«Весна — лето 2024»

Современные методы и формы преподавания урока физкультуры

Елбасымыз «Рухани жаңғыру» мақаласында айтылған үш басты негізге сүйенсек, біріншіден, біздің ұрпағымыз денсаулығы да, рухы да мықты ұрпақ болуы қажет, екіншіден, өз ісіне аса жауапты, білімді, бәскеге қабілетті,үшіншіден, өз Отанын, елін сүйетін, ана тілін, ата салт-дәстүрін, ұлттық өнерін құрметтейтін рухани бай ұрпақ болуға тиіс. Ұлттық биіміздің оқушыларға тәрбие беруде мәні зор болмақ.

Олимпиады: Физическая культура 1 - 11 классы

Содержимое разработки

Жунисбекова Римма Газизовна

ӘОЖ 342.4:321.3(=1.574) ҚАЗАҚ ХАЛҚЫНЫҢ ҰЛТТЫҚ КИІМДЕРІ: БӨРІК АТРИБУЦИЯСЫ

Теги: коллекциялары, киім, бас, ортада, этномəдени, мәдениеті, материалдық, мұрақ, күләпара, бөрік, тақия.

Аннотация:

Бұл мақала қазақ халқының ұлттық бас киімі бөріктің атрибуциясына арналған. Сонымен қатар, оның тігілу жолдары мен семантикасына қолөңірінің ерекшелігі көрсетіледі. Жаһандану заманында, қолдан жасалған бұйымдарға сұраныс азайып, соның салдарынан бас киім тігу өнері ұмытылып бара жатса да, қазақтың ұлттық бас киімдері өзінің маңызын жоймайтын төл мәдениетіміздің құрамдас бір бөлігі болып табылады. Бұл мақалада қазақ халқының ұлттық киімдері - бөрікке талдау жасалған. Сонымен қатар олардың аймақтық ерекшеліктері және типтеріне жан-жақты қамтуға тырысқан. Ер адамдардың бас киімдерінің сипатына, негізгі жасалу жолдарына тоқталып, олардың атқаратын функциялары талданды. Мақаланы жазу барысында көптеген ғылыми еңбектер, ҚР МОМ энциклопедилық жинақтары, автордың этнографиялық экспедициялардан жинақталған материалдары қолданылды

Содержание:

Қазақтың дәстүрлі ұлттық киімдері материалдық мәдениетті, эстетикалық талғамды дәріптейтін ерекше сала. Қазақ киімі туралы дерек-мәліметтерді көбінесе саяхатшылардың, коллекция жинаушылардың, этнографиялық әдебиеттер, суретшілердің еңбектерінде кездеседі. Мысалы, XVIII-XIX ғ. басында зерттеушілер П.С. Паллас, И.Г. Георги, А.И. Левшиннің еңбектерінен қазақ киімінің сипатын көрсететін бірнеше суреттерді кездестіруге болады [1].Ерте кезден қазақы ортада киім-кешектің ішінде, әсіресе баскиімді ерекше құрметтеді. Басымдағы бағым кетеді деп, баскиімін біреуге сыйламаған, басындағы бәлесі жұғады деген сеніммен біреудікін кимеген. Баскиімге ерекше құрметпен қараған. Соның ішінде ер адам баскиімі - бөріктіңде алатын орны ерекше.

Бөрік – жиегіне теріден әдіп басылған, жұрындалған, жұқа жүн немесе жібек матаменен тысталған құлақсыз маусымдық баскиім. Баскиімнің бөрік аталуы қазақы ортада бөрінің киелі жыртқыш ретінде қастерлеуіне байланысты деген болжам бар. Қазіргі кезде де кавказдықтар қасқыр терісінен тігілген баскиімді ғұрыптық ойындарында қолданады. Мұны қазақтың көкпар тартуымен төркіндес деуге де негіз бар[2, 537 б.].

1 сурет. Баскиім. ТС. 42-том. СПб., 1873 атты еңбектен.

Бөрікте ілкіде ерекше қызметі бар баскиім түріне саналған. Аса қуанышты жағдайды бастан кешкен, естіген, көрген адам сезім күймен өзін қоярға жер таппай шатыққа бөленген кезде, сырттай бақылаған адамдар қуанғаннан бөркін аспанға атты деп жатады. Осы тұрақты түсінік  байырғы ортада қалыптасқан ырымдарды білдіреді. Қазақ бас киімімін шешкенде күн кетеді деп шалқайтып тастамайды, аяқасты қылмай, жоғары іледі, киіп жүрген баскиімін ешкімге бермейді. Алайда этнографиялық экспедициялар барысында баскиім лақтыру «жосыны» жайлы сұрастырғанымызға еш дерек табылмады. Ендеше мұның мәнін ашу, талдау болашақ зерттеушілірдің мақсаты болмақ.

Байырғы ортада әр рудың өзіндік үлгілер мен нақыштарға толы бөріктері болған. Пішіні, пішілу ерекшелігі қарақалпақ, қырғыз, башқұрт, татар, ұйғыр, орыс т.б. халықтардың баскиімінің пішініне ұқсас бөріктердің тек тілдік аталымы ғана әр түрлі, қызметі мен мазмұны бірдей, демек этномәдени байныстың негізінде бір-бірінен идея алмасқан. Мысалы,  қызғыз халқында кездеседі.

Қазақтың ұлттық кимдерін қазіргі жахандану кезеңінде зерттеу өзекті мәселелердің бірі болып саналады. Себебі әр ұлттың өзіне тән ерекшелігін айқындау мақсатында бас киімнің алатын орны ерекше.

Қазақ халқын отарлау саясатында зерттеу жүргізген экспедиция материалы ретінде В.П. Семеновтың еңбегін айтуға болады[3]. Санкт-Петерборда 1903 жылы жарық көрген бұл еңбекте  қазақтардың киім кию мәдениетіне байланысты көптеген мәліметтер кездеседі. Бұл деректе бөріктің атқаратын қызметіне тоқталған, сонымен қатар аймақтық ерекшеліге мән берген.

Захарова И.В. Ходжаева Р.Д. еңбегіндеер және әйел адамдардың бас киімдеріне сараптама жасаған [4].

Алматы қаласы музейлерінің ішінде ұлттық киім түрлерінің көптеп сақталғаны – ҚР Мемлекеттік Орталық музейі (ҚР МОМ). Осы орайда тақырыпқа қатысты ғылыми еңбектер ішінде ерекше толымды еңбек – 2009 жылы профессор Н.Әлімбайдың жетекшілігімен жарық көрген иллюстрацияланған ғылыми каталогы [5]. Бұл еңбектің құндылығы сонда – каталогта ҚР МОМ қорындағы хронологиялық шеңбері XVIII-ХХ ғғ. ортасына дейінгі аралықты қамтитын, барлығы - 371 музейлік құндылықтар киімнің түрлері бойынша топтастырылып, ғылыми сипатталған. Олардың жасалуы, пішімі, тігу техникасы туралы толық сипаттамаларға қоса заттарға қатысты жасалған уақыты, орны, шебері, материалы, әзірлеу техникасы сияқты деректер, сондай-ақ, қажетті түрлі-түсті фотолары, ою-өрнек, безендірілуі туралы мәліметтер берілген. Бұл еңбекте бөрік түрлері сипатталады: құндыз, пушпақ, сусар т.б.

Ер адамның бас киімі жергілікті жағдайда қолға түскен материалға байланысты әр түрлі болған. Оның көп тарағаны - бөрік. Ол төрт үшкілден төрт қырлы күмбез іспетті етіп пішіліп, арасына жүн салып астарланып, барқытпен, шұғамен, күдерімен тысталатын. Олар көбіне кәдеге жаратылған аң терілерінің атымен құндыз бөрік, сусар бөрік, пұшпақ бөрік деп аталған. Ал оңтүстік аймақтарда қой терісінен тігілген, түрмесі үлкен бөрік киеді. Бөріктің неғұрлым жүнді де жылы түрлері Батыс Қазақстан, Атырау өңірлерінде жиі кездеседі. Жетісу, Семей, Өскемен аймақтарында жалпақ және биік түрмелі үлгілері көп. Бұрын ақын, әнші, сауыққой салдар мен өнерпаз жастар өте сәнді тігілген шошақ төбелі қүндыз бөрікке үкі тағып киетін болған. Ақын Серінің үкі тағылған бөрік кигендігін байқауға болады[6].

Халық арасында елтірі бөрік, түлкі тымақ, малақай, европалық үлгідегі құлақшын да кеңінен таралған. Әр облыста (әр жүзде) тымақ әр алуан үлгіде тігіледі. Олардың әрқайсысын "арғын тымақ", "үйсін тымақ", "найман тымақ" деп немесе "ұлы жүз үлгісі", "орта жүз үлгісі", "кіші жүз үлгісі" деп түр-түрге бөліп айтады. В. Плотниковтың 1859-1862 жылдары жазған қазақ киімдерінің ішінде бөрік пен тымақтың 15 түрлі үлгісі мен атаулары бар[7]. Солардың ішінде жаба салма, қайырма, төрт сай, сегіз сай, дөңгелек төбе, шошақ төбе, жекей тымақ деген түрлері ел арасында қазіргі кезде көп кездеседі. Жаба салма тымақ негізінен түлкі терісінен, сеңсеңнен тігіледі де құлағы мол, милығы кең, төбесі аласа болып келеді. Қайырма тымақ та түлкі мен қозы терісінен тігіледі, оның маңдайы төбесіне қарай үлкен қайырмалы келіп, жиектері жалпақ болады. Төрт сай тымақтардың төбесі төрт бөлек, сегіз сай тымақтардың төбесі сегіз бөлек теріден немесе киізден құралады. Дөңгелек төбелі тымақтың төбесі иықсыз, милықты, жатаған келсе, шошақ төбелі тымақтың төбесі иықсыз, бірақ үшкірлене биік етіп сырылады.

Тымақтың бөлшектері төбе, маңдай, екі алдыңғы қүлақ және артқы етек болып беске бөлінеді. Екі алдыңғы құлақтың сырт жағынан бастырған екі бауы бар. Тымақтың құлағы мен етегінің төбемен жалғасқан жерін милық деп атайды. Аса әшекейлі тымақтардың төбе аралықтарын, милығын алтын, күміс оқамен жолақтап әдемілейді. Ал күләпәрәні (капюшон) тымақтың сыртынан сулық ретінде киеді.

№2 сурет. Күләпәрә. ҚР МОМ қорынан (КП 9756/8).

№3 сурет. Күләпәрә. ҚР МОМ қорынан (КП 508)

Қазақстанның оңтүстігінің, Сыр бойы мен Талас-Шу аймағының отырықшы немесе жартылай отырықшы қазағы жазда арнайы басылған жұқа ақ киізден үшкірлеп, сүйірлеп пішілетін, тігісі қиылысқан жерлері қара жолақпен жабылатын, қайырмасы қара барқытпен тысталатын қалпақ киген. Оның қазақы, жырық, құйма, керей нұсқа деп аталатын түрлері болған. Орталық және Батыс Қазақстанның шонжарлары көбіне сәндік үшін аласа шошақ бөріктің үстінен алтын зермен кестеленген шымқай күрең немесе қызыл барқытпен, қайырмасы жасыл мәуітімен тысталған биік қалпақ киетін. Оны әр жерде әр түрлі атпен айыр қалпақ, мұрақ, сәукеле қалпақ деп атап келген.

№4 сурет.Ақ қалпақ. ҚР МОМ қорынан (КП 16042)

№5 сурет. Қалпақ киген қазақ. Фрагмент. «Всемирная иллюстрация» (Т.8. 1872)

атты журналдан

Малшы жазда басына шұғадан немесе сәтеннен тымақ үлгісімен астарсыз үш бұрышты етіп пішілген, күмбезінің алдында арнайы күнқағары бар жалбағай, далбай, күләпарә киген.

Ересек қазақ барлық уақытта, тіптен дастархан үстінде де басынан дөңгелек тақиясын тастамаған. Сыртқа шыққанда оның үстіне бөрік, тымақ, қалпақ киетін болған. Тақияның ең қарапайым әшекейі - шеңберінің айналасына берілетін иректелген сызықша. Ал оның «күмбезіне» төрт жағынан жібек немесе зерлі жіптермен «шұғыла», «гүл» тағы да басқа өрнектер жүргізілгендері жастар киетін тақияларға тән. Қазақ бұрын Қазан, Бұқар, Ташкент сияқты қалалардан сатып алынған тақияларды да кәдесіне жаратқан.

Қазақтың бас киімдері жайлы зерттеулерді  жалпы қазақ халқының ұлттық киімдеріне қатысты зерттеулерге талдасақ, бірінші, төңкеріске дейінгі еңбектер туралы айтып кету керек.

ХІХ ғасырдың 50-60 жылдарында қазақ даласына орыс генерал штабы зерттеу жүргізе бастайды. Осындай зерттеуге М.М.Красовскийдің қазақ костюмін толығымен сипаттаған еңбегін жатқызуға болады[8]. Ол өз еңбегінде киімнің тігілген матасы мен оның сапасына,әсіресе, Қазақстанның солтүстік-шығыс аймағының киім кию үрдісіне аса мән берген. Ол қарапайым қазақ отбасының киім кешегіне қанша мата жұмсалатынын және оның құнын есептеп қарастырған. М.Красовскийдің мәліметтері Ақмола және Семей, Орталық, солтүстік- шығыс Қазақстан қазақтарына байланысты жазылған. Сондай-ақ, Л.Мейер  Орынбор қазақтарының киімдеріне қысқаша сипаттама берген[9].

Оңтүстікті мекендеген қазақтардың киімдері туралы мәлімет аз және олардың барлығы жалпы сипаттама түрінде берілген (А. Кустанаевтың кітабынан басқасы). Сол сияқты Н.Зеланд және А.П.Краснов Жетісу қазақтары туралы жазса, Іле ауданы қазақтарының киімі туралы М. Матцеевский, Ф.В.Поярков еңбектерінде қаралған. Жетісу қазақтарының киімдеріне С.Болотов (ер және әйел киіміне сипаттама), В.В.Верещагин (№5 сурет) (бір жанұяның киімдерінің сипатталуы), Мак-Гахана (жас қыздардың киімдері) және Абазык К.К. (ерлердің костюмі) сипаттама берген[10].

Ресей ғылым академиясының экспедиция негізінде Қазақ халқының киімдерін зерттеген классикалық еңбек И.В. Захарова мен Р.Д. Ходжаеваның  монографиясы киім жайлы мол ақпарат береді. Бұл еңбекте негізінен ерлер, әйелдер және балалар киімдерінің түрлері мен үлгілеріне, олардың тігілу техникасы мен материалдарына, сондай-ақ,ер адамдардың бас киіміне  тоқталған[11].

ҚР МОМ басшылығымен этнографиялық терминдері бес томдық энциклопедияда қазақтың бас киімінен бастап аяқ киіміне дейін әр бұйымға бөлек тоқталып, сөздің этимологиясын жазған. Қазіргі кезде этнографтар бірқатар мақалалар жазуда, алайда, бас киім зерттеу обьектісі болған емес. Қазақ халқының ұлттық киімі толық зерттейтін ізденушілерін күтеді.

Ерге тән бас киім түрлеріне: тақия, бөрік, тымақ, құлақты бөрік (құлақшын), қалпақ, шалма, жалбағай. Оларды теріден, аң терілерінен, тыстық маталардан сырып тігеді. Дизайнер М.Ш. Өмірбекованың еңбегінде қазақ халқының бөріктің 67 түріне сипаттама берген [12, 56 б.].

Аққу бөрік– аққу терісінің тұтас сыдырылған түріндегі жəне аққу мамығынан тігілген бақсы мен дуананың айрықша белгісін көрсететін баскиім түрі. Аққу бөрікті негізінен бақсы ойнайтын кезде киген. Оны ем-дом жасап, сəуегейлік айтатын дуаналар да пайдаланды. «Қамбар батыр» жырында ол жөнінде төмендегідей мəлімет кездеседі:

... Патшадан пəрмен болған соң,

Келмембет мінді атына,

Бітеу сойып аққудың

Терісін киді басына

Жөнеліп кетіп барады,

Қырық жігіт ертіп қасына [13, 102 б.].

Этнографиялық жəне фольклорлық деректер бойынша аққу символикасы қазақтың шаман өнеріндегі арнайы дəстүрлі киімнің, сондай-ақ, оның маңыздылығын ашатын негізгі атрибут болып табылады. Қазақ бақсылары шашы  ұзын аққу мамықтарынан жасалған қалпақ жəне жамылғы киген. Зерттеушілердің айтуы бойынша, Алматыға жақын Қарғалы ауылының тұрғыны Досмайыл бақсы қолданған аққу бөрік, қобыз, асай мүсей, қамшы, орақ сақталған. Диуана басына аққу терісін бітеу сойып киеді, кейде шошақ бөрік, үстін жыртық-жамау шапан киген, қолына асатаяқ пен иығынақайыр қоржынын салып ел кезген. Диуана киетін киім лапас деп те аталған[14].

№6 сурет. Дуана (Бақсы). С.М. Дудин, 1907 ж.ҚР МОМ қорынан (НВФ 5289/13 а)

Қазақ ғұрпында бас киім көріктілік пен сәнділікті, баршылықты білдіретін қасиетті киім саналған. Қазақтың «дос аяғыңа қарайды, дұшпан басыңа қарайды» дейтін мақалы осы жайдан қалыптасқан. Сол сияқты сыпайылық көрсеткенде, біреуден біреу кешірім сұрағанда, аяққа жығылғанда бас киімді шешіп немесе бөрігін аяқ астына тастап « аһ » ұру да осы бас киімді қастерлеуден туған. Қысқы, жазғы бас киімдер бір бөлек, той жиындарда, жорықтарда киетін бас киім бір бөлек болып түрліше тігілетін. Тымақ пен бөрікті көбінесе мәриден, елтіріден, сеңсеңнен, лақ терісінен, пұшпақтан т.б. мал терілерінен жасап тыстайды, арасына жүн салып сыриды. Қыста киетін түлкі терісінен жасаған тымақты барқыт, пүліш, атлас, шұға сияқты жылы, әрі қымбат маталармен тыстаған.

№7 сурет. Бөрік киген қыз. С.М. Дудин

экспедициясы. 1899 ж.

Кунсткамера қорынан (1707-55)

№8 сурет. Бөрік киген балалар. С.М. Дудинэкспедициясы. 1899 ж.

Кунсткамера қорынан (1199-179)

Бөріктің негізгі пішіні қазақы ортада бірдей болған, көбінесе төрт бірдей үшбұрышты сайдан біріктіріліп тігіледі. Төбе шетінің конфигурациясы олардың  пошымына сай жоғарыдан төмен қарай біртіндеп үшбұрыштанып бітуі əртүрлі болып келеді. Кейін конус пошымды үшкір (XIХ ғ. басы), шаршылы болып келетін түрге ауысқан. Бөріктің төбесі көбінде төрт сайлы немесе алты сайлы болып келеді. Əр сайдың төбеде түйісетін ұштары  үшбұрыш тəрізді, етек жақтары тік төртбұрышты болады. Осы қиындылардың бір бетіне шүберектен астар, екі арасына бидайыға  жұқа матадан шүберек салып, жиі етіп сырады деп атайды. Бөріктің түрмесі кейде жалпақ, кейде жұмыр етіліп жасалады. Шошақ төбелі бөрікті  ақын, əнші, сал-серілер мен өнерпаз жастар өте сəнді етіп, үкі тағып киген. Жиегі сусардың терісімен көмкерілген бөріктің түрі сусар бөрік деп аталады. Бөрікті ерлер де, қыздар да киген, алайда қазақтың «Бөріктінің намысы бір» деген сөзіне қарағанда бөріктің  негізінен еркектерге тəн баскиім болғандығы байқалады. Ерлердің ойын-тойға киетін қымбат бағалы бөріктері болады. Қыздарға арналған  бөріктің  сырты мақпал, пүліш, барқыт сияқты қалыңдау, қымбат бағалы матамен тысталып тігіледі. Бөріктің  əртүрлі үлгіде қозы, қой, түрлі аң терілерінен, пұшпақтан тігеді.

Бөрікті жұрындалған терісіне қарай сан алуан түрге бөліп атайды: алтайы қызыл  бөрік, қамқа бөрік, қазақы бөрік, қарқаралы бөрік, құлын бөрік, құндыз бөрік, құрайыш бөрік. Кең таралған түрі – төрт төбелі бөрікті киізден сырылып, үш құлақ тымақтың төбесіне ұқсатып тігетін болған. Бөріктің етегі түріліп, иленген пұшпақ, құндыз, сусар, түлкі, қарсақ, мəлін терілері көмкеріле жұрындала ұстатылады. Төбесінің тысы қара, қаракөк-жасыл болып келеді, үкі қадалмайды. Төрт төбелі бөрікті  көбінде орта жасқа дейінгі адамдар əйел-еркек демей кие берген, ерлердің бөрігінің етегі жалпақтау, әйелдер бөрігінің етегі жіңішкелеу келеді. ҚР МОМ қорындағы (КП 9427) төрт төбелі құндыз бөрік қоңыр барқытпен тысталған, керегесі биік тігілген. Дөңгелене күмбез тəрізді келген төбесі төрт сайдан құралған. Бидайы түйенің жүнінен, керегесінің етегі айналдыра құндыз терісімен жұрындалған. Деректерге жүгінсек бұл бөрікті Шоқан Уəлиханов киген. Ол дүниеден озып, киімін таратқанда Шоқанның қарындасы Уəлиханов Бəдіғұлға берілген. Биіктігі 21 см, милық шеңбері 53 см.

Бөріктің төбесін қымбат күрең, қызыл, жасыл, көк, қара өңді бұлдан тігеді. Бөріктер ұзынша, сопақша, төбесі үшкір, күнқағарлы, үш, төрт немесе алты қиықтан құралады. Қиығына қарай оны үш, төрт, алты сай деп атайды. Қыздар киетін бөрік дөңгелек төбелі, конус тәрізді биіктеу болып келеді. Қыстық бөрік ішіне жүн, немесе мақта салып тігілсе, жаздық бөрік ішіне мақта салынбай, қос астарланып тігіледі. Төрт төбелі бөрік киізден сырылып үш құлақ тымақтың төбесіне ұқсас тігіледі. Бөріктің етегі түлкі, пұшпақ, құндыз, сусар, түлкі, қарсақ, мәлін терілерінен иленіп, етегі көмкеріле жұрындалып ұсталады. Төбесінің тысы қара, қара көк, жасыл болып келеді, оған үкі қадалмайды. Төрт төбелі бөрікті көбінде орта, орта жастан төменгі жастар, әйел, еркек демей, киюге болады. Қыз балалар мен келіншектердің бөріктерінің төбесінің тысы ашық өңді келеді.

Сәндік үшін бөріктің төбесіне үкі, жиегіне моншақ, шашақ, түрлі асыл тастар, түйме, оқа, зер, күміс тағылады. Тысына маржан тағып, әшекей-сәндік үшін ою салады. Төбесіне шоқпардай үкі тағып, оның түбіне асыл тас маржан тағады.  Жас жігіттер мен сал-серілер, ақындар бөріктеріне үкі тағып, зерлеп, өрнектеп киген. Мысалы, Ақан сері, Біржан сал, Үкілі Ыбырай, Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы бөріктерінің төбесіне үкі тағып жүрген. Оқалы бөрік құндызбен жиектеліп қызыл немесе көк масатымен тысталады. Бөріктің төрт сайының тігісін бастыра отырып оқа ұстайды. Сайларының арасы алтын, күміс жіптермен безендіріледі. Қыздардың бөркінің түрмесі көбінесе жалпақ, төбесі төрт сайлы, биіктеу болып келеді. Алтын, күміс теңгелермен, асыл жіптермен безендіріледі, үкі де тағылады. Дөңгелек бөрік төбесі киізден, не мақта тартылып, сырылып, қатырылып, астар, тыс қапталып тігіледі. Дөңгелек бөрікке үкі тағылады және оны тек қыз балалар киеді. Етегі сусар, құндыз, түлкі, қарсақ, мәлін, қоян терілерімен көмкеріліп жұрындалады. Бөріктің етегі жалпақ төбесінен 2-3 елі төмен болса жақсы жарасады. Қыс, жаз, көктем мезгілдерінде көп киіледі. Кейбір ғалымдар бөрік деген сөз көк бөрі сөзінен шыққан деген жорамал жасайды.

Бас киім арқылы кез келген адамның қоғамдағы орнын айқындайтын болған. Халық даналығы бойынша бөрікке байланысты мақал-мәтелдерге тоқаталсақ:

1.Бөріктінің намысы бір.

2.Бас жарылса, бөрік ішіңде,

Қол сынса, жең ішінде.

3.Бөрікті тастап,

Бөріден құтылуға болмас.

4.Жаулық кигеннің бәрі қатын емес,

Бөрік кигеннің бәрі батыр емес.

5.Бас аман болса,

Бөрік табылады.

6.Бейпіл ауызға-

Бөрікті бас сияды.

7.Жау жоқ деме,

Жар астында.

Бөрі жоқ деме,

Бөрік астында[15, 26 б.].

Бас киім қазақ халқының бөрік кию жылдың төрт мезгіліне тән болған. Аймақтық ерекшеліктері де Павлодар және Семей жақта бөрікті жүн салып астарлаған. Қоңыр барқытпен тысталған, керегесі биік келген ер адамның бас киімі, дөңгелене күмбез тәрізді келген төбесі төрт сайдан құралған. Бидайы түйе жүнінен, астары кұндыз пұшпағынан керегесінің етегі айналдыра құндыз терімен жарындалған.  Қырғыздар бөрікті тебетей деп атаған [12, 68 б.].  Жастардың бөріктері түрлі түсті мақтадан тігілсе, егде адамдар бір түсті жылы бөріктер киетін болған.

Ер адам жайлы айтылған кезде халық арасында бөрік киген деген сөз тіркесі пайдаланылады. Бөрікпен ұрып алатындай, яғни оп-оңай, жан қинамайтын деген мағынада қолданады [17, 125 б.].

№10 сурет. Аңшы. Суретші В.В.Верещагин. 1871 ж. . Ер адам ас киімі.

№11 сурет. Ер адамдардың киімі. (Семиречье, С.М.Дудин, 1907 г.)
(Источник: http://e-history.kz/ru/publications/view/2103 )

Бас киімге қауырсын тағу  - барлық халықтарда мифтік  наным бойынша жердегі адамның рухтық болмысының аспан әлемімен байланысты екендігін білдіреді. Мәселен, үкілі тымақты көбіне бақсылар киетін болса,  үкілі қалпақ, үкілі тақия, үкілі бөрік нәрестенің, жас балалардың атрибуты. Ал тымақтың өзі ел арасында қасиетті саналып, «шала туып, тымаққа салып өсірген екен», - деген  сөз бар. Себебі, айы күні жетпей шала туған баланы тымаққа салып керегеге іліп қоятын дәстүр бар.   Халық әдетте шала туған сәбиді осылай өсірген.  Оның себебі шала туған  сәби ұстауға, бесікке салуға келмейді, тымақ жылы, әрі бөлеуге, ұстауға ыңғайлы. Шала туған баланың неше күні кем болса,  сонша күн керегенің әр басына ілініп қойылатындықтан, күн кереге басы арқылы  есептеледі. Мысалы, қырық күні кем болса  керегенің қырқыншы  басынан бала тымақтан алынып, әдетте жаңа туған баланың рәсімі жасала бастайды. Егер бала қыста туса, ол үй қабырғасына бірнеше шеге қағылып ілінеді. Бұл да тымақтың қадірі мен  қасиетін бейнелейтін көріністердің бірі деп түсіну керек. Сондай-ақ, «Тымақ ұру» немесе «тымақ тастап кешірім сұрау» дәстүрі дау жанжал кезінде қолданылатын әдет. Бұл бойынша кінәлілер арызданушылардың алдына барып, кешірім сұрайтын болған. Ол бітімге шақырудың ең үлкен көрінісі. Қызды алып қашу үрдісінде де қыз жағының «аяғына жығыла»  барған кездейсоқ құдалар да бас киімін жерге, алдына тастайтындығы тағы бар.  

Мақала барысында, зерттеу объектісіне алынған әрбір артефактіге қалыптасқан музейлік принцип бойынша атрибуция жасалды. Атап айтқанда, музейлік бұйымның атауы, қолданыс орны мен мерзімі, жасалған уақыты, материалы, жасалу тәсілі, пішіні, өлшемдері және жинақтап тапсырған адамның аты-жөні сияқты мәліметтері барынша қамтылып, оларға сипаттама жазылды. Сондай-ақ, бұйымдарға салынған, түсірілген қазақы нақыштардың (ою-өрнектердің) түрлерін анықтауға, олардың қолданыстық мәнін, өзіндік ерекшелігін яғни, семантикалық өрісін ашуға баса назар аударылды.

Пайдаланған әдебиеттер тізімі:

1.  Паллас П.С. Путешествие по разным провинциям Российского государства. Ч.1. СПб, 1873; Георги И.Г. Описание всех обитающих в Российском государстве народов. СПб., 1776;Левшин А.И. Описание киргиз-казачьих или киргиз-кайсацких орд и степей. В трех частях.СПб., 1832.

2.  ҚАЗАҚТЫҢ ЭТНОГРАФИЯЛЫҚ КАТЕГОРИЯЛАР, ҰҒЫМДАР МЕН АТАУЛАРЫНЫҢ ДƏСТҮРЛI ЖҮЙЕСI. Энциклопедия. 1-том. – Алматы: DPS, 2011. – 738 бет. (иллюстрацияланған);

3.  Семенов А. Ковры русского Туркестана. // ЭО. СПб., 1911. №1-21;

4.  Захарова И.В. Ходжаева р.д. Головные уборы казахов (опыт локальной классификации) с. 204-227.// Традиционная одежда народов Средней Азии и Казахстана. – М.: Наука, 1989. – 255 с.

5.  Қазақтың дәстүрлі киім-кешегі. Ғылыми каталог (Қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде). Ғылыми редактор мен жоба жетекшісі Нұрсан Әлімбай. – Алматы; Өнер, 2009. -344 б.

6.  Жұмабаев М.Ақан сері // Таңдамалы. 1-2-томдар. Алматы: Ғылым, 1996.

7.  Плотников В.Н. Народные обычаи, имевшие, а отчасти и ныне имеющие в Малой Киргизской орде силу закона // ЗООИРГО. Вып ІІ., Казань. 1871. С.45-167;

8.  Красовский М. Материалы для географии и статистики России,собранные офицерами Генерального штаба. Область Сибирских киргизов.Ч.1-3. СПб.: Тип. Владимирская, 1868;

9.  Мейер Л. Киргизская степь Оренбугского ведомства – казачья. Спб, 1865. 414 с.

10.  Россия. Полное географическое описание нашего отечества. Настольная и дорожная книга для русских людей. Под ред.Семенова. СПб  изд А.Ф.Деврена. 1903.

11.  Захарова И.В. Ходжаева р.д. Традиционная одежда народов Средней Азии и Казахстана. – М.: Наука, 1989. – 255 с.

12.  Өмірбекова М.Ш. Қазақ ұлттық киімінің этномәдени лексикасы. Ғылыми тарих басылым – Алматы : «Дәуір»,  2015. - 320б.

13.  «Қазақтың дәстүрлі категориялары мен ұғымдарының түсінігі». Ғылыми редактор мен жоба жетекшісі Нұрсан Әлімбай. – Алматы; Өнер, 2009. -344 б.

14.  Қазақтың дәстүрлі киім-кешегі. Ғылыми каталог (Қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде). Ғылыми редактор мен жоба жетекшісі Нұрсан Әлімбай. – Алматы; Өнер, 2009. -636 б.

15.  Қазақ халқының мақал- мәтелдері, Алматы: Санат , 1996

16.   Кеңесбаев. Қазақ тілінің фразеологиялық сөздігі. Алматы, 1977, 125 бет

17.  Попова Л.Ф. Казахские головные уборы в альбоме рисунков В. Плотникова. // Лавровские сборник материалов 34-35 Среднеазиатские чтения 2010-2011 гг. СПб, 2011.

18.  Жангелдин Н. Казахская национальная одежда. Алматы: Pipar, 1998.

19.  Кеңесбаев. Қазақ тілінің фразеологиялық сөздігі. Алматы, 1977, 125 бет

Referense

1. Pallas P.S. Puteshestviye po raznym provintsiyam Rossiyskogo gosudarstva. CH.1. SPb., 1873; Georgi I.G. Opisaniye vsekh obitayushchikh v Rossiyskom gosudarstve narodov. SPb., 1776; Levshin A.I. Opisaniye kirgiz-kazach'ikh ili kirgiz-kaysatskikh ord i stepey. V trekh chastyakh.SPb., 1832.

2. KAZAKT ETNOGRAFIYALYKˌ KATEGORIYALAR, UĠYMDAR MEN ATAULARYN  DASTҮRLI ZHUESI. Entsiklopediya. 1-tom. - Almaty: DPS, 2011. - 738 b. (Illyustratsiyalanġan);

3. Semenov A. Kovry russkogo Turkestana. // EO. SPb., 1911. №1-21;

4. Zakharova I.V. Khodzhayeva r.d. Golovnyye ubory kazakhov (opyt lokal'noy klassifikatsii) s. 204-227.// Traditsionnaya odezhda narodov Sredney Azii i Kazakhstana. - M .: Nauka, 1989. - 255 s.

5. Kazaktyn dasturlí kiím-keshegí. Ġydykh katalog (Kazak-orys, aġylshyn tílderínde). Ġylymi redaktor men zhoba zhetekshísí Nursan Alímbay. - Almaty; Oner, 2009. -344 b.

6. Zhumabayev M.Akan serí // Tandamaly. 1-2-tomdar. Almaty: Ġylym, 1996.

7. Plotnikov V.N. Narodnyye obychai, imevshiye, a otchasti i nyne v Maloy Kirgizskoy orde silu zakona // ZOOIRGO. Vyp ÍÍ., Kazan'. 1871. S.45-167;

8. Krasovskiy M. Materialy dlya geografii i statistiki Rossii, sobrannyye ofitserami General'nogo shtaba. Oblast' Sibirskikh kirgizov.CH.1-3. SPb .: Tip. Vladimirskaya, 1868;

9. Meyyer L. Kirgizskaya step' Orenbugskogo vedomstva - kazach'ya. Spb, 1865. 414 s.

10. Rossiya. Polnoye geograficheskoye opisaniye nashego otechestva. Nastol'naya i dorozhnaya kniga dlya russkikh lyudey. Pod red.Semenova. SPb izd A.F.Devrena. 1903.

11. Zakharova I.V. Khodzhayeva r.d. Traditsionnaya odezhda narodov Sredney Azii i Kazakhstana. - M .: Nauka, 1989. - 255 s.

12. Omírbekova M.SH. Kazak ulttykˌ kiímíníң etual'adeni leksikasy. Ġylymi tarikh basylym - Almaty: «Dauír», 2015g. - 320b.

13. «Kazaktyn dəstүrlí kategoriyalary men uġymdarynyn tүsínígí». Ġylymi redaktor men zhoba zhetekshísí Nursan Alímbay. - Almaty; Oner, 2009. -344 b.

14. Kazaktyn dəstүrlí kiím-keshegí. Ġydykh katalog (Kˌazakˌ, orys, aġylshyn tílderínde). Ġylymi redaktor men zhoba zhetekshísí Nursan Alímbay. - Almaty; Oner, 2009. -636 b.

15. Kazak khalkynyn makal-matelderí, Almaty: Sanat, 1996

16. Keshesbayev. Kazak tílínín frazeologiyalyk sozdígí. Almaty, 1977, 125 bet

17. Popova L.F. Kazakhskiye golovnyye ubory v al'bome risunkov V. Plotnikova. // Lavrovskiye sborniki materialov 34-35 Sredneaziatskiye chteniya 2010-2011 gg. SPb, 2011.

18. Zhangeldin N. Kazakhskaya natsional'naya odezhda. Almaty: Pipar, 1998.

19. Kenesbayev. Kazak tílínín frazeologiyalykˌ sozdígí. Almaty, 1977, 125 bet

КАЗАХСКАЯ НАЦИОНАЛЬНАЯ ОДЕЖДА: АТРИБУЦИЯ ГОЛОВНОГО УБОРА БОРИК.

Аннотация.

В этой статье проводится изучение национальной одежде казахского народа на примере головного убора - борик. А также исследуется  их региональные особенности. Основное внимание было уделено работам исследователей, изучавших казахскую национальную одежду, также рассматривались детали и характер одежды. Для написания статьи были использованы материалы, собранные из многих научных трудов и этнографических экспедиций.

Ключевые слова: материальная культура, этнокультурная среда, коллекция одежды, музейные ценности.

Annotation.

This article examines scientific works on the ethnic dress of the Kazakh people, their regional characteristics and types. The main attention was paid to the work of researchers who studied Kazakh national clothes, also examined the details and character of clothing. To write the article, were used materials from many scientific works and ethnographic expeditions.

Key words: material culture, museum exhibits, collection of clothes, museum values.



Получите свидетельство о публикации сразу после загрузки работы



Получите бесплатно свидетельство о публикации сразу после добавления разработки


Серия олимпиад «Весна — лето 2024»



Комплекты учителю



Качественные видеоуроки, тесты и практикумы для вашей удобной работы

Подробнее

Вебинары для учителей



Бесплатное участие и возможность получить свидетельство об участии в вебинаре.


Подробнее