«Весна — лето 2024»

Презентация. 7 сынып

Даналар айтқан даналық сөздер. Дана сөздер жинағы.

Олимпиады: Химия 7 - 11 классы

Содержимое разработки

Даналық сөздер


Мектепте оқу керек, ал мектептен шыққаннан кейін оннан да көбірек оқу керек»
Д.И.Писарев 
Білімнен жақсырақ қазына болмас,
Ол бір тасқын бұлақ суы сарқылмас.
А.Рудакий 
Біліп айтқан сөзге құн жетпейді, 
Тауып айтқан сөзге шын жетпейді.
Өзің білмесең, білгендерден үйрен,
Үйренгеннен ештеңең кетпейді.
Төле би 
Ақылмен ойлап білген сөз,
Бойына жұқпас, сырғанар.
Ынталы жүрек сезген сөз,
Бар тамырды қуалар.
Абай 
Адамды жөн бiлетiн дана деп бiл,
Iстерiн жалқау жанның шала деп бiл.
Құр жасы елулерге келсе-дағы,
Бiлiмсiз сондай жанды бала деп бiл


Ештеңе туралы сұрамайтын адам ештеңе үйренбейді.
Т.Фуллер.
Өзіңді қарапайым жылы лебізіңмен силата білмесең, құр қаталдықтан түкте шықпайды.
А.П.Чехов
«Мен еш уақытта өз оқушыларыма еш нәрсе үйретпеймін ~ тек қана олардың оқуы үшін жағдай жаратамын»
Альберт Эйнштейн 
"Халықтың кемеліне келіп өркендеп өсуі үшін ең алдымен азаттық пен білім қажет".
Шоқан Уәлиханов 
Адамды тәрбиелеу – демек оның ертеңгі қуанышқа ие болатын келешек жолын тәрбиелеу.
А.С. Макаренко
Біліммен қаруланған адам – жеңімпаз адам.
М. Горький 
Нені болса да аңдап көру және естуі,кейіннен ұзақ ойланып, көп нәрсені түсінуі парасатты ақыл – ойдың ерекшелігі болып табылады.
Джордано Бруно. 
Қайткенде де ақылыңа көбірек азық бере жүруге тырыс.
Л.Н.Толстой. 
Ғылымның ісі – адамға қызмет ету.
Л.Н.Толстой 
Пайдасыз өмір сүру мезгілсіз өлгенмен тең.
И.Гете 
Көру мен түсіну қуанышы – табиғаттың ең тамаша сыйы.
А.Эйнштейн
Білімдеріңізді толықтырмаған әр күн – сіз ушін текке кеткен және енді қайтып оралмайтын күн деп есептеңіз.
Станиславский. 
Ғылыммен неғұрлым көп танысқан сайын,оны солғұрлым жақсы көресің.

Чернышевский.

Ақылдылар-табады, ақылсыздар жоғалтады.

Платон

Әліппенің ар жағы-білім бағы.

Халық даналығы

Өнер- қанат,білім-санат

Халық даналығы

Жалғыз шала жанбайды,шала оқыған оңбайды.

Білімнің басы-бейнет,соңы-зейнет

Оқусыз білім жоқ,білімсіз күнің жоқ.

Еңбек-ердің санаты.Білім-ердің қанаты.

Жетесінде жоқ-жете сыламайды.

Жастықта жиған білімің-қарттыққа жұмсар мүлігің.

Бала тәрбиесі басынан,еңбекке баулу жасынан.

Халық даналығы

Ақыл керек білім таңдап оларға,

Білім керек жақсы іске қарауға.

Ж.Баласағұн

Баланы ең әуелі мейір-шапағатқа, одан соң ақыл-парасатқа,ақырында нағыз пайдалы ғылымға,еңбекке баулы.

Ақыл,қайрат,журекті бірдей ұста.

Сонда толық боласың елден бөлек.

А.Құнанбаев.

Әр халықтың ана тілі-білімнің кілті.

А.Жұбанов.

Адамның басшысы-ақыл,жетекшісі-талап,шолушысы-ой,жолдасы-нәсіп,қорғаны-сабыр,қорғаушысы-мінез,сынаушысы-халық.

Саққұлақ шешен.

Ақылды қанша қараңғы болса даалысты көреді.Ақылды адамға екі дуниеде де жол ашық.

Ж.Баласағұни

Ақылдының айналасы-Гүлстан.

Ақылды кісі азбайды.

Ақылды адам ақымақтан да бірдеңе үйренеді.

Ақылдының сөзі қысқа.

Ақылдының сөзі-ақ дарияның өзі.

Ақылмен алтын табылар,алтынмен ақыл табылмас.

Ақыл  мен білімнің тілмашы тіл.

Халық даналығы

Білікті адамның сөзі-таза гүл.

Өзіңді біліктінің қасында ұста.

 Халық даналығы

Тегінде адам баласы адам баласынан ақыл,ғылым,ар,мінез деген нәрсемен оздым ғой демектің бәрі бекер.

А.Құнанбаев

Оқыған білмейді,тоқыған біледі.

Халық даналығы

Кейбір адамдар ішсем,жесем деп дүниеге келеді,ал кейбіреулері білсем,көрсем деп келеді.

А.Құнанбаев

Көп көрген үйренеді,

Көп білген сый көреді

Халық даналығы

Қандай ақылды болсаң да,

Өзгелерден жөн сұра.

Халық даналығы

Жақсының аты өлмейді,ғалымның хаты өлмейді.

Халық даналығы

Ақылды-ұлы,біл,білімді-білікті,

Қонса екеуі,ұлы етер жігітті.

Ж.Баласағұн

Әзіз тірлік-білімдіде.

Ж.Баласағұн

Пайда ойлама,ар ойла,

Талап қыл артық білуге.

Артық білім кітапта,

Ерінбей оқып көруге

А.Құнанбаев

Ақыл,ой,білім-әр адамның сәулеті

Халық даналығы

Кітап маған тақтан да қымбат.

У.Шекспир

Білім-асыл қазыналы сандық,оны ашатын кілт-еңбек.

П.Буаст

Кітап-алтын сандық.

Іші толған қазына,құт.

Оқы,оқы,ойыңа тұт.

Халық даналығы

Жас мұраты,білім тәлім талабы...

Өнер оқу-жастың қару-жарағы

І.Жансүгіров

Адам баласының ең жаманы-талапсыз

А.Құнанбаев

Уақытты босқа өткізу-ең ауыр шығын.

Ж.Бюффон

Ақыл- көпті көркейтеді.

Вергилий

Даналық - ғылымның бастауы.

Цицерон

Ақылды сөйлеу-қиынның қиыны,ақыл безбеніне салып үндемей қалу одан да қиын.

Боуви

Ұлы ақыл иелеріне аз сөзбен көпті білдіру тән болса,ақылы шамалы адамдар,керісінше,көп сөйлеп,ештеңе де айтпау дарынына ие.

Ф .Ларошфуко

Ақылмен ойлап білген сөз

Бойыңа жұқпай сырғанар.

Ынталы жүрек сезген сөз

Бар тамырды қуалар.

А .Құнанбаев

Жүрек арқылы өткен ақыл тілі көпке жетеді.

Ж .Ж..Руссо

Қалам-ең жақсы ұстаз, жазылған сөз тап қазір ойлаған сөзден артық.

Цицерон

 Ойдағы қателік сөздегі қателікті тудырады,сөздегі қателік істегі қателікті тудырады.

Д .И.Писарев

Жақсы ойлар тамаша сөзден артық саналады. Сөз дегеніміз,былайша айтқанда,сырт киім;ой-киімнің астында жасырынған дене.

Ф .М. Достаевский

...бар ғылымның өзі қиялдан,ойлаудан туған. Адам осы жаралыстың бір бөлігі, бұл жаралыс табиғаттан бөлек емес.

Шәкәрім



Получите свидетельство о публикации сразу после загрузки работы



Получите бесплатно свидетельство о публикации сразу после добавления разработки


Серия олимпиад «Весна — лето 2024»



Комплекты учителю



Качественные видеоуроки, тесты и практикумы для вашей удобной работы

Подробнее

Вебинары для учителей



Бесплатное участие и возможность получить свидетельство об участии в вебинаре.


Подробнее