«Зима 2025»

«мамандықтар әлемінде»

КВН- посвящен профессиям.КВН развивает у учащихся интерес к профессиям.У учащиеся формируют такие черты характера как отвественность и трудолюбие.И раскрывают главную цель обучения в школе - необходимость получения знаний.

Олимпиады: Литературное чтение 1 - 4 классы

Содержимое разработки

Қазақ тілі -4 сынып.

Сабақтың тақырыбы: «МАМАНДЫҚТАР ӘЛЕМІНДЕ»


Сабақтың мақсаты: Білімділік: Оқушылардың білімдерін бір жүеге келтіру және жалпылау:лексикалық «Мамандық әлемінде»тақырыбы бойынша және грамматикалық «Фонетика» тараулар бойынша.

Дамутышылық:Оқушылардың логикалық ойлау қабілеттерін дамыту,

сөздік қорын байыту.

Тәрбиелік: Білімге,еңбекке талаптандыру. Мамандықтарды

құрметтеуге тәрбиелеу.

Сабақтың түрі. Ойын – көңілділер мен тапқырлар клубы.

Көрнекілігі: АКТ құралдары,слайдтар,тірек-сызбалар мен сайыс

тапсырмалары,мақал-мәтелдер. «Мамандық»- түймедағы гүлі.

Әдісі: Салыстыру,талдау,баяндау,сұрақ-жауап,топтастыру.

Сабақтың барысы:

  1. Ұйымдастыру: Оқушыларды жұмыс атқаруға ұйымдастыру.

2.Сабаққа дайындылық:

Мұғалімнің кіріспе сөзі: Бүгін біз Көңілділер мен тапқырлар ойынын өткіземіз.

Тақырыбы «Мамандықтар әлемінде»

Ә)Ойынның айдары :

« Мың мамандықтың жолы бар,
Таңдап, талғап бірін ал!»


А) Сайыстардың ережелерімен және аділқазылармен таныстыру

Ойын шарттары:
Ойын 9 сайыстан тұрады: (қазақ,орыс) тілінде еркін сөйлеу керек.

Әр кезең 1-5 ұпай мен бағаланады.


3Білімдерін жан-жақты тексеру:

Ойынның сайыстарын өткізу:

1сайыс- Танысу: Топтардың аттары,ұраны,топ мүшелерінің – аты, жөні.

Сайысқа 2 топ кірді: «ЕҢБЕК» және «БІЛІМ».


Ой шақыру: Бүгін сабақта «Мамандық» гүлін өсіру үшін, білім және еңбек керек.

(Тақтада Түймедақ гүлінің макеті:БІЛІМ-түбі және ЕҢБЕК –тамыры.)

2 сайыс- Тіл дамыту: Мақал-мәтелдер:– (Қазақ – орыс тілінде) еңбек,білім туралы.






Еңбек туралы мақал-мәтелдер.

1.Еңбек пен бақыт егіз.

2.Еңбекпен,ер өседі,
Егізден төл өседі.

3.Еңбек—ырыстың бұлағы,
Еңбек — бақыттың шырағы

4.Еңбегі аздың өнбегі аз.



Оқу-білім туралы мақал-мәтелдер.

1.Оқу — білім бұлағы,

Білім — өмір шырағы.

2.Оқу — білім азығы,

Білім — ырыс қазығы.

3.Білім ортақ.

4.Білім — ер азығы,

Ер — ел азығы.


3 сайыс-«МАМАНДЫҚ ТҮЙМЕДАҒЫ.»Сұраққа жауап беріп –гүлді аш!

Сыртқы жағы: КІМ НЕ ІСТЕЙДІ? Ішкі жағы: ҚАЙДА ІСТЕЙДІ?

Адам емдейді Дәрігер

Сабақ береді Мұғалім

Нан пісіреді Наубайшы

Үй салады Құрылысшы

Азық-түлік сатады Сатушы

Тамақ пісіреді Аспаз

Балық аулайды Балықшы


4-сайыс: ГРАММАТИКА: «СЕН БІЛЕСІҢ БЕ?».

ЕРЕЖЕНІ АЙТ:


ШЫ,ШІ –ЖҰРНАҚТАРЫНЫҢ ҚОЛДАНЫЛУЫ МЕН

бУЫННЫҢ ТҮРЛЕРІ БОЙЫНША ЕРЕЖЕЛЕРДІ ҚАЙТАЛАУ.

ПРАКТИКАЛЫҚ ТАПСЫРМАЛАР:

пПРппыс: «1. –ШЫ,ШІ

1-тапсырма:ТАҚТАДАҒЫ СӨЗДЕРДІҢ –ЖҮРНАҚТАРЫН АНЫҚТА,СӨЗДЕРДІ АУДАР.


1топ -ЕҢБЕК 2топ-БІЛІМ


Күзетші Тігінші

Наубайшы Құрылысшы

Сатушы Сауыншы

Әнші Биші

Етікші Суретші


2тапсырма: ТАҚТАДАҒЫ СӨЗДЕРДІ-БУЫНҒА БӨЛІП,ОЛАРДЫҢ ТҮРЛЕРІН АНЫҚТА, СӨЗДЕРДІ АУДАР.


1топ-ЕҢБЕК 2топ-БІЛІМ

Ғалім Ұшқыш

Ұстаз Ғарышкер

Кітапханашы Жүргізуші

Инженер Заңгер

5 сайыс:ФОНЕТИКАЛЫҚ ТАЛДАУЫ.


1 ТОП - ДӘРІГЕР 2 ТОП-МҰҒАЛІМ.


6 сайыс- ЖАНЫЛПАШТАР. 1-топ: Кеше шеше, 2-топ:Топ бала

Неше кесе Допты ала.

Сынды кеше? Қуып жүр

Топтала.

7 сайыс-ПОЭЗИЯ.


Мен дәрігер боламын Ұстаз.

Ақ халатты киемін Ұстаз беоген ұлағат,

Аппақ болып жүремін. Тұр санама ұялап.

Аппақ болып жүргенді Өсіп келе жатырмын

Өзім жақсы көремін. Жүрегінен шуақ ап.



Дәрігермін мен деймін, Ісім болса бір ағат,



Кәрі әжемді емдеймін. Жатпайды ол кінәлап.

Көп-көп ішіп дәріні Үйренемін ұстаздан

Кәрілікті жең деймін! Білмейтінді сұрап ап


8 сайыс-ЖҰМБАҚ.3332211

888

Айлар бойы жүзедi,

Жердi көрмей жүредi.

Ақ жал таумен алысқан,

Адамды кiм бiледi?  (Теңiзшi)


Төл өсiрiп момақан,

Уыз iшкен қоймалжың,

Бiлсең айтшы, балақан,

Еңбегi зейнет кай малшы?   (Қойшы)


Тұлғалы кең иығы,

Мұнара оның тұрағы.

Маң далада бұйығы,

Сөнбей жанса шырағы,

Жер астының сұйығы

Фонтан болып шығады.  (Мұнайшы)


Ол жетсе ауылға,

Самсар жұлдыз торабы,

Нұр шашып тұрады.  (Электршi)



үмiс қанат, сұңқары,

Көкке еркiн сүңгидi.

Бұлттан да тым әрi,

Кеткен жанды кiм дейдi?   (Ұшқыш)


Өрнектеп, сәндеп,

Тiгiстерiн бүгетiн.

Солпысын жөндеп,

Кiм көйлек тiгедi?   (Тiгiншi)


Қалпағы ақ қарасаң,

Дәрiгер емес, бiрақ ол.

Дәм мәзiрiн қаласаң,

Алға ұсынып тұрады ол.  (Аспаз)


Топырақтың құнарын,

Дәл тауып құрамын,

Қай жерде қай дақыл,

Өнiм берер бай дақыл,

Зерттеп дәйiм жүретiн,

Кiм бәрiн бiлетiн?   (Агроном)


Көрiнбейдi өзi,

Естiледi сөзi.  (Радио дикторы)


Жалтылдап қалағы,

Салатын кiм қаланы?   (Кiрпiш қалаушы)


Қараңғыны қақ жарып,

Жүрген кiм шам жағып?  (Монтер)


Бал татыған мәзiр,

Ол бар жерде әзiр.   (Аспаз)


Өскен шашты жаратпайтын,

Қайшысы бар жалақтайтын.  (Шаштараз)


Оның тiккен бұйымы,

Аяғыңды қаптайды,

Шыға қалса жұлымы,

Әдемiлеп баптайды.   (Етiкшi)






9 сайыс- Қабырға газеттерін қорғау.

1-топ «Дәрігер.» 2-топ: «Мұғалім.»

Дәрігер болу үшін қандай болу керек? Мұғалім болу үшін қандай болу керек?


4.Қорытынды:

1.Жақсы маман болу үшін :1) білімді, 2)еңбекқор, 3)адалды, 4)адамзатты болу керек?

2.Әділқазыларға сөз біріп, сайыстағы топтардың алған ұпайларын айтып –Жеңіске жеткен топты –құрметтеу,құттықтау,мадақтамаларын беру

3. Әр оқушының жұмысын бағалау.


4. Үй тапсырмасы:Шығарма жазу-тақырыбы: «Болашақта -кім болғым келеді?».




Алла Бикетқызы Шәріпова.

Шығыс Қазақстан облысы

Зырян қаласы

11 орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі.









Получите свидетельство о публикации сразу после загрузки работы



Получите бесплатно свидетельство о публикации сразу после добавления разработки


Серия олимпиад «Зима 2025»



Комплекты учителю



Качественные видеоуроки, тесты и практикумы для вашей удобной работы

Подробнее

Вебинары для учителей



Бесплатное участие и возможность получить свидетельство об участии в вебинаре.


Подробнее