«Зима 2025»

Вегетативті жүйке жүйесі 8 сынып

Вегетативті жүйке жүйесі құрылысы мен қызметі туралы түсінік беру, білімді меңгеру сапасын бақылау, жаңа терминдер мен ұғымдарды меңгеру деңгейін дамыту және вегетативті жүйке жүйесі қызметімен таныса отырып, адам ағзасы тіршілігінде жүйке жүйесінің гигиенасын сақтаудың аса маңыздылығын ұғындыру.

Олимпиады: Биология 5 - 11 классы

Содержимое разработки

Сабақ :

Биология

Мектеп:


«Т.Рысқұлов атындағы орта мектебі және мектеп жанындағы интернатымен» КММ

Тақырыбы:

Вегетативті жүйке жүйесі, оның бөлімдері.

Күні : 07.11.2016

Мұғалім есімі: Манапова Канымкул Боранбековна

Сынып:

Қатысқандар саны

қатыспағандар саны

Сабақ негізделген оқу мақсаты


Вегетативті жүйке жүйесі құрылысы мен қызметі туралы түсінік беру, білімді меңгеру сапасын бақылау, жаңа терминдер мен ұғымдарды меңгеру деңгейін дамыту және вегетативті жүйке жүйесі қызметімен таныса отырып, адам ағзасы тіршілігінде жүйке жүйесінің гигиенасын сақтаудың аса маңыздылығын ұғындыру.

Оқу нәтижелері

Барлық оқушылар

  • вегетативті жүйке жүйесі бөлімдерін сипаттай алады;

Оқушылардың басым бөлігі

  • мәтін бойынша жұмыс жасауға дағдыланады

Кейбір оқушылар

  • тапсырманы өз беттерінше орындауға үйренеді

Алдыңғы оқу

§15. Жұмыс дәптерін тексеру.

Жоспар

Жоспарланған уақыт

Жоспарланған жаттығулар


Басталуы

1.Ұйымдастыру кезеңі



2.Қызығушылықты ояту

Сәлемдесу, отырғызу, оқушыларды түгендеу, сынып бөлмесінің және оқушылардың санитарлық-гигиеналық жағдайларына назар аудару және зейіндерін бір ортаға жинақтау. Оқушыларға психологиялық ахуал туғызу. Бір-біріне ыстық лебіздерін білдіреді. (шаттық шеңбері)

2. Сәйкесін тап. Үлкен ми сыңарлары қыртысының сенсорлық аймақтарының қызметі:


Аймақ атаулары

Қызметі

1. Көру аймағы.

2. Есту аймағы.

3. Иіс сезу және дәм сезу орталығы.

4. Тері-бұлшық ет сезімі аймағы.

5.Қимыл-қозғалыс аймағы.

6. Ассоциациялық аймақ.

а) маңдай бөлігінің алдыңғы орталық иірімі;

ә) төбе бөлігінің артқы орталық иірімі;

б) шүйде бөлігі;

в) төбе бөлігі;

г) самай бөлігі;

ғ) самай және маңдай бөлігінің ішкі беті.



















Мадақтау (3шапалақ)

Ортасы

Мағынаны тану





























































Ой қорыту

Оқулықтағы мәтінмен жұмыс. Әр топ өзіне берілген тақырыпшаларды оқып, ойларын ортада талдайды.

Вегетативті (автономды) жүйке жүйесінің іс-әрекеті еріксіз, санасыз жүзеге асырылады және адам еркімен басқарылмайды. Адамның қалауы бойынша ас қорытуды жылдамдатуға, жүрек жұмысын баяулатуға, тамырлар арнасын кеңейтуге немесе тарылтуға, тер бөлуді тоқтатуға және т.б. болмайды. Вегетативті жүйке жүйесі тамырлар мен ішкі мүшелердің бірыңғай салалы бұлшық ет ұлпасының қызметін қамтамасыз етеді.

Вегетативті жүйке жүйесі симпатикалық және парасимпатикалық бөлімдерге бөлінеді. Олар мүшелерге қарама карсы әрекет етеді. Мысалы, егер симпатикалык бөлім жүрек іс-әрекетін қоздырса, парасимпатикалық бөлім баяулатады. Симпатикалық бөлім ішектің жұмысын тежейді, ал парасимпатикалық жүйе қоздырады. Симпатикалық және парасимпатикалық бөлімдерде орталық және шеткі бөліктер бар. Симпатикалық бөлімнің бірінші нейрондарының денесі жұлынның ұзына бойында орналасып, вегетативті ядролар түзеді. Ядролардан тарайтын талшықтар омыртқа жотасы бойында орталық жүйке жүйесінен тыс симпатикалыкқ жүйке түйіндерін түзеді. Осы түйіндерден талшықтар барлық ішкі мүшелерге, теріге, қан тамырларына, тер бездеріне, сезім мүшелеріне таралады. Мүшелерге қозу ұзын өткізгіш жол арқылы өтеді. Парасимпатикалық ядролар ортаңғы, сопақша ми бөлімдерінде және жұлынның сегізкөз бөлімінде орналасады. Жүйке талшықтары сопақша ми ядроларынан кезбе жүйке құрамына кіреді. Парасимпатикалық ядролар орталық жүйке жүйесінен тыс, мүшелерге жақын түзіледі және олардың талшықтары жүйке импульсін ішкі мүшелерге, теріге, қан тамырларына, тер бездеріне, сезім мүшелерге береді.

Симпатикалык бөлім:

а) қан тамырларын тарылтуға байланысты қан қысымын көтереді;

ә) көз қарашығының ұлғаюына әсер етеді;

б) жылу беруді жоғарылатады;

в) жүректің жиырылу мөлшерін арттырады;

г) ас қорыту мүшелерінің іс-әрекетін тежейді;

ғ) қуықтың бірыңғай салалы бұлшық ет ұлпасын босаңсытады.

Вегетативті жүйке жүйесінің симпатикалық және парасимпатикалық бөлімдері әрекеті


Мүше немесе жүйке

парасимпатикалық

симпатикалық

Мидың тамыры

тарылады

кеңейеді

Көз қарашығы

тарылады

кеңейеді

Сілекей безі



Шеткі артерия тамырлары

тарылады

кеңейеді

Ауа тамырлары

тарылады

кеңейеді

Жүректің жиырылуы

баяулайды

жылдамдайды,

күшейеді

Тердің бөлінуі

азаяды

көбейеді

Асқазан

Қозғалыс белсенділігі күшейеді

Қозғалыс белсенділігі

баяулайды

Бүйрек үсті безі

гормон бөліну азаяды

Гормон бөліну күшейеді

Қуық

жиырылады

босаңсиды



«Ыстық орындық» әдісімен жаңа тақырыпты қорыту. Оқушылар сұрақтарға жауап бере отырып, жаңа сабақтан алған түсініктерін пысықтайды. Мысалы:

1.Вегетативті жүйке жүйесінің симпатикалық бөлімінің алғашқы нейрондарының денелері қайда орналасқан?

2. Олар жүйке түйіндерін қайда түзеді?

3. Жұлынның қандай бөлімдерінде парасимпатикалық бөлімнің алғашқы нейрондарының денелері орналасқан?

4. Олар жүйке түйіндерін қайда түзеді?

Бағдаршам

арқылы

бағалау


















































Күлегештер арқылы бағалау









Аяқталуы

Рефлексия

Үйге тапсырма

Б-Б-Б кестесін толтыру. Оқушылар сабақтан алған әсерімен бөлісу үшін ойларын ортаға салады.

§16. Вегетативті жүйке жүйесі, оның бөлімдері. 58-60 беттер. Тақырып соңындағы тапсырмаларды орындау

Бағалау парақшасы

Қосымша ақпарат Интернет желісі. Биолог анықтамалығы журналы т/б.

Саралау - Сіз қосымша көмек көрсетуді қалай жоспарлайсыз?

Бағалау - оқушылардың үйренгенін тексеруді қалай жоспарлайыз?

Пәнаралық байланыс

Қауіпсіздік және еңбекті қорғау ережелері

АКТ-мен байланыс құндылығы байланысы




Рефлексия

Сабақтың оқу мақсаты шынайы ма?

Бүгін оқушылар не білді?

Сыныптағы ахуал қандай болды?

Мен орындаған саралау шаралары тиімді болды ма?

Мен бүкіл уақыт ішінде үлгердім бе?

Мен өз жоспарыма қандай түзетулер енгіздім және неліктен?

Төмендегі ұяшыққа сабақ туралы өз пікірлеріңізді жазыңыз. Сл ұяшықтағы Сіздің сабақтың тақырыбына сәйкес келетін сұрақтарға жауап беріңіз.


Қорытынды бағамдау

Қандай екі нәрсе табысты болды? (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)

1.

2.

Қандай екі нәрсе сабақты жақсарта алды? (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)

1.

2.

Сабақ барысында мен сынып немесе жекелеген оқушылар туралы менің келесі сабағымды жетілдіруге көмектесетін не білдім?

1.

2.





Получите свидетельство о публикации сразу после загрузки работы



Получите бесплатно свидетельство о публикации сразу после добавления разработки


Серия олимпиад «Зима 2025»



Комплекты учителю



Качественные видеоуроки, тесты и практикумы для вашей удобной работы

Подробнее

Вебинары для учителей



Бесплатное участие и возможность получить свидетельство об участии в вебинаре.


Подробнее