«Зима 2025»

Тәуелсіздік – мәңгілік елімнің алтын діңгегі

Кештің барысы: «Батырлар» биі 1 - жүргізуші: Армысыздар, құрметті ұстаздар, оқушылар және қадірменді қонақтар! Бүгінгі Тәуелсіздігіміздің 27 жылдығына арналған «Тәуелсіздік – мәңгілік елімнің алтын діңгегі»атты мерекелік кешімізге қош келдіңіздер! 2 - жүргізуші: Тәуелсіздік - ең басты құндылығымыз. Тәуелсіздікке қол жеткізгеннен кейін ғана елімізді әлемнің өркениетті мемлекеттерінің қатарына қоса алдық.27 жыл ішінде тәуелсіз Қазақ елін қалыптастырып, нарықтың қиын өткелдері-нен аман өткізіп келеміз.

Олимпиады: Литературное чтение 1 - 4 классы

Содержимое разработки

ТӘУЕЛСІЗДІК – МӘҢГІЛІК ЕЛІМНІҢ АЛТЫН ДІҢГЕГІ

Іс-шараны ұйымдастырушылар:№148 МГ директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары Ы.Б.Мырзабаева; А.Б.Айтбаева


Кештің барысы: «Батырлар» биі
1 - жүргізуші: Армысыздар, құрметті ұстаздар, оқушылар және қадірменді қонақтар! Бүгінгі Тәуелсіздігіміздің 27 жылдығына арналған «Тәуелсіздік – мәңгілік елімнің алтын діңгегі»атты мерекелік кешімізге қош келдіңіздер!
2 - жүргізуші:
Тәуелсіздік - ең басты құндылығымыз. Тәуелсіздікке қол жеткізгеннен кейін ғана елімізді әлемнің өркениетті мемлекеттерінің қатарына қоса алдық.27 жыл ішінде тәуелсіз Қазақ елін қалыптастырып, нарықтың қиын өткелдері-нен аман өткізіп келеміз.
1 - жүргізуші: Осы кезеңде Қазақстанды дүние дидарындағы ең мықты мем-лекеттер танитындай, сыйлайтындай деңгейге жеткізген тұңғыш Президенті-міз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтай көреген саясаткердің ерен еңбегін дәл бүгін және әрқашанда айтып өтеміз.
Тәуелсіздік күні еліміздің барлық азаматтары үшін орны ерекше мереке деп білеміз, себебі, осынау жүрекжарды қуанышқа толы күнді ата - бабаларымыз ғасырлар бойы армандап, күтумен өтті.
2 - жүргізуші:
Армандарды жақындатып тым алыс,
Біздің жаққа жеткен екен жылы ағыс.
Егемендік - ел бақыты, ертеңі,
О, халайық! Құтты болсын қуаныш!

Азат өлкем күндей күлген шығыстан,
Асыл елім жан жүректі ұғысқан.
Ата бабам аңсап өткен бақытым,
Айналайын, Қазақстан - Гүлстан!
1 - жүргізуші:
Кең байтақ, көз жетпейтін жерім менің
Таулы орман, жасыл жайлау көлім менің
Бүгінде бар әлемге даңқың жетті
Тәуелсіз Қазақстан – елім менің
2 - жүргізуші:
Тұлғасы бол, қазағым, бар биіктің,

Ән шырқасын әр күнің жаңғырып тым.

Иегері бола бер,Қазақстан,

Таңдандырар өзін де мәңгіліктің!



1-жүргізуші: «Елім менің» әні. Орындайтын: 5-сынып оқушысы Рүстемова Назерке


1 - жүргізуші: Қазақстан күннен күнге өркендеп,гүлденуде.Біз, осындай елде туғанымызға бақыттымыз. Бүгін осындай мерекелік кеште Республикалық бі-рыңғай «Жас Ұлан» балалар мен жасөспірімдер ұйымы қатарына қабылдау рәсіміне куә болғалы отырмыз.
2 - жүргізуші:Ортаға «Жас Ұлан», «Жас қыран» ұйымына үміткер оқушы-ларды шақырайық.(Музыкалық фон «Күй» ойнайды)
1-жүргізуші:

Бақытым - Республикам Қазақстан,
Көгінде ақ көгершін, қаздар ұшқан.
Саған жетпес құшағы әлемнің де,
Қыс болса, бір шетінде жаз ауысқан.

2-жүргізуші:

Тәуелсіздік тұғыры еркіндігің,

Күмбірледі күй болып шертілді үнің.

Келген жоқ қой бостандық бостан босқа,

Шым болаттай, қазағым, серпіл бүгін.

(«Жас Ұлан» Гимні. Ант қабылдау рәсімі)

1- жүргізуші: «Жас Ұлан», «Жас Қыран» ұйымына галстук және төсбелгі та-ғуға ортаға мектеп әкімшілігі мен өзін-өзі басқару ұйымын шақырамыз

1 - жүргізуші:Құрметті оқушылар «Жас Ұлан», «Жас Қыран» ұйымына қабылдануларыңызбен құттықтаймыз!
2 - жүргізуші:Егеменді еліміздің еңселі азаматтары болуларыңызға тілектеспіз!


1 - жүргізуші:
Қазақ дейтін менің бір елім,
Жатыр алып жарты дүние әлемін.
Бұл даланы анам жаспен суарған,
Бұл далаға жылап келіп қуанған, - деп Қасым Аманжолов ағамыз жырлаған-дай, кең байтақ жерімізде Қазақ халқының басынан не өтпеді десеңізші. Та-лай қиындықты бастан кешірсе де, ешқашан мойымай, күресе білді.Азаттық таңы туатынына кәміл сеніп, үміттерін үзбеді.
2 - жүргізуші:
Сол күндер ғой жүректің аңсағаны,
Соған шөлдеп, шөліркеп тамсанады,
Өкініш пе, білмеймін қуаныш па
Өз - өзінен жүрегім ән салады.
5-сынып оқушысы Нұрлат Аяулымның орындауында ән «Тәуелсіз қазақтың қызымын»



Композиция. «Мен қазақпын» Театр үйірмесінің көркемдік жетекшісі Жәнібек Жақып

1-жүргізуші «Орнында бар оңалар» демекші, ел орнында, жер орнында, жер-ге жетер байлық жоқ. Жер болса, ел болады, ел болса ер болады. Ерлеріміздің арқасында «Қазақстан» егеменді ел болып, дүние жүзіне танылды. 130 - дан аса ұлт өкілдері тұратын осынау қа-сиетті мекенде, асқақтаған өлкеде, кеңші-лігі керемет дархан дастарқандай далада, егіні теңіздей толқыған, төрт түлігі өрбіген, өндірісі өркендеген мекенде өмір сүруші әрбір адам өз Отанын жа-нындай сүйіп, оның көк байрағын көкке көтеруді мақтаныш тұтады.
Барлық ұлттың басын қосты бұл достық
Ұлы достық. Нұрлы достық. Күн достық
Достық деген қасиетті ұранға
Кең даланың жүрегі де үн қосты

2-жүргізуші

Азат күн туды, қырандай еркін самғаған,

Асыл арманды ақиқат күнмен жалғаған.

Ұғынсаң елім, бостандық атты бақ құсы,

Сан ғасыр бойы басымызға да қонбаған!

Қазақпын, еңселі елмін егеменді,
Кеңейттім кең әлемге керегемді.
Мұхиттың ар жағында жатқан жұрттар
Таныды тепе - тең деп тереземді.
Қазақпын, қойнауы - құт, жері - дархан,
Әнімді бес құрлықтың бәрінде айтам.

1 - жүргізуші: «Қазағым-ай» әні орындайтындар: 10 «А» сынып оқушыла-ры Ахметова Камиля мен Махмутова Айгерім

1 - жүргізуші:
Қасиетті Қазақстан мекенім,
Ақиқаттың алтын бесігі екенсің.
Елім, жерім, Отаным – бақ - дәулетім,
Болашағым, өнер - білім, өркенім.

Бейбіт өмір тілеймін мен халқыма
Туған тілім шұбарланба жарқыра
Тарихымызда таланттылар көбейсін
Бас иемін ата баба рухына.

Бойымда әні бұлақ жатыр бұрқырап
Сол бұлақтан сыр ағыздым жыр құрап
Тілейтінім барша жұртқа бір ғана
Ырыс, бақыт, татулық пен ынтымақ.
2 - жүргізуші:Биші қыздар биімен де үн қосты «Шашу» биі. Орындай-тын «Шолпан жұлдыздары»

1 - жүргізуші:Ән: «Тәуелсіз ел» Орындайтын: 4 - сынып оқушысы Серік Аружан

2 - жүргізуші:Ән: «Сұңқар», «Балауса», «Жұлдыздар» тобының орында-уында «Қазақ елі» әні (Барша бала артында шығып тұрады, қолдарында шар мен жалауша)

1 - жүргізуші:Тәуелсіздік күніне арналған тақырыптық мерекелік кешімізде құттықтау сөз мектебіміздің директоры Алиакбарова Фатима Маметқалиқы-зына беріледі.
1 - жүргізуші:
Ту тігілді халқымның бүгін бағына
Жас өрендер желбіретіп нық ұста
Ғасырларға жалғастырып елдікті
Дақ түсірме ата баба рухына
Үлгі бізге аталардың ерлігі
Ұлағаты өнегесі еңбегі
Тәуелсіздік туын ұстап жоғары
Бүгінгі ұрпақ болар елдің ертеңі дей келе бүгінгі тәуелсіздігіміздің 27 жыл-дығына арналған «Тәуелсіздік- мәңгілік елімнің алтын діңгегі» атты мереке-лік кешіміз өз мәресіне де келіп жетті.

2-жүргізуші

Қазақ елім! Туды жастық дәуірің.
Алғандайсың жұлдызыңның жарығын.
Тәуелсіздік құтты болсын, қымбаттым,
Туған күнің құтты болсын, алыбым!
Тәуелсіздігіміздің тұғыры биік, халқымыздың еңсесі жоғары, егемендігіміз баянды болсын деп тілейік, ағайын. Келесі кездескенше сау саламатта болыңыздар!





2


Получите свидетельство о публикации сразу после загрузки работы



Получите бесплатно свидетельство о публикации сразу после добавления разработки


Серия олимпиад «Зима 2025»



Комплекты учителю



Качественные видеоуроки, тесты и практикумы для вашей удобной работы

Подробнее

Вебинары для учителей



Бесплатное участие и возможность получить свидетельство об участии в вебинаре.


Подробнее