегіңіздің қауызын ашты.

Нұр сәулесі сіздің бойыңызға ақырын тарай бастағанын елестетіңіз. Ол біртіндеп күшейе түсуде. Оймен осы нұрды қолдарыңызға түсіріңіз. Сіздің қолдарыңыз нұрға бөленіп, сәуле шашуда. Қолымыз тек жақсы, ізгі істер істейді және баршаға көмектеседі. Нұр аяқтарыңызға тарады. Аяқтарыңыз нұр сәулесін шашуда. Олар сізді тек жақсылық жасау үшін жақсы жерлерге апарады. Олар нұр мен махаббат құралына айналды.

Одан әрі нұр сіздің аузыңызға, тіліңізге тарады. Тіліңіз тек шындықты және жақсы, ізгі сөздер ғана айтады. Нұрды құлақтарыңызға бағыттаңыз, құлақтарыңыз тек жақсы сөз бен әсем әуен естиді. Нұр көздерімізге де жетті, көзіміз тек жақсыға қарап, бәрінен жақсылықты ғана көреді. Сіздің басыңыз түгелдей нұрға бөленіп, басыңызға тек ізгі, сәулелі ой келеді.

Нұр бірте-бірте қарқындап, шұғылана бастайды, сіздің денеңізден шығып, жан-жағыңызға сәуле шашады. Осы нұрды туысқандарыңызға, мұғалімдеріңізге, достарыңызға, таныстарыңызға бағыттаңыз. Нұрды уақытша түсініспей, ренжісіп жүрген адамдарға да бағыттаңыз, олардың да жүрегі нұрға толсын.

Осы нұр бүкіл әлемге: барлық адамдарға, жан-жануарларға, өсімдіктерге, барлық тірі жанға таралсын... ғаламның барлық түкпір-түкпіріне нұр бағыттаңыз. Ойша айтыңыз: «Мен Нұр ішіндемін... Нұр менің ішімде... Мен Нұрмын».

Осындай Нұр, Махаббат және Тыныштық күйінде отыра тұрыңыз...

Енді осы Нұрды жүрегіңізге орналастырыңыз. Нұрға толы бүкіл әлем сіздің жүрегіңізде. Оны осындай әсем қалыпта сақтаңыз.

Жайымен көзіңізді ашуға болады. Рахмет!

5 «Т»

Тәртіп, Талап, Тазалық, Тыныштық, Татулық


Үй тапсырмасын тексеру:

  1. Жалпыадамзаттық құндылықтар туралы әңгімелер, ертегілер оқу.

  2. Оқулықта 78-бет Е.Шайқыұлы «Жақсы ата» әңгімесін оқып келу.

  3. Дәптерден 33- бет тапсырманы орындау.


Дәйексөз:

«Жақсы сөз – жан жылытар». Халық мақалы

  • Нақыл сөздің мағынасын қалай түсінесіңдер?

  • Адамдарға жылы жүрекпен жақсы тілек тілеген сәтте қандай сезімде болдыңдар?

  • Ал өздеріңе жылы сөз айтып, жақсы тілек тілеген кезде қандай сезімге бөленесіңдер?

(дәйексөзді бірнеше рет айтқызу, жұмыс дәптеріне жазғызу, оқушылар жауаптарын тыңдау, қорытынды жасаймыз).

  • Дос адамдар бір-біріне қашанда тілеулес, көмекші. Досыңа әрдайым тілектестік білдіріп, оның айтқан сөзін, істеген ісін қолдап, қажет кезінде өз көмегіңді көрсетіп жүргенің дұрыс болады. Адалдық, сенім нағыз достарға тән қасиет.


Оқиғаларды әңгімелеу (сұхбат) А.В.Сухомлинский Ғажайып шипа

«Көктем келді. Петрик сырқаттанып қалды. Біз бүкіл сынып болып тоғайға бардық. Бізді көгілдір аспан да, алғашқы бәйшешектер де қызықтырады». «Ал Петрик болса бәйшешектерді көрмейтін болды...» - дейді Оленка уайымдап. «Петрикке гүл апарып берейік» - деген ой енді оқушылардың өз бастарына келді. «бірақ бәйшешек бір күннен соң солып қалады ғой», - деді Андрейка. Сол кезде әлдебіреудің басына: бәйшешекті қазып алып, оны Петрикке топырағымен, тамырымен апарайық,-деген ой келеді. Солай еттік. Өсімдікті Петриктің бөлмесінің терезесінің сыртына отырғыздық. Көктем гүліне қарап, Петрик тез жазыл! Петрикте дене және рухани денсаулықтың қайнар бұлағы, еш нәрсемен салыстыруға болмайтын ғажайып шипа – шаттық пайда болды».

  • Петрикке балалар қандай сый жасады?

  • Жылы сөз, жақсы қарым-қатынас, жақсы тілек тілеген балалардың әрекетін қалай бағалауға болады?

Шығармашылық іс-әрекет, топтық жұмыс.

«Жылы жүректен шыққан жақсы тілектер күнделігі»

Күн сайын өзіңнің өзгеге, айналаңа жасаған жақсы істерің мен олардың саған көрсеткен жақсылықтары мен айтқан жылы сөздерін, тілектерін ортаға салып, баршаға ортақ тілектер легін жазу. Оқушылар ортаға шығып, өздерінің айналасына айтар тілектерін іс-қимылмен көрсетеді.

Топпен ән айту. Жан досым

әні мен сөзі: Тұманбай Молдағалиев және Сейдолла Бәйтерековтікі


Іздегенде табылатын қасыңнан

Көңілі бар қызғалдақтай ашылған

Көріспесек сағыныштан жүдейтін

Кім бар жақын бала күнгі досыңнан


Қайырмасы:


Жан досым, үстем болсын мерейің

Әрқашан жеңісіңді көрейін

Сырымыз да бітпесін

Жырымыз да бітпесін.


Үй тапсырмасы.

  1. Жалпыадамзаттық құндылықтар туралы әңгімелер, ертегілер оқу.

  2. Келесі №18 сабақ. Оқулықта 81-бет Е.Өтетілеуов «Ұқыптылық» әңгімесін оқып келу.

  3. Дәптерден 35- бет тапсырманы орындау.


Сабақтың соңғы тыныштық сәті.

Баяу музыка қойылады. (- балалар, денелеріңді түзу ұстап, бастарыңды жоғары көтеріп, ыңғайланып отырыңдар. Көздеріңді жұмсаңдар да болады. Ауаны терең жұтып, еркін тыныс алыңдар, өздеріңнің тыныс алуларыңды бақылап, бақытқа, махаббат пен тыныштыққа толы таза, шипалы ауаның тұла бойларыңа толғанын сезініңдер). Осы сабақта үйренген жақсы қасиеттеріңді жүрек түкпіріне сақтайық.

Қиянат жасамау, Қиянат жасамау, Қиянат жасамау, Қиянат жасамау бар жерде.

Қиянат жасамау, Қиянат жасамау, Қиянат жасамау, Қиянат жасамау бүкіл әлемде.



_________________


Получите свидетельство о публикации сразу после загрузки работы



Получите бесплатно свидетельство о публикации сразу после добавления разработки


Серия олимпиад «Зима 2025»



Комплекты учителю



Качественные видеоуроки, тесты и практикумы для вашей удобной работы

Подробнее

Вебинары для учителей



Бесплатное участие и возможность получить свидетельство об участии в вебинаре.


Подробнее