| 15.04.2015 | Геометрия | 8-сынып |
| |
| Сабақтың тақырыбы: | Төртбұрыштардың аудандары тарауын қайталау
| |||
| Жалпы мақсаттары: | Оқушылардың төртбұрыштардың аудандары туралы білімдерін кеңейту.Төртбұрыштардың аудандарын,қасиеттерін, формулаларын есептер шығаруда пайдалана білу бейімділіктерін арттыру | |||
| Сілтеме: |
/ авторлары Ә.Н.Шыныбеков/ | |||
| Оқу нәтижесі: | Төртбұрыштардың аудандары туралы меңгерген білімдерін еске түсіреді, қайталайды, түсінеді. | |||
| Негізгі идеялар: | Өз бетінше жұмыстарын ұйымдастыруда уақытты дұрыс бөлу, тексеруді ұйымдастыру формасын ойластыру. | |||
| Сабақта қолданылатын материалдар: | 8-сыныптарға арналған төртбұрыштар жиынтығы. Төртбұрыштар /плакат/ Интерактивті тақта | |||
| Оқыту әдістері: | Интерактивті оқыту әдістері
|
| ||
| Дерек көздері: | Төртбұрыштар тақырыбына берілген материалдар. | |||
| Тапсырмалар:
| «Геометрия» оқулығы бойынша берілген есептер Логикалық есептер, кестемен жұмыс, сызба, сәйкестендіру тесті, бағалау | |||
Сабақ бойынша мұғалімнің жазбалары:
Психологиялық ахуал /2 мин/
Сабақтың ұстанымы «Адамның алдында ақылға апаратын үш жол бар: ойлау жолы,бұл –ең жақсысы; ұқсау жолы, бұл- ең жеңілі; жеке тәжірибе жолы, бұл- ең жауаптысы, іздену жолы» Конфуций
Блум таксономиясы бойынша:
| Ойлау деңгейі | Мұғалім тапсырмалары | Оқушы іс-әрекеті | |||||||||||||||||
| Білу
|
( , , , ) |
Төртбұрыштар тарауын квадрат, ромб, параллелограмм, трапеция тақырыптары бойынша қайталау |
Әр оқушы бір-бірден алып, сол фигураларға сәйкес келетін столға орналасып, топ құрады. Топ басшысын сайлайды Топ мүшелері тапсырманы қорғайды | |||||||||||||||||
| Түсіну
|
Әр тақырыптың мазмұнын ашу үшін топтарға сәйкестендіру тесті беріледі
| Әр топ мүшелері орындайды, жауаптарын сыныпқа хабарлайды. Қалған топ жауаптың дұрыстығын өздерінікімен салыстыра отырып, тексереді. | |||||||||||||||||
| Қолдану | Интерактивті тақтада тапсырма беріледі. №1. Параллелограмның қабырғалары 14 см, 19 см. Параллелограмның периметрін табыңдар. Жауабы: 66 см. №2.Бір қабырғасы екіншісінен 2 есе ұзын, ал ауданы 32 см2 болатын тіктөртбұрыштың қабырғаларын тап. Жауабы: 4см, 8см Жауабы: 128см2 | Ауызша есептерді жұптасып орындап, топ сыныпқа түсіндіреді | |||||||||||||||||
| Сергіту сәті | Орындары ауысқан сөздер беру | Әріптерді орындарына қойып, сөздерді табу | |||||||||||||||||
| Талдау |
| Әр топтан бір оқушы шығып, тапсырманы орындайды. Есеп шартына сәйкес талдап түсіндіреді. | |||||||||||||||||
| Жинақтау | І топ. «Параллелограмм» IV топ «Квадрат» Ребус құрастыру | Әр топ өз тапсырмаларын орындап, сыныпқа көрсетеді, бірігіп талдайды, түсіндіреді. | |||||||||||||||||
| Бағалау | Бағалау парақшасы таратылады | Өз-өздерін бағалайды | |||||||||||||||||
| Үйге тапсырма | Төртбұрыштар ауданына тест құрастыру | Өздік жұмыс |
Бағалау парақшасы
Оқушының аты-жөні _____________________________________________________
| № | Критерий | Тексерілетін элементтер | Жетістік деңгейі | Тапсырманы орындауға берілетін ұпайлары | |
|
1 | Не біледі? (max 4) | Ештеңе білмейді | 0 |
| |
| Төртбұрыштың түрлерін, анықтамасын біледі | 1 | ||||
| Төртбұрыштың элементтерін біледі | 2 | ||||
| Әрқайсының өзіне тән қасиеттерін біледі | 3 | ||||
| Төртбұрыштарға байланысты теоремаларды біледі | 4 | ||||
|
2 | Нені орындай алады (max 3) | Еш нәрсе орындай алмайды | 0 |
| |
| Сызбаларын сыза алады | 1 | ||||
| Сызбадан бұрыштарын, қабырғаларын, диагональдарын көрсете алады | 2 | ||||
| Сызба бойынша өз ойын анық жеткізе алады | 3 | ||||
|
3 | Қолдану (max 5) | Ештеңе білмейді | 0 |
| |
| Теориялық білімді есеп шығаруда қолданады | 1 | ||||
| Есепке байланысты сызбаны орындай алады | 2 | ||||
| Ауданды есептеу формуласын біледі | 3 | ||||
| Формуланы есеп шығаруда қолдана алады | 4 | ||||
| Периметр мен аудан формуласын байланыстыра отырып, белгісіз элементін таба алады | 5 | ||||
| 6 | Жалпы балы |
|
|
| |
Бағалау парақшасы
Сынып: _________ Аты-жөні:___________________________________________________
Осындай топтық жұмыс ұнады ма? __________________________________________
Ол сізге қызықты болды ма? ________________________________________________
Осы топтық жұмыста басты қандай нәрсе ұнады? _____________________________
Не нәрсе қиындық туғызды? ________________________________________________
Бағалау ___________________________________________________________________
Сізге сабақ ұнады ма әлде ұнаған жоқ па?
(Неліктен ұнады? Неліктен ұнамады?)___________________________________________
Ұсыныстар:___________________________________________________________________
___________________________________________________________________________________























