«Зима 2025»

Байланыс ойындары

Материал для 2 класса по физкультуре.На казахском языке.

Олимпиады: Физическая культура 1 - 11 классы

Содержимое разработки

Қысқа мерзімді жоспар.

Ұзақ мерзімді жоспардың бөлімі:

6-бөлім: Қозғалыс ойындары

Мектеп: «Ынтымақ» жалпы орта мектебі

Күні:

Мұғалім аты-жөні: Давлетов Ж

Сынып: 2

қатысқандар саны: 23

қатыспағандар:

Сабақтың тақырыбы

Байланыс ойындары

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдар. сілтеме)

1.4. Өзінің және басқалардың қозғалыс әрекеттерін, анықтайды

Сабақтың мақсаты

2.1.4.1.Өзінің және басқалардың қозғалыс әрекеттерін көрсетеді және түсіндіреді

Жетістік критерийлері

Бұл бөлім оқушыларға қимыл-сын дағдыларын дамытуға бағытталған бірқатар ойын әрекеттері арқылы координацияны дамытуға көмектеседі. Бұл дағдылар олардың болашақтағы белсенді әрекеті үшін негіз болады (қанша және қаншалықты жақсы қатысады). Осы бөлімде алынған қимыл-іс жарыстары мен түсінік 2-сыныпта кезекті әрекет шегінде дамиды.

Тілдік мақсаттар

Оқушылар: соққылар, аяқпен соғу, лақтыру, айналу және дриблинг сияқты кейбір іс-қимыл дағдыларын түсінуді сипаттау және көрсету

Қамтылады:

  • дененің бөліктері: қолдар, аяқтар, тізелер, бас, саусақтар, саусақ ұштары

  • жүгіру, жүру

  • төменнен лақтыру, соққы, айналу

  • қолмен және аяқпен дриблинг

  • мақсат, анықтық, мақсатпен

  • дайындау, кезектегі жұмыс

  • өту, секіру, соққылар, қолдан қағып жіберу

  • ереже, қатер, қауіпсіздік

Құндылықтарды дарыту

Достыққа тәрбиелеу

Пәнаралық байланыстар

Дүниетану, жаратылыстану, математика.

Алдыңғы меңгерілген білім


Оқушылар күнделікті өмірде немесе 1 сыныпта үйренген ойындармен ұштастырады

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет


Ресурстар

Сабақтың басы


Сапқа тұрғызу.Сәлемдесу.Қауіпсіздік ережелерімен таныстыру.

Оқушыларды түгелдеу.Спорт киімдерін тексеру. Жаңа сабақтың тақырыбын хабарлау, мақсаты мен мазмұнын түсіндіру.

Сапта орындалатын жаттығулар. Жалпы дамыту жаттығуларын орындау.

Қауіпсіздік ережелері.

Сабақтың ортасы

(Б, Т, Тәж.) «Альпинисттер» ойыны.

Ойын ережелері: Орындықтың білте тақтайшасы бойынша уақыттан бұрын ауысуға тыйым салынады. Ойыншы тепе-теңдікті жоғалтпауы керек. Мұғалім көрсеткен биіктіктен аса секіруге болмайды. Дәл емес жерге қонуға да тыйым салынады. Әр қате үшін ойыншыға айыппұлдық ұпай салынады.

Эстафетаны басқалардан гөрі жылдамырақ бітірген, басқа топқа қарағанда аз қате жіберген топ жеңеді

«Альпинисттердің» екі тобы сап түзеп, гимнастикалық қабырғаға қарап, одан 6-7 м аралықта тұрады. Бірінші ойыншылар мен гимнастикалық қабырға арасында білте тақтайшасы жоғары төңкерілген гимнастикалық орындықтар орнатылады. Қабырғаның шеткі аралығында гимнастикалық төсеніштер қойылады. Мұғалімнің сигналы бойынша бірінші ойыншылар гимнастикалық орындықтың білте тақтайшасы бойынша жылжи бастайды, гимнастикалық қабырғаға өтеді, оған мінеді, шеткі аралыққа дейін қабырға бойынша жылжиды және төмен түседі. Мұғалім қабырғада өрдің биіктігін алдын ала көрсетеді (кішкене лентамен, жалаушамен белгілейді). Гимнастикалық қабырғадан түскен кезде ойыншы төсеніште бормен белгіленген диаметрі 40 см шеңбер ішіндегі 70-75 см биіктікте орналасқан білте тақтайшадан секіре алады. Жерге түскен соң ойыншы сапта соңғы болып тұрады. Екінші ойыншылар алдыңғы «альпинист» жерге түскен соң бірден гимнастикалық орындық бойынша жылжи бастайды.

Барлық ойыншыдан сұраңыз: Топқа қандай тактиканы қолдануға болады? Тобыңыздың жақсырақ жұмыс істеуі үшін не істей аласыз?

Үлкен кең алаң, ысқырық, бор, Швед қабырғасы, гимнастикалық баспалдақ, дистанцияны белгілеуге арналған конустар

Сабақтың аяғы

Бой жазу, тыныс алу жаттығулары.

Бас бармақ әдісі арқылы бағалау.

Үй тапсырмасы.


Дифференциалды оқыту – Көбірек қолдау көрсету үшін не істейсіз? Қабілеті жоғары оқушыларды дамытуды қалай жоспарлайсыз?

Бағалау – Сіз оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалайша жоспарлап отырсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасын қадағалау

Жаттығуларды жасауға қиналатын оқушыларға қолдау көрсету. Қабілеті жоғары оқушыларды жаттығу жасату

Оқушылардың сапқа тұруын, санауын, жаттығулар жасауын, қауіпсіздік ережесін білулерін, жаттығулар, ойындар арқылы бағалау

Ойындар ойнау арқылы қарастырылады

Рефлексия

Сабақтың мақсаты мен оқу міндеттері орындалды ма?

Бүгін оқушылар не үйренді?

Сабақ қалай өтті, қандай деңгейде өтті?

Жоспарланған саралау жақсы іске асты ма?

(тапсырмалар сәйкес болды ма?)

Уақытты қалай пайдаландым?

Өз сабағыңызды талдау.

Сабақтың мақсаты мен міндеттері орындалды.

Жаттығуларды жасай білді. Сабақ түсіну, білу қолдану мақсаты бойынша берілген деңгейлі

тапсырмаларды орындады

Сабақ қызықты, жоғары деңгейде өтті.

Қосымша деңгейлік тапсырмалар орындалды.

Уақыт дұрыс пайдаланылды.

Қорытынды бағалау

Ең жақсы өткен екі нәрсе (оқыту мен оқуға қатысты)

  1. Оқушылар өте белсенді қатысты

  2. Оқушылардың ойынға деген қызығушылығы артты

Қандай екі нәрсе сабақты жақсарта алады?

1. Психологиялық дайындық.

2. Оқушыларды сабаққа ынталандыру.


Получите свидетельство о публикации сразу после загрузки работы



Получите бесплатно свидетельство о публикации сразу после добавления разработки


Серия олимпиад «Зима 2025»



Комплекты учителю



Качественные видеоуроки, тесты и практикумы для вашей удобной работы

Подробнее

Вебинары для учителей



Бесплатное участие и возможность получить свидетельство об участии в вебинаре.


Подробнее