«Зима 2025»

Қызыл кітап қысқа мерзімді жоспар

5 сынып қазақ тілі пәні бойынша қысқа мерзімді жоспар

Олимпиады: Русская литература 5 - 11 классы

Содержимое разработки



Түркістан облысы, Созақ ауданы

Тайқоңыр елді мекені



Төлеген Момбеков атындағы шағын жинақты орта мектеп






Қысқа мерзімді сабақ жоспары



Пәні : Қазақ тілі


Бөлім аты: Жануарлар әлемі мен өсімдіктер дүниесі

Тақырыбы: Қазақстанның Қызыл кітабы

Өткен тақырыптар бойынша білім, білік, дағды қалыптастыру.

Синоним мен антоним







Сыныбы: 5 «А»

Пән мұғалімі: Култаева Ботагоз Турганбаевна
















2018-2019 оқу жылы



Қысқа мерзімді сабақ жоспары


САБАҚ: қазақ тілі

Мектеп: Төлеген Момбеков атындағы шағын жинақты орта мектеп

Күні: ____________

Мұғалімнің аты-жөні: Култаева Ботагоз Турганбаевна

Сынып: 5 «А»

Қатысқан оқушылар саны: 21

Қатыспағандар: 0

Бөлім атауы

4-бөлім: Жануарлар әлемі мен өсімдіктер дүниесі

Сабақтың тақырыбы

2-сабақ. Қазақстанның Қызыл кітабы

Сабақтың түрі

Өткен тақырыптар бойынша білім, білік, дағды қалыптастыру

Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары

О1; Ақпаратты түсіну

Мәтіндегі негізгі және қосымша ақпаратты түсінеді, анықтайды;

ӘТН 2; лексикалық норма

Сөз мағыналарын түсінеді, синонимдер мен антонимдерді таба алады.

Сабақтың мақсаттары

Барлық оқушылар: 1) мәтіндегі негізгі ақпаратты анықтайды;

2) Синоним мен антоним анықтамаларын біледі.

Көптеген оқушылар: 1) мәтіндегі негізгі және қосымша ақпаратты анықтайды;

2) синоним мен антоним анықтамаларын ескереді;

Кейбір оқушылар: 1) мәтіндегі негізгі және қосымша ақпаратты анықтайды, түсінеді;

2) синоним мен антоним сөздерді тауып, мағынасын ажыратып айта біледі.

Бағалау критеийлері

Оқылым мақсаты бойынша:

1. Мәтіннен негізгі ақпарат пен қосымша ақпаратты анықтайды, өз пікірлерін білдіреді;

2. «Мен нені білдім...» әдісімен мәтін бойынша алған білімдерін атап көрсетеді;

3. Қызыл кітапты ашудағы мақсат туралы сөйлегенде, өз тәжірибелерімен байланыстырады;

4. ӘТН бойынша:

Сөйлеу барысында синоним мен антоним сөздерді қатыстырып сөйлейді.

Тілдік міндеттер

Диалогқа қажетті сөз тіркестер:

мысалы, көбінесе, атап айтқанда, әсіресе, айтылған бойынша, мыналар, осылайша, сонымен, қорытындылай келе, мұнан соң және т.б.

Осыған дейін меңгерілген білім

Адам және табиғат

Пәнаралық байланыс

экология, биология, зоология

АКТ-мен байланыс

интерактивтік тақта арқылы бейнематериал, таныстырылым тамашалау

Құндылықтармен байланыс

қоршаған ортаны қорғау, өмір бойы білім алу (тәрбиелік элемент)

Жоспар

Жоспарланатын уақыт

Жоспар бойынша орындалуы тиіс іс-әрекеттер

Дереккөз дер

Сабақтың басы


5 минут







Қызығушылықты ояту

Сәлемдесу, оқушыларды түгендеу, сабаққа дайындық;

Үй тапсырмасын тексеру

39-беттегі 5-тапсырма

«Кезбе тілші» әдісі арқылы оқушыларға сұрақ қоя жүріп, үй тапсырмасын орындау деңгейлерін тексеріп шығу.

Қоянның төлі? Көжек. Түлкінің төлі? Жәудір, мырмай. Еліктің төлі? Еңілік. Арыстанның төлі? Алан. Аюдың төлі – қонжық. Киіктің төлі – құралай. Т.б.

Топқа бөлу: «Қызыл кітапқа» енген жануарлар мен өсімдіктердің суреттері арқылы 4 топқа бөліну.

Бейнематериал тамашалау;


Сабақтың тақырыбын болжау, мақсаттары мен бағалау критетийлерімен танысу.



https://www.youtube.com/watch?v=LRsgNClb4aw 3:25 мин.

Сабақтың ортасы

30 минут

Оқылым алдындағы жұмыс

«Ашық микрофон» әдісі /Саймон Браунхилл бойынша/ арқылы оқушылармен сұхбат.

  • «Қазақстанның қызыл кітабы» дегенді қалай түсіндіресіздер. Ол не туралы кітап?

  • «Қызыл кітапқа» жан-жануарлар мен өсімдіктерді не үшін ендіреді, не мақсатта?

Қ.Б. Жарайсың! Тамаша! Жақсы!


2-тапсырма. 40-бет

«Ойлан, жұптас, бөліс» әдісі арқылы топта жоспар құрады.

Мәтінді мұқият оқып, жоспар құрыңыздар.

Жоспар

  1. «Қызыл кітап»

  2. Кітапқа енген омыртқалылар

  3. Жойылу қаупі бар өсімдіктер

«Еркін әңгіме» әдісі арқылы оқылым мәтіні бойынша оқушылармен сұхбаттасу.

  1. Қалай ойлайсыздар кітаптың түсі неліктен қызыл?

  2. «Көздің қарашығындай қорғау» дегенді қалай түсінесіздер?

Қ.Б. Жарайсың! Тамаша! Жақсы!


Дескриптор: ойын жеткізуде дәлелдер мен мысалдарды ұтымды қолдана алу


3-тапсырма. ЖАЗЫЛЫМ. /40-бет/ «Бэкроним» әдісі бойынша оқылым мәтініндегі қою қаріппен жазылған сөздердің синонимдерін жазыңыздар.

Қаупі, сирек, мәлімет, тиімді, басылып шықты, енді, тіркелу, жойылу, сақтап, ісінің.

Үлгі: тиімді, ұтымды, пайдалы, оңтайлы т.б.


Қ.Б. Жарайсың! Тамаша! Жақсы! Өте жақсы! Талпын! Ізден!


Дескриптор: Синонимдерді ажырата білу.

Мағынасын түсіну


4-тапсырма. ТЫҢДАЛЫМ.

«Бір минуттық әңгіме» тәсілі Иен Майлс бойынша Оқушылар жұптық әңгіме жүргізеді. Тыңдаған өлеңді өзара талқылайды, ортамен бөліседі. Жаңа сабақты бекіту мақсатында өз ойларымен бөліседі.

Қ.Мырза Әлі «Қызыл кітап» өлеңін (11.mp3) тыңдау.

ҚАДЫР МЫРЗА ƏЛІ
ҚЫЗЫЛ КІТАП

(1935–2011)

Үзінді

Мылтық көрсем төрлерден іліп қойған,
Менің мазам кетеді күдікті ойдан.
Жұртпен бірге мəз болып,
Ду-ду етіп
Қайта алмаймын одан соң күліп тойдан.
 
 Аңшылыққа қалай жұрт қызығады?!
Қан жуады олардың ізін əлі.
Көргеннен-ақ мылтықты
Менің үшін
Дүниенің дидары бұзылады.
 
Аяймын мен анасыз,
Атасызды.
Аяймын мен құлынсыз,
Ботасызды.
Хайуанатқа жасаған қиянатың –
Бауырыңа жасаған опасыздық!
 
 Қызыл түлкі даланың көрігі еді.
Жаға болып ол енді «керіледі».
Бөкебаймен бүркеулі анау қалпақ –
Қалпақ емес –
Қақпан боп көрінеді.
 
 Тымырсығы-ай!
Қалада жел еспейді.
Жел есетін бұл жайлау емес дейді.
Анау киім ілгішке көзім түссе,
Бұғылардың мүйізі елестейді.
 
 Ауылда, өспе, мейлі, сен қалада өспе,
Анаң сенің бəрібір
Дала емес пе?!
Терезеге ұстаған анау шілтер
Құсқа құрған торларды салады еске.
 
 Айналайын бұлбұлым,
Бал таңдайым,
Саған тор да,
Қасқырға қақпан дайын.
Шынтақтаған жастықты
Көрінеді
Аққу-қазды жаныштап жатқандайын.
 
 Өкпелетпеу керек қой қожайынды.
Айта алмайсың халыңды,
Не жайыңды.
Ұстай беріп айырды
Шошып кетем
Шаншығалы жатқандай дəу жайынды!
 
Тартып алған аңдардың бір киерін,
Қыз-келіншек үшін мен құр күйемін.
Кешіре гөр біздерді,
Əулие көл!
Кешіре гөр біздерді,
Қыр киелі!
 

Дескриптор: Ойларын еркін жеткізе алу

Сөйлеу барысында дәйексөздерді орынды қолдана білу

Қалыптастырушы бағалау: топта


«Бұзық телефон» ойыны

(Сергіту сәті ) Оқушылар бір-біріне сыбырлау арқылы ақпаратты қатесіз жеткізе алуы керек. Дұрыс тындалым, айтылымға бағыттау. Айтылатын сөз түлкінің төлі – жәудір.


5-тапсырма «Жылдам тест»

Әрқайсысына жеке парақшадағы тест таратылады. Жылдам белгілеп, өзара бір-бірін тексереді. Бағалайды. Тест алдыңғы тақырып синонимдер мен антонимдерді табуға арналады.


1.Синонимдерді анықтаңыз.
А) Жаман – нашар.
В) Үлкен – кіші.
С) Қайрат – мұрат.
D) Биік – аласа.
Е) Ерте - кеш
Дұрыс жауап:А
  
2.Синонимнің анықтамасын көрсетіңіз.
А) Мағыналары жақын сөздер.
В) Мағыналары бір-біріне қарама-қарсы сөздер.
С) Жазылуы бірдей, бірақ мағыналары басқа сөздер.
D) Заттың атын білдіретін сөздер.
Е) Заттың сынын білдіретін сөздер.
Дұрыс жауап:А
 
3.«Сұлу», «көркем», «әдемі» сөздер екенін анықтаңыз.
А) Антоним сөздер.
В) Омоним сөздер.
С) Синоним сөздер.
D) Қыстырма сөздер.
Е) Қаратпа сөздер.
Дұрыс жауап:С
  
4.«Ұзын» сөзінің антонимін белгілеңіз.

А) Биік.

В) Қысқа.

С) Аласа.

D) Төмен.

Е) Қара.


5.Дұрыс жауап: В
Антоним бола алатын сөздер қатарын белгілеңіз.

А) Қайратты - жігерлі.

В) Ұстаз - оқытушы.

С) Жаман - нашар.

D) Әдемі - сұлу.

Е) Ақ - қара.

Дұрыс жауап: Е

6.«Ұзын - қысқа» антоним сөздерінің орысша аудармасын көрсетіңіз.

А) Длинный - короткий.

В) Толстый - худой.

С) Белый - черный.

D) Дешевый - дорогой.

Е) Твердый - мягкий.

Дұрыс жауап: А


БАҒАЛАУ: Оқушылардың күнделіктеріне смайликтер жапсыру арқылы бағалау.

Үйге тапсырма: 40-бет, 6-тапсырма













«Ол кім? Бұл не?» кітабынан



















https://www.youtube.com/watch?v=ODEC3d6AM-E



















































































https://ust.kz/word/qazaq_tili_paninen_5_synypqa_arnalagan_test_jinagy-19583.html


































Сабақтың соңы

5 минут


«3, 2, 1» әдісі

Оқушылар рефлекторлық экран бойынша

3 – маңызды ақпарат,

2 – туындаған қиындық,

1 – ұсыныс жасайды.




Дифференциация – Сіз оқушыларға көбірек қолдау көрсету үшін не істейсіз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырма беруді көздеп отырсыз?

Бағалау – Оқушылардың ақпаратты қаншалықты меңгергенін қалай тексересіз?

Пәнаралық байланыс

Қауіпсіздік ережелері

АКТ-мен байланыс
Құндылықтармен байланыс

Оқушының қабілетіне қарай сөз жүзінде қолдап, демеп отырамын. Деңгейлік тапсырмалар беремін. А,В,С деңгейлі оқушылармен жеке жұмыс жасаймын.

Жеке қабілеттерін ескере отырып деңгейлік тапсырмалар әзірледім. Қабілеті мен тақырыпқа қызығушылығы жоғары оқушыларға шығармашылық деңгейдегі сұрақтар қойдым.

Ф топтық бағалау

Жарайсың! Тамаша! Жақсы! Өте жақсы! Талпын! Ізден! Әдістерін пайдалану

Пәнаралық байланыс: экология, биология, зоология.

АКТ-мен байланыс: интерактивтік тақта арқылы бейнематериал, таныстырылым тамашалау.
Құндылықтармен байланыс: қоршаған ортаны қорғау, өмір бойы білім алу (тәрбиелік элемент)

Ойлану

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары жүзеге асырымды болды ма?

Бүгін оқушылар нені үйренді? Сыныптағы оқу атмосферасы қандай болды? Дифференциацияны жүзеге асыру қолымнан келді ме? Мен жоспарланған уақытымды ұстандым ба? Мен жоспарыма қандай өзгерістер енгіздім және неліктен?

Оқушылар бүгінгі тақырып бойынша «қызыл кітапқа» енген өсімдіктер мен жануарлар туралы мәлімет алды. Сонымен қатар қоршаған ортаға не себепті қамқорлық танытулары керектігін жете түсінеді.

Оқушылардың сабаққа белсенділігін арттыру үшін әдіс-тәсілдерімді түрлендіріп, жетілдіруім керек. Уақытты тиімді пайдалана алдым.

Жалпы баға

Сәтті өткен екі нәрсені атап көрсетіңіз (сабақ беру және оқытуға қатысты)?

1: Тыңдалым тапсырмасы арқылы өз пікірлерін ортаға салу сәті

2: Синонимдерді табуға арналған тапсырмалар


Қандай екі нәрсе сабақтың одан да жақсы өтуіне ықпалын тигізер еді (сабақ беру және оқытуға қатысты)?

1: «Миға шабуыл» әдісі арқылы өткен сабақтарды еске түсіріп өту.

2:













Получите свидетельство о публикации сразу после загрузки работы



Получите бесплатно свидетельство о публикации сразу после добавления разработки


Серия олимпиад «Зима 2025»



Комплекты учителю



Качественные видеоуроки, тесты и практикумы для вашей удобной работы

Подробнее

Вебинары для учителей



Бесплатное участие и возможность получить свидетельство об участии в вебинаре.


Подробнее