«Весна — лето 2024»

Конспект занятий

Конспект занятий предназначен для воспитателей в классы предшкольной подготовки с казахским языком обучения. Предмет "естествознание" интегрирован с предметом "самопознание"

Олимпиады: Дошкольникам "Тайны волшебного леса"

Содержимое разработки


«Өзін-өзі тану» пәнімен интеграцияланған

«Жаратылыстану» пәні сабағының жоспары

Мектеп «№ 3 орта мектебі» КММ Мерзімі: 14.03.2017 ж.

Сынып: Мектепалды даярлық сыныбы Оқушы саны: 24

Тақырыбы: «Жылудың құпиясы неде?».

Құндылық: сүйіспеншілік

Қасиеттер: бәрін жақсы көру; жан-жануарларды жақсы көру;қамқорлық жасау.


Сабақтың мақсаты: балаларға күн және одан тарайтын жылудың адам өміріндегі маңыздылығы туралы түсініктерін кеңейту, тірі және өлі табиғат арасындағы тығыз байланысты сүйіспеншіліктен тарайтын жылу арқылы сезетінін түсіндіру.

Сабақтың міндеттері:

  • балаларға әр жыл мезгілінде күн көзінің жылу шашатынын ұғындыру;

  • сабақ барысында талдауды, салыстыруды, ойларын қорыта білуді және сөйлеуді дамыту;

  • адамның жан дүниесінің жылуын қабылдау арқылы бәрін жақсы көруге, жан-жануарларды жақсы көріп, оларға әр кез қамқорлық жасауға тәрбиелеу.

Ресурстар: (материалдар, көздері) үнтаспа, күн, сәулелері, лупа, ақ қағаз, акварельді бояу,қылқалам, суреттер т.б.

Психологиялық дайындық.

Біздер тату баламыз, Күннен жылу аламыз.

Тауға қарап есейіп, Сауық сайран саламыз!

5Т ережесін еске түсіру.

Сыртқы интеграция

Тыныштық сәті. «Нұрға бөлену»

Ыңғайланып отырыңыздар, денелеріңізді түзу ұстаңыздар. Аяқ - қолыңызды айқастырмаңыз. Қолыңызды тізеңізге немесе партаға қоюға болады. Көздеріңізді жұмуларыңызды өтінемін.
Елестетіп көріңіз: Күн нұры сіздің төбеңізден өтіп, кеудеңізге қарай бойлап барады. Кеудеңіздің орта тұсында гүл түйнегі орналасқан. Гүлдің түйнегі нұрдан баяу ашылып келеді. Балғын және таза әсем гүл сіздің әр ойыңызды, әр сезіміңізді, эмоцияңыз бен тілек - қалауыңызды шайып, жүрегіңіздің қауызын ашты. Нұр сәулесі сіздің бойыңызға ақырын тарай бастағанын елестетіңіз. Ол біртіндеп күшейе түсуде. Оймен осы нұрды қолдарыңызға түсіріңіз. Сіздің қолдарыңыз нұрға бөленіп, сәуле шашуда. Қолымыз тек жақсы, ізгі істер істейді және баршаға көмектеседі. Нұр аяқтарыңызға тарады. Аяқтарыңыз нұр сәулесін шашуда. Олар сізді тек жақсылық жасау үшін жақсы жерлерге апарады. Олар нұр мен махаббат құралына айналды. Осындай Нұр және Тыныштық күйінде отыра тұрыңыз...

Енді осы Нұрды жүрегіңізге орналастырыңыз. Нұрға толы бүкіл әлем сіздің жүрегіңізде. Оны осындай әсем қалыпта сақтаңыз.

Жаймен көзіңізді ашуға болады.

Миға шабуыл. Жұмбақ шешу.

Гүл-гүл жайнап жер, аспан,

Гүрілдейді сайда өзен.

Бәйшешекпен жер жарып,

Бізге келді қай кезең? (Көктем)


Таңмен көзін ашады,

Әлемге нұр шашады. (Күн)


Күн көзiнен құйылады,

Жер бетiне жиылады.

Құшақ ашып, барша тiрлiк,

Қуанады, сыйынады. (Нұр)


Жарайсыңдар! Қандай тапқыр балаларсыңдар!

  • «Күн» деген сөзді естіген кезде ойларыңа не келеді, көздеріңе не елестейді, нені сезесіңдер?

-Күн көзі неге жарқырап тұрады?

-Күн көзі жануарларға, өсімдікке қалай әсер етеді?

- Күн жылдың төрт мезгілінде қалай жылу таратады?

Ішкі интегрция.

Қараңдаршы біздің айналамызда бізбен бірге кімдер, нелер өмір сүреді?

Біздің бәрімізге де жылу, күтім, қамқорлық, сүйіспеншілік қажет. Сол жылудан біз нәр аламыз.

Суретпен жұмыс

- Не байқадық?
Біздің планетамызда адамзаттың тіршілігі, өсімдіктер мен жануарлар әлемі үшін, жылу мен жарықтың алатын орны ерекше.

Ал, жарық пен жылудың негізгі көзі – Күн.

Күн – керемет үлкен жылу беретін, жерге өте жақын орналасқан кәдімгі жұлдыз.

Күн көкжиектен неғұрлым жоғары көтерілсе, соғұрлым күштірек жылытады. Күн сәулесі жер бетін біркелкі жылыта алмайды.

-Ананың құшағы бізді жылытады ма?

Неге, ана күн емес қой?

Иә, ананың құшағы күннен де ыстық. Өйткені ол өз жылуын сендерге сүйіспеншілігімен таратады.

Сергіту сәті «Біз гүлдерше өсеміз»

Ұйқыдан гүл оянды,

Енді ұйқысы келмеді.

Құлашын жоғары сермеп,

Күнмен жылынды.

Зерттеу жұмысы.
- Қалың дөңес шыны (лупа) арқылы күн сәулесін біраз уақыт қағазға түсіріп тұрыңдар.
- Не болды?
- Қағаз неге
ысыды?

Слайд көрсету «Үй жануарлары»

Ал енді, кім біледі, көктем айында не себепті үй жануарларын далаға шығарады?

Иә, балалар, оларда күн шуақтап, қыздырынғанды жақсы көреді.

Олар өздерінің жылуын өз балаларына қалай береді деп ойлайсыңдар?

Сендер оларға қандай көмек көрсетер едіңдер?


Жарайсыңдар, әр кез жүректеріңнің жылуын кішкентай достарыңа таратуға асығыңдар.


Енді біз өзімізге, жануарларға, өсімдіктерге жылуын шашатын Күннің суретін саламыз.

Сабақтың қорытынды сәті.

Біз бүгін сендермен тамаша жұмыс істедік. Мен сендерге ризамын. Сонымен, кім айтады, Күн дегеніміз не?

Біз бойымызға жинаған осы жылуды айналамызға қалай таратамыз? Ол үшін біз не істеуіміз керек?

Бәріңде әдемі күн көзін салдыңдар. Енді суреттерімізді тамашалайық! Жарайсыңдар! - Сабағымызды қорыта келе күн шуағын шартарапқа шырайлана шашып, мейірімін сіздерге төге берсін, елімізде бейбітшілік болсын деп сабағымызды әнмен аяқтайық.
Хор: «Әрқашан күн сөнбесін!»

Сабақ аяқталды, сау болыңыздар!

Ескерту











Получите свидетельство о публикации сразу после загрузки работы



Получите бесплатно свидетельство о публикации сразу после добавления разработки


Серия олимпиад «Весна — лето 2024»



Комплекты учителю



Качественные видеоуроки, тесты и практикумы для вашей удобной работы

Подробнее

Вебинары для учителей



Бесплатное участие и возможность получить свидетельство об участии в вебинаре.


Подробнее