«Осень 2024»

«Білімді ел – мәңгілік ел»

«Білімді ел – мәңгілік ел» тақырыбында өтілетін өнер фестивалінің

жоспары

Олимпиады: Музыка 1 - 9 классы

Содержимое разработки


«Бекітемін»

Мектеп директоры:

Л.Қыдыралиева



М.Шаханов атындағы жалпы орта мектебі 2016-2017 оқу жылындағы

«Білімді ел – мәңгілік ел» тақырыбында өтілетін өнер фестивалінің

жоспары

Өтілетін күні: 01.03.2017ж.

Өтілетін орны: Акт залы



р/с


Орындаушының аты-жөні


Шығарма авторы

Қатысу жанры

1

Жүргізуші

Қалдарбек Айжан 10-сынып оқушысы

Мұсахан Бекзат




Кіріспе сөз

Бағдарламаны жүргізу

2

Мектеп оқушылары


Сөзі: Н.Назарбаев

Әні: Б.Тілеухан

Хор «Елім менің»



3


Қалдарбек Айжан

10-сынып оқушысы


Елемес Шәкіржан


Монолог «Білімді ел –мәңгілік ел»



4


Абдрахман А

7-сынып


Сөзі: О.Нұрмаханұлы

Әні: Р.Тайманов


Ән: «Қобыз»


5


Мектеп оқушылары



Көрініс «Білімді ел-мәңгілік ел»


6


«Шұғыла» би үйірмесі


Қазақ халық биі


Би: «Қамажай»


7


Оразбек Тоғжан

4-сынып оқушысы


Бимурзаева А.М


Монолог «Қазақ деген қаны таза жұрнағым»


8


«Шаханов жастары» квн командасы


Сатира

«Орбұлақ шайқасы»


9


Мектеп оқушылары



Флешмоб

10

Жандарбек Аяулым

8-сынып оқушысы

Әні мен сөзі: Т.Төреәлі

Ән «Қазақ қыздары»


Қосымша білім беру педагогы: А.Тажиева

Тәлімгер: А. Әліппекова

Үйірме жетекшісі: К.Анарбаева

1-жүргізуші:

Армысыздар құрметті қонақтар, ұстаздар, оқушылар! Сіздердің назарларыңызға М.Шаханов атындағы жалпы орта мектебі дайындаған «Білімді ел – мәңгі ел» тақырыбындағы өнер фестивалінің концерттік бағдарламасын көріп тамашалауға шақырамыз.

2-жүргізуші: Айжан тыңдашы , 2014 жылдың 17 қаңтарында Қазақстан Республикасының президенті Н.Ә.Назарбаевтың кезекті халыққа жолдауын: «Бір жыл бұрын мен еліміздің 2050 жылға дейінгі дамуының жаңа саяси бағдарын жария еттім. Басты мақсат-Қазақстанның ең дамыған 30 мемлекеттің қатарына қосылуы,- дегенін білесің бе?

1-Жүргізуші:

-Иә дұрыс айтасың.Біле білсек , ол –«Мәңгілік Қазақстан» жобасы, ел тарихындағы біз аяқ басатын жаңа дәуірдің кемел келбеті», — деп бастады. Бұл орайда елең еткізген жаңалық –тұңғыш мемлекеттік ресми идеология , яғни «Мәңгілік Ел» идеясының жариялануы, бұл ҚР ұлттық идеясынан келген түйін –тұжырым екен.

2-жүргізуші: осы мақсатта аудан мектептерінде ұйымдастырылып, өтіліп жатқан өнер фестивалі соның айқын дәлелі емес пе?!

1-жүргізуші: сонымен қатар бүгін 1-наурыз көктемнің алғашқы күні және алғыс айту күні. Сіздерге алғысымыз шексіз, сіздердің осы өмірде болғандарыңызға рахмет!

2-жүргізуші: бүгінгі «білімді ел-мәңгілік ел» атты өнер фестиваліне қош келдіңіздер!

Хор : «Елім менің»

2-жүргізуші:


Тәуелсіздік-ел бақыты біліңіз

Біліммен ғылыммен—ұлымыз

Ұлы күнге арналар ән жырымыз

Ел ерлерін есте сақтап жүріңіз

Құтты болсын тәуелсіздік күніңіз

Азат елде ғажап өмір сүріңіз – дей келе

10-сынып оқушысы Қалдарбек Айжанның орындауында монолог: «Білімді ел –мәңгілік ел»

1-жүргізуші: Керемет. Келесі кезекте мектебіміздің ерке қызының құйқылжыта салған әнін тыңдасақ қалай қарайсын? Ал ол қыздың кім екенін білесіңбе?

2-жүргізуші: (ойланып тұрып). Білмеймін. Асылзат па?

1-жүргізуші иә дұрыс айтасың.Ән де күйде еріккеннің ермегі емес, адам жанының айнасы, өмір құбылыстарының көрінісі.Өмірдің алды ыстық болса, арты қайғы мұң. Ендеше алғашқы жас өренімізге жол береміз.

Ортада Абдрахман Асылзат «Қобыз» әнімен, қошеметтеп қарсы алайық.

1-жүргізуші: Мәңгілік Ел отандастардың бірегей тарихи мақсаты мен қаһармандық ұраны десек қателеспейміз.

2-жүргізуші:

Иә Айжан. сен атаған идея қазақ елінің ғасырлар бойы армандаған мақсаты ғана емес, Тәуелсіздік жолындағы жанқиярлық еңбегі мен тынымсыз шығармашылығының нәтижелері арқылы қол жеткен асу.

Көрініс: «Білімді ел-мәңгілік ел»


1-жүргізуші:

Өнері тасқан актерден,

Ырыс қазған шахтерден,

Ой тербеткен күйшіден

Мың бұралған бишіден.

Дей келе Айжан қазағымыздың халық биін тамашаласақ керемет болатын шығар.

Би: «Қазақ халық биі» Орындайтын: «Шұғыла» би тобы

1-жүргізуші:Біздің халық өнерге мол , бай тегі,

Әнші деп те ,биші деп те айт оны.

Жырға сенің қанша икемің бар екен,

Тыңдап алып жалғастырсаң қайтеді?

Қанекей онда сахна төріне Оразбек Тоғжанды шақырайық

2-жүргізуші: Монолог «Қазақ деген қаны таза жұрнағым»


1-жүргізуші:

Уа халайық,халайық,

Мұнда назар салайық.

Ата жолын жалғамақ,

Ел дәстүрін сақтамақ,

Ел намысын қорғамақ,

Жігітер шықсын ортаға.

2-жүргізуші:

Иә, Айжан олай болса ортамызға мектебіміздің Шаханов жастары квн құрама командасын шақырайық.

2-Жүргізуші:

Жақсы биші өнеге,

Сегіз қырлы, бір сырлы.

Өнерді үйрен бір-бірлеп,

Әнде шырқа би-билеп.

Халық айтса біледі,

Талаптыға нұр жауар,

Өнерлі өрге жүзер,

Талаптылар құр қалма –деп жас бишілеріміздің өнеріне береміз.

Ортамызда би Флешмоб орындайтын мектеп оқушылары.

Ән: «Қазақ қыздары» орындайтын Жандарбек Аяулым.

Қорытынды:

2-жүргізуші:

Мәңгілік Ел ата-бабаларымыздың сан мың жылдан бергі асыл арманы. Ол арман –әлем елдерімен терезесі тең қатынас құратын, әлем картасынан ойып тұрып орын алатын тәуелсіз мемлекет атану еді.


1-Жүргізуші:Иә, солай.

-біз армандарды ақиқатқа айналдырдық мәңгілік елдің іргетасын қаладық.


2-Жүргізуші:дұрыс айтасың.

-біз үшін болашағымызға бағдар ететін , ұлтты ұйыстырып, ұлы мақсаттарға жетелейтін идея бар.


1-Жүргізуші:

Иә, ол-Мәңгілік Ел идеясы


2-Жүргізуші:

-Қазақтың мәңгілік ғұмыры ұрпақтың мәңгілік болашағын баянды етуге арналады


1-жүргізуші:Иә Бекзат

-ендігі ұрпақ-мәңгілік қазақтың перзенті


2-жүргізуші: Айжан сонымен қатар

-Мәңгілік Ел ұғымы ұлтымыздың ұлы бағдары-«Қазақстан-2050» стратегиясының түп қазығы.

1-2жүргізуші:

-Мәңгілік Ел болу біздің өз қолымызда

1-жүргізуші:Құрметті қонақтар бүгінгі Білімді ел-мәңгілік ел атты өнер фестивальіміз өз мәресіне жетті. Кешіміздің қадірлі қонағы болғандарыңызға алғысымыз шексіз.

2-жүргізуші:

Назарларыңызға рахмет.Концерттік бағдарламамызды жабық деп жариялаймыз.

1-2жүргізуші:

Көріскенше күн жақсы болсын!














Получите свидетельство о публикации сразу после загрузки работы



Получите бесплатно свидетельство о публикации сразу после добавления разработки


Серия олимпиад «Осень 2024»



Комплекты учителю



Качественные видеоуроки, тесты и практикумы для вашей удобной работы

Подробнее

Вебинары для учителей



Бесплатное участие и возможность получить свидетельство об участии в вебинаре.


Подробнее