Алматы облысы
Балқаш ауданы
«Ақкөл орта мектебі мектепке
дейінгі шағын орталығымен»
мемлекеттік коммуналдық мекемесінің
бастауыш сынып мұғалімі
Қалқанбаева Назира Науқанқызы
4-сыныпқа арналған математика пәнінен
қысқы мерзімді сабақ жоспары
| Математика | Уақыты: | сынып: 4 | Тексердім: | |
| Сабақтың тақырыбы | Жылдамдық, уақыт және қашықтықты табуға берілген өзара кері есептер. Формула S=v·t | |||
| Сілтеме | Математика оқулығының әдістемесі, ғаламтор | |||
| Сабақтың жабдығы | кестелер, қосымша тапсырмалар жазылған үлестірмелер. | |||
| Жалпы мақсаттар Оқыту нәтижесі | 1) Қайталауға берілген есептер шығарту , тапсырмалар орындату, жылдамдық, уақыт, қашықтық ұғымдарын қайталату. | |||
| Мұғалімнің әрекеті | Оқушының әрекеті | |||
| Бағалау қиықшасын жапсырып отыру тапсырылады. | ||||
| Ынтымақтастық атмосферасы | Шаттық шеңбері | Оқушылар бір-біріне жақсы тілек тілеп, сыныпта жақсы ахуал қалыптастырады. | ||
| Топқа бөлу | Оқушыларға өлшем бірліктер жазылған парақтар үлестіріліп, сол бойынша топқа бөлу | Қашықтық, уақыт өлшем бірліктері бойынша топқа бөлінеді. Парақтарды тақтаға іледі | ||
| Үй тапсырмасын пысықтау
| Ереже дәптерден формуланы жаттап келгені бойынша «Қарлы кесек» ойыны ойнатылады. | Оқушылар топ бойынша бір-бірінен сұрайды. | ||
| Жаңа сабақ
| - Бүгінгі сабағымызда қозғалыстарға есептер шығарып үйренеміз. Тапсырмалар орындаймыз. Оқулықтағы тапсырмаларды топтарда бөліп орындату. Дәптермен жұмыс. Қосымша тапсырмаларды орындау. №1 1-топ №2 2-топ №3 а) 1-топ ә) 2-топ
№4 интерактивті тақтада орындайды №5 2,5---1-топ, 3,4----2-топ №6 Өзіндік жұмыс №7 1- сін-1-топ, 2-сін- 2-топ орындайды. №9 жұппен жұмыс Дәлелдеу №10 тақтада орындалады. | |||
| Сергіту сәті | «Көңілді күн» билету | |||
| Ой толғаныс | Тест тапсырмасын орындату, талдау. 1. Теңдеуді шеш: 450: х=9
3. 6 бірдей жейдеге 36 м мата жұмсалды. Осындай 9 жейдеге неше м мата жұмсалды?
Электронды оқулықпен жұмыс жасату. 2-модуль Г бөлімі 5 тапсырма
| |||
|
Сабақты бекіту | ||||
| Үй тапсырмасы | №8тапсырмаларды орындау | Оқушылар күнделіктеріне жазады | ||
| Бағалау | Бүгінгі сабақ ұнады ма? | Өздерін бағалайды. | ||
| Кері байланыс | ||||




