«Зима 2025»

Үстеуден өткенді қайталау.

Урок по теме наречия, где учитель в доступной и интересной форме доносит до учащихся тему урока.

Олимпиады: Русская литература 5 - 11 классы

Содержимое разработки

Үстеуден өткенді қайталау

Х.Е.Жумагалиева

А.Тайманов атындағы №34 мектеп-гимназиясының

қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі

Сабақтың тақырыбы:

Үстеуден өткенді қайталау

Жалпы мақсат:

Үстеу тақырыбы бойынша топтық тапсырмалар арқылы білімдерін пысықтау. Сауаттылығын арттыру.

Сілтеме:

1. Практикалық қазақ тілі. Авторы: Н.А.Оразахынова

2. 6-сыныпқа арналған қазақ тілі оқулығы. Авторлары: С.Исаев, Ж.Даулетбекова «Атамұра» Алматы, 2015ж.

Күтілетін нәтиже:

Үстеу туралы білімін пысықтайды, толыққанды талдайды. Сатылай кешенді талдау дағдысы шыңдалады.

Сабақта қолданылатын материалдар:

1.Постер, маркер, стикер, смайликтер

Оқыту әдістері:

Оқытудағы жаңа әдістер

СТО

Дарынды және талантты балалармен жұмыс

Көшбасшылық

АКТ

Оқуды және оқыту үшін бағалау

Жас ерекшелігіне байланысты оқыту

1.Диалогтік оқыту

2.Жеке жұмыс

3.Топтық жұмыс

Дереккөздер:

Ш.Бектұров «Қазақ тілі», «Қазақ тілі мен әдебиеті» журналы

Абайдың өлеңдер жинағы

Сабақ бойынша мұғалім мен оқушының іс-әрекеті


Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

І.Оқушыларға психологиялық жағымды ахуал туғызу

Тренинг

Мейірімді жүрекпен – жүректерін ұстайды

Ақ пейілді тілекпен – қолдарын көтереді

Амандасып алайық – бір-бірінің қолынан ұстайды

Бір жадырап қалайық – бір-біріне күлімдейді

Еңбек етіп ерінбей,

Жақсы баға алайық! – бас бармақтарын көрсетеді.

Топқа бөлу


Қимылдарды қайталайды.

ІІ.Қызығушылықты ояту

Ой шақыру үшін берілген сұрақтар:

  • Үстеудің осыған дейінгі өткен сөз таптарынан ерекшелігі неде?

  • Осыған дейінгі өткен сөз таптарына ұқсастығы бар ма?

Берілген сұраққа жеке жауап береді.

ІІІ.Мағынаны тану

Тақырыпты ашу мақсатына берілетін

І тапсырма:

1-топқа: Тұлғасына қарай түрлері, туынды үстеулердің жасалу жолдары

2-топқа: Құрамына қарай түрлері, күрделі үстеулердің жасалуы

3-топқа: Мағыналық түрлері

ІІ тапсырма: Абай өлеңдерінен үстеулерді табу, олардың біріне сатылай кешенді талдау жүргізу

1-топқа:

Жазғытұры қалмайды қыстың сызы,

Масатыдай құлпырар жердің жүзі.

Жан-жануар, адамзат анталаса,

Ата-анадай елжірер күннің көзі.

2-топқа:

Ғылым таппай мақтанба,

Орын таппай баптанба.

Құмарланып шаттанба,

Ойнап босқа күлуге.

3-топқа:

Жоғары-төмен үйрек, қаз,

Ұшып тұрса сымпылдап.



Тапсырманы топ болып орындайды, қорғайды.

Топтар бір-бірін смайликтер арқылы бағалайды.





1-топ диалог түрінде орындайды.




2,3-топ қорғаулары арқан тартыспақ ойыны түрінде өтеді.

Сергіту сәті

Алдыңғы күні – жұма, 3 наурыз

Бұрнағы күні – сенбі, 4 наурыз

Кеше – жексенбі, 5 наурыз

Бүгін – дүйсенбі, 6 наурыз

Ертең – сейсенбі, 7 наурыз

Бүрсігүні – сәрсенбі, 8 наурыз

Арғы күні – бейсенбі, 9 наурыз

Берілген үстеулерге сәйкес апта күндері мен күн жадын жазу


ІІІ тапсырма:

1-топқа:

Берілген үстеулерден өзара антоним үстеулерді табу.

2-топқа:

Берілген үстеулерден өзара синоним үстеулерді табу.

3-топқа:

Үстеулерді мағыналық түрлеріне қарай сәйкестендіру


Топ болып орындайды.

ІV. Қорытындылау

  • Күнделікті өмірде үстеулердің маңызы бар ма? Жиі қолданамыз ба? Олар не үшін керек?

Әркім өз ойын айтады.

V.Рефлексия

«Бұлттар» әдісі бойынша:

  • Маған бәрі түсінікті;

  • Тақырыпқа сұрақтарым бар;

  • Түсінбедім.

Стикерге есімдерін жазып, таңдаған бұлттарына жапсырады.

















Получите свидетельство о публикации сразу после загрузки работы



Получите бесплатно свидетельство о публикации сразу после добавления разработки


Серия олимпиад «Зима 2025»



Комплекты учителю



Качественные видеоуроки, тесты и практикумы для вашей удобной работы

Подробнее

Вебинары для учителей



Бесплатное участие и возможность получить свидетельство об участии в вебинаре.


Подробнее