«Зима 2025»

Менің ана тілім –қазақ тілі. Сөйлеу не үшін қажет

2 Сынып қазақ тілі. Менің ана тілім- қазақ тілі. Сөйлеу не үшін қажет?

Олимпиады: Литературное чтение 1 - 4 классы

Содержимое разработки

Пән: Қазақ тілі

Сынып: 2 «В»

Күні: 05.09.2017

Сабақтың тақырыбы: Менің ана тілім –қазақ тілі. Сөйлеу не үшін қажет?

Мектеп: «С.Қондыбай атындағы №22 жалпы білім беру орта мектебі»

Мұғалімнің аты-жөні: Асанова Айымгуль Жолдасбаевна

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Ұзақ мерзімді оқу мақсаты

2.1.1.1 - тыңдаған материал бойынша түсінбеген сөздерін белгілеу, мәтін мазмұны бойынша қойылған сұрақтарға жауап беру.

2.2.3.1 - мәтін мазмұнын анықтауға бағытталған сұрақтар құрастыру және жауап беру

2.1.4.1 тірек сөздерді қатыстыра отырып,берілген тақырып бойынша әңгіме құрау

Сабақтың мақсаттар

1. Мәтін бойынша берілген сұрақтарға жауап береді;

2.Берілген мәтін бойынша сұрақтар құрастырады;

3.Тірек сөздерді қолданып, сөйлемдер айтады; 4.Суреттегі іс-әрекеттерді сипаттап, ауызша әңгіме құрайды;

Бағалау критерилері

1. Мәтінді оқып сұрақтарға жауап береді;

2. Мәтінді оқиды сұрақтар қойып, ауызша жауап береді;

3.Оқушылар қолдарындағы тірек сөздермен мәтін құрайды;

4. Сурет бойынша әңгіме құрастырып айтады.

Сөздік қор

Ауызша және жазбаша сөйлеу, жазғы демалыс

Құндылықтарды дарыту

Жауапкершілікке, ұжымшылдыққа тәрбиелеу.

Пәнаралық байланыс

Әдебиеттік оқу: мәтінмен жұмыс.

Дүниетану: сергіту сәті, табиғат туралы әңгімелейді.

АКТ қолдану дағдысы

Үлестірмелі материалдар, интерактивті тақта

Алдыңғы меңгерілген білім

Сабақта өздері неше тіл білетіні туралы, тілді үйрену не үшін керек екендігі туралы біледі.



Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақта жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар


Сабақтың басы










Психологиялық дайындық

-Кел, жаныма тұр, сыныптас,

Өз алақаныңды маған аш.

Міне менің қолым бос,

Жылуыма жылу қос.

Өткенге шолу

Не естеріңде қалды?

Тірек сызбаны толтырайық..


... сөйлеседі

...

Тіл арқылы ...

...

...

Оқушыларды сабақтың тақырыбымен, мақсатымен таныстыру. Мен жазда қалай демалдым?

Тапсырма:

А) оқушылар дайын кестелерді алып, он минут уақыт ішінде бірнеше баладан сұхбат алуы керек. «Бинго» әдісі.

В) ортаға жиналып, ақпаратпен бөліседі.



Оқушының аты-жөні

Қайда?

Кіммен?

Қалай?

1





2





3






Қ/Б

Шапалақтау әдісі арқылы бағалаймын.


-Қазақ тілі –менің ана тілім. Мен ана тілімде оқып, жаза аламын, басқалармен әңгімелесемін және білмегенімді сұраймын. Мұның бәрін өз ана тілімді жақсы білгендіктен орындай аламын.

-Белгілі ақын Қадыр Мырза Әли ана тілінде сөйлеудің маңызды және қажетті екенін «Ана тілі» деген өлеңінде айтады. Оқып көрейік.










Плакат






Кестелер

Сабақтың ортасы









Айтылым. Тірек сөздерді қолданып, тізбектеп мәтін құру. Шеңберде тұрып, бір сөйлеммен ойды жалғастырады.

Оқушылар қолдарындағы сөздермен сөйлем құрастырады. Сөйлемдер байланысты болуы керек.

Тірек сөздер: жаз мезгілі, ыстық, демалады, күнге күйеді, шомылады, тереді, аулайды, көмектеседі, тереді, пайдалы

Дескриптор

Тірек сөздерді пайдаланып, мәтін құрайды.

Сөйлем дұрыс мағыналы құрылады.

Қ/Б

Ауызша бағалау әдісі арқылы бағалаймын. Қажет болған жағдайда ұсыныс айтамын.


2. Мәтінді түсініп оқы.

Ашық сұрақ.

-Мәтін мазмұны бойынша сұрақ қой және ауызша жауап бер.


Жұптық жұмыс. /ауызша/

Оқушыларға сюжетті сурет беріледі. Оқушылар суреттегі кейіпкерлердің іс-әрекеттерін сипаттап, әңгімелеп айту керек.

Тапсырма: суреттегі іс әрекеттерді сипаттап айту.



Дескриптор

-Суретке назар аударады;

-Сурет бойынша өз ойларын айтып жұпта талқылайды;

Қ/Б

Басбармақ әдісі арқылы бағалаймын.


Сергіту сәті

Апам үшін күнде мен, (әндете)

Отынға ағаш жарамын. (ағаш жарғандай)

Су құямын гүлге де, (гүлге су құйғандай)

Дүкенге де барамын. (қолдарына сөмке ұстап жүру)

Сыпырамын үй үшін, (сыпырғандай)

Жуам ыдыс-табақты. (ыдыс жуғандай)

Жылай қалса бөпемді, (бөпені ұстағандай)

Жұбатамын ойнатып. (қолдарын шапалақтайды)


Жазылым. Сюжетті суретпен жұмыс.

3.Суреттерге қара. Адамдар бір-бірімен қалай қарым-қатынас жасауда? Олардың қайсысы ауызекі, қайсысы жазбаша сөйлеуді қолданады? Қарым-қатынас жасауда қимыл мен ымның көмегі бар ма? Жан-жануарлар сөйлей ала ма?

Дескриптор

-Оқушы бір суретті таңдайды.

- Сюжетті сурет бойынша тірек сөздерді қолданып, әңгіме құрап жазады.

Қ/Б

«Екі жұлдыз бір тілек» арқылы оқушылар бір-бірін бағалайды.


Тірек сөздер


















Суреттер
















Сабақтың соңы






Бір минуттық әңгіме. «Мен жазда қалай демалдым?» Өз кестесіндегі мағлұматпен баршаны таныстырып, ең қызықты деген оқиғаларын қысқаша әңгімелеп беру;

Рефлексия

+ Мен ................ үйрендім.

-Маған .............. қиын.

Бағалау

Өзіңді басбармақ арқылы бағала.

Кәртішкелер

Дифференциация- оқушыларға қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырмалар қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау- оқушылардың материалды меңгеру деңгейін тексеру жоспарыңыз?


Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Қолдауды қажет етпейтін оқушыларға

Менің отбасым тақырыбында шағын әңгіме құрады.

Қолдауды қажет ететін оқушыларға

Жан-жануар, менің мектебім сөздеріне ауызша сөйлем құрап айтады.

Басбармақ, шапалақтау, ауызша әдістері арқылы бағалаймын. Оқушылар бірі бірін «Екі жұлдыз тілек» әдісі арқылы бағалайды.

Сергіту сәттерінде, белсенді жұмыс түрлерін өткізуде қауіпсіздік техникасын сақтау

Сабақ бойынша рефлекция

Сабақ мақсаттары оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта дифференциация дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?



Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңы. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.


Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, ойлау туралы ойланыңыз?)

1:

2:

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, ойлау туралы ойланыңыз?)

1:

2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/

қиындықтары туралы не білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?



Получите свидетельство о публикации сразу после загрузки работы



Получите бесплатно свидетельство о публикации сразу после добавления разработки


Серия олимпиад «Зима 2025»



Комплекты учителю



Качественные видеоуроки, тесты и практикумы для вашей удобной работы

Подробнее

Вебинары для учителей



Бесплатное участие и возможность получить свидетельство об участии в вебинаре.


Подробнее